8-775-233-72-57 20 Коббимен достарша жайдары сәлемдескенін жұрт-
тың бәрі де байқады.
– Жұрт оны Вавилондағы ең бай адам дейді.
– Бансир әлі ой тұманында жүргендей сөйледі.
– Байығаны сондай – патшаның өзі қазынасы ор-
тайғанда одан алтын сұратады.
– Қарай гөр, не деген байлық. Оны қараңғы жерде
кезіктірер болсам, дереу әмиянын сипап көруге әре-
кеттенемін бе деп те қорқамын.
– Айтады екенсің, – деді Кобби. – Байлық белге
қыстырған әмиянда жатпайды. Оны үнемі толтырып
тұратын алтын жылға болмаса, алтынға сықа толы
әмиянның бос қалуы да оп-оңай. Аркад қаншама жо-
марттық көрсетсе де, оның әмиянын қабыстырмай-
тын табыс көзі бар.
– Иә, табыс дегенің – дүние ғой. – Бансир келісе
кетті.
– Дуал түбінде отырғанымда немесе шетел асып
кеткенімде, менің әмияныма ақша құйып тұратын
табыс көзі болса ғой. Мұның жолын Аркад білуі ке-
рек. Бәлкім, ол менің топас басым түсінетіндей бір-
деңе айтар.
– Меніңше, ол бұл ілімді ұлы Номасирге сіңірген
болар. Ол Ниневияға барып, мейманханада тұрып,
әкесінің көмегінсіз-ақ, сол қала байларының біріне
айналыпты деген сөз бар.
– Кобби, сен маған жақсы ой тастадың. – Бансирдің
жанарында ұшқын жылт етті. – Ескі достан ақыл-
кеңесті тегін алуға да болады ғой. Ал Аркад – біздің
ортақ досымыз. Енді әмиянымыздың иесіз қалған
ұядай қаңырағаны маңызды емес. Бұл бізді тоқтата