8-775-909-01-77 39 тұрғындарының игілігіне айналғанша жалғаса бер-
се деймін.
– Сізге қызмет етуге дайынмын. Бауырларымның
игілігі және ұлы мәртебелімнің даңқы арта беруі
үшін бар білгенімді аянып қалмаймын. Сіздің ке-
ңесшіңіз жүз адам сыярлық орын әзірлесе, тыңдау-
шыларға өз әмиянымды толтыруға мүмкіндік ашқан
тәжірибемнен жеті дәріс оқимын да, Вавилондағы
әмиян біткеннің толы болуына өз үлесімді қосамын.
Бір апта өткенде патшаның жарлығымен іріктел-
ген жүз адам барын үстеріне киіп, Білім сарайының
үлкен бөлмесіне жиналып, дөңгелене жайғасты.
Аркад – ортада, бөлме ауасы тазартылыпты, жанға
жайлы хош иіс ауада қалқып жүр.
– Қарашы, Вавилонның мына ең бай адамына, ол
да біздің бәріміз сияқты ғой, – деп жиналғандардың
бірі екіншісінің бүйірінен түртіп, сыбырлай үн қатты.
– Сендердің алдарыңа ұлы патшамыздың жарлы-
ғы бойынша келіп тұрмын, – деп Аркад сөзін баста-
ды. – Бір кезде өзім де көп алтынды аңсаған тақыр
кедей жігіт едім, сол арманға апарар ілімді игеріп,
дегеніме жеттім. Патша ендігі жерде сол ілімді сен-
дерге жеткізуді сұрады.
Өмірімді жоқшылықпен бастадым, сендерден де,
Вавилонның басқа кез келген тұрғындарынан да еш-
қандай артықшылығым болған емес.
Алғашқы байлығымның қоймасы тозығы жеткен
әмияным еді. Оның қос бүйірі қабысқан түріне қарап
жыным келетін. Оның ішін алтын теңгелерге тол-
тыру жөнінде бір шешімге келдім. Бұл үшін түрлі