Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет18/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
28
– Бір жылда тапқан табысқа тең болар еді.
– Бұл дұрыс жауаптың бір бөлігі ғана, – деп ол 
тағы қарсылық білдірді, – жинаған әрбір алтын тиын 
сенің құлың болады да, саған жұмыс істей бастайды. 
Ол әкелетін әрбір мыс бақыр сенің құлыңның ұлы 
ретінде саған жұмыс істеуге кіріседі. Егер бір кезде 
байып кетіп жатсаң, жинаған қорың түгел сен үшін 
ақша тауып, сені ғұмыр бойы тілеген молшылыққа 
кенелтеді.
Мені түнгі жұмысым үшін алдады деп есептейсің 
бе? Шын мәнінде, егер де мен айтқан ақиқатты ұға ал-
саң, саған тиісті мөлшерден мың есе көп ақы төледім.
Тапқан ақшаңның бір бөлігі ғана саған тиесілі, 
соны сақтауың керек. Бұл бөлік табыс мөлшеріне 
қарамастан, кемінде оның оннан бір бөлігін құрауы 
керек. Жағдайың оны көтерсе, одан да көп бөлігін 
өзіңе арнауыңа болады. Бірінші кезекте өзіңмен 
есептескенің жөн. Тігіншіге де, етікшіге де өзіңнен 
қалғанымен ғана есептесуге дағдылан. Тамаққа, са-
дақаға да, қайырымдылыққа және Құдайдың риза-
шылығы үшін ақша қалдыруды ұмытпа.
Байлық тарыдай тұқымнан жайқалып өскен алып 
ағаш секілді. Өзің үшін сақтаған алғашқы мыс ба-
қыр кейін өсіп шығатын байлық ағашының тұқымы 
болмақ. Сол тұқымды неғұрлым тезірек ексең, бай-
лық ағашы соғұрлым ерте көгеріп шығады.
Тұрақты жиған-тергенің арқылы оның топырағын 
ынталана тыңайтып, суарған сайын оны көлеңке-
леп, рақаттана демалатын күнді жақындата түсесің.
Осыны айтты да, ол сазтақталарын алып, ұзай 
берді.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет