8-775-233-72-57 166 жел қыдырған шөл далаға айналды. Сирек өсімдік-
тер мен шөл бұталары құм көшкінімен жағаласып
күн кешеді. Жайқалған алқаптар да, үлкен қалалар
да, бай-көпестердің ұзын керуендері де жоқ болып
кеткен. Біздің дәуіріміздің бастауынан осы күндерге
дейін бұл жерді аз санды көшпелі араб малшылары
мекен етеді.
Бүкіл алапта көзге түсері төбешіктер ғана.
Ғасырлары бойы саяхатшылар бұл үйінділерден
ерекше ештеңені байқамай келді. Тек сирек жаңбыр
сулары әсерінен құмнан аршылған керамика және
кірпіш сынықтары археологтардың назарын аудар-
ды. Еуропалық және америкалық мұражайлар қар-
жыландыратын экспедициялар мұнда қазба жұмыс-
тарын жүргізіп, көп ұзамай бұл төбелердің астында
ежелгі қалалар жасырынып жатқанын анықтады.
Төбе-төбешіктер қалалардың қабіріне айналған бо-
лып шықты.
Вавилон солардың бірі. Жиырма ғасырдай уақыт
бойы суырынды құм оны жасырып келіпті. Оның
саз кірпіштен қаланған қабырғалары құлап, езіліп,
қайтадан топыраққа айналыпты. Бір кездегі ең бай
Вавилон қаласы бүгінде құм, топырақ үйінділері
ғана. Бірнеше ғасырлардан кейін ол мүлде ұмытыл-
ған, бірақ қазба жұмыстарының нәтижесінде оның
көшелері құм, топырақ шөгінділерінен тазартылып,
бір кездегі ұлы храмдар мен сарайлардың өзі болма-
са да, нобайы қайта оралды.
Көптеген оқымыстылар бұл алаптағы Вавилон мен
басқа қалалардың өркениетін адамзат тарихындағы
ең ежелгі құндылықтарға жатқызады. Ол жөніндегі