8-775-909-01-77 163 көзімді аштың. Енді оны білемін және бұрынғыдан
да жақсы көремін. Менің оған қатты ұқсағым келе-
ді. Сәттілікке жеткізетін нағыз кілтті бергенің үшін
саған оның ақысын ешқашан өтей алмаспын. Мен
енді оны ылғи да пайдаға асыратын боламын. Менің
істі бастауым, бәлкім, атамның алғашқы қадамын-
дай елеусіз болар, бірақ асыл тас пен сәнді киімді
емес, ылғи да сенен алған жаңа ілімді мақтан етіп
жүремін.
Осыны айтып, Хадан Гула құлағындағы сырғасы
мен саусағындағы жүзігін шешіп алды. Содан соң
атын тебініп қалды да, керуен басының соңынан
шаба жөнелді.