Иммунологияның арғы атасы Эдвард Дженнер ағылшын дәрігері .
Иммунитеттің жіктелуі:
Шығу тегі бойынша: туа пайда болған және иемденген (табиғи,жасанды).
Әсер ету бағыты бойынша: микробқа қарсы , токсинге қарсы ,вирусқа қарсы, трансплантантқа қарсы, ісікке қарсы т.б.
Арнамалылығына қарай: арнамалы және бейарнамалы
Иммунитеттің түрлері
Иммунитеттің түрлері: арнамалы (клеткалық, гуморалдық) және бейарнамалы.
Клеткалық иммунитет: қабыну, фагоцитоз процесі жатады.
Гуморалды иммунитет: Ағза сұйық орталарындағы белсенді заттар: комплемент, қалыпты антиденелер т.б
Арнамалы қорғаныштық факторларға: сүйектің қызыл миы, айыршық без, талақ т.б органдар және оларда жасалып шығатын иммунокомпетентті клеткалар: Т- және В- лимфоциттік жүйе жатады.
Бейарнамалы факторлар кез-келген, сау адамда, үнемі, тұрақты кездеседі. Оларды: механикалық, химиялық, физикалық деп бөледі.