Орта ғасыр жазба ескерткіштерін зерттеу ісіне құл-
шына кірісуі профессор Арсен Ибатовтың жетекшілігімен
басталды. 1995 жылы қорғалған «Құтыптың «Хұсрау мен
Шырын» поэмасының тіліндегі реликті тұлғалар (XІV ғ.)»
тақырыбында кандидаттық диссертациясы елеулі еңбек
болды. Орта ғасырларда қыпшақ-оғыз тілінде араб гра-
фикасы арқылы жазылған жазба жәдігерлік, қазақ тілінің
тарихи қайнар көздерінің бірі. М.Б. Сабыр зерттеу еңбе-
гінде түбірлердің қалыптасу, даму жолдарын ескерткіш
тіліндегі деректермен салыстыра зерттеп, реликті тұлғалар-
ды анықтаған. Бұл еңбек қолданбалы – практикалық мәні
зор және қазақ тілі тарихи грамматикасына, оның ішінде
түбіртану мәселесіне қосылған тың үлес. Ғалым академик
Ә.Т. Қайдаров, профессор Ж.А. Манкеева сында ғалымдар
қалыптастырған түбіртанудың теориясына сүйене отырып,
қазіргі қазақ тілі тұрғысынан ескерткіш тіліндегі көмескілен-
ген түбірлерді реликті түпкі түбір, реликті түбір-негіз,
реликті туынды негіз деп қарастырады. «Реликті тұлғалар
тарихи тұрғыдан белгілі бір көне дәуірде бір жағынан өз
алдына дербес қолданылған түбір болса, екінші жағынан
сөз тудыратын өнімді жұрнақтар ретінде сөзжасамға бел-
сене қатысқан. Бірақ қазіргі дәуірде лексикалық мағынасы
жоқ, этимологиялық тұрғыдан анықталатын құбылысқа ай-
налған. Сондай-ақ олар қазіргі тілдің өмір сүруіне, дамуына
16
өзек болып тұрған және тарихтың ұзын жолында фоно-мор-
фо-семантикалық өзгерістерді бастан кешкен тұлға», – деп
өз тұжырымын ұсынады. Белгілі түркітанушы Ә. Құрыш-
жанов бұл зерттеуді «Бұл еңбек қазіргі қазақ тіл білімі мен
түркітану ғылымына өз жаңалығын ала келген бірқатар
айтулы жұмыстардың қатарына жатады. Өзіндік ғылыми
жаңалықтары дау тудырмайды. Қазіргі қазақ тілінде қалай
жасалып, қалай қалыптасқандығы белгісіз толып жатқан
сөздердің структурасын (қаңқасын) осы диссертацияда
көрсетілген әдістер арқасында ғана айқындап біліп алуға
болады», - деп бағалады. М.Б. Сабырдың түбіртану мәселе-
сіне арналған мынадай мақалаларын атап өтуге болады: 1)
Құпиясы мол түркі түбірі // «Зерде» журналы, №4, 1995.
25-27 б.; 2) Құтыптың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының
тіліндегі көне туынды негіздер // «Ізденіс», №3,1995. 9-12
б.; 3) Хорезмидің «Мұхаббат-наме» поэмасындағы реликт
түбірлер // Ізденіс, №3, 1998,17-21 б.; 4) Б.М. Юнусалиев
жана түрк уңгу сөздөрүнүн маселелери // Адабий гезети.
Қырғызстан. №35-36.2002, қазан.
«Орта түркі тілі лексикасы мен қазақ тілі лексика-
сының сабақтастығы (ХІV ғасыр жазба ескерткіштері
негізінде)» атты монографиясы «Қазақ университеті» бас-
пасынан 2004 жылы жарық көрген болатын. Осы тақырып-
тағы докторлық дисссертация 2005 жылы сәтті қорғалды.
Бұл зерттеу еңбекте ескерткіштер лексикасы мен қазақ тілі
лексикасының ұқсастықтары, диахрондық тұрғыдан бай-
ланыстылығы, айырмашылықтары саралана келе ғасыр-
дан ғасырға ұласқан тіл сабақтастығы анықталған. Жазба
ескерткіштер тілінің қазақ тіліне қатысы, жақындығы нақты
17
тілдік деректермен көрсетіліп, байырғы сөздер мен қазіргі
сөздердің лексика-семантикалық ұқсастықтары жан-жақты
зерттелген. Жазба мұрағаттар тілі қазіргі қазақ әдеби тілінің
алғашқы бой көрсетуі, бастауы екендігі дәлелденген.
М.Б. Сабырдың зерттеу еңбегінің теориялық-практика-
лық мәні зор. Тарихи лексикология, тарихи грамматика,
қазақ әдеби тілі пәндерінде қолдануға әбден болады.
2003 жылы «Қазақ университеті» баспасынан шыққан
«Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы және оның
тілі» атты монографиясы толықтырылып, 2013 жылы
«Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасының лекси-
ка-грамматикалық сипаты» деген атпен қайта жарық
көрді (Орал, «Ағартушы», 276 б.) Монографияда ХІV ғасыр-
да жазылған Алтын Орда дәуірінің құнды жазба ескерткіші
Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасының тілі жан-жақты
зерттелген. Қазақ тілінің қайнар көзі болып табылатын бұл
жәдігерліктің дыбыс жүйесі, орфографиялық ерекшеліктері,
лексикалық қабаттары, тұрақты тіркестері, реликт түбір
тұлғалары, морфологиялық көрсеткіштері қазіргі қазақ тілі
деректерімен салыстырыла қарастырылып, көне қыпшақ
тілінде жазылған жәдігерліктің қазақ тіліне бір табан жақын
екені анықталған. Сонымен қатар «ХШ» поэмасы ежелгі
дәуір әдебиетінің мұрасы ретінде қарастырылып, поэма-
дағы эпостық сарындар екшеленіп, орта ғасырда өмір сүр-
ген қыпшақ ақыны Құтып пен қазақтың бас ақыны Абай ара-
сындағы рухани үндестік, сөз саптауларындағы ұқсастық,
тарихи тамырластық терең ашылған. Ғалымның осы салада
жазылған Түркі халықтары әдебиетіндегі Көкбөрі бейнесі
// Ұлағат. №1-2.1998, 51-56 б.; Түркі поэзиясындағы «Хұсрау
18
уа Шырын» сарыны» // Жалын» журналы, №3-4, 1995,
227-230 б. мақалаларының маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |