Шартты- патогенділер (син.: потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – бұл макроорганизмге белгілі бір жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендегенде және макроорганизмнің ішкі ортасына көп мөлшерде түскенде ауру туғызушылық әсер көрсететін микробтар.
Олар патогенді микробтар мен сапрофиттердің аралық жағдайында орын алады. Шартты-патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады