Инфекциялық процесс- эволюция барысында қалыптасқан микро- және макроорганизм арасындағы өзара қатынастың өзгермелі түрлерінің бірі.
Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге болады.
Бірінші саты – микробтардың макроорганизмге енуі. Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында бейімделуі, яғни жұғуы, макроорганизм жасушасына жабысуы (адгезиялануы) инфекциялық процестің басталу сәті болып табылады.