90
(Ұлдар да құрбы қыздарының сүт бездерінің өсуін байқайды және кейде оларды
сыныптастарыныкімен салыстырып отырады; осы себептен қыздарда олардың өлшемдері
қысқа деген ыңғайсыз сезім туғызады).
Жасөспірім ұлдар мен олардың жолдастары ержету деп бойы өсу,
бұлшықеттердің
ұлғаюы, сақалдың өсуі және дауыс тембрінің төмендеуін ұғады. Физикалық жағынан жай
дамыған жасөспірімдерге бұлшық етінің жетіспеушілігінен киім шешінетін жерде денесін
жалаңаштап, құрдастарының алдында мазаққа қалу қорқынышы белгілі. Көп жағдайда
бұл құбылыстарға байланысты физикалық және психикалық қамығулар жайлап
жоғалады, бірақ ерте жастағыларға бұл мәселелердің аса жоғары маңызы бар. Соңына
келгенде, әркімнің өз денесіне қатысты уайымдары толықтай орынды, себебі жастар
арасындағы қоғамда физикалық тартымдылық пен әлеуметтік статус тікелей байланысты.
Жасөспірім кезеңде ата-анаға аз тәуелді болу қажеттілігі пайда болады.
Жасөспірімдер ата-анасына қарағанда құрбы-құрдастарымен
көбірек тілдеседі немесе
тәуелсіздікке жету үшін өзінің жүйесін құра бастайды. Жасөспірімдер мен ата-ананың
арасы алшақтай бастайды және жасөспірім тарапынан қарсылыққа да апаруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: