8-775-233-72-57 30 тура келеді. Тағы біреуін отырғызып көр. Келесіде
саған асыл тас жөніндегі кеңес керек болса, зергер-
ге бар. Егер қой жөнінде білгің келсе, қойшыға бар.
Ақыл-кеңес бергені үшін ешкім ақы сұрамас, сенің
дұрыс жөн сілтей алатындарға баруың керек. Бұған
қоса, біліксіз жандардың айтқанына құлақ асқан-
дардың бар қаржысы босқа шашылады. – Ол осыны
айтып, жөніне кетті.
Оның айтқаны айдай келді. Финикийліктер
алаяқ болып шықты. Олар Азмурға асыл тасқа ұқсас
жылтыраған шыны сынықтарын сатыпты. Сөйтіп,
Альгамиштің кеңесіне сәйкес табысымның әрбір он-
нан бір бөлігін қайтадан жинауға кірістім. Осы іске
машықтанып алғаннан кейін қор жинау оңайға түсті.
Тура он екі ай өткенде Альгамиш жазғыштар бөл-
месіне кіріп келді де маған қарап:
– Қане, баянда, соңғы рет көріскеннен бергі уа-
қытта не бітірдің? – деді.
– Ақшамды ұқыпты жинадым. Бар жиғанымды
қалқан жасаушы Аггар шеберге қола сатып алуға
қостым. Ол маған әр төрт ай сайын үлесімді төлеп тұ-
рады. Келісім солай.
– Бұл жақсы. Алған үлесіңді қайда жараттың?
– Достарыма мол дастарқан жайдым. Өзіме мауы-
ты шапан алдым. Келесі жолы күшті есек сатып
алып, мініп жүрмекшімін.
Альгамиш мырс етіп күліп жіберді.
– Сен өз жиғаныңның балаларын қырып салған
екенсің. Енді олар саған қалай жұмыс істейді? Саған
қызмет етуге тиіс олардың балалары қайдан тумақ?
Ең әуелі, өзіңе қызмет ететін алтын құлдардан әскер