8-775-909-01-77 19 Ол қаз-қатар тізіліп, өзеннен сүрлеуді бойлап келе
жатқан жартылай жалаңаш, терге малшынған су та-
сушы құлдарды нұсқады. Олар бес-бестен қатар-қа-
тар тізіліп, су толы ауыр местерді мықшия көтеріп,
тар көшеде қаптап келеді.
– Оларды айдап келе жатқанға қарашы. – Кобби
құлдар легін бастаған қоңыраулы адамды көрсетті.
– Бірден көзге ұрып тұр: кісі!
– Құлдар легінде талай кісілер бар, – деді
Бансир. – Олар да біз секілді адамдар. Анау ұзын әрі
ақсарылары – солтүстіктен. Аласалау, қоңырқай
түстілері – көрші елдерден. Бірақ бәрі де өзен мен бақ
арасында күндер... жылдар бойы су тасып, ғұмыр
кешуде. Келешектерінде жақсылықтың нышаны
жоқ. Сабан көрпешеде жатады, тамақ дегенде түскі
аста жейтіндері – су татыған ботқа. Бейшараларды
аяймын.
– Иә, аянышты-ақ. Шындығында, біздің олардан
қай жеріміз артық? Бар болғаны азат адамдармыз.
– Дәл солай, Кобби. Көңілсіз ойлар еңсені езеді.
Жылдарымды құлдық ғұмырмен өткізгім келмейді.
Қашанда жұмыс, жұмыс, жұмыс! Өзгеріс болсайшы
бір.
– Бәлкім, жұртқа алтынның қалайша бұйыраты-
нын білу керек шығар, содан соң бәрін солар сияқты
жасасақ ше? – Кобби осындай пікір айтты.
– Мүмкін, бір құпия бар шығар. Сұрастырып көру
керек екен, – деп қостады ойға шомған Бансир.
– Айтпақшы, мен бүгін ескі досымыз Аркадты көр-
дім. Алтын арбасында келе жатты. Басқалардай те-
ріс қараған жоқ. Керісінше, қолын бұлғап, музыкант