13
ПРОФЕССОР МҰРАТ БӨКЕНБАЙҰЛЫ САБЫРДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ
Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Жоға-
ры оқу орнының үздік оқытушысы» атағының екі мәрте ие-
гері Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы Батыс Қазақстан облысы,
Чапаев ауданы (кейіннен Ақжайық, бүгінде Теректі ауданы),
Аңқаты кеңшарында қарапайым отбасында 1964 жылы 27
тамызда дүниеге келген. Әкесі – Сабырұлы Бөкенбай қара-
пайым жұмысшы, шаруа баққан, жылқы ұстап, бие байлаған
адам. Жасында атбегі, әнші, сері болып, палуанға түскен,
шешесі – Төлекешқызы Гүлжан жұмысшы, шаруа болған.
Аңқаты орта мектебін 1981 жылы үздік бітірген Мұрат
Бөкенбайұлы арман қуып, Алматы қаласына оқуға аттана-
ды. Бірақ екі жыл қатарынан оқуға түсе алмайды да, ауыл-
да суретші-безендіруші болып жұмыс жасайды. 1982-1984
жылдары Кеңес Армиясы қатарында жауынгерлік міндетін
атқарады. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемле-
кеттік университетінің филология факултетіне оқуға түсіп,
1990 жылы «филолог, қазақ тілі мен әдебиеті және араб
тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Осы жылы Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің
жолдамасымен А.С. Пушкин атындағы Орал педогогика-
лық институтына (бүгінгі М.Өтемісов ат. БҚМУ) жұмысқа
келді. Жас маман педагогикалық жұмыста өзіне өзі талап
қойғыштығымен, жан-жақты білімділігімен көзге түседі.
1992 жылы стажер-ізденуші қызметіне ауыстырылады.