8-775-909-01-77 133 Үй иесі Алкахад менің жоспарыммен келіспейтінін
айтып, тез арада қарызымды толығымен өтемесем,
маған көп машақат көрсететінін білдіріп, қоқан-ло-
қы жасады.
Қалғандары менің ұсынысыммен талассыз келіс-
ті. Сондықтан да мен бұрынғы қай кездегіден де қа-
рыздарымды қайтаруға мүдделімін, себебі бір жай-
ды анық түсіндім: қашып-пысып жүргеннен гөрі,
қарыздарды төлеген тиімді әрі оңай. Тіпті қарыз
берушілерімнің барлық талабы мен қажетін орын-
дамағанның өзінде, оларға мен әділ түрде қарыздың
бөлігін төлеп отырамын.
№4-сазтақта Түнгі аспанда толған ай толықсып тұр. Мен ба-
рымды салып еңбек еттім. Әйелім қарызымнан құ-
тылу жөніндегі жоспарымды барынша қолдады.
Ортақ шешіміміздің арқасында, Небатур үшін дені
сау, мықты түйелер сатып әкеліп, соңғы айда он то-
ғыз күміс тиын таптым.
Мен оларды жоспар бойынша бөлдім. Оннан бір
бөлігін өзіме қалдырдым, оннан жеті бөлігін әйелім
екеуміз ақылдаса келе, күнделікті керек-жараққа
жұмсайтын болдық. Оннан екі бөлікті мыс тиынның
жеткенінше қарыз берушілеріме әділ бөліп бердім.
Акмарды кездестіре алмадым, бірақ ақшаны
әйеліне қалдырып кеттім. Биреджик шаруаның
риза болғаны сондай – қолымды сүйгісі келді. Тек
қана қарт Алкахад томсырайған күйі қалған қа-
рызды тезірек қайтаруымды нықтады. Оған мен
аш болмасам және шығынды талап етер басқа жай