Ватдпуды,, I! ҚАлижан бекхожин вибяйЗ?й



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата08.01.2017
өлшемі6,23 Mb.
#1394
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

294

Қалың  ж ұрт  қаптай  барсын  ж ан д ар ал ға, 

Луыңа  түспейміз  деп  арбағанда. 

Ресеймен  елдік  құрсақ  теңдік  қай д а?— 

Ж емтікпіз  жеті  басты  ж алм ағанға.

Бай,  болыс  бәйек  болар  алдағанға, 

Өздерін  өңешінен  алмағанға 

Д о м ал ар  дауыл  соқса  құрым  күрке, 

Қақтығар  өртке  ж арл ы   қарбалаңда... 

Сөйлеңдер  сондай  сөзді  сыры  мықты, 

Бұрқанып  жүргендей-ақ  бұрын  тіпті. 

Лйбатын  білсін  қырдың  елемесе,

'Гүйіңдер  ж а н д а р ал ға   жұдырықты.

Тежеп  тез  астындағы  ж а р а у   керді, 

Мақұлдап  сейлеп  кетті  Аманкелді. 

Алқынған  ат  үстінде  Мерке  батыр, 

Алысқа  алабұртып  қарай  берді..



VI

Мұнда  ж о қ   арғын-қыпшақ  маңғаздары,

Ас  емес  берілетін  әр  жаздағы.

Қөлінде  Ақмырзаның  қалың  жнын, 

Қелешек  майданның  бұл  сарбаздары. 

Әліби,  Аманкелді  ж ар  таратып,

Жігіттер  ж а л а ң д а ға н   ат  жаратып. 

Толқындай  желді  күнгі  жамырасып, 

Өрттей  бір  алауларын  ж а тқ ан   атып. 

Алдына  ж ан д ар ал д ы ң   барған  бұлар, 

Бай-болыс  бұйрығына  басын  иіп, 

Айтысып  ақтарылған  арман-сырлар, 

Жағынып  ж а н д а р ал ға   қалған  қулар.

— Бүлдірдің  талай  ж ы лдар  талап  елді, 

Сақтаймыз  сұрапылдан  аман  елді.

Қор  тұтты  патша  бізді,  қорғамаймыз!  — 

Деп  сонда  айбат  шекті  Аманкелді.

— Жігітін  апат  төнсе  ел  қияды,



295

Ресейдің  тарылып  тұр  кең  қияны,

Парыз  ғой,  бар  жігіттер  селебеге!—

Деп  соқты  Дуы лдақты ң  Мәдияры! 

Ж а н д а р а л   құзғын  көзі  шақырайып, 

Шұқшиған  ж ұ р т қа   сұсты  шартын  жайыгі.

— Сап  құрып  шықпасаңдар  аттануға, 

Айдалып  кетесіңдер  тартып  айып.

Сөгіліп  керегедей  алты  қанат,

Ж өнелді  сол  бір  жиын  толқып  тарап.

— Айдатам  әскерменен  қойдай  қуып!— 

Деп  кеткен  ж а н д а р ал   да  түйіп  қабақ..

VII


— Ж инал!—  деп  айқайлады  албырт  Аяп, 

Ж а у   келіп  ж а ғ а л а у ғ а   қалғандай-ақ.

Сап  түзеп  Аманкелді  сарбаздардан 

Қ амдап  жүр  шабуылға  қалған  таяп. 

Жігіттер  сапырылысып  иірілді,

Толықсып  көл  суындай  жиын  тұрды. 

Қамшысын  сілтей  сөйлеп  Мерке  мерген, 

Қөзімен  өтті  шолып  қиыр  қырды.

— Осы  қыр,  осы  біздің  ата  бесік, 

Ашылған  мұнда  бізге  отау  есік.

Ж а т   жұрттың  айналды  ғой  асырына, 

Қартайды қ  қаталдықпен  қатар  әсіп. 

П атшасы  жұртымызды  аңдай  бүріп, 

Тастады  басымызға  бұғау-құрық. 

Б арғанш а  соғысына  —  осы  қырда, 

Ж асайм ы з  ж ауым ызға  шырмау  бүлік. 

Ш абайы қ  қалалары н,  қорғандарын, 

Өртейік  егіндерін,  орман,  бағын,

Л ап   қойып  ж асағы на  жоталардан, 

Қуайы қ  Жау  біткеннің  қырдан  бәрін. 

М ынау  бай,  демей  мынау  жарлы-кедей, 

Билікке  жолдамасын  арғын-керей. 

Қыпш ақтан  Қапар  батыр  қол  бастасын,

296


Ж а у   көрсе  қадалаты н  сар  жебедей..

Оліби  ат  үстінде  теңселді  бір:

Мынау  сөз  басқандай  ғой  еңсеңді  күр! 

Уа,  батыр,  өзге  халық  қозғала  ма, 

Қыпшақ  деп  мынау  қырға  берсең  дүбір? 

Ойла  сен,  патшалықтың  бүғауына,

Орыстың  халқы  түгел  кінәлі  ме?

Қаласын  қарақш ы дай  шапқанменен, 

Нжелгі  елдің  кегі  тынады  ма?

Қерек  пе  қырғын  жоры қ  ойладың  ба, 

Ллысқа  әскердің  зор  майданына? 

Жүртыңнан  жігіт  бермей  ж а у   жолатпай, 

Онан  да  қорған  болшы  аймағыңа.

Естідім,  Татырдың  көк  төскейінде,

Шүйілсін  сарбаз  біткен  түнде  соған, 

Қеліпті  ж азал ау ш ы   әскері  де.

ІІатшаның  қаһары на  сес  беруге.

Ежелгі  елдің  соры  арылмай  ма,

Бөлінсе  арғын-қыпшақ  жарлы-байға?

Бай  үлы  бар  ма  найза  үстаған  бір, 

Солардың  жүртым  десе  ары  қайда? 

Қыпшақ  па  кекке  өзін  арнаған  тек, 

Арғында  майдан  шебін  барлаған   көп. 

Бастасын  қалың  топты  намысы  бар, 

Ш ақш ақтан  ж албыр  тымақ

Ж арм ағам бет. 

Б а ла м а   бір  қы пш аққа  ала  елді,

Теңеме  кәк  майсаға  ж а л а ң   белді...

Серкесі  арлы  жүрттың,  ж а р л ы   жүрттың, 

Бастасын  бүл  жорықты  Аманкелді.

Сол  бір  сөз  сарбаз  тобын  серпіп  өтті, 

Сыбанды  кек  буғандар  ер  білекті.

-  Бастасын  Аманкелді!— деген  даусы,

Қөл  бетін  тербеп  өтіп,  өрге  кетті.

Үрандап  Әліби  де  кетті  жайнап,

297


Алдында  Аманкелді  шеккен  айбат.

Л ап   берді  Татырдағы  л аң   әскерге, 

Торғайдың  түлектері  кекпен  қайнап.

Ж а л а ң д а п   ж арқы лдады   найза-қылыш 

Д а л а ғ а   дауылдады  айбарлы  күш. 

Патш аның  ж асағына  тиіп  өрттей, 

Басталды  содан  талай  майдан  үрыс...

Ж ы рла р   көп  Аманкелді  қылышында, 

Сырлар  көп  сарбаздарды ң  тынысында. 

Солардың  құйындатқан  жорықтарын, 

Ж ы р л а д ы   жыршысы  да,  туысы  да.

Әлі  де  талай  сыры  болар  жарқын,

Әлі  де  аңыздарын  ж ы рлар  әркім. 

Айтыста  сөз  бермейтін  ақыны  кәп, 

Торғайдың  тумалары  толғар  бәлкім.

Соларға  қалдырдым  бұл  сыбағаны, 

Әзіл  ғой  жүргенім  ж о қ   сынағалы. 

Осылай  қағытсаң  бір  кейбір  досың, 

Сыртыңнан  сүсты  қолын  сыбанады.

Ж үргем   ж о қ  сондайды  бір  сырлағалы, 

Қалдырдым  ду  көтеріп,  құм  даланы. 

Өлеңмен  көштім  өзім  Орынборға, 

Ж орығын  Әлекеңнің  жырлағалы...


Дауыл  алдында

I

Орынбор.  Станция.  Қалың  жиын.

Гулеп  сөз,  соққандай  бір  дауыл  қүйын, 

Ж ар ы са  сөйлеп  жатыр  ызалы  жұрт, 

За м ан а   ағысымен  даулы  қиын.

— Ж оқ,  енді  басқа  майдан  бастау  керек!

— Советті  «Уақытшаға»  қоспау  керек!

— Өршісін  Отан  үшін  әлі  соғыс!

— Уақытша  үкіметті  қостау  керек.. 

Мазағы  буржуйлардың  жетті  бізге!

—  Беріңдер  бостандықты  нанға  бөлеп...

— Болмаса,  аласыңдар  қанмен  елеп. 

Солай  бір  шуылдасқан  ашынған  топ. 

Айқайлар  кепке  дейіи  басылған  жоқ. 

Тосын  бір  мұртты  жігіт  сөйлеп,  міне, 

Сөзімен  асып  кетті  асудан  көп,

—  Бүйірін  толқын  ұрған  заман-кеме, 

Тарихтың  ағысынан  озар  деме.

Россия  отты  басып  тулап  еді,

Қүйреді  патш алық  сол,  тозған  дене. 

Кирады  кереметті  күшпен  бірақ, 

Халықтың  қаһарымен  өскен  тулап. 

Шыцынан  держ аваны ц  ұшты  патша, 

Құзғындай  қарлы   құздан  түскен  құлап. 

Қуанған  соған  халы қ  алақайлап, 

Құтылған  құбыжы қтан  баладай  тап. 

Қуанды  ойда  мұжық,  қырда  малшы, 

Содан  бір  кеткендей-ақ  д а л а   жайнап. 

Ж о қ   әлі,  ж ұртқа  заман  түйген  қабақ, 

Аспапы  Россияның  түр  қанталап.

Төбеге  капиталдан  төре  шығып,

Азабын  әлі  халы қ  жүр  арқалап.



299

Әлі  де  ершіп  жатыр  қанды  майдан, 

П атш а  жоқ,  алапатты  кімдер  жайған. 

Тірескен  тонау  үшін  текешіктер,

«Үрит  соқ!»  деп  төрелер  — ұрыс,



о й р а н .

Сүйкенсе  екі  түйе  —  шыбын  өлер,

Ж оқ,  халы қ  шыбын  емес,

соған  көнер. 

Түйілсін  пролетардың  жұдырығы,— 

Ж а р л ы   жұрт,  қамқорың  сол,

сенің  сенер! 

Сенбе,  жұрт,  Уақытшаның  арбауына, 

Түспе,  ж ұрт  капиталдың  қармағына! 

Билікті  ал  ез  қолыңа  Совет  құрып, 

Ж етесің  сонда  ғана  арманыңа!»

Мынау  кім  батыл  сөйлеп  тебіренген, 

Сөзіне  естігендер  еміренген?

Ол  жарып  сөйлеп  жатыр  айқай-шуды, 

Адамдай  айбатымен  әмір  берген.

Ол  ойын  буырқанған  басындағы, 

Халыққа  жеткізуге  асығады.

Ол  әзір  дауыс  жетсе  шырқар  еді,

Сол  ойын  жеті  қырдан  асырғалы. 

Торғайдың  құйын  тұрған  тақырынан, 

Әліби  астанаға  шақырылған.

Шіріген  тақытынан  патша  құлап,

Саясат  судай  қайта  сапырылған. 

Ж ал ты лд ап  завөдтарда  қызыл  байрақ, 

Семсерін  жұмысшы  тап  жатты  қайрап. 

Қ аж ы ған  солдат  онда  ойға  батып, 

Ақырған  офиңерге,  шеккен  айбат. 

С амалдай  бір  ж ел  есіп  апрельден 

Ж а ң а   үн  жамырасып  жатыр  елмен. 

Әліби  алып  келді  Ленин  даусын, 

Халыққа  наж ағайды ң  отын  берген...

300


II

Орынбор  көцілге  көп  сыр  жаяды, 

Мінеки,  қоңыр  шіркеу  тұр  баяғы. 

Ж а т қ а н д а   талып  соның  іргесінде, 

Баланы  қырдан  қаш қан  кім  аяды? 

Қоңырау  баяғыша  әнге  басгы,

Тірі  ме  баяғы  гюп  жалбыр  шашты?

Ж ү р  әлі  баяғыша  шенді  төре,

Ж ұ р т  жүдеу  кетергендей  ауыр  тасты. 

Мінеки,  алаңның  бір  бұрышында,

Сап  құрған  атты  казак  бұрынғыша. 

Қезейді  ж арқылдаты п  қылыштарын, 

Б арм ақш ы   қандай  жаумен  ұрысуға? 

Соларды,  мылтықтарын  ж а т қ а н   оқтап, 

Әліби  көріп,  міне,  қалды  тоқтап.

Хат  ж азған   Аманкелді  Әлібиге,— 

Қырда  ж үр  әлі  ж асақ,  қанды  тоқпақ. 

Қ ара  бүлт  ж а р л ы қ   басып  ел  түндігін 

Ж о р тқан да  аңсаған  ж ұрт  еркіндігін. 

Патшаның  қанды  б а л а қ   жендеттері, 

Төндірген  далам ы зға  өртін,  зілін. 

Шүйілтіп  жігіттерін  талай  мерген, 

'Галай  бір  Аманкелді  атой  берген. 

Қойсын  ба  қансыратпай  қалы ң   таж ал, 

Ж асы ндай  зеңбірегін  төпей  келген. 

Солай  бір  көтерілген  кекпен  елі, 

Соққыдан  талай  жасын  төккен  еді. 

Айдалып  қан  соғысқа  қанш а  боздақ, 

Қозыдай  көгенделіп  кеткен  еді...

Енді  не?  П атш а  тақтан  қуылғанда, 

Тұтқанда  азаттықтың  туын  алға.

Не  сыр  бар  қансыратып  сорлы  жұртты, 

Апшысын  Әбжыландай  қуырғанда? 

Патшаның  ж аза л ау ш ы   ж асағы   бұл, 

Әлегін  қырға  талай  ж асад ы   бұл.

301


Әлі  де  барса  сонау  мүскін  қырға, 

Заһары н  айдаһардай  шашады  бұл.

Сол  ыза  қайнап  көптен  жүр  басында, 

Ж а н ы   ашып  сорлаған  көп  тумасына, 

Әліби  айтып  соны  тебіренткен,

 Зор  жиын  Петроград  думасында. 



Несіне  қыр  қыраны  ж асқанады ?

Ол  солай  таң  қалдырып  астананы. 

Уақытша  үкімет  бұл  масқараны! 

Талабын  қойған  еді  —  жойсын  тез  деп, 

Ж о қ ,  әлі  жойылмапты  мынау  ж асақ, 

Тағы  да  ж ұрт  кеудесін  келер  қашап. 

Әліби  кетті  соны  білдіруге,

Питердің  Советіне  хабар  жасап... 

Почтадан  шығып  еді  ол  көшеге, 

Тосыннан  бір  танысы  кездесе  ме?

Ж а т   біреу  берді  бұйрық:

—  Ж ү р !—  деп  оған,

Ол  кетті,  тілдесе  де,  тергесе  де...

III


Тағында  отырғандай  аталы  хан, 

Ш алқайып  отырғанның  аты  Әлихан. 

Ж а л ғы з   ол  төре  қ а з а қ   Россияда,

Б а қ   қонған  қазір  өзі  аталыдан.

Ол  төре,  алаштың  ол  —  оқығаны, 

Кадеттің  әдетінде  тоқығаны.

Сонау  бір  айбарлы  хан  атасынша, 

Өзіне  үнайды  сол  отырғаны.

Отырып  губернатор  осы  төрде,

Аяғын  д алам ы зға  кесілгенде,

Әлихан  арман  еткен  төрелікті, 

Патш аға,  ар у а ққа   тосып  кеуде.

Енді  ол  төрге  мынау  қоныстады, 

Уақытша  үкіметтің  комиссары.



302

Болса  да  ж ан д арал д ай   аңсайды  ол, 

Атаның  аруағын  алыстағы.

З ам ан а,  қазір  бірақ,  талас  қолда,

Ата  емес,  атаманға  жанасты  ол  да. 

Д ау ы лд а  қалты раған  шаңырағын,

Тұр  еді  сүйрегенсіп  Алашорда.

«Қазағым,  қалың  елім,

қайда  ж ақтар , 

Орданың  тар  ма  жолы  тайғанақтар? 

Тығылмай  осындайда  қолтығыма,

Бетіме  қарсы  келер  қай  қ а з а қ   бар?»

Ол  солай  күмпиеді,  бардай  салмақ, 

Абырой-атағының  алдын  барлап.

Телефон  шылдыр  етсе  шүлдірлейді, 

Әлдебір  атаманды  алдиярлап.

Әліби  келіп  міне,  түрды  қарап,

Әлихан  соны  көріп  түйді  қаб ақ.

— Сен  езің  қазақпысың,  кәззәппісің,

Ж а т   жолды  жұртымызға  жүрген  қалап? 

Еліңде  елден  безген  атанасың,

Қарғайды  сені  түгел  аталасың.

Ж азы пты   «бүзақы»  деп  сені  газет,

Оқы  сен  Мәдиярдың  мақаласын.

Алашты  бетін  жыртып  жаралапсың, 

Уақытша  Үкіметті  қаралапсың.

Қ а за қт ан   қайдан  шықты  сойқан

мүндай?

Алдымда  аға  бар  деп  қарамапсың.



— Расында  аға  бар  деп  қарамадым, 

Білемін  ағалардың  қараларын.

Үлтым  деп  өксігендер  болды  қайда, 

Төккенде  кеше  сорлап  д а л а   зарын? 

Қ азақты  қанды  патша  жауімағанда, 

Жендет  қып  ж а с а қ   берген  ж а н д а р ал ғ а ,— 

Қалайш а  шыдайсың  сен,  енді  солар,

зоз


Қырдағы  момын  жұртты  қандағанда? 

Ұқсайтын  құтырынған  қатал   аңға.— 

Неліктен  қол  қусырдың  атаманға? 

Қ а за қ қ а   қамқор  ма  сол  қанды  жауыз? 

Бағынса  соған  д а ла   батар  қанға... 

Сөздері  Әлібидің  сұсты  неден?

Еңсесі  Әлиханның  түсті  төмен.

Қөзіне  іліп  қайта  көз  әйнегін,

Қарады  енді  соның  үстіменен.

—  Зам аны ң  түлкі  болса,  тазы  боп  шал, 

Дәуренің  аз  да  болса,  қазы   боп  қал! 

Дегендей  аума-текпе  зам ана  ғой,

Ия,  сондай  амалымыз  азы рақ  бар... 

Ж өн  емес  ж а т   жолында  қаңғырғаның, 

Ж а қ с ы   ғой  өз  жүртыңмен  жаңғырғаның. 

Саған  да  шенім  әзір  ордамыздан, 

Қөтеріс  алашымның  шаңырағын.

— Ж оқ,  өзің  көтере  бер  бай  ордасын, 

Бай  біткен  бақаныңды  даярласын... 

Еркіндік  күмбезінің  іргесіне,

Ж а р л ы   ж ұрт  ез  бетінше  ж а яр   тасын. 

Орданың  өршіте  бер  сөз  кәдесін  , 

Құрамыз  кедейлердің  өз  кеңесін. 

Берілсін  барлы қ  билік  Советтерге!— 

Билікті  Алаш  қырдан  кездемесін. 

Әлихан  түрегелді  қарап  тура,

— Өзіңді  қамайын  ба  абақтыға? 

Питердің  Советінің  өкілімін,

Хақың  ж о қ  ж а з а л а у ғ а   қамап  мүнда!

— Ендеше  бара  көрме  ауыл  ж а қ қ а , 

Аулыма  болыневиктің  дауын  жақпа!

Бес  сағат  мерзім  бердім  —  қайт  ізіңше, 

Д а л а ғ а   дақпыртыңды  дауылдатпа!..

304


IV

Ол  бірак  кері  қайтып  жөнелмеді,

Тартты  оны  ж ұтаң  д а л а   белеңдері.

Тыңдады  оның  сөзін  жиындарда,

Ж а р л ы   ж ұрт  —  орыс,  қ а з а қ   әр  елдегі. 

Толқытып  ол  сезімен  Ақтөбені.

Ж а қ т а д ы   Ы рғызда  ығып  ж а тқ а н   елі. 

Қостады  Торғай,  Ш алқар,  Қостанай  да, 

Азаптың  батпағына  батқан  елі.

Әліби  жайып  елге  солай  ұран,

Ауылдың  өтті  міне,  талайынан.

Қерінді  бір  белестен  Б атпаққар а, 

Қалғандай  ж а у та ң   етіп  қ арай   бұған.

Қалың  жұрт,  қаптаған  мал,  бұл  ауылда,

Той  бар  ма,  ақсақалд ы ң  құр  дауы  ма? 

Әліби  желе  жортып  келді  жетіп,

Қеңеспен  кездесерге  бұл  қауымға.

Белеске  бес  үй  жеке  тігіліпті,

Ж а н -ж а қ та н   ж ар л ы -ж ақпай  жиылыпты. 

Төрінде  төре  беріп  сақалды лар,

Кешегі  сарбазд арға  түйіліпті.

— Ш атақты   ш ығарғандар  кеше  сендер, 

Сендерсің  ж а у л ы қ   ертін  көсегендер. 

ІІІабылды,  байлар  тартты  тауқыметін, 

Кайтарып  шығындарын  еселеңдер!

Осылай  сақалды лар  үкім  беріп,

Төр-төрде  кеуделерін  отыр  керіп. 

Ж ан -ж ақтан,  жарлы   жұрттан  жырып  алған, 

Қалың  қой,  топ-топ  ж ы лқы  жатыр  келіп. 

Ж ы р   етіп  тауы  солай  шағылғанын,

Айтты  жұрт  Әлібиге  шағымдарын. 

Келмепті  Аманкелді  қасақана,

Біледі  мұнда  ылғп  ж ауы   барын.

Анау  кім  көк  майсада  ж а тқ а н   дара,



305

Әлгі  бір  кім  еді  ол,  қатқан  қара?

Аяғын  айқастырып  көкке  қарап,

Өзінше  ұлық  ойға  батқан  дана.

Тұрды  өзі  мынау  неткен  қытымыр,  паң? 

Көбелек  үріккендей  сықырынан. 

Өзінен*өзге  дүние  аласадай,

Танауын  түре  қарап  ытырынған.

Мінекей,  жиын  жұртты  әтті  жарып, 

Қарам ай  ешбір  ж анға  қиқарланып, 

Қайқиған  қы сқа  бойлы  сол  тәкаппар  — 

Ж азуш ы !—  Олай  болса  дәкір  анық!

Сын  тағып  қайтеміз  сол  сызды  паңға? 

Мейлі  ғой  өтсе-кетсе  сол  заманда.

Келеді  ыза  шіркін  кейде  маған,

Кейбіреу  кергіп  солай  сызданғанға...

— Сорлатқан  осы  бізді!—  деді  халық,

От  берген  бай  біткенге  осы  барып. 

Ж а з ғ а н   сол  сарбаздарды   ж а за л ы   қып, 

Сот  құрған  сақалдыны  қосып  алып.

— Ей,  тоқта!—  деп  шақырды

қыңыр  жанды,

Ол  әрең:

—  Немене?—  деп  ыңыранды.

— Ж а у ы зд ы қ   ж азуш ы ға  ж а р а с а   ма?— 

Мәдияр  ж ауап   қатпай  тұрып  алды.

— Соншама  бар  ма  менде  емір  кегің, 

Соңыма  түсіп  неге  зәбірледің?

Менсінбей  халықты  бұл  мықшиясың, 

Шіркін,  бір  жүлынса  ғой  кеңірдегің! 

«Мең  біткен  ойпаң  жерге  ал аса  ағаш»,— 

Өзіңсің  сол  ағаш тай  елде  қораш. 

Қысқанда  кеше  патша  мына  жұртты,

Қай  ж а қ т а   амалдады  сендей  алаш?

Аласа  бойларыңмен  бұғып  қана,

Ж орғал ап   жағындыңдар  ұлы ққа  да.

306


Уа,  ұлтын  сүйген  сендер  не  дедіңдер, 

Ж а тқ ан д а   ж а у   өртіне  күйіп  дала?

Аямай  аңырап  сол  көшкен  елді,

Ескермей  қан  селебе  кешкендерді, 

Ж аум ысың  сенде  мынау  сорлы  жүртқа, 

Сот  құрып,  таптың  қайдан  тексергенді? 

Мәдияр  іліп  қойды  көз  әйнегін,

— Сен  қайдан  қу  тіліңді  безей  келдің? 

Алашқа  абыройлы  зиялымын,

Тап  сендей  тентек  бар  деп  сезбей  келдім; 

Ел  дауын  бітістіру  бізге  ләзім,

Бұл  іске  бөгет  ж асап  болма  жазым. 

Алашорда  атынан  келдім  мұнда,

Бұл  ж а қ т а   билік  бізде,  бар  ма  лажың? 

Сен  өзің  әлгі  сойқан  кезбемісің,

Әлі  де  біздің  ж олдан  өзгемісің?

Ермейді  саған  жұртым,  бар  жәніңе, 

Ж ай ы м   ж о қ   қыздыратын  сөз  керісін... 

Солай  деп  қайқаң  етті  шытып  қабақ,

Ж о л   бермей  шырмап  алды  ж ұрт  қамалап, 

Әліби  мырс  етті  де  саспай  ғана,

Сөйледі  қаум алаған  ж ұртқа  қарап.

— Ал,  халық,  айтқанына  еремісің, 

Мынаның  әділдігін  көремісің?

— Ж оқ,  ау л ақ  әкет,  алаш   әлегіңді, 

Тендірдің  қорлықты  бай,  терең  үшін! 

Солай  ж ұрт  қамшыларын  үйіргенде, 

Әліби  ж а р   салғандай  жиын  елге. 

Сөйледі,  сұсты  сызбен  толқындай  тап, 

Тыңнан  бір  екпін  берген  тиірменге.

— Ия,  халық,  түсін  солай  ерік  сенде, 

Мұндайлар  басынбасын  керіп  кеуде. 

Сендерге  Совет  қана  теңдік  берер, 

Ермеңдер  «алашым»  деп  желіккенге. 

Питерлік  Советтің  мен  әкілімін,

307


Сондықтан  бөгделерге  өкім  үнім — 

М алдарын  алсын  қайтып  сарбаз  біткен, 

Айтылған  ел  атынан — үкім  мұным.

Осы  сөз  серпілтті  де  жұртты  түрған, 

Айқай-шу  көтерілді  кенет  тынған, 

Мәдияр  қарай  қалды  Әлібиге,

С а с қ а л ақ   сақалды лар  зытты  жылдам. 

Мәдияр  қандай  ыза-жалын  жиды,

Уа,  оның  қазір  қандай  жаны  күйді?

Оқ  болса  көзіндегі  қызыл  шоғы,

Атуға  әзір  еді  Әлібиді.

Кекшіл  ж ан  тістенді  де  үн  қатпады, 

Қатты  қан,  мұз  жүрегі  тулап  тағы.

Кетті  ол  ойлап  кетті  қиястанып,

Күш  болса,  ж ұртқа  тауын  құлатқалы.

Ол  отыр,  екі  ай  болды  абақтыда, 

Қойыпты  Әлихандар  қ ам ап   мұнда. 

Қапаста  томағалы  қыран  отыр, 

Тойтарып  тастағандай  қанатын  да. 

Апыр-ау,  тұтқындады  неге  мені,

Кінәсін  тақпай  неге  бегеледі?

Сұрау  жоқ,

сұрғылт  үйде  тұман  басып,

Өте  ме  керінбей  күн  тебедегі?

Уа,  нәлет,  Д уы лдақты ң  Мәдияры, 

Ш онжардың  қол  шоқпары,  ж ан  қияры. 

Сол  болар  ж апқан  бәле,  тоқта  бәлем!— 

Деп  оның  құйындады  өр  қиялы. 

Ж ал ы нд ап  ж а тқ ан   шығар  Петроград, 

Азаттық  күресінің  кілтін  бұрап. 

Жеңістің  жолын  сызып  Ленин  өзі, 

Штабын  қойған  шығар  бекем  құрап. 

Уа,  шіркін,  қақса  қ а н а т   сол  майдапға, 

Сол  дауыл  көтерілсе  Торғайдан  да!



308

Төбедей  Әлихандар  төңкерілсе,

Д а л а м ы з  кең  тыныспен  толғанбай  ма?!

Сол  үміт  кеудесінде  сенетін  бе?

Ол  оған  туар  күндей  сенетін  де.

Осынау  тұтқын  жанды,  дариға,  бір, 

Ж еткізсе  Петроград  Советіне...

Басынды-ау  Уақытша  мен  мынау  Алаш! 

Халыққа  қаһ ар  шашып  қан  аралас. 

Бостандық  деп  соғады  қайрап  жүрек,

Бітеді  қаш ан  мынау  ойран,  талас?

Әліби  отыр  ойын  шығанға  атып,

Түрме  тұр  төңірегін  тұмандатып.

Күзгі  жел  ызыңдатып  Торғай  құмын, 

Қағады  терезені  күй  тыңдатып.

Ашылды  есік  міне,  ж ел  де  кірді,

Тұтқын  ж а н   таңырқады  әлдекімді.

Офиңер  егде  тартқан,  жүзі  жүдеу,—

— Үмыттым  мұны  қайда  көргенімді?

— Сені  мен  көрдім  кеше  аула  ішінде, 

М аған  бір  таныс  нышан  бар  түсінде.

— Мен  де  бір  көрген  түстей  шырамыттым, 

Үқсайсың  ұшырасқан  қай  кісіге?

Офиңер  күлді  сол  сәт  алып  еске... 

Кездескен  сары  бала  бір  белесте...

—  Ертіп  мен  кетіп  едім  Орынборға, 

Үйсайсың,  со  балақай  сен  емес  пе?

— Апыр-ау,  сіз  бе,  сонау  мейрімді  жан, 

Әкеткен  мені  түнек  қиырынан?!

Әліби  баяндады  өткендерін,

Халін  де  қазір  отқа  қуырылған.

— Ия,  оған  етті  қазір  талай   жылдар, 

Менің  де  қыңыр  тартқан  талайым  бар. 

Ж а н д а р а л   қуған  мені  Сібір  ж а қ қ а , 

Ж а за н ы   шеккен  сонда  талай  мұндар. 

М айданға  содан  кейін  ендім  мен  де,

309


Ақыры  ж арал ы   боп  келдім  елге. 

Құтылдым  ж ан д ар ал д ан   патша  құлап, 

Мінеки  Уақытшаға  болдым  пенде.

Өстім  ғой,  бұрынғыдан  асты  білім, 

Мұндағы  тұтқындардың  бастығымын. 

Лермонтов  болжағандай  тез  қартайдым. 

Жөнелді  ойсыз,  бақсыз  ж асты қ  күнім... 

Біліп  қой  —  мен  капитан  Загаровпын, 

Жігітім,  кетіпсің  ғой  ж аңары п   тым.

— Ия,  солай  тәңір  бізді  қағып  доптай, 

Айдады  әр  кезіне  ж ау а р   бұлттың.

Есіне  алып  сонау  көк  белесті,

Екеуі  сыр  ағытып  көп  кеңесті.

Офиңер  тыңдап  жайын  Әлібидің 

Ш ырм аған  оны  мынау  көпке  көшті.

— Мен  үшін  Уақытшадан  сен  өтінбе, 

Үждан  ж оқ  оларда  мен  сенетін  де. 

Берейін  телеграмма  соғасың  ба? 

Питердің  жұмыскерлік  Советіне.

— Сол  ғана  болар  сірә,  көмегім  де,

— Мен  де  бір  кез  болармын  керегіңде. 

Қол  берген  тар  қапаста  сол  бір  елес, 

Ойының  ұйып  қалды  тереңінде...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет