Иммунитет (латын сөзінен – «immunitas» бір нәрседен босану, айырылу деген мағнаны білдіреді. Иммунитет- жұқпалы ауруларға төзімділік, тұрақтылық, адам ағзасына түскен, генетикалық тұрғыдан бөгде болып саналатын заттарды (белок, микроб клеткалары, у, хим. қосындылар т.б) жоюға, шығаруға бағытталған қорғаныштық әрекеттер жиынтығы.
Иммунитетті зерттейтін ғылым саласы иммунология деп аталады.
Иммунология ғылымы адамзаттың жұқпалы аурулармен күресуі барысында пайда болып дамыған. Нәтижесінде теңдесі жоқ жетістіктерге: жұқпалы аурулардың алдын алу мүмкіншілігі- вакцина алынды, адам қан топтары, резус сәйкестігін айыру арқылы қан құю, транспланттар (органдар мен мүшелерді) ауыстырып салуға қол жеткізілді.