Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет69/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
79
Ол үшін саған екі нәрсе беремін, байлығымның 
іргетасын қалай бастаған жас шағымда ол нәрселер 
өзімде болмаған еді.
Біріншіден, бір қап алтын беремін. Егер сен оны 
ақылмен жұмсай алсаң, ол сенің болашақ байлығың-
ның негізін қалайды.
Екіншіден, алтынның бес заңы жазылған сазтақ-
таны беремін. Егер сен оларды қолдана алсаң, олар 
саған білім мен сенім береді.
Бүгіннен былайғы уақытта, он жылдан кейін сен 
әкеңнің үйіне оралып, есеп бересің. Талабыма лайық 
адам болсаң, сені бар байлығымның мұрагері етемін. 
Керісінше болған жағдайда, бар жиған-тергенімді 
құдай жолындағы абыздарға мұра етіп, құдайлар 
мені шақырғанда, олардың мен үшін құлшылық 
етуін тілеуіме тура келеді.
Сөйтіп, Номасир ешкімнің көмегінсіз өмірде өз 
жолын табу үшін бір қап алтын мен жібек матаға 
оралған сазтақтаны алып, құлдары және жылқыла-
рымен сапарға аттанып кетеді.
Он жыл өткеннен кейін, алдын ала келіскеніндей, 
Номасир үйіне оралды. Әкесі оның құрметіне көп 
достары мен туыстарын шақырып, ұлан-асыр той 
жасады. Той біткен соң әкесі мен шешесі үлкен бөл-
менің төріне қойылған тақ тәріздес орындықтарға 
жайғасты да, Номасир олардың алдында тұрып, әке-
сіне берген уәде бойынша есеп беруге кірісті.
Кеш батты. Бөлмеге майшамның түтіні жайыл-
ған. Ақ хламида киген құлдар пальманың ұзын 
жапырақтарынан жасалған желпуіштерімен бір қа-
лыпта салқын ауа айдап тұр. Нағыз салтанатты шақ 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет