8-775-909-01-77 35 табыстың оннан бір бөлігін сақтау жеңіл болса, соған
қанағаттанған мақұл. Табысқа сай өмір сүріп, ақша
жұмсаудан қорықпаңдар. Қызыққа толы өмір жанға
да жайлы.
Достары алғыс айтып, жөндеріне кетті. Кей-
біреулері үн қатпады, өйткені бәрін бірдей түсіне
қоймаса керек. Бірқатары сонша бай адамның жұрт
алдында бар сырын жайып салғанын қабылдай ал-
май, күдікке берілді. Дегенмен кейбірінің көздерін-
де от ұшқындады. Альгамиштің әр жолғы келісі өзі-
нен ақыл сұраған жанның қараңғы түнектен жарық
сәулеге қарай қалай сүрлеу салғанын бақылағаны
екен. Егер бұл адам түнектен жарыққа шыға алса,
онда оның іске дайын болғаны-да.
Аркадқа әсіресе осы соңғы топ жиі келгіштеді, ол
әр жолы достарын құшақ жая қарсы алды. Олармен
ашық әңгімелесіп, тәжірибеге бай адамдардың әде-
тімен өз білгенін бүкпесіз жайып салды. Сөйтіп, ке-
лушілерге ақша жинаудың, оны босқа жұмсамай,
табысты тұрақты түрде еселеудің жолдарын ерінбей
үйретті.
Бұл адамдардың өміріндегі дұрыс бағытқа қадам
жасаулары әуелі Альгамиш – Аркадқа, ал Аркад, өз
кезегінде, өздеріне берген даналықты бойларына сі-
ңіру сәтінен басталған еді.
яяяяяя
СЕНДЕР ТАПҚАН БАРЛЫҚ ҚАРЖЫНЫҢ
БЕЛГІЛІ БІР БӨЛІГІ ӨЗДЕРІҢЕ ТИЕСІЛІ
яяяяяя