Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет130/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
142
өзін Арад Гуланың алдында өтелместей қарыздар се-
зінеді. Демек, серіктесінің немересіне қамқор болуға 
тиіс, бірақ бұл туралы ойлаған сайын, ол міндет күр-
делі бола түседі. Мәселе жігіттің өзінде.
Жас жігіттің жүзігі мен сырғасына қарап, ол іші-
нен былай ойлады: «Бойында әшекейге құмарлық 
бар, алайда келбетінен атасы сияқты қайсар екені 
байқалады. Тек атасы мынадай қызыл-жасыл киім-
ге әуес емес еді. Әкесіне тартты ма? Ол өзіне мұра-
ға қалған байлықты шашып-төгуді ғана біледі. Енді 
мына жігітті сол қолдан жасалған кедейшілік тыр-
нағынан құтқару керек. Сол үшін оны осы сапарға 
өзі шақырды ғой».
Хадан Гула үнсіздікті бұзып, сөз бастады:
– Сен неге ылғи өзіңді азапқа салып, шөлейтпен 
керуен тартасың? Неліктен өмірдің рақатын көруге 
құлқың жоқ?
– Өмірдің рақаты дейсің бе? – Шарру Нада күлім-
сіреп, қайыра сұрады. – Егер менің орнымда болсаң
өмірден қалай рақат алар едің?
– Сендей бай болсам, ханзада сияқты ғұмыр сүр-
генді құп көремін. Ыстығы ми қайнатар шөлге сірә 
жоламаспын. Шекел біткен әмияныма қалай тез кел-
се, оларды солай тез жұмсар едім. Ең қымбат киім-
дер киіп, ең сирек әшекейлер тағынғанды ұнатамын. 
Өмірдің қызығы осында емес пе?
Екеуі қатар күлді.
– Сенің атаң әшекей тағынған жан емес, – деп 
Шарру Нада турасын айтты да, аяғын әзілге бұрды.  
– Ал сен жұмысқа уақытты қайдан іздемексің?
– Жұмысты құл істейді ғой, – деді Хадан Гула.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет