Верстка аб indd



Pdf көрінісі
бет6/67
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#12696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы

2007 және 2012 жылдары «Жоғары оқу орнының үздік 
оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 
– «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, эконо-
мика және мәдениет» атты халықаралық ғылыми-практика-
лық конференция ұйымдастырды.
–  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінің  «БҚМУ  хабаршысы»  журналының  редак-
ция алқасының мүшесі.
– Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының БҚО-тық филалы 
Төралқасының тұрақты мүшесі
–  БҚО  әкімдігі  Батыс  Қазақстан  облыстық  Тілдерді  да-
мыту басқармасының «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту 
орталығы  МКК  жанындағы  Ғылыми-әдістемелік  Кеңестің 
тұрақты мүшесі.
–  КСРО  Халық  артисі,  Мемлекеттік  сыйлықтардың  лау-
реаты, профессор, көрнекті дирижер Шамғон Сағаддинұлы 
Қажығалиевтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Әу-
ендер  сөйлегенде  жыр  тілімен...»  атты  шығармашылық 
кешті  ұйымдастырып,  сценарийлік  бағдарламасын  жазып, 
облыстық драма театрда кешті жүргізді (17.09.2007).
–  Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі,  ақын,  жур-
налист  Айтқали  Нәріковтың  шығармашылық  қызметіне  45 
жыл толуына арналған «Желмая жылдар» атты әдеби-саз-
ды  кештің  сценарилік  бағдарламасын  жазып,  Ғ.Құрманға-


7
лиев  атындағы  облыстық  филармонияда  кешті  жүргізді 
(18.10.2007).
2008.  Ғылыми  жұмыс  және  халықаралық  қатынастар 
жөніндегі проректор.
–  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 
10.02.02. – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері маман-
дықтары  бойынша  филология  ғылымдарының  докторы 
ғылыми  дәрежесін  беретін  Д14  А.01.23  диссертациялық 
кеңесінің мүшесі.
2009. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мини-
стрлігінің  Білім  және  ғылым  саласындағы  қадағалау  және 
аттестаттау  комитетінің  шешімімен  тілі  білімі  мамандығы 
бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
–  «Жаңа  ғасырдағы  түркітану:  рухани  құндылықтарды 
сақтау және зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылы-
ми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
–  2009-2011  жылдарға  жоспарланған  іргелі  ғылыми 
зерттеулер бойынша «Түркілік рухани мұра – әлемдік өрке-
ниеттің құрамдас бөлігі» ғылыми жобасының жеңімпазы
– 2009-2011 жылдарға жоспаранған «Қазақ тілінің тари-
хи лексикасының даму кезеңдері және трансформациялық 
өзгерістердің  ғылыми  теориялық  негіздері»  атты  ғылыми 
жобаны жеңіп алған ұжымның мүшесі.
2010.  ҚР  БҒМ  «Дарын»  республикалық  ғылыми-прак-
тикалық орталығы ұйымдастырған Қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінен «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» VІІ 
Халықаралық олимпиадасының әділ қазыларының мүшесі.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына орай 
Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халық асамблеясы 


8
бейбітшілік, достық пен рухани келісімді нығайту, сонымен 
қатар  Жайық  өңірінің  өскелең  ұрпағын  қазақстандық  па-
триотизм  және  төзімділік  бағытындағы  тәрбие  ісіне  үлес 
қосқандығы үшін Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов Алғыс хатпен 
марапаттады.
– Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлесті-
гінің Орал қалалық филалының төрағасы.
–  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамдық  бірлестігі  БҚО-
тық  филалы  Төралқасының  мүшесі  және  БҚО  қоғамдық 
ұйымдары өкілдерінен құрылған мемлекеттік тіл саясатын 
іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.
– Ақын Қадыр Мырза Әлидің 75 жылдық мерей тойына 
арналған әдеби кешті облыстық филармония залында жүр-
гізді. Кешке мерей той иесі, халық жазушысы Қадыр Мырза 
Әлидің өзі қатысты.
2011. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» 
халықаралық стипендиясының иегері.
– Түркия Республикасы, Стамбул қаласындағы Мармара 
университетінің  Түркітану  ғылыми-зерттеу  институтында 
ғылыми тағылымдамадан өтті. 
–  Стамбул  қаласы,  Зайтунбурны  аудан  әкімшілігінің 
шақыруымен Иоресел Гүнләр атты әдеби-фольклорлық ша-
раға қатысты.
–  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінде  өткізілген  «Қазақ  мемлекеттілігі:  жарқын 
бет бұрыс, жойқын ұмтылыс (1991-2011 жж.)» атты халықа-
ралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Түркия 
Республикасы, Стамбул қаласынан онлайн жүйесі бойынша 
қатысып,  «Қазақстан  тәуелсіздігінің  басты  тірегі  –  мемле-


9
кеттік тіл» атты баяндама оқыды (қараңыз: https: // www. 
youtube.com / watch?v=yNoVwzAVkjg).
– Стамбул қаласы, Зайтунбурны ауданындағы Қазақ түр-
кілері орталығында қазақ және түрік жастарына 6 ай қазақ 
тілінен дәріс берді (01.11.2011-27.02.2012).
– Стамбул қаласы, Мармара университетінің филология 
факультетінің 2 курс студенттеріне қазақ ауыз әдебиетінен 
дәріс оқыды.
–  Стамбулда  өткен  Татар  ақыны  Ғабдулла  Тоқайдың 
125 жылдығына арналған конференцияға қатысып, ақын-
ның Орал қаласындағы өмірі, оның шығармашылығының 
қазақ поэзиясына әсері хақында сөз сөйледі. Түркияның 
ТРТ арнасына сұхбат берді (18.11.2011).
–  Түркияның  Ыстамбұл  университетінде  «Қазақстан 
тәу-елсіздігінің 20 жылдығындағы қазақ әдебиеті және про-
фессор Немат Келімбетовтің еңбектері» атты конференци-
яға қатысып, баяндама жасады (19.11.2011).
– Стамбул қаласының Айдын университетінде Түрксой-
дың  ұйымдастыруымен  өткізілген  Қасым  Аманжоловтың 
100 жылдық мерейтойына арналған конференцияға қаты-
сып, ақын поэзиясындағы өршілдік, тәуелсіздік рухы хақын-
да ғылыми пікір білдірді (25.11.2011).
–  Қазақстан  Республикасының  Түркиядагы  бас  елшісі 
Ж.К.Туймебаевтың арнайы шакырыумен Қазақстан Респуб- 
ликасы  Парламент  Сенатының  басқармасы  Қайрат  Мәми-
дың қатысуымен Анкарада өткізілген Қазақстан Республи-
касының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты 
кешке қатысты (29.11.2011).


10
– Түрік дуниесін зерттеу орталығының директоры Тұран 
Язған ақсақалдың шақыруымен Түрік дүниесін зерттеу ор-
талығының «Тарих және Мәдениет журналынының» 300 са-
нының шығуына арналған жиналысқа қатысты (24.12.2011).
–  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министр-
лігінің  2011  жылғы  21  желтоқсандағы  №537  бұйрығымен 
Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  универси-
тетіндегі  050505  –  Аймақтану;  050205  –  Филология:  түрік 
филологиясы  мамандықтары  бойынша  Мемлекеттік  атте-
статтау комиссиясының төрағасы.
–  Туған  ауылындағы  Аңқаты  жалпы  орта  білім  беретін 
мектебі ұжымы арнайы шақырып, «Тіл мен тарих тағылы-
мы» атты кездесу кешін өткізді.
–  БҚО  қоғамдық  ұйымдары  бастамасымен  құрылған 
Тіл саясаты жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы.
2012. Түркияның Измир қаласына іс-сапарға барды. Егей 
университеті  Түрік  дүниесін  зерттеу  институтына  барып, 
көптеген  ғалымдармен  танысты.  Институт  директоры  Фи-
крет Түрікмен мырзамен және жазба ескерткіштер мәселе-
сін  қарастырып  жүрген  бір  топ  ғалымдармен,  атап  айтсақ 
профессорлар: Гурер Гулсевин, Туран Гокше, Осман Каратай, 
Мәтин Арикандармен тығыз танысып, ғылыми мәселелер-
мен пікірлесіп, тәжірибе алмасты. 
– Мармара университеті магистранттарына «Ресейдегі 
түркі  тілдерінің  зерттелуі»  тақырыбында  түрікше  лекция 
оқыды.
– ТӨМЕР тіл курсында 2 ай оқыды.
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат ми-
нистрлігі Тіл комитеті Қазақстан халқы тілдерінің ХІV респу-


11
бликалық фестиваліне орай Мемлекеттік тіл саясатын жүзе-
ге асыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.
– Түркия Республикасындағы «Калем» халықаралық пе-
дагогика  және  гуманитарлық  білім  журналының  сала  ре-
дакторы.
– Түркия Республикасы, Синоп қаласында 2012 жылдың 
1-3 қазан күндері өткізілген «Халықаралық Түрік Мәдениет 
географиясындағы педагогика білімі зерттеулері симпозиу-
мының» Ақылдастар Кеңесінің мүшесі ретінде симпозиум-
ның жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.
– «Профессор Н.Ф.Катанов және түркітану мәселелері» 
атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  конференцияны 
жоғары деңгейде ұйымдастырды.
– Ол М. Өтемісов атындағы БҚМУдің «БҚМУ хабаршы-
сы» журналының редакция алқасының мүшесі.
– Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ-
ситетінде 2011-2012 оқу жылында мемлекеттік аттестаттау 
комиссиясының төрағасы.
– Орал қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.
–  БҚО  әкімдігінің  МКҚК  «Мемлекеттік  қызметшілерді 
қайта  даярлау,  біліктілігін  арттыру  және  мемлекеттік  тілді 
оқыту Орталығының» Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің мүшесі.
– Саха Республикасы, Якутск қаласында өткен «Мәдени 
әр түрлілікті сақтау: ЮНЕСКО жауһарлары Олонхо жерінде» 
атты  халықаралық  симпозиумға  қатысып,  баяндама  жаса-
ды (11-12.06.2012).
2013.  «Ахмет  Байтұрсынұлы  және  заманауи  білім  беру 
мәселелері»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  конфе-
ренцияны ұйымдастыруға мұрындық болды. (11-12.04.2013).


12
– «Исатай мен Махамбет: ізденістер, зерттеулер, көзқа-
растар»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  конферен-
цияны ұйымдастыруға мұрындық болды. (27.05.2013)
– Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасындағы 
Ресей  ғылым  академиясының  Уфа  ғылыми  орталығында 
өткізілген  «Актуальные  проблемы  диалектологии  языков 
народов России» атты ХІІІ халықаралық конференцияға қа-
тысып, баяндама жасады. (13-14.09.2013)
– Түркия Республикасы, Ескішехер қаласында өткізілген 
«Түрік  дүниесінің  мәдени  құндылықтары»  атты  халықара-
лық симпозиумның жұмысына қатысып, түрік тілінде баян-
дама жасады. (4-8. 11.2013) 
–  ҚР  БҒМ-нің  №515  бұйрығымен  Қ.Жұбанов  атындағы 
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бойынша Мемле-
кеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы болып бекітілді.
2014. ҚР БҒМ, Академик Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мем-
лекеттік университеті ұйымдастырған, филология ғылымда-
рының  докторы,  профессор  Хайролла  Мырзағалиұлы 
Нұрмұқановтың  85  жылдығына  арналған  республикалық 
ғылыми-практикалық  конференцияға  қатысып,  баяндама 
жасады (11-12.04.2014).
– Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі, Саха Рес- 
публикасы (Якутия), ЮНЕСКО, М.К.Аммосов атындағы Сол-
түстік-Шығыс  федеральді  университеті  ұйымдастырған, 
Якутск қаласында «Ыссах» ұлттық мейрамына орайлас өт-
кізілген  «Языковое  и  культурное  разнообразие  в  кибер-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет