Верстка аб indd



Pdf көрінісі
бет11/67
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#12696
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Қыпшақтану.  Ғалым  қазіргі  таңда  «Қыпшақтану»  про-
блемасымен  айналысып,  кешенді  зерттеу  жүргізуде.  Қазақ 
тілінің,  қазақ  ұлтының  бастауларын  көне  түркі  заманынан 
бастау  алып,  орта  ғасырларда  дәуірлеген  қыпшақтар  қа-
уымдастығынан  іздейміз.  Қыпшақтар  қауымдастығы,  олар-
дың тарихы мен мәдениеті туралы соңғы кездерде жазылған 
тарихи,  лингвистикалық  еңбектер  қыпшақтану  саласының 
түркітанудан бөлініп шыға бастағанын көрсетеді. Қыпшақта-
ну  түркітанудың  құрамдас  бөлігі  болғанымен,  өзіндік 
бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі бар сала. Қыпшақтану – дала-
лық көшпелі өркениеттің қыпшақтық тарихын, ділін, этногра-
фиясын, мәдениетін т.б. қырларын тұтас зерттеуді көздейді. 
«Қыпшақтанудың»  негізгі  теориялық  бағыттарының  басым 
саласы орта ғасырларда көне қыпшақ әдеби тілінде жазылған 
шығармаларды лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу ісі 
болып  табылады.  М.Б.  Сабырдың  зерттеу  жұмыстарының 
негізгі  мақсаты  мұрағаттар  тілін  жекелеген  қыпшақ  тіл-
дерімен салыстыра зерделей отырып, көне қыпшақ әдеби 
тілінің  бүгінгі  мұрагері  қай  тіл  екенін  анықтау.  Осы  тұрғы-
да мынадай еңбектерін атап өтуге болады: Қазақ тілі та-
рихын зерттеуде қыпшақ жазба ескерткіштерінің рөлі // 
Батыс  Қазақстан  гуманитарлық  академиясының  хабаршы-
сы. №1-2. Орал, 2006, 40-43 б.; Қыпшақтану көкжиектері 
және мемлекеттік тіл ұстанымдары // Мемлекеттік тіл 
–  білім  және  саясат.  Республикалық  ғылыми-практ.  конф. 
Материалдары, Орал, 2006, 50-53 б.; Көне қыпшақ жазба 


21
ескерткіштерін зерттеудің өзекті мәселелері // Еуразия 
қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері. Халықа-
ралық  ғылыми  теор.  конференция,  Л.Н.  Гумилев  ат.  ЕҰУ, 
Астана қаласы, 2013 жыл,152-159 б. Ғалымның 2008 жылы 
«Ағартушы» баспасынан жарық көрген «Көне қыпшақ жаз-
ба ескерткіштерінің тілі» (Орал, Ағартушы, 2008, 236 б.) 
атты оқу құралының маңызы зор. Кітап «Алғы сөзінде» мы-
надай  тұшымды  ойлар  айтылған:  «Түркітануда  қазақ  тілі 
түркі тілдерінің қыпшақ тобында қарастырылады. Қыпшақ 
тобындағы  тілдер  өз  бастауын  монғол  шапқыншылығы-
на  дейін  қимақ  мемлекетінің  (ІХ-ХІғ.)  құрамында  болған 
қыпшақ қауымдастығынан алады. Қыпшақ тайпалары Қы-
тай  қорғанынан  бастап  Шығыс  Түркістан,  Алтай  таулары, 
Орта Азия, Еділ аймағы, Алтын Орда, одан әрі Еуропаға дей-
ін  тарады.  ХІІІ-ХҮ  ғасырларда  қыпшақ тілі  Алтын Орданың 
ресми және әдеби тіліне айналды. Көне қыпшақ тілінің құра-
мында оғыз, қарлұқ элементтері бар екенін жоққа шығара 
алмаймыз. Бірақ гегемондық рөл атқарған қыпшақтардың 
саяси  салмағын  ескере  отырып,  жәдігерліктердің  сөздік 
құрамын  сараласақ  қыпшақ  элементтері  әлде  қайда  мол, 
70-80%  пайызды  құрайды.  Өз  тұсында  халықаралық  тілге 
айналған  біртұтас  қыпшақ  тілі  кейін  Алтын  Орда  күйреп, 
Астрахан,  Қазан,  Ноғай,  Өзбек,  Қазақ  хандықтары  пайда 
болған тұста жеке халықтар тіліне ыдырады. Көне қыпшақ 
тілі қазақ тілінің негізгі бір арнасы. Байырғы қыпшақтардың 
заңды мұрагері – бүгінгі қазақтар». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет