8-775-233-72-57 42 – Өйткені менің күн сайын алғандарымнан сал-
ғандарым бір жұмыртқаға артық қой.
Аркад жиналғандарға күлімсірей қарады:
– Қане, мұнда кімнің әмияны бос?
Отырғандар бір-біріне аңтарыла қарап, оның соңы
күлкіге ұласты, содан соң бәрі әмияндарын алып,
жоғары көтеріп, бос екенін көрсетті.
– Жақсы,– деп Аркад сөзін жалғады. – Ал енді
сендерге бос әмиянды толтыруға жол ашатын бірін-
ші жол туралы айтып берейін. Жұмыртқа сатушыға
берген кеңесімді бұлжытпай орындаңдар. Әмиянға
түсетін әрбір он теңгенің өз қажеттеріңе тек тоғызын
ғана жұмсаңдар. Көп өтпей әмиянның бүйірі бұлтия
бастайды, ал оның салмағы артып, толыса түскені
көңілдеріңді көтереді.
Бұл тым қарапайым деп есептейсіңдер ме? Ақиқат
қашанда қарапайым. Сендерге қалай байығанымды
айтуға уәде еттім. Өзімнің алғашқы қадамым осы-
лай басталған болатын. Қос бүйірі қабысқан әмиян
ұстадым, ал оның іші бос болғандықтан жерге ұрғым
келді. Өйткені онда қажетімді өтейтін ештеңе бол-
майтын. Бірақ жұмсалуға тиіс он ақшаның орнына
тоғызын ғана жұмсауға кіріскенімде, ол толыса бас-
тады. Осыны сендердің әмияндарың бастан өткізеді
әлі!
Енді себебі өзіме де беймәлім бір ерекше нәрсені
баяндайын. Тапқан қаржының оннан тоғызын ғана
қажетіме жұмсай бастағанымда, соның өзі де маған
жеткілікті болып шықты. Бұдан бұрынғыдан бе-
тер кедейленіп қалмадым. Бұған қоса, маған ақша
бұрынғыдан гөрі көбірек келетін болды. Шамасы,