8-775-909-01-77 161 Күнәсіз болсам да, неліктен күнәһардың жазасын
тартып, тағдыр тәлкегіне түсемін? Алдымда тағы да
қандай бақытсыздық пен тауқымет күтіп тұр екен?
Бұрынғы қожайынның үйіне жеткенде, мені кү-
тіп тұрған Арад Гуланы көргендегі таңданысымды
айтып жеткізе алмаспын. Ол менің түйеден түсуіме
көмектесіп, жоғалған бауырын тапқандай құшақ
жая ұмтылды.
Біз жолға шықтық. Мен құлға тән әдеппен одан
қалыңқырап жүруге икемделіп едім, оған ыңғай
танытпады. Ол мені құшақтап былай деді: «Сені із-
деп, шарқ ұрдым. Үмітім үзіле бастағанда Свастиді
кезіктірдім, ол өсімқор туралы айтты да, мен соған
бардым, ол жаңа қожайыныңа сілтеді. Онымен ұзақ
саудаластым, ақыры ол сен үшін қымбат ақы төлет-
тірді, бірақ сен оған тұрасың. Өйткені сенің пәлса-
паң маған сәттілік әкелді».
«Бұл пәлсапа иесі Мегиддо» – деп сөзін бөлдім.
«Екеуіңе ортақ. Екеуіңе де рақмет. Қазір біз
Дамаскіге барамыз, маған серіктес болғаныңды қа-
лаймын. Сен қазірден бастап еріктісің».
Осылай деді де, ол қойнынан сазтақтаны шығар-
ды, онда өзінің мені сатып алғаны туралы жазылған
екен. Ол тақтаны төбесінен асыра көтерді де, құлаш-
тап лақтырды, тасқа соғылған тақтаның быт-шыты
шықты, ол сонда да қоймай, аяғымен таптап, ұнтақ-
тап жүр.
Менің көзіме алғыстың жасы үйірілді. Осы сәтте
Вавилондағы ең бақытты адам екенімді ұқтым. Ең
бір ауыр кезде де еңбек менің ең жақын досым бо-
лып қалды. Жұмысқа деген құлшынысым бекініс