8-775-233-72-57 44 өз сөзін осылай бастады. – Кеше кімнің әмияны бос
қалып еді?
– Бәріміздің де, – деп шәкірттер шу етті.
Сендерде табыс көзі бірдей емес қой. Біреулер
көп, енді біреулер аз табады. Біреулердің отбасы мү-
шелері екіншілерімен салыстырғанда көбірек. Соған
қарамастан әмияндарың түгел босап қалған. Енді
сендерге айрықша ақиқатты ашайын. Ол мынау:
сендердің бәрің айтатын «күнделікті қажеттілік».
Егер оған өздерің қарсы тұра алмасаңдар, табыста-
рың өскен сайын ол да арта береді.
Күнделікті қажеттілік пен көңілдің тойымсыз
қалауын шатастырмаңдар. Сендерде көңіл қалауы
деген тапқан табыстарыңа сай емес. Сондықтан қол-
дағы ақшаның бәрі көңіл қалауына жұмсалады.
Алайда оған толық қанағаттанатын көңіл қайда?
Адамның бәрінде әдетте мүмкіндіктен гөрі, көңіл
қалауы алға озып тұрады. Мен баймын, демек, қа-
лағанымның бәріне қолым жетеді деп ойлайсыңдар
ма? Олай емес. Бәріне уақытым да жоқ. Күшім де
жетпейді. Жүріп өтер жолым да шектеулі. Тәбетім
тартқан тағамның бәрін де жей алмаймын. Жаным
қалаған өмір қызықшылықтарының бәрінен бірдей
ләззат ала алмаймын.
Мынаны ескеріңдер: шаруаның алқабында оның
кетпені тимеген тұстарда арамшөп қаулайтыны
сияқты, адамның мүмкіндігі мол болған сайын,
оның көңіл қалауы азаю орнына көбейе береді.
Құмарлықта шек жоқ, сендер оның тек аз ғана бөлі-
гін орындай аласыңдар.
Жаман әдеттерден аулақ жүріңдер. Өздеріңнің
өмірлеріңе қажетті әдетке бас қатырыңдар. Өмірдегі