С
оііы
ойлап
т о қ т а л ғ а н ы т ұр е с ін д е ,
325
Қартадан осы құмның белееіне,—
Карады Ленин сонда көзбен барлан,
Комиссар қиындықты жеңесің бе?
Айнала ж ау қаптаған жолы қиын,
Аңдай көп асыр салған қалың кұйын,
Аралдай кұм түбекке, бұл жоры ққа,
Ж ұм саған Ленин өзі Әлібиін.
Ж оқ, ешбір жорықтан ол шегінбейді,
Өрт шашсын, бұл даланы ң шөлі мейлі.
Азаткер армияның қанаты бұл,
Сұрапыл соқса мейлі, сөгілмейді.
II
Орғытып астындағы арғымақты,
Комиссар барлап қайтты атырапты.
Ж а п а н д а ж ан көрінбей құмнан басқа,
Бөгеді бір тебеге отрядты.
Тарасып жауынгерлік салтыменен,
Сілікті шинельдерін шаң бүркеген.
Қағады құтыларын тамар ма деп,
Бір тамшы, таңдайына шөліркеген.
Комиссар мақтап жатыр шыныменен,
Ерлерін құм жорықта шегінбеген,
Ж айнаңдар ж аб ы рқам ай билеп, жырлап,
Ж ігіт пе шырқап әнді керілмеген.
Осы бір жігіттері айғағы да,
Жеңіске Астраханның майданында.
Бүқтырған бүліктерін а қ бандының,
Соғыста Атыраудың аймағында.
Елігіп ағылшынның айбарына,
Эсерлер еніп қүмның қойнауында.
Орнатқан өкімдігін,— бұл отряд.
Сөндірген соның оттай ойнағында.
Сол ұрыс Александр портындағы,
Жауынгер көздерінен жарқылдады.
Көрінді үміт, жеңіс шеруіндей
326
I
Гармоньның шалқып қазір тартылғаны.
Ән десе әркашан да әзір Лена
(Үгітші отрядта қазір Л ена).
Киіпген жауынгерше бұл жорықтың,
ІІІертеді шеруі мен назын Лена.
Комиссар қа қ с а кейде қас-қабағын,
Лсылып иығына бастар әнін.
Солай бір кетті шырқап енді Лена,
'Гербетіп құмдай ойлар басқан жарын.
Ерлері алқаланып, қосылысып,
Ән кетті адырлардан асып, ұшып.
Айбын да, қуаныш та үндерінде,
Кегкендей бүкіл қырды ж асты қ құшып.
Ж а с орыс гармонь тартып, қатар жүріп,
Ііилейді сан сабалап татар жігіт.
Осылай серпілмесе мынау шөлде,
Құм жұтқан сонау күндей батар үміт.
Iіеріліп жатыр бәрі жыр-өлеңге,
Қызумен ұмтылғандай дүрбелеңде.
Комиссар көрді әне бөгде қызды,
Келеді Аяп алып бір белеңде.
Жігітше тап-тұйнақтай киініпті,
Сүрша қыз, құс мұрынды, кемиекті,
Тайсалмай келе жатыр еріп қатар,
Торғайлық Аяппенен, кең иықты...
Шырағым, сұрағымды қалаймысың?
Қай елсің, әзіміздің адаймысың?
Қалайша кезіктің сен біздің қолға,
Ііүл жонда қаңғып ж ал ғы з қал ай жүрсің?
III ындықты, өтірікті талғаймысың!
ИІын ерсең, бізге, қал қам , талайлысың,—
Луылың, әкең қайда, айт шыныңды!
1>ұл құмда жөн табуға жараймысың?
Адаймын, әкем аты Атанияз,
Нлімде жаугерш ілік — ата мирас.
Лдайдың айбындысы әкем менің,
3 2 7
Қасына қайырымсыз қатал-қияс.
Мекені еліміздің осы құмда,
Үстірттің теңіз тепкен асуында.
Атекем құм құйындай ашу бұрқап,
Төтеген талай ж аудың тасырына.
Бір кезде алапаттан қаш ы қ шыған,
Бұл кезде кеткен м аза басқын-шудан.
Қорғады ауылдарын әкем бастап,
Бүлікшіл баспашыдан, басқыншыдан.
Әкемнің ж ан серігі, ж а н қызығы,
Бар еді батыр туған ж алғы з ұлы,
Б астаған жораларын жортуылға,
Өзіндей өрен еді ж а уға зілді.
Бір күні ауылымызды әскер бүріп,
Сол аға шықты ж ауды сескендіріп.
Атыста ж ау оғынан тапты қаза,
Әкемді кетті өлімі кектендіріп.
Ж аны нд а жағып ыза, өшпенділік,
Ж а р салды адайына өктем жүріп.
«Бәрі жат, әскер біткен адайға қас,
Бәрі жүр басымызға оқ төндіріп.
Ата бер, әскер болса, құрт бәрін де,
Ж а у қаптап жөңкілмесін құт жерімде!»
Әкемнің айбатына сеніп елі,
Серт еткен әскер көрсе тап беруге.
Бораған тас құйындар бұл асуға,—
Әлде сол адайлардың ызасы ма?
Әкемдер жүрген шығар осы маңда,
Ауылы көшкен еді Бозашыға.
Мен өзім алты қыздың кенжесімін,
Солардың еркесімін, өзге сырым.
Әкеме ерген еркін бір жігітке,
Беріп ем, сүйемін деп сөз кесімін.
Ол өзі адайдың бір ер ұлы да,
Ж ұлқы нған еркіндіктің жорығына.
Дауы лды аңсап ұшқан ақ сұңқардай,
328
Жүрмеген ж ан саугалап жел ығында.
Ішінде көп жігіттің зерегі де,
Дейтін ол жауығудың керегі не?
Ж а у емес, әскер біткен Қызыл тудың
Аясы аялайтын кең еліме.
Мені де қүшпай ыстық құшағына,
Алаштың түспей, қашты құрсауына,
Қетті ол іздеп Д а л а Қомиссарын.
Адайға азатты ққа күш алуға...
Бір күні аулымызды басты банды,
Әкеміз жүрген еді басқа маңда.
Тоналған түліктей бір мені әкетті,
Ұқсаған қар ақш ы л ар қаш қан аңға.
Окетті мені Каспий белесіне,
Тап болдым Алаштың сұм төресіне.
'Гұйғындай торға түскен бұлқындым мен,
Берілдім дуылдаған дәмесіне.
Қенеттен теңіз жарып кеме келді,
Тулары ж а ғ а л а у ғ а ене келді.
Болғанда опыр-топыр порттың басы,
Басқанда үрей-қайғы төрелерді,—
Қаштым мен атқа мініп жапаныма,
Осы қүм бесігім де, отаным да,
Окем мен ж ар қайғысы қырға тартты,
Жортпадым жауынгер қыз атануға.
- Ж а ры ң а асық болсаң қосылуға,
Бұл маңның жетікпісің жосығына?
Қаталап отыр мынау туыстарың,
Судың бір кәзі бар ма осы құмда?
- Құдық бар біздің ауыл көшкен жерде,
Ол сонау қ ара дауыл ескен л<ерде.
Ж ары м а жеткізсеңдер ж ен сілтер ем,
Тек сонау әкешімнен сескенем де...
Ежелден әскер^зіткен әкеме жау,
Төндірер сендерге де тәтен тұсау.
Мепі де атар ж а у ға берілдің деп,
329
Қактыққан қаһарынан кете ме сау?
— Сөйлесем сол кісімен, сен үндеме,
Әкеңе тапсырамын сәлемдеме...
Сол сөзін Қомнссардың қостап Аяп,
— Су қайда! Б аста!— деді,— Сәулем, кәне!
— Су кайда, айқай сұлу, баста бізді,
— Киігім, тарт б ұлаққа тастап ізді,—
Осылай жауынгерлер жамырасып,
Көтеріп отырғызды атқа қызды.
Адай қыз жанарынан жағып шырақ,
Жөнелді үзеңгісін қағып бір-ак.
Суалған сұқ көздерге жайнай қалды,
Құпия қы рқалард ан ағып бұлақ...
III
Құламен құм төбеден қарғи әтіп,
Комиссар құлдилады шаң билетіп.
Келеді Аяп пенен адай қыз да,
Жүйрікпен жүйткіп жанын әлдилетіп.
Омбылап топан бұлттан қалғи өтіп ,
Ш аршап күн шатырына қалды кетіп.
Түксиген заңғар оба ар жағынан,
Аттылар шыға келді әңгірлетіп.
Танып қыз шауып келе ж атқандарды,
Сескеніп, атын тартып тоқтай қалды.
Айбарлы а қ боз атпен алға шығып,
Арыстан әке даусы аттан салды„
Көзі де Комиссардың оттай жанды,
Анталап алдарынан ж а у тақалды.
Оқталып ез қызына төне қалған,
Көрді сол алпамсадай ақсақалды.
«Мен едім келген сіздей батырды іздеп,
Атсаңыз, мына мені атыңыз!— деп,
Комиссар аттан түсті — тек қария,
Тыңдаңыз, айтатын бар датымыз»,— деп.
330
Айта бер, атам кейін, тұтқынымсыН.
Қашқынсың, сенің сірә көп қылмысың.
Адайды адастырған арал құмда,
Құііындай құйқылжыған әккімісің?
Олдебір сүмеңдеген сатқынбысың?
Еліме, бұралқылар батты тісің.
«Ақпып» деп сендей сұмдар елді шапқан,
Байқаймын, бұзақыдай батыл түсің.
— Олардың бірі емеспін, мен басқамын,
Ақсақал, аян маған адасқаның.
Алыстан іздеп сені алып келем,
Ақ сырын ақиқаттың ең асқарын.
— Атекең адаспайды!
— Қай мазағың?
— Атекең емес сенің ж ай қазағың!
Адайдың албырттары Әлібиге,
Төидірді сойылдарын, найзаларын.
Аптығып айтып жатыр ақсақал да:
«Әдет қой айла табу қаш қан аңға,
Адасса адай білер өз жосығын,
Жөн тапқан талай қырғын сасқалаңда.
Ж о қ шығар біздей қуғын басқа маңда,
Сойылды көрдік ханнан, патшадан да.
Айналдық а қ пен қызыл асырына,
Тәңірім торын мәңгі тастаған ба?»
М ақұлдап қариясын екпіндеді,
Адайдың өрендері, кекшілдері.
Таланған ел ж ұрт үшін, балаң үшін,
Мынау қу құрбанды ққа кетсін!»—деді.
'Гуыстар,— деді Әліби,— тоқтаңыздар,
Дсығып а ж а л ға шаң қақпаңыздар.
Нмеспін қашқын-бұзық, халқым үшін,
Дүшпанға қабағы мда қатқан мұз бар.
Қарулы эскерім бар құм сыртында,
Сендермен келғенім ж оқ қырқысуға,
Қелемін Мосқвадан қуат алып,
331
Ёзілген өздеріңдей қыр жұртыЁа.
Бұл әскер қуанышың, оң қанатың,
Ант етем айтып ұлы адам атын!
Сендерге Ленин — мені жұмсап еді,
Айтайын сол кісінің аманатын.
Толқынды кеме жарып өткендей бір —
Ленин!—
деп топты серпіп кетті дүбір.
Алпамса а қ с ақ ал да бір қозғалды,
Қ аққандай құдірет күш көктен күбір.
Адайлар абыржыды, гуілдесті,
— Қарашы бұл қазақты ң қуын,— десті.
Ленинге қайдан барсын бұл әншейін,
Тіміскі тінтіп жүрген құм-белесті.
— Білеміз сендейлердің ебін,— десті,
Сендейге кетті бізден сенім,— десті.
Ленинді айтып бізді алдап тұрсың,
Сендеймен сөйлесе ме Ленин,— десті.
— Рас мұным, куә бес жүз солдатым бар,
Лениннің өзі берген мандатым бар.
Лениннің өкілімін, Ленин сөзін
Тыңдайық аттан түсіп, кел батырлар!
Көтерді Атанняз ақ семсерін;
— Осыдан алдау сезді айтсаң,— сенің
Басыңды
қырқамын мен қанжарыммен,—
Ақ сейле, адай женін, айтса Леннн.—
Қағылған қабақпенен қатал, сұсгы,
Адайлар ақтарылып аттан түсті.
Сөйле деп Әлібиге әмір етті,
Аңсағай Атанияз — аттан түтсті.
Қадалды өткір кездер оқтан күшті,
Қам алап Әлібиді қаптай түсті.
Ленин!— деп сөйлегенде Комиссардың
Аузынан айбарлы сәз оттай ұшты.
Ш алқып ол айтты — Ленин даналығын,
Ақылмен тебіренткен адам ұлын.
332
Бастаған күрестерге — жою үшін,
Дүрліккен дүниеніц алалығын.
Танытып өз жолыныц саралығын,
Көтерген езілгенніц талап үнін.
Даусымен Октябрьдіц сергіп әлем,
Үн қосты дауылына д а ла бүгін.
Айбыны ол — үмтылғанныц азатты ққа,
Қамқоры қамалғанның азап, мұңға.
Лениннің өз аузынан келдім естіп,
Б ақы тқа жеткізеді қазақты да,
Қездестім көсемменен Қремльде,
Күлімдеп жылы шырай тұр өңінде.
Деді ол: «Ж арлы -ж ақпай д ала жұртың,
Бәлейміз еркіндікке, кең емірге.
Советтік сәулетпенен езгеруге,
Бар халы қ өзі қож а өз жерінде!»—
Дегенде адай біткен тецселді де,
Ж ұлды здай от жайнады көздерінде.
— С абазда бәрін білген ақыл қандай!
— Тұлғасы алып шығар батырлардай?
— Болса да бойы мендей ақыл-ойы,
Айдыны шалқып ж атқ ан Атыраудай.
Бақыттың теңізі бар пейіліиде,
Қүні бар кеудесінің биігінде...
Қомиссар айтып жатыр Ленин жайлы,
Адайлар тыңдап соны иілуде.
— Атеке, енді маған нанасың ба?
Қ азақты ң қансыраған даласына,
Ж ұмсады мені Ленин, қызу майдан
Торғай мен Түркісганның арасына.
ЬІрғалып жүреміз бе адасуда?
А қсақал әлде бір жөн табасың ба?
Ж а у торлап туыстарың жатыр сорлап,
Солардың ем табайы қ жарасына.
Атекең серпілді де мына мұңға,
Семсерін қайта салды қынабына.
333
— Ленннді естіп едім, бүгін ғана
Шын дацқы енді жетті құлағьіма.
У жұтып еңіреген ел кегінен,
Ж а р а л ы жолбарыстай зілденіп ем.
Серт еттім алдау, арбау әлегіне,
Бір әскер жүрмесін деп құм белінен,
Сен келдің кеудемізге ж а р ы қ бердің,
Ленинніц ақ пейілін алып келдің.
Бізге бер Ленин туын, әкетеміз
Кең қырға түнектерін жарып белдің.
Ж аны м да Леннн сөзі қалды бекіп,
Барасы ң аманатын артып өтіп.
Мың жылқы, мың түйені берсін адай,
Лениннің әскеріне тарту етіп.
Адайда батырлықпен асқан өзім,
Белгілі әр төбеде басқан ізім.
Жігітің, хнақыр қайда әскеріңді,
Ш а л қ ар ға апарамын бастап өзім.—
Дегенде дуылдасты адай біткен,
Келгендей бақыт құсы талай күткен.
Ел етіп еркіндікті Ленин берсе,
Қосып ал, ерлеріңе болайық тең.
Комиссар, баста бізді, қ а қ дабылды!—
Деп бәрі шуылдасып атқа мінді.
Алдында айбарлысы Атанияз,
Қ аққ анд ай қабағымен аттан үнді.
Шерткендей серпілетін күйді иәзік,
Сергіте сілкінткендей құмды жазық.
Адайлар лап қойғанда алға шықты,
Комиссар қызыл арай туды жазып,
Ж өнелді қиқуласып, қырдан асып.
Алыста, ұрған белге тұман басыгі,
Адайдың адуынды өр ұлдары,
Артынан комиссардың үрандасып...
Бастады ол әскеріне қосылуға,
Сап қүрған сонау қырдың асуында,
3 3 4
Уа, шапшаң әкетсе ғой ат тұяғы.
Бұл құмның құйынын да, ашуын да,
Тез жетсе Торғайына торға түскен,
Түйілсе ж ау ға тағы өр дауыспен.
Қосылса Аманкелді батырына,
Құрылса даласына қорғаныс кең,—
Ж ал ауы азаттықтың желбіресе,
Ж а ң а ш а өз тағдырын ел билесе,
Аясы еркіндіктің — Республика,
Ориаса, елдің жанын әлдилесе,—
Уа, сонда!
Солар әне, қа қ қ а н елес,
Жарылсын құм топанға батқан белес.
Қомнссар бастап алға зымырады,
Тосқауыл төбелерге тоқтар емес...
Э п и л о г
Бұл жырым әлі ұласар,
М айданда шыққан шерумен.
Әлі талай бел асар
Мылтықты сол керуен.
Қомиссар ж ортар жол ұзақ,
Ізінде жосып жыр қалар.
Қуә ме жырым жалғыз-ақ,
Кітап қой сонау қырқалар,
Оқушым, езің ашып кер,
Тарихтың тарғыл беттерін.
Осынау біздің асыл ер
Көрсетер өмір дәптерін.
Сұстанар, сүйер, қуанар,
Ж о р ы қ қ а талай бастар да,
Зам анд ай ұ за қ сыр олар,
Сыя ма бір дастанға?
Соңы да емес, жырымның,
335
Емес те шығар дәл басы.
Әдейі шұғыл бұрылдым,
Әрине, бар жалғасы.
Аңыз болар хақы бар,
Өмірі оның ғажайып.
Үн қосыңдар, ақындар,
Ж а р ы с а бір жазайық.
Ж азар м ы н тағы жырларын
Бұрқанған сол дауылда,
Түнектің қалай тынғанын,
Түнекті біздің ауылда,
Толқындар қырда тоғысар,
Ш алқардан тасқын атылар,
Атой берер Комиссар,
Ашуын қайта шақырар,
Тыңдарсың да дауысын,
Тебірене түскен Торғайдан,
Өшпені бітпес дау үшін,
Өртін шашар сол майдан,
Бұқпада қайрап қанжарын
Кезенер бір кез Мәдияр.
Аманкелді тарланын
А ж алға қайтіп ел қияр?
Қабірсіз, қанды төбеде,
Түнеріп кім отырған?
Әлдебір күбір келе ме?
Аманкелді батырдан
Қапыда қанға батырып,
Асырды ж а у арманын.
Комиссар соған аһ ұрып,
Тістейді бір кез бармағын.
«Кешікті, әттең, кешікті-ау,
Қиыр жол болды бөгесін.
Қанатымды кестің жау,
Кешікпей сен де өлесің!—
Қылышын солай суырар,
3 3 6
Ш аң бүркеген қынаптан.
Солай да ж ұ м б ақ сыры бар,
Батырды сол кім атқан?
Торғай құмын шаңдатып,
Аңдар қайта ұлысар,
Ауылды Қапар қандатып,
Талай боздақ құм құшар.
Рақы м ж оқ елдің жауына,
Ереуілдеп ергенге,
Ж ортып жұр қарсы дауылга,
Кәдімгі Мерке мерген де...
Қорада ж атса өрт жанып,
Бәрі бір а я қ баса ма?
Әлихандар оқталып,
Тұрған шығар тасада.
Қомиссар соған ашынар,
Ж арқы лд аты п қылышын.
Қенет бір шұғыл асығар,
Республика туы ұшін!
Қуанар қазақ, тегінде,
Бақыты бар ел екен,
Жөнейді сонда Ленинге,
Қомиссар біздің Әлекең.
Ж елпілдер сол кун түндіктер,
Қызыл ту тігер шаңырақ,
Ж ал ы н д ар еркін жігіттер,
Өр дауыстар саңғырап.
Ж а р л ы қ а з а қ жалауы,
Көтерілер аспанға.
Ж аңғыртып күллі даланы,
Қосамын соны дастанға,
Ж оқ, Қомиссар, асығыс,
Жырымды сәл үземін.
Алдымызда — ғасыр іс,
Асықпай бәрін тіземін.
Республика ұлымын,
3 3 7
Туғандаймын екі рет.
Ұмытылмас ұлы күн,
Ж а з ы л а р бүгін декрет.
Уа, сүйікті Октябрь,
Мәңгі бізге тойлы бол.
Республикам сапқа тұр,
Үлы Ленин қойды қол!
Ал, поезым, зымыра,
Ж ұлды здай ұш, ж а р тарат,
Республика сырына,
Бөленеді шартарап.
Қабылдар қазір Кремль,
Комиссар біздің елшіні.
Кең Россия — кең өмір,
Ініге берер еншіні.
Б асталар содан сыр ж аңа,
Б асталар ұлы заманым.
Құлпырды содан нұрлана,
Гүлдері біздің даланың,
Ес қуаныш, елімде
Еркіндіктің гүлін ек —
Алгыс айтып Ленинге,
Комиссар тұр күлімдеп...
С Ұ Ң Қ А Р ТУ РА Л Ы АН.ЫЗ
Револю ционер акын Сәкен С ейфуллинге арналды.
I
Осынау арнау жырдын. есесіне,
Кешіккен сәлемімді кешесің бе?
Есіркеп тұрмын қарап,
Ескі үйге —
Алматы Карл Маркс көШесінде.
Бұл бір үй — акындарға болған орда,
Талай жыр тауап еткен толғанарда.
Енді тұр...
Бұлбұлы ж о қ бақтай мүлгіп,
Шырмауық әлде гүлін торлаған ба?
Ол кезде іші күмбез, даласы бақ,
Тұратын зор бәйтерек д ара сұңғақ.
Басында алмалықтар, мәуе бақтар,
Ж а й қ а л ға н ж а с өрендей жарасып-ақ.
Әлі түр, сол бәйтерек қозғалмай тік,
Қоңыр үй, жел қ а қка н ба, тозған қайтіп?
Отыр ма әлде сонда
Саят жыршы,
Ж а р ы н а аққу жырын наз қып айтып?
Отыр ма,
Әлде ойға жүзіп ақын,
Бәйгіге баптап қайта қызыл атын.
А.кты ма қиялында экспресс,
Мінсе ж ұрт ағысына қызығатын?
339
Бөгелдім есігінен аз-ақ аспай,
Ж а с күнгі әдебімше ж а за баспай.
Онда мен
Шынардай ем шық шалмаған,
Бүл күнде
Қыраулымын боз ағаштай.
Б ірақ ол
Үлкен әлі жыр ағашы,
Өтсе де үзаңқырап жыл арасы.
Сүрленген жүрегімде наз жырым бар,
Ағалың сапардағы сыбағасы.
Иә, сол бастау жырдың ж ал ғасы бар,
(Басы жоқ, басы отқа жанған шығар).
Оқиын дастанымды үстазыма,
Тағы да
маған сәтті жолдар, сынар...
Қоңыр үй!
Үй едің ғой бақ қүсаған,
Тұғырдай ақындарға ақ босағаң.
Ж ы рш ы лар жиылды ма?
Д әл төрінде,
Отыр ма, ақыл айтып ақ бас ағам?
Өлеңдей гүлге толық сонда маңың,
Гүліңді иіскеген сол баламын.
Қектем ғой,
Әлде қарың еріді ме?
Ж а ғ а м а неге тамшы сорғаладың?
Қоңыр үй,
Тебірен де, жаңғыр жылдам!
Қөгімнен ауды сұр бұлт,
Ж аң б ы р қуған.
Шыңынан Алатаудың сұңқар ұшты,
Тыңда сен,
Ж а с жырымды таңғы туған.
340
Өлеңге ашыла ма ая мұндай!
Қазір де тойлы күн ғой баяғыдай.
Ж етекте жігіт жырым.
Аш есікті,
Бөгеліп тұрған шығар аяғым жай...
II
Қазірдей көктем емес,
Онда күз де.
Албырг шақ.
Дүние де кең де бізге.
Ақылын ағалардың
Тағлым тұттық,
Ар-үят ұялаған кеудемізге...
Тап осы кең есіктен кірдім әрең,
Шәкірттей сынақ күткен, дірілдеген.
Ендім де,
Сәлем беріп, қалдым қатып,
Естілмей жүрек үні дүбірлеген.
Бәлкім бүл ж ы рға тұңғыш сапар шығар,
Ақынға сын соңы жоқ,
Сәт алды бар.
Бұл үйге тәжім етіп жүгіретін
Мен түгіл,
Сол кездегі сақалдылар;
Ж а р қ етті
Қең маңдайлы шұғылалы,
Қыран көз!
Бір қараса сыр ұғады.
Өзі де паэзия —
Түсі маңғаз,
Қөріп ем, жиындарда сұңғыланы.
341
Өзгедеи ол өзгеше
Сұңқар адам,
Даңқынан, сымбатынан сыр тараған.
Сөйлесе Сәкен аға —
Ынтық болып,
Мұртының қнмылына жұрт қараған.
Көргенде сөз гулеген жиын жерде,
Сұсты еді
Әлдекімге шұйілгенде.
Ал қазір
Ж о м а р т ж үзі жылы тартты,
Алғашқы көргенім ғой үйін мен де.
Д а стар қан жаю лы тұр киелі,
кең,
Нұсқады орындықты иегімен.
Отырдым үнсіз ғана,
тұлғасына
Телміріп, пейілімді ие мүлдем.
Өлім ғой — ықтырынса ж ақты рмай ғап,
Қалпымды кез қырымен шықты байқап.
Қасында біреу отыр
Күйкі ғана,
Сұңқардың қасындағы сұқсырдай тап.
Бәйтерек ж алғы з тұрса ж а р а с а ма?
Өспей ме қасында тал ал аса да?
Болатын сырластары сондай кіші,
Әзілге, серуенге, тамашаға...
Есімде:
Дем алы с күн.
Ол жайдары,
Сол бір сәт тынған шығар жыр майданы.
Достарыңызбен бөлісу: |