8-775-233-72-57 40 әдіс-тәсілді қолданып бақтым. Ақыры оның тиімді
деген жетеуіне тоқтадым.
Бүгін осында жиналғандарға бос әмиянды тол-
тыруға апаратын жеті жолды ұсынамын. Кімде-кім
алтынды көп иеленгісі келсе, мұқият тыңдасын. Бір
апта бойы, яғни күн сайын сендерді аталған жеті
жолдың біреуімен таныстырып отырамын.
Айтқандарымды қалт жібермей тыңдаңдар.
Айтылған мәселені бірге талдаймыз, сабақтан соң
өзара пікір алмасыңдар. Қысқасы, әмияндарыңа
байлық тұқымын себетін бұл сабақтарды жақсылап
игеріңдер. Алдымен өз жағдайларыңды жақсартып
алыңдар, содан кейін өздерің игеріп болған соң ғана
бұл ілімді өзгелерге бере аласыңдар.
Сендерге әмиянды толтырудың қарапайым тә-
сілдерін үйретемін. Бұл алғашқы саты болмақ.
Байлықтың бастапқы сатысын баспай тұрып, бірде-
бір адам оның биік шыңына шыға алмайды
Ал енді алғашқы жол туралы әңгіме-дүкен
құрайық.
БІРІНШІ ЖОЛ э
Әмиянды толтыруды бастаңдар Аркад екінші қатарда ойға шомған кісіге қарап:
– Айтшы маған, достым, кәсібің не? – деді.
– Сазтақталарға жазба түсірумен шұғылданамын.
– Мен де дәл осы кәсіппен алғашқы мыс