«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Ер балалар мен қыз балалардағы жыныстық жетілудің ерекшеліктері» атты



Pdf көрінісі
бет78/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

49. «Ер балалар мен қыз балалардағы жыныстық жетілудің ерекшеліктері» атты 
мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының 
шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұн. 
Жыныстық жетілу – өте қиын процесс, ағзаның ересектікке апаратын физикалық, 
психикалық және әлеуметтік қайта құрылуы. 
Сөзшең, ақкөңіл және ашық бала аяқ астынан тік мінезді, күйгелек, дөрекі болып 
кететінін жиі бақылауға болады. Бұл әдетте 10-15 жастағы балаларда кездеседі. Оның 
мінез-құлқы ғана емес, сыртқы түрі де өзгереді. Олар тез өседі, арықтайды, ебедейсіз 
болады, кейде бет терісін безеу басып кетеді. Жасөспірім шақта ағзада не болады? 
Жасөспірім шақта балалық шақтан ересектікке өту әрекеті болады. Бұл кезеңде ағзада 
жылдам гормондық қайта құрылу әрекеттері басталады: ішкі секреция бездерінің 
тіршілігі күшейеді. 
Дененің, барлық мүшелер мен тіндердің жылдам өсуі байқалады, бірақ дененің 
әртүрлі бөлігінің өсу жылдамдығы әртүрлі болады. Бәрінен де көп байқалатыны - аяқ пен 
қолдың өсуі. Дененің жеке бөліктерінің өсуінің әркелкілігі қозғалыстың уақытша 
бұзылуына әкеледі – ебедейсіздік, оралымсыздық, шығыңқылық тудырады. 15-16 жастан 
кейін бұл құбылыс жайлап жоғала бастайды. 
Жасөспірімдердегі физикалық дамудың сыртқы көрінісіне ұзындық, дене салмағы 
және көкірек қуысының маңайы жатады. Сонымен қатар, мүсіннің жағдайы, 
бұлшықеттердің даму сатысы, бұлшық ет тонусы, тері астындағы май жасушаларының 
дамуының үлкен маңызы бар. 
Жасөспірім кезеңде дененің үйлесімділігі мен сыртқы бейнесінің жеке ерекшеліктері 
біржола анықталады. Бұл кезеңде, ұлдарда ерте жастағы дөңгелек пішіндер жойылып, 
арқа мен көкірек бұлшық еттерінің сұлбасы қалыптасады, тері асты майы қабатының 
көлемі азаяды, дене мен аяқ-қол бұлшықеттерінің дамуына қатысты, бір уақытта бұлшық 
еттердің салмағы айқын түрде ұлғая бастайды. 
Қыздарда бұлшықет дамуы мен өсуімен қатар, тері асты майы қабаты бірқалыпты 
ұлғаяды, оларда дененің жоғарғы жағы айқын үлкейеді, бөксесі жалпақтанады, бұдан 
қыздың пішіні жұмыр бола бастайды. 
Бұл жастағы адамның физикалық дамуына маңызды болып табылатын мұрагерлік 
жағдайлар ғана емес, сонымен қатар, сыртқы факторлар, экологиялық жағдай, тамақтану 
мен демалыс режимі, физикалық және ақыл-ой еңбегінің ауысуы, белсенді қимыл және 
басқалары әсер етеді. 
Сіздердің құрдастарыңыз тартымды көрінгісі келгендіктен, сыртқы келбетіне көп 
назар аударады, бұл кейде шектен де шығып кетіп жатады. Әлі жасөспірімдік даму 
басталмаған 15 жасар ұл бала өзінің сыныбындағы қыздан 15 см кіші болуы мүмкін, ал 14 
жасар қыз бала 165 см ұзындық пен 65 кг салмаққа тартуы да мүмкін. Осы себепті 
көптеген жасөспірімдер ұялшақ және жасқаншақ болуы мүмкін, сондықтан физикалық 
ерекшеліктер терең назар аудару мен зерттеуді қажет етеді. Жасөспірім қандай жолмен 
болса да осы кемшіліктерден құтылуға тырысады, себебі осы бір жағымсыз, физикалық 
стандарттан шеттеп қалу, оны құрдастарының әжуасына, мазағына қалдыруы мүмкін. 
Сырт келбетіне деген мұндай көзқарастардың шоғырлану себебі, жасөспірім өзін жеке 
тұлға деп сезінбейтіндігінен туындайды, сондықтан «Мен қалай көрінемін?», «Мені 
басқалар қалай көреді?» деген сұрақтарды «Мен өзімнен не көрсете аламын?» деген 
сұрақпен шатастырады. 
Жасөспірім қыздар сүт бездерінің дамуын қатты сезеді, оны бақылап қана қоймай, 
өзіндегі параметрлерді құрбыларынан және таныстарынан көру арқылы салыстырады. 


90 
(Ұлдар да құрбы қыздарының сүт бездерінің өсуін байқайды және кейде оларды 
сыныптастарыныкімен салыстырып отырады; осы себептен қыздарда олардың өлшемдері 
қысқа деген ыңғайсыз сезім туғызады). 
Жасөспірім ұлдар мен олардың жолдастары ержету деп бойы өсу, бұлшықеттердің 
ұлғаюы, сақалдың өсуі және дауыс тембрінің төмендеуін ұғады. Физикалық жағынан жай 
дамыған жасөспірімдерге бұлшық етінің жетіспеушілігінен киім шешінетін жерде денесін 
жалаңаштап, құрдастарының алдында мазаққа қалу қорқынышы белгілі. Көп жағдайда 
бұл құбылыстарға байланысты физикалық және психикалық қамығулар жайлап 
жоғалады, бірақ ерте жастағыларға бұл мәселелердің аса жоғары маңызы бар. Соңына 
келгенде, әркімнің өз денесіне қатысты уайымдары толықтай орынды, себебі жастар 
арасындағы қоғамда физикалық тартымдылық пен әлеуметтік статус тікелей байланысты. 
Жасөспірім кезеңде ата-анаға аз тәуелді болу қажеттілігі пайда болады. 
Жасөспірімдер ата-анасына қарағанда құрбы-құрдастарымен көбірек тілдеседі немесе 
тәуелсіздікке жету үшін өзінің жүйесін құра бастайды. Жасөспірімдер мен ата-ананың 
арасы алшақтай бастайды және жасөспірім тарапынан қарсылыққа да апаруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет