8-775-233-72-57 36 х
Бос әмиянды
толтырудың жеті
жолы
В
авилонның даңқы мәңгілік. Талай ғасырлар-
дың тереңінен бізге оның ең бай қала екені,
яғни өлшеусіз қазынасы туралы дерек жетіп отыр.
Бірақ ылғи да бұлай болмаған. Вавилонның байлы-
ғы – тұрғындарының қаржылық сауаттылығының
нәтижесі. Әуелі, олардың алдында байлыққа жету
жолын біліп, меңгеру міндеті тұрды.
Саргон атты ұлы патша Эламмен арадағы соғыс-
тан Вавилонға оралғанда ауыр жағдаймен бетпе-бет
келді. Бас уәзір оған мынаны баяндады:
– Көп жылдар бойы, ұлы патша су арналары мен
құдайларға құлшылық ететін зәулім шіркеулер тұр-
ғызған кезде ел гүлдене дамыды. Аталған құрылыс
нысандары пайдалануға берілгенде халықтың әл-
ауқаты күрт төмендеді. Жұмыссыздардың саны кө-
бейді. Сауда саласы тығырыққа тірелді. Диқандар