Верстка аб indd



Pdf көрінісі
бет9/67
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#12696
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Түркітану.  Түркітану  кең  байтақ  Еуразия  кеністігін  жай-
лаған түркі халықтарының тілін, тарихын, фольклорын, мә-
дениетін  зерттейтін  кешенді  ғылым.  ХХІ  ғасыр  деңгейінде 
түркітану тек гуманитарлық ғылым болып қала алмайтынын 
өмірдің  өзі  көрсетіп  отыр.  Бұл  қоғамның  кемелденуінен 
туған қажеттілік. Елордамыз Астана қаласында «Түркі Ака-
демиясының» ашылуы түркітану ғылымының аясын кеңей-
ітті.  Жоғары  оқу  орнында  «Түркітануға  кіріспе»  пәнінен 
дәріс оқитын М.Б. Сабырдың қашанда өзіндік тұжырымда-
ры бар. Оның Н.Садуақаспен авторлық бірлікте 2007 жылы 
жазған «Көне түркі тілі» атты оқу-әдістемелік құралы тіл 
тарихы үшін аса қажетті еңбек. «Көне түркі тілі» пәнінің не-
гізгі нысаны Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің алфавиті, 
графикалық белгілері, дыбыстық ерекшелігі, орфографиясы 
т.б.  мәселелер  болып  табылады.  Түркі  тайпалары  артына 
өшпес мұра етіп қалдырған жазба ескерткіштерді оқу бүгінгі 
әдеби тіліміздің тарихын зерделеуге, қазіргі қазақ тіліндегі 
теориялық  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  туғызады.  Сон-
дықтан бұл оқу- әдістемелік құралдың негізгі мақсаты көне 
түркі  тіліндегі  жазба  ескерткіштер  түрлерін  оқытып,  олар-
дың текстерін оқу әдістемесін меңгертіп, тілдік ерекшелік-
терін оқып-үйрену жолдарын үйрету.
Түркітану  мәселелеріне  арналған  мына  еңбектерін  атап 
өтуге болады: Көне түркі және орта түркі тілдері арасын-
дағы  сабақтастық  //  Байырғы  өркениеті:  жазба  ескерт-
кіштер. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы-
на арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция 


19
материалдары. Астана, 2001, 337-341 б.; Көне түркі жазба 
ескерткіштеріне  сүйеніп  қазақ  тілін  тереңдетіп  оқыту 
мәселелері // Жаңа ғасырдағы Қазақстанның тілдік кеңістігі 
және әлемдік лингвистиканың өзекті мәселелер. Халық. ғыл. 
конф. матер. Алматы, 2008, 125 б.; Жаңа ғасырдағы түркіта-
нудың өзекті мәселелері // Жаңа ғасырдағы түркітану: руха-
ни құндылықтарды сақтау және зерттеу мәселелері. Халықа-
ралық ғылыми-тәжірибелік конф. Орал, 2009, Түркітанудың 
пән аралық байланыстары және көкейкесті мәселелелері // 
Түркі әлемі: тіл, қоғам, мәдениет. Халықаралық ғылыми-тәж. 
конф. Алматы, 2009. 96-100 б. Түркі тілдерін тереңнен қара-
стырып жүретін ғалымның жазбаларынан түрікшілдігін аңға-
рамыз.  Ол  «Түркішілдік  ХХІ  ғасырда  жаһандану  тасқынына 
жұтылып  кетпес  үшін  этностық  тегі  бір,  мақсат-мүддесі  бір 
түркі тектес ұлттардың бір мақсатқа жұмылуы», – дей келіп 
ортақ мақсат ұстанған жоспарлы зерттеулер жүргізу қажетті-
гін ескертеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет