8-775-233-72-57 118 он сан пәле-жаланы айдап әкелетінін жас әрі өмірден
түйгенім аз болғандықтан, әрине, білмедім. Содан да
орынсыз тілектеріме бой алдырып, қымбат киімдер
алдым, әйеліме зергерлік бұйымдар әпердім.
Әупірімдеп жүріп, қарыздарымнан әрең құтыла-
тынмын. Біраз уақыт жаңбыр-жаңбырдың арасы-
мен жүре алдым. Соңырақ өз табысымның тіршілік
етумен бірге қарыздарымды жабуға жетпейтінін тү-
сіндім. Несие берушілер ізіме түсіп, қымбатқа алған
нәрселерімнің ақысын төлеуді талап ете бастады.
Өмір сүру қиынға айналды. Достарымнан қарыз сұ-
рауға көштім. Бірақ оны төлеудің реті келмей қой-
ды. Жағдайым барған сайын ауырлай түсті. Әйелім
төркініне кетті де, өзім Вавилоннан гөрі, жас адам-
ның өмір сүруіне қолайлы басқа қалаға қоныс ауда-
руды жөн көрдім.
Екі жыл бойы кірешінің ауыр халін бастан кеш-
тім. Сөйтіп жүріп, елсізде қару-күзетсіз керуендерді
тонайтын қарақшыларға қосылдым. Бұндай іс-әре-
кеттің абыройлы әкенің ұлына лайық еместігі белгі-
лі, бірақ ол кезде дүниені түрлі түсті асыл тастардың
жарқылымен бағаладым, өзімнің қаншалықты құл-
дырағанымды ұқпадым.
Біздің алғашқы керуен тонауымыз сәтті болды.
Алтын, жібек, тағы басқа да қымбат тауарларды
қолға түсірдік. Гинир қаласына мол олжамен барып,
қолда барды оңды-солды шаштық.
Келесі тонау әрекеті сәтті шықпады. Керуенге
лап қойғанымыз сол еді, күшті қарсылыққа тап бол-
дық. Әлгі керуенді қорғауға келісім берген жергі-
лікті тайпа өкілдері бет қаратпай, быт-шытымызды