Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет8/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   164
8-775-233-72-57
18
да кешкі асы ешкі сүті мен сұлы ботқа болып қалмақ 
па? Одан басқа ештеңе көрмей ме?
– Бансир, достығымыз жарасқан қаншама жыл-
дарда сен бұндай әңгімені бұрын айтпағансың, – деп 
Кобби кәдімдігей абдырап қалды.
– Мен бұрын бұл туралы ешқашан ойламаппын 
да. Ертеңнен қара кешке дейін осы өлкедегі ең жай-
лы арбаларды жасап, құдайлардың мені бір күні 
байлықпен жарылқайтынына сеніп жүре беріппін. 
Үмітім ақталмады, олай болмайтынын енді түсіндім. 
Жүрегім содан да езіліп тұр. Менің байығым келеді. 
Менде де жер мен малдың болуын қалаймын. Мен де 
үлбіреген жұқа киім киіп, әмиянда тиын сыңғырлап 
жатқанын қалаймын. Бойымда күш, қолымда епті-
лік, басымда ми барда, сол үшін еңбек етемін. Бізге 
не болды сонша, досым, айтшы? Жұрттың алтынға 
алып жатқан нәрселері әділеттілік бойынша бізге 
неге бұйырмайды?
Егер мен де соны білсем ғой, – деді Кобби. 
– Маған жеңіл дейсің бе? Лирамен тапқан ақшам 
сол бойда жұмсалып кетеді. Ылғи да отбасым ашық-
пасын деп, сандалып жүргенім сол. Мен де өзімше, 
аңсаған музыкамның бәрін тартатындай үлкен лира 
аспабым болғанын қалаймын. Ондай аспапта ойнаға-
нымда патшаның өзі елтіп тыңдар еді.
– Иә, жақсы болар еді. Вавилонда бірде-бір кісі 
лирадан сен секілді әсем саз шығара алмайды ғой. 
Бұл орайда, патша түгілі, тіпті құдайлардың өзде-
рі қуанышқа бөленер. Бірақ оған жетер күн қайда, 
екеуміз де патша құлдарына парапар тақыр кедей-
міз. Қоңырауды естідің бе? Әне, олар келе жатыр.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет