87
Етеккір циклының ортасында (14 пен 28 күн аралық циклында) лютеиндеуші гормон
гипофизі –
ЛГ әсерінен
доминантты фолликул жарылып, жетілген ұрық жасушалары
алдымен жатыр қуысына, сонан соң жатыр түтікшесін түседі.
Бұл процесс овуляция деп
аталады.
Қалыпты жағдайда овуляция бір етеккірлік циклыда бір рет болады.
Етеккір циклы кезінде аналық без фолликулдарының дамуы
Желтое тело – сары дене
Овуляция – овуляция
Яйцеклетка – ұрық жасушасы
Первичные фолликулы – алғашқы фолликулдар
Доминантный фолликул – доминантты фолликулдар
Егер осы кезеңде ұрық жасушалары сперматозоидпен кездессе, барлық
сперматозоидтардың ішінен біреуі ғана ұрық жасушасының
ішіне ене алады,
жасушалардың өзектері (ядро) бірігеді де
ұрықтану басталады. Сонан соң ұрықтанған
ұрық жасушалары жатыр түтікшесінің ішінен жатыр қуысына жылжиды.
Жатыр түтігінде ұрықтанған ұрық жасушалары бөліне бастайды. Овуляция сәтінен 8-ші
күнге таяғанда ол ұрыққа айналады да жатыр қусына түсіп, ішкі қабатқа бекітіледі. Бұл
процесс
имплантация деп аталады.
Осылай жүктілік басталады.
Егер ұрық жасушасы еркектік жыныстық жасушаларын кездестірмесе, онда ол 12-24 күн
ішінде бұзылып, етеккір қанымен немесе жатырдың сілемейлі қабығымен
жыныстық
жолдар арқылы ағзадан шығып кетеді. Әдетте етеккірлік цикл кезеңінде бір фолликул
жетіледі.
Сол уақытта жарылған фолликул басылып, оның қуысында шамалы ұйыған
қан қалады
да жарылған орны қайта жабылады. Лютеиндеуші гормон гипофиздің әсерімен анабезде
«сары дене» атты уақытша эндокриндік без пайда болады.
Сары дене әдетте, 14 күн қызмет етеді,
нақты айтқанда, етеккір циклының барлығы
екінші жартысын жүктілікті бір қалыпта ұстайтын прогестерон гормонын жасап
шығарады. Егер ұрықтаун
процессі болмаған жағадйда, сары дене кері даму сатысына
түседі де прогестеронның қандағы деңгейі төмендейді. Осыған байланысты жатырда ішкі
88
қабаттың ажыратылуы – етеккірлік процесс өтеді, ал анабезде жаңа фолликулдың
жыныстық жетілуі басталады.
Анабезде сары дененің пайда болуына байланысты етеккір циклының екінші фазасы
лютеинді фазой деп аталады.
Етеккірдің басталуымен жаңа цикл пайда болып, жоғарыда
қарастырылған процесстер
қайталанады.
Жыныстық жүйенің қызметін байланысты әйел өмірінде бірнеше кезең
анықталған. Оларды білу маңызды, себебі, әр кезеңде өзіне тәне әйелдік ағзаның
өзгерістер болып жатады. Бұл өзгерістер заманауи әйелден белгілі мінез-құлық
ережелерін сақтауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: