«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 Ми  шабуылы.  Жұқпалы  аурулардың  жұқпалы  емес  аурулардан



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата12.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#9251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

6. Ми  шабуылы.  Жұқпалы  аурулардың  жұқпалы  емес  аурулардан 
айырмашылығы. 
Сұрақтар:  қалай  ойлайсыз,  жұқпалы  аурулардың  жұқпалы  емес  аурулардан  не 
айырмашылығы бар? 
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. 
Содан  кейін,  оқытушы  оқушылармен  бірге  қандай  басты  айырмашылықтар 
болатынын талқылайды.
Оқытушы  оқушылардың  назарын  жұқпалы  аурулардың  басты  ерекшеліктеріне 
аударады: 

  Спецификациялық  қоздырғыштармен  немесе  микроағзалардың  әсерінен  пайда 
болады 

  Науқас ауруды басқа адамдарға да бере алады 

  Иммунитет қабылдамаушылығының формалануы 

  Жүйелілігімен сипатталады 

45 
 
Сонымен, жұқпалы аурулардың таралуының міндетті үш шарты бар: 
1. Індеттің ошағы 
2. Берілу механизмі 
3. Адамның қабылдағыштығы 
7. Кіші топтардағы жұмыс. Материалды бекітуге арналған тәжірибелік жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөліп, үш жұқпалы ауруды (дизентерия, гепатит, тұмау) 
талқылап, кестелерді толтыру тапсырмасы беріледі. 
Сосын  топтар  жұмыстарын  презентациялайды  және  оқытушы  топтық  жұмыстың 
қорытындысын шығарады. 
Ауруларды
ң атауы 
Қоздырғышта
р 
Белгілер
і 
Берілу 
жолдар
ы  мен 
ошағы 
Аурудың 
ұзақтығ
ы 
Ауруды
ң  ағзаға 
әсері 
Науқастарғ
а  қатысты 
іс-шара 
Аурулар-
дың 
аталуы 
Қоздырғ
ыш 
Белгілері 
Берілу 
жолдар
ы мен 
таралу 
ошағы 
Аурудың 
ұзақтығы 
Ауруд
ың 
ағзаға 
әсері 
Науқастарға 
қатысты іс-
шаралар 
Дизентер
ия 
Микробта
р 
(Шигелла
ның 
ұрпағы) 
Жалпы 
әлсіздік, 
дімкәстік, 
тәбеттің 
жойылуы, 
қызу 38
0
 
және одан 
жоғары, 
іштің 
төменгі 
жағындағы 
ауырсынула
р, қан аралас 
сұйық нәжіс. 
Тілдің ақ 
өңезденуі. 
Кір 
қолдар, 
жұқпала
нған 
құралдар
, Азық-
түліктер. 
Шыбынд
ар. 
Науқас 
адамдар 
Инкубациял
ық кезең – 1 
мен 7 күн 
арасы, 
сырқат 
ұзақтығы 1-
2-ден 8-9 
күн арасы. 
Өлім 
жағдайлары. 
Жүйке 
жүйесі, 
жүрек-
қантам
ыр 
жүйесі, 
зат 
алмасу, 
тұзды-
сулы 
алмасу. 
Жұқпа 
стационарында 
немесе үй 
жағдайында 
емделу 
Аурул
арды
ң 
атауы 
Қоздыр
ғыш 
Белгілері 
Берілу 
жолдары мен 
таралу 
ошағы 
Аурудың 
ұзақтығы 
Аурудың 
ағзаға 
әсері 
Науқастарғ
а қатысты 
іс-шаралар 
Жұқ 
палы 
(індетт
і) 
гепати
т 
Вирус 
Шаршау, 
буындардағы 
ауырсынулар, 
бауырдың өлшемінің 
үлкеюі, көкбауыр. 
Несеп қара туске, 
үлкен дәрет ашық 
түске, тері сарғыш 
түске енеді. 
Науқас адам 
және вирус 
тасымалдаушы
. Асқазан-ішек 
жолдары және 
қан арқылы. 
Инкубациялық 
кезең – 50 
күннен қан 
арқылы 
зақымданған 
жағдайда 200 
күнге дейін. 
Сауығу 18-22 
күн арасында 
өтеді. 
Вирус дені 
сау 
адамның 
қанында 
қалып 
қояды. 
Госпитализац
иялау. 

46 
 
Аурула
рдың 
атауы 
Қозды
рғыш 
Белгілері 
Берілу 
жолдары 
мен таралу 
ошағы 
Аурудың 
ұзақтығы 
Аурудың 
ағзаға әсері 
Науқастарға 
қатысты іс-
шаралар 
Тұмау
Вирус
тар 
Қалтырау, 
дімкәстік, 
әлсіздік, бас 
ауруы, бүкіл 
дененің қақсауы, 
шырышты 
қабатының 
қызаруы, 
мұрыннан 
бөлінулер, 
жөтел. Қызудың 
аздап көтерілуі. 
Сырқат 
ошағы – 
науқас адам. 
Берілу жолы 
– ауа-тамшы 
жолымен. 
Инкубацияла
қ кезең – 
бірнеше 
сағаттан 
бастап 2 
күнге дейін. 
Сауығу 5-6 
күндері өтеді. 
Кез келген 
орган мен 
жүйеде 
күрделіленуі. 
Науқасты 
оқшауландыр
у. 
8. Ақпарат көздері. 
ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР 
Вирусты  гепатиттер  –  бұл,  бауырдың  өлшемінің  үлкеюі  және  функционалды 
қабілеттерінің бұзылуынан, сонымен қатар улану белгілерінің түрлі сатысынан көрінетін 
ауру тобы. 
Клиникалық диагностика 
А  вирустық  гепатиті  нәжіс-ауыз  жолы  арқылы  беріледі,  ауру  жіті,  циклді  түрде  өтеді, 
уланудың  қысқа  белгілері,  бауыр  қызметінің  бұзылуы,  аурудың  қатерсіз  барысымен 
сипатталады. Инкубациялық кезең 10-нан 45 күн арасы. 
В вирустық гепатиті парентералды жолмен беріледі (қан және залалсызданбаған құралдар 
арқылы),  аурудың  барысы  ұзақ,  жай  дамиды,  созылмалы  гепатит  пен  бауыр  обырына 
айналу қаупі бар. Инкубациялық кезең 6 аптадан 6 ай аралығында. 
Гепатиттер келесі белгілердің пайда болуымен бірге жүреді: дене қызуы, қалтырау, бас 
ауруы,  әлсіздік,  жүрек  айнуы,  құсу,  іш  ауруы,  сұйық  нәжіс  (диарея),  буын,  бұлшық  ет 
аурулары, ұйқының бұзылуы, ашуланшақтық. Кезеңнің соңында несеп қара түске, үлкен 
дәрет ашық түске енеді, бауыр ұлғаяды. 
Сауығу кезеңі. Бауырдың өлшемі, оның функционалдық жағдайы қалпына келеді. 
Науқастарға және байланысушы тұлғаларға қатысты іс-шаралар. 
Міндетті  түрде  госпитализациялау.  Сырқатқа  шалдыққан  күдікті  диагностикалық 
палатаға  ауыстырылады,  зертханалық  тексерулер  жүргізу  үшін  1-3  күн  аралығында 
үйінен оқшауланады. 
Байланысушыларды  оқшаулау.  Жүргізілмейді.  А  вирустық  гепатитімен  ауыратын 
науқаспен байланысушыларға 35 күн шамасында медициналық тексерулер жүргізеді. 
Оқу ғимаратына кіруге рұқсат. А гепатитімен ауыратын науқас сырқаттың ауырлығына, 
шығарылу кезіндегі жағдайына және қосарланған сырқаттардың болуына байланысты 2-4 
апта  жұмысқа  жарамсыз  деп  есептелінеді.  Олар  ауыр  физикалық  міндеттерден  3-6  айға 
босатылады. 
В гепатитімен ауыратын науқас оқуға 4-5 аптадан соң ғана келе алады. Ауыр физикалық 
міндеттерден  босатылу  мерзімі  6-12  айды  құрау  қажет,  ал  нұсқаулар  бойынша  одан  да 
көп болуы мүмкін. 
Диспансерлік  бақылау:  барлық  науқастар  1  айдан  соң  емдеуші  стационар  дәрігердің 
тексерілуінен өтеді. А гепатитін жұқтырған ересектер,  зардаптардың қалуы салдарынан 3 

47 
 
айдан  соң  емханада  қаралып,  тіркеуден  шығарылуы  мүмкін.  В  гепатитін  жұқтырған 
ересектер емханада 3, 6, 9, 12 айдан соң тексеріледі. 
Спецификациялық сақтандыру 
А  гепатитімен  ауыратын  науқаспен  байланыстан  соң  иммуноглобулинді  егеді  (адам 
қанынан жасалған дәрі). Иммуноглобулинді уақтылы пайдалану, дәріні қабылдаған 100-
ден  95  адамды  қорғап  қалады.  Бірақ,  өкінішке  орай,  иммуноглобулиннің  көмегімен 
түзілген иммунитет 2-3 айдан артық қорғамайды. 
А гепатитінен қорғанудың тағы бір әдісі бар – ол екпе. Бұл әдіс қазіргі таңда ең сенімді 
әдіс  болып  есептеледі.  А  гепатитіне  қарсы  тұрғындарды  вакцинациялау,  сақтандыру 
екпесінің  күнтізбесі  арқылы  жасалады.  Вакцинаны  қабылдау  98-99%  жағдайда  аурудан 
қорғауды қамтамасыз етеді. 
В гепатитіне қарсы вакцинация 98% жағдайда аурудың бетін қайтарады. Иммунитет кем 
дегенде 8-10 жыл көлемінде, бірақ көбіне өмір бойы сақталады. 
Бейспецификациялық сақтандыру 
Зарарсыздандыру:  су  құбырларының,  азық-түлік  сақтау  қоймаларының  және  балалар 
ғимаратының ахуалы мен санитарлық жағдайларын бақылау; тұрғын аймақты санитарлық 
тазалаулар,  ЕПМ-дегі  санэпидтәртіп,  парантералды  зақымданудан  сақтану  (қан  немесе 
зарарсыздандырылмаған құралдар арқылы). 
ТҰМАУ 
Тұмау  –  бұл,  ауа-тамшы  жолымен  берілетін,  жоғарғы  тыныс  жолдарын  зақымдайтын 
өткір жұқпалы ауру. 
Бұл аурудың қоздырғыштары – тұмаудың үш түрлі вирустары: А, В, С. Бұл вирустарды 
қабылдағыштық  тым  жоғары.  Тұмаумен  барлық  жастағы  адамдар  кез  келген  жыл 
мезгілдерінде ауыра береді. Дегенмен аурудың шыңына жететін кезі күз-қыс мезгілдері, 
бұл  кезде  адамдар  көп  уақытын  жабық,  желдетілмеген  мекемелерде  өткізеді  және  ағза 
дәрумен жетпегендіктен әлсірейді, температураның айтарлықтай төмендеуіне ұшырайды. 
Тұмаудың  вирустары  үнемі  адамдардың  арасында  жүретіндіктен  генетикалық 
материалдар алмасу және тез өзгеру қабілетіне ие. 
Инкубациялық кезең 1-2 күн. Басталуы жоғары температура, әлсіздік, тершеңдік, бұлшық 
ет ауырсынулары, көз қарашығының ауруы, жасаурау, жарықтан қорқу. Соңынан құрғақ 
жөтел,  жұқтыншақтың  жыбырлауы,  дауыстың  қарлығуы,  мұрынның  бітелуі,  мұрыннан 
қан кету қосылуы мүмкін. 
Науқастарға және олармен қарым-қатынас жасаушы тұлғаларға қатысты іс-шаралар 
Көрсеткіштері  бойынша  сырқаттың  ауыр  жолымен  ауырып  жатқан  науқасты 
госпитализациялау. 
Қарым-қатынас  жасаушыларды  оқшаулау.  Мектепке  дейінгі  ұжымдарда  медициналық 
бақылау  жүргізеді  де,  қарым-қатынас  жасаушыларды  басқа  топтармен  7  күнге  дейін 
араласуын тоқтатады. 
Оқу орнына кіруге рұқсат. Аурудың басталуынан 10 күннен соң, сауыққаннан кейін. 
Диспансерлеу:  Клиникалық  айығудан  соң  науқасқа  2  аптадан  кем  емес  уақытқа  сауығу 
тәртібі орнатылады. 
Спецификациялық сақтандыру 
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) бұл жұқпадан сақтанудың жалғыз сенімді 
жолы  тұмауға  қарсы  екпе  салу  және  ұжымдық  иммунитет  қалыптастыру  мүмкіндігін 
ұсынды.  Қазақстан  Республикасындағы  тұмаудан  және  басқа  да  ӨРВИ-ден  сақтану 
туралы  сұрақтар,  ҚР  ДСМ  Бұйрығымен  1  қазаннан  15  қарашаға  дейін  бүкіл  Қазақстан 
территроиясына тұмауға қарсы екпе жүргізу арқылы регламенттелді. 
Ағзаның  иммундық  белсенділігі  6  ай  бойы  (кейде  жылға  дейін)  сақталады  да,  тұмау 
вирусына  қарсылығын  бүкіл  жұқпа  науқаны  бойына  қамтамасыз  етеді.  Осы  заманғы 

48 
 
тұмауға  қарсы  екпелердің  иммундық  тиімділігі  70-90%-ды  құрайды,  қызығы  сол,  адам 
тұмаудың жеңіл түрімен ауырады және ауру қиындықтардың дамуынсыз өтеді. 
Бейспецификациялық сақтандыру 
Ауруларды  дәріханалар  мен  емханаларға  келуін  шектеу,  ал  дені  сау  адамдарға,  әсіресе 
балаларға  –  қатаң  іс-шаралар  орнату:  бетперде  тағу,  оксолин  мазін  қолдану,  желдету, 
УФО және мекемені зарарсыздандыру. 
ДИЗЕНТЕРИЯ 
Дизентерия  –  бұл,  Шигелл  ұрпағы  микробтары  тудыратын,  тоқ  ішектің  шырышты 
қабатын айтарлықтай зақымдайтын, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) жұқпалы аурулары. 
Инкубацялық кезең – 1-7, көбінесе 2-3 күн. 
Дизантерияның  негізгі  белгілері  жалпы  уланулар  болып  есептеледі:  дененің  жоғарғы 
температурасы,  тәбеттің  төмендеуі,  құсу,  бас  ауруы,  естен  тану,  құрысқақ,  іштің  бүріп 
ауруы, тәулігіне 5-12 реттік дәрет (сырқаттың ауырлығына байланысты), қан жолақтары. 
Науқастарға және олармен қарым-қатынас жасаушыларға арналған іс-шаралар 
Сырқаттың ауырлығына байланысты госпитализациялау. 
Қарым-қатынас жасаушыларды оқшаулау. Жүргізілмейді. Ауру ошағының қайталануына 
байланысты 7 күн ішінде медициналық бақылау жүргізіледі. 
Босату шарттары. Клиникалық сауығу, дәреттің және дене қызуының қалпына келуінен 3 
күннен соң. 
Оқу орнына рұқсат қосымша бақылауларсыз беріледі. 
Спецификациялық сақтандыру 
Жиі кездесетін Зонна шигелласынан ғана сақтандыруға қарсы екпе болады. Екпеден соң 
иммунитет 1 жыл аясында сақталады. 
Бейспецификациялық сақтандыру 
Су  құбырларына,  канализацияларға  санитарлық  қадағалау  және  қалдықтарды  жинау, 
зарарсыздандыру;  азық-түлік  өндірісіне  және  қоғамдық  тамақтандыру  орындарына, 
санитарлық оқу-ағарту орындарына санитарлық бақылаулар жүргізу. 
9. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы  оқушыларды  екі  топқа  бөледі  және  бірінші  топқа,  егер  де,  оқу  орнында 
немесе үйде жұқпалы аурулармен ауырған науқас пайда болған жағдайдағы мінез-құлық 
алгоритмін талқылап, құру тапсырмасы беріледі. 
Екінші топ ағзаның қорғаныс функцияларын күшейту шараларын талқылап, көрсетуі 
тиіс. 
Содан  кейін  топтар  жұмыстарын  презентациялап,  оқытушы  топтық  жұмыстардың 
қорытындысын шығарады. 
10. «Отбасында немесе оқу орнында жұқпалы аурумен ауыратын науқас пайда 
болған  жағдайдағы  мінез-құлық  тактикасы.  Ағзаның  қорғаныс 
функцияларын 
күшейту» 
атты 
мультимедиалық 
презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұн. 
Ауыруы  мүмкін  күдікті  оқушыны  өзін  жаман  сезінуінің  себептерін  анықтағанша 
оқшаулайды. 
Жұқпалы  ауру  пайда  болған  жағдайда,  бірден  жұқпаның  таралуының  алдын  алу 
шараларына  кірісуі  қажет.  Жұқпалы  аурумен  ауыратын  күдікті  анықталған  жағдайда 
жедел жәрдем және оқу орнының медициналық қызметкерін шақыру қажет, олар шұғыл 
хабарлама  картасын  толтырып,  оны  аудандық  немесе  қалалық  санитарлық-
эпидемиологиялық станцияға жөнелтуі тиіс (СЭС). 

49 
 
Науқасты оқшаулау – бұл, адамдардың науқастармен қарым-қатынасын, сонымен 
қатар,  күдіктілер  мен  науқастармен  қарым-қатынас  жасаушыларға,  жұқпаның  алысқа 
таралуының алдын алуға арналған індетке қарсы іс-шара. 
Науқасты арнайы жұқпа емханасына жөнелткеннен соң, науқастың үйіне және оқу 
орнына  зарарсыздандыру  шаралары  жүргізіледі.  Барлық  қарым-қатынас  жасаушылар 
санитарлық бақылаудан өтеді және оқшауланады (үйде немесе арнайы мекемелерде). 
Нақты диагноздың қойылуына байланысты науқас зақымданудың бүкіл кезеңінде; 
ал науқаспен қарым-қатынас жасаушылар – белгілі бір мерзімге, инкубациялық кезеңнің 
ең ұзақ мерзіміне оқшауланады. 
Қарым-қатынасты тыюдың келесі түрлері қолданылады: 

  Госпитализация, 

  Үйде оқшаулау, 

  Оқшаулағышқа көшіру, 
Бір  жұқпалы  ауруларда  госпитализация  міндетті  болып  саналса,  енді  біреулерінде  – 
эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі. 
Қарым-қатынасты тыюдың түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік: 
Госпитализациялау  жолдамасы  емхананың  дәрігерімен  немесе  жедел  жәрдем 
қызметімен  рәсімделеді.  Жолдамаға  жұқпалы  аурумен  ауыратын  науқастармен 
байланысы,  елден  сыртқа  шыққандығы  туралы,  күдікті  жұқпалы  аурудың  қай  жерде 
тіркелгендігі,  балаларда  жоспарлы  екпелердің  барлығы  туралы  көрсетіледі.  Жұқпалы 
аурулар емханасына госпитализациялау арнайы көлікпен, шұғыл көрсеткіштер бойынша 
– жедел жәрдем қызметімен жеткізіледі. Тасымалдаудан кейін автомашинаны санитарлық 
өңдеуден өткізеді. 
Үйде оқшауланған кезде науқасқа жеке бөлме немесе қорғаныш қалқамен бөлінген 
бөлменің  бір  бұрышы,  жеке  ыдыс-аяқ  және  өзге  де  тұрмыстық  қажеттіліктер  беріледі, 
үнемі  зарарсыздандыру  шараларын  жүргізіп,  бөлмені  желдетіп  тұру  қажет.  Науқасқа 
күтім  жасайтындарға  мүмкін  болатын  зақымданулардан  қорғану  шаралары  туралы 
ақпарат  беріледі  (марльі  бетпердесін  тағу,  науқаспен  қарым-қатынастан  соң  қолды  жуу 
және т.б.). 
Оқшаулағышқа  көшіру  науқасты  госпитализациялағанға  немесе  үйде 
оқшаулағанға дейін, ұжымдарда (мысалы, оқу және балалар ғимаратында), емханаларда 
қолданылатын  уақытша  іс-шара.  Оқшаулағыш  үшін  арнайы  жабдықталған  немесе 
мамандандырылған мекемелер қолданылады. 
Егер үйде біреу жұқпалы аурумен сырқаттанса, аурудың алғашқы белгілері біліне 
салысымен науқасты оқшаулап, дәрігер шақыру қажет. Науқасқа бөлек ыдыс-аяқ, сүлгі, 
сабын және дәретсауыт беріледі. Таңертең және кешке, бір уақытта оның қызуы өлшеніп, 
термометрдің көрсеткіштері арнайы температуралық парақта нақты уақыты және күнінің 
көрсетілуімен  жазылады.  Науқастың  киімдерін  жуып  болған  соң,  екі  бетін  де  үтікпен 
мұқият  жүргізу  қажет.  Пәтерді  күніне  бірнеше  рет  желдетіп,  зарарсыздандырушы 
ерітінділермен  тұрақты  түрде  сүртіп  тұру  керек.  Науқастың  тағамы  тез  сіңетін, 
дәрумендерге бай болу керек және сұйықтықты көп ішу керек. 
Науқасты күтуші мақта-дәкелі таңғышын, халат (немесе соған ұқсас киім), қолғап, 
шұғыл  және  мамандандырылған  дәрі-дәрмек  қолдану  қажет;  ол  қолының  (тырнақтар 
қысқа  болып  алынуы  керек)  және  киімінің  тазалығына  мұқият  болу  керек.  Науқаспен, 
науқастың  төсегімен,  ыдыс-аяқтарымен  және  басқа  да  заттарымен  жанасқанда  міндетті 
түрде  қолды  жуып,  оны  1%  хлорамин  ерітіндісімен  залалсыздандыру  керек.  Сонымен 
қатар, бір шетінде залалсыздандырушы қоспасы бар сүлгі тұтынуға болады. Барлық үй-
іші жеке бетперде тағып, науқасқа қызмет көрсетіп болған соң, қолды антисептиктердің 
көмегімен жуу керек. 

50 
 
Жұқпалы аурулардың алдын алу 
Носить ватно-марлевые повязки – мақта-дәкелі таңғыштарды тағу 
Изолировать больного – науқасты оқшаулау  
Провести дезинфекцию – заласыздандыруды жасау 
Госпитализировать больных – науқастарды госпитализациялау 
При возникновении очага инфекции – ввести карантин – жұқпа ошағы туындауы 
кезінде – карантин жүргізу 
Принимать антибиотики – антибиотиктер қабылдау 
Сонымен,  жұқпалы  аурулардан  сақтану  шаралары  жоспарланып,  үш  бағытта  жүргізілуі 
керек: 
1. Жұқпаның қоздырғышын жою (карантин, обсервация) 
2. Жұқпаның  ошағының  берілу  жолын  кесу  (дезинфекция,  дезинсекция, 
дератизация) 
3. Адамдардың вирусты қабылдамаушылығының жоғарылауы (екпе) 
Жұқпалы  аурумен  ауырған  науқасты  уақтылы  емдеу,  ерте  оқшаулау  және 
госпитализация  басты  рөл  атқарады.  Жұқпаның  таралу  жолын  кесуде  қоғамдық  және 
жеке гигиеналық тәртіпті сақтау маңызды болып есептеледі. 
Дезинфекцияны сыртқы жұқпа қоздырғыштарын жою мақсатында жүргізеді. 
Дезинсекция – жәндіктерді жою. 
Дератизация – кеміргіштерді жою.
Дезинфекциялау (залалсыздандыру) әдістері: 

  Физикалық – қайнау, жағу, ыстық ауа, қаныққан су буы, ультракүлгін сәулелер. 

  Химиялық – дезинфекциялаушы заттар ерітінді түрінде, сонымен қатар бу және 
газ түрінде пайдаланылады. Көп қолданылатыны хлорлы әктас, хлорамин. 

  Механикалық – бөлмені ылғалмен сүртіп шығу, қолды жуу, мекемені желдету. 

51 
 
Дезинсекция  механикалық,  физикалық,  химиялық  және  биологиялық  әдістерді 
қолданады.  Жәндіктерді  жою  түрлі  қақпандардың,  жабысқақ  қағаздың  көмегімен, 
киімдерді және ішкиімдерді ыстық үтікпен үтіктеу, дезинфекциялық камераларды ыстық 
ауамен  және  бумен  өңдеу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Көп  қолданылатыны  ерітінді 
түріндегі  химиялық  заттектер,  эмульсиялар  және  аэрозолдер,  сонымен  қатар,  өсімдік 
инсектициді және бактериялық дәрі-дәрмектер де пайдаланылады. 
Дератизация. Жұқпалы аурулардың көзі болып есептелетін кеміргіштермен күресуге 
қажетті улы заттар, көзін жоюға арналған түрлі қару-жарақтар мен әдіс-тәсілдер, сонымен 
қатар,  кеміргіштерге  ауру  тудыратын  бірақ  адамдарға  және  үй  жануарларына  қауіпсіз 
болып табылатын бактериялар қолданылады. 
Жұқпалы ауруларға қатысты тағы бір түсінікті қарастырайық. 
Карантин – індеттің ошағынан таралатын жұқпалы ауру туралы ескерту шаралар жүйесі. 
Карантин,  әдетте,  оба,  шешек,  тырысқақ  сияқты  өте  қауіпті  аурулар  пайда  болғанда 
орнатылады.  Карантин  орнатылғанда    жұқпалы  ауру  ошағы  толық  оқшауланады.  Бұл 
үшін ошаққа қарулы күзет орнатылады, адамдардың келуі, кетуі тоқтатылады, қандай да 
бір  мүлікті  дезинфекциялаусыз  өткізуге  тыйым  салынады,  мектептің,  клубтардың, 
кинотеатрлардың  және  шағын  тұрмыстық  қызмет  ету  кәсіпорындарының  қызметі 
тоқтатылады,  карантин  аймағына  енуді  қадағалайтын  бақылау-өткізу  орындары 
ашылады. 
Обсервация (латынша observation – бақылау) оба, шешек, тырысқақ, сары ауру ылаңдары 
таралған елдерден немесе тұрғын аудандарынан шыққан, я болмаса сол елдерге баратын 
адамдарды арнайы оқшауланған ғимараттарда бақылау бойынша шаралар жүйесі.  
Адамдардың  жұқпалы  ауруға  қарсы  тұру  қабілетін  жоғарылатуына  байланысты 
сақтандырушы іс-шаралар, адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы тұра білу қабілетін, 
иммунитетін  көтеруге  арналған  сауықтыру  іс-шараларының  орындалуын  тұспалдау 
болып табылады. 
Иммунитет  –  бұл,  ағзаның  жұқпалы  және  жұқпалы  емес  аурулардың  агенттері 
мен заттектеріне қарсы, бөгде құрамға ие, қарсы тұра алушылық қасиеті. 
Мұндай агенттерге бактериялар, вирустар, шыққан тегі жануарлар мен өсімдіктер 
болып келетін улы заттектер және ағзаға жақпайтын басқа да азық-түліктер жатады. 
Иммунитет екі негізгі түрге бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болатын. 
Туа  біткен  иммунитет  басқа  генетикалық  белгілер  сияқты  ұрпақтан  ұрпаққа 
беріледі. (Мысалы, оба ауруына қарсы тұра алатын қабілеті бар адамдар болады). 
Жүре  пайда  болатын  иммунитет  екпеден  соң  немесе  жұқпалы  аурудың 
салдарынан  пайда  болады.  Вакцинация  –  адам  ағзасына  жұқпалы  ауруға  қарсы, 
әлсіретілген  немесе  өлтірілген  микроағзалардан  жасалған  арнайы  дәрілерді, 
вакциналарды енгізу арқылы белсенді иммунитет қалыптастыру әдісі. 
Анатоксиндер  –  антигендік  қасиетін  сақтаған,  микробтардың  уытының 
залалсыздандырылған  формалині.  Дифтерия,  сіреспе  және  басқа  да  жұқпаларға  қарсы 
вакцина есебінде қолданылады. 
Жүре  пайда  болатын  иммунитет  тұқым  қуаламайды.  Ол  ағзаға  енгізілген  немесе 
түскен, анықталған микроағзалардың әсерінен ғана пайда болады. 
Жұқпалы аурулардан сақтану шараларында иммунизация - жұқпалы аурулардың 
спецификациялық профилактикасы үлкен рөл атқарады. 
Иммунизацияға,  екпе  күнтізбесімен  сәйкес  келетін  профилактикалық  екпені 
жүргізу  жатады.  Күнтізбеде  екпенің  екі  тобы  бейнеленген.  Бірінші  топқа  туберкулезге, 
полиомелитке,  көкжөтелге,  дифтерияға,  сіреспеге,  қызылшаға  және  басқа  да  ауруларға 
қарсы  екпелер  жатады.  Аталған  ауруларға  қатысты  иммунизация  індеттің  жағдайына 
қарамастан, туылған соң белгілі бір уақытта, барлық балаларға жүргізіледі. 

52 
 
Екінші топқа ішек сүзегіне, бруцеллезге, сібір жарасына, тырысқаққа, обаға қарсы 
екпелер  жатқызылады.  Бұл  екпелер  зақымдалу  жағдайы  тым  жоғары  болып  тұрған 
індеттің таралу аймағында жүргізіледі. 
Иммунитетті нығайту үшін не істеу керек? 
Келесі кеңестерге құлақ асу қажет: 
1. Салауатты өмір салтын ұстану; 
2. Белсенді демалыс; 
3. Физикалық жаттығулар; 
4. Еңбек және демалыс режимі; 
5. Денені суық сумен сүрту; 
6. Жеке гигиена ережелерін сақтау; 
7. Дәрумендерге бай азық-түліктерді қолдану; 
8. Зақымдалу ошағымен байланысқа түсуден бас тарту; 
9. Күйзеліс жағдайларынан бас тарту. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет