Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет132/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
144
Қырық жыл бұрын осы адамдарды көріп еді. Сол 
кезде олардың орнын басуға құлшынғаны есінде. 
Қалайша бәрі өзгеріп кеткен. Ол Дамаскінің қымбат 
тауарлары артылған өз керуеніне мақтанышпен көз 
салды. Таңдаулы түйелер мен есектер тізілген бұл 
керуен байлығының аз ғана бөлшегі ғой.
Ол шаруаларды көрсетіп, былай деді:
– Дәл қырық жыл бұрынғыдай, дәл сол жерді әлі 
жыртып жүр екен-ау?!
– Неге оларды қырық жыл бұрынғылар деп 
ойлайсың?
– Мен оларды осы жерден көргенмін.
Сол кездегі көріністер елестеп өтті. Бұл неге өткен-
ді ұмытып, осы шақпен ғұмыр кеше алмайды? Көз 
алдына тағы да Арад Гуланың жымиған түрі келді. 
Іле-шала ойы өзіне ілесіп келе жатқан жігітке ойыс-
ты. Мына бір жеңіл байлыққа ұмтылған, саусақтары 
әшекейлерге толы, өркөкірек, ысырапшыл жас жі-
гітке қалай көмектессе болады? Еңбек етуге дайын 
адамға кез келген жұмыс тауып берер еді, ал мына-
дай ақсаусаққа қалай көмектесу керек? Арад Гула 
үшін бірдеңе жасауға міндетті. Ол екеуі кез келген 
істі соңына жеткізуге дағдыланған еді-ау.
Кенет санасында тұйықтан шығар жол бұлдыра-
ды. Әлі анық емес. Бір анығы – отбасы мен өз жағда-
йына кері әсер етуі мүмкін. Жалпы, күрделі қадам 
жасауға тиіс. Шарру Нада әрдайым шешімді тез қа-
былдайтын, бұл жолы да ырғалып-жырғалмады.
– Атаң екеуміздің табысты істі қалай бастағаны-
мыз туралы білгің келе ме?


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет