Верстка аб indd



Pdf көрінісі
бет15/67
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#12696
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Байланысты:
Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы

Мемлекеттік тіл саясаты ғалымның негізгі айналысатын 
мәселесі десе болады. Бұл тұрғыда мемлекеттік тіл пробле-
масына  арналған  конференцияларда  көптеген  баяндама 
оқып, республикалық, облыстық баспасөзде үнемі өз пікрін 
жариялап  тұрады.  Мақалаларында  әлемдік  өркениет  пен 
ғасырлар  тоғысындағы  қазақ  тілінің  әлеуметтік  рөлі  қара-
стырылған. Тіл мәдениетін дамытудағы жергілікті БАҚ-ның 
орны пайымдалып, аударма мәселері талқыланған. Мемле-
кеттік тіл мүддесі ең көкейкесті мәселе. Ана тілдің қадірін 
қазаққа, мемлекеттік тілдің  маңызын Қазақстанды мекен-
деген  басқа  ұлттарға  түсіндіруде  ғалымның  пікірлері  өте 
құнды. Осы бір өзекті мәселеге арналған кейбір мақалала-
рын атап, көрсетейік: 1) Мемлекеттік тіл және аударма // 
Мемлекеттік тіл – елге тірек. Орал, 2000; 2) Тіл-халықтың 
тамыры  //  Қазақ  терминологиясының  өзекті  мәселелері. 
Рес-қ  ғылыми-практиалық  конф.  материалдары.  Астана, 
2002; 3) Мемлекеттік тілді білмесең // Орал өңірі, 2006, 
13 мамыр; 4) Қыпшақтану көкжиектері және мемлекет-
тік тіл ұстанымдары // Мемлекеттік тіл – білім және са-
ясат.  Респ-қ  ғылыми-практикалық  конф.  материалдары. 
Орал,  2006;  5)  Тіл  мәдениетін  дамытудағы  жергілікті 
БАҚ-ның  рөлі  //  Мемлекеттік  тіл  саясаты  және  тіл  мәде-
ниетінің  өзекті  мәселелері.  Халық-қ  ғылыми-практикалық 
конф. материалдары, Орал, 2007; 6). Роль казахского языка 


29
на стыке мировой цивилизации и национальной культуры 
Языковые контакты Поволжья. VІІ Международный симпо-
зиум. г. Қазань. 2008; 7) Языковая политика соврменного 
Казахстана // «Современная филология в международном 
пространстве языка и культуры». Халық-қ ғылыми-практи-
калық конф. материалдары. Астрахан, 2011; 8) Қазақстан 
тәуелсіздігінің  басты  тірегі  мемлекеттік  тіл  //  Қазақ 
мемлекеттілігі: жарқын бетбұрыс, жойқын ұмтылыс (1991-
2011 жж.). Халық-қ ғылыми-тәжірибелік конф. материалда-
ры. Орал, 2011; 9) Ататүрік идеялары және мемлекеттік 
тіл мәселелесі // «Орал өңірі» газеті, 2012. 7 мамыр; 10 б.) 
Біз өз тағдырымызға немкетті қарай алмаймыз // «Ана 
тілі» газеті, 2012, №46, шілде.
М.Б. Сабыр соңғы бір мақаласында былай деп ой толғай-
ды: «Мемлекеттік тілдің тағдыры – біздің тағдырымыз. Біз 
өз  тағдырымызға  немкетті  қарай  алмаймыз.  Мемлекеттік 
тіл біздің елдік намысымыз, елдік санамыздың шыңы. Ғасы-
рлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағы-
на  сыйдырган  Ұлы  Дала  көптеген  ұлыс  пен  ұлттың  құтты 
қонысына айнала білді. Бұл Қазақстан халқының белгілі бір 
дәрежеде ортақ тарихы да бар екенін көрсетеді. Ал тарих 
ортақ,  Қазақ  жерінің  байлығы,  мұнайы,  газы  ортақ  болса, 
онда қазақ тілі де ортақ. Ендеше мемлекеттік тіл тағдырына 
қазақ  ұлты  ғана  емес,  Қазақстанды  елім,  жұртым  деп  ме-
кендеп жатқан басқа да этностар мен диаспоралар бірдей 
жауапты.  Яғни  қазақ  ұлты  ұғымы  мен  Қазақстан  азаматы 
деген түсінікті біріктіруші фактор мемлекеттік тіл. Осы тұста 
мемлекеттік тіл ғылым тілі, білім тілі, бизнес тілі, экономи-
ка тілі, ұлтаралық қатынас және сыртқы қарым-қатынастар 


30
тілі ретінде өркендеуі керек. Ондай қызмет атқаруға қазақ 
тілінің байлығы да, құдіреті де жетеді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет