Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет17/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
27
– Жастардың ойы, – деді ол, – аспанды тіліп аққан 
құйрықты жұлдыз жарығы секілді, ал қарияның да-
налығы – мәңгі өшпейтін жұлдыздардың жарығын-
дай, олай өзгермейді, теңізде жүзгендер соларға қа-
рап бағдарын түзейді.
Сөздерімді жақсылап есіңде сақта, әйтпесе түнгі 
жұмысың бекерге кеткендей өкінетін боласың.
Ол маған өсіңкі қастарының астынан жанарын 
тіктеп қарады да, төмен, бірақ ашық дауыспен бы-
лай деді:
– Тапқан ақшамның бір бөлігі өзіме тиесілі болға-
нын білгенде ғана байлыққа барар жолға түстім. Ол 
сенің де қолыңнан келеді. – Ол ішімдегіні көре ала-
тындай тесіле қарап, үнсіз қалды.
– Бар болғаны осы ма? – дедім.
– Бақташының жүрегін өсімқордың жүрегіне 
айналдыруға осы да жеткілікті болды. – Ол осылай 
жауап берді.
– Тапқан ақшамның бәрі онсыз да менікі ғой.
– Тіпті де олай емес. – Альгамиш келіспеді. – 
Тігіншіге төлемейсің бе? Ал етікшіге ше? Ішкен 
асыңның ақысын кім төлейді? Вавилонда шығынсыз 
тіршілік ете алмайсың. Соңғы айда тапқан ақшаның 
қаншасын осылайша шығындадың? Ал жыл бойы-
на? Ақымақ! Сен өзіңнен басқаның бәріне төлейсің, 
бар тапқаның басқаларға кетеді. Ендеше, құлқын-
ның құлы болып, тамақ пен киімге ғана жетер ақ-
шамен шектеліп, солай жалғастыра бер. Егер де сен 
тапқан ақшаңның оннан бір бөлігін өзіңе қалдырып 
отырсаң, он жыл ішінде қанша жинар едің?
Есептен алған білімім жерге қаратқан жоқ, жыл-
дам жауап бердім:


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет