8-775-233-72-57 120 – Бізде әтектер жеткілікті, ал түйе айдаушылар
аз, барының өзі түкке жарамайды. Бүгін ауру шеше-
ме барып, халін білуім керек еді, ал түйені сеніп тап-
сыратын бірде-бір құл жоқ. Мына құлдан сұрашы,
түйе бағуға қалай екен.
– Түйе жөнінде не білесің? – деп сұрады қожайын.
– Оны шөгере аламын, қомдаймын, ұзақ жолды
шаршамай жүріп өтуіне қажетті жағдай жасаудан
хабардармын. Егер қажеттілік туса, түйені емдей
аламын.
– Мына құлдың әңгімесі түзу екен, – деп бағалады
қожайын. – Сира, қаласаң, осыны айдаушы етіп ал.
Осылайша Сираның қарауына өтіп, сол күні шал-
ғайдағы сырқат шешесіне оның түйесін айдап бар-
дым. Сәті түскен жағдайды пайдаланып, оған тағды-
рыма араша түскені үшін ризашылығымды білдірдім
және өзімнің тумысымнан құл емес, Вавилондағы
беделді шебердің, ерікті адамның ұлы екенімді айт-
тым. Басымнан кешкен жайтты да баяндап едім,
алайда оның жауабы етімнен өтіп, сүйегіме жетті.
– Егер осалдығың осындай жағдайға дейін құлды-
ратса, сен қалай өзіңді ерікті адамның ұлымын деп
санай аласың? Егер адамда құлдың жаны болса, ол
қайда және кімнен туылғанына қарамай, ойпаң жер-
ді қуалай ағатын су секілді түбінде құлдыққа түседі.
Егер сенде ерікті адамның жаны болса, өз қалаңда
жүріп-ақ, тағдырдың тәлкегіне қарамастан, құрмет
пен абыройға бөленер едің.
Бір жылдан астам уақыт құл болдым, құлдармен
бірге тұрдым, бірақ олардың біріне айнала алмадым.
Бір күні Сира маған сұрақ қойды: