8-775-233-72-57 126 біледі, біледі де шетінен шешуге кіріседі, ал рухсыз
құлдың сынуы оңай, ол «Құлмын ғой, қолымнан не
келеді?» деуден ары аса алмайды.
Таркад, сен қалай ойлайсың? Аш қарынға ойлану
оңай ма? Өзіңді-өзің құрметтеуге жеткізер жол ізде-
гің келмей ме? Дүниенің нағыз шынайы түсін көре
аласың ба? Қарыздарыңды адалдықпен төлеп, бұ-
рынғыдай Вавилондағы абыройлы адамға айналуға
құлқың бар ма?
Жігіттің жанарына жас үйірілді.
– Сен көз алдыма жаңа өмір үлгісін әкелдің. Өзімде
ерікті жанға лайық рух барын сезіне бастадым.
– Сонымен, Дабасир, Вавилонға келгеннен кейін
не істедің? – деп сұрады тыңдаушылардың бірі.
– Мақсат болса, оған жетер жол да табылады, – деп
жауап берді ол. – Біріншіден, қарыз бергендердің
әрбірімен жолығып, сабырлылық танытып, қары-
зымды қайтаруға мүмкіндік берер уақыт сұрадым.
Көпшілігі жайдары қарсы алды. Әрине, балағатта-
ғандары да болды, бірақ көбі маған қол ұшын беруге
әзір еді. Олардың бірі өзім зәру болған басты нәрсеге
көмектесті. Ол өсімқор Матон еді. Сирияда түйе ай-
дағанымды естіген ол қарт саудагер Небатурға ат-
тандырды. Сол кезде шыққан патшаның жарлығы-
на сәйкес әскери жорыққа қажет мықты да, дені сау
түйелер әкелу үшін оған арнайы тапсырма берілген
екен. Түйе жөнінде білетіндерім дер кезінде кәде-
ге асты. Көп ұзамай соңғы мыс тиын бақырға дейін
қалдырмастан қарызымды толық өтедім. Осыдан соң
ғана еңсемді көтеріп, беделді адамдар санатына абы-
роймен қайта қосылдым.