ФИЛОЛОГИЯҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР МҰРАТ БӨКЕНБАЙҰЛЫ САБЫРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ Мұрат Бөкенбайұлы Сабыр 1964 жылы 27 тамызда Батыс
Қазақстан облысы, Чапаев ауданы (қазіргі Теректі), Аңқаты
ауылында дүниеге келген.
1981. Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Аңқаты
орта мектебін бітірген. Сол жылы Аңқаты асыл тұқымды
мал заводына суретші-безендіруші болып жұмысқа қабыл-
данған.
1982-1984. Кеңес Армиясы қатарында жауынгерлік мін-
детін атқарған.
1985-1990. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни-
верситетінің филология факультетінің студенті. «Қазақ тілі
мен әдебиеті, араб тілі» күндізгі бөлім.
1990. Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің жол-
дамасымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық
институтының «Қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы қы-
зметіне қабылданды (бүгінгі М. Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік университеті).