Верстка аб indd


Білікті басшы  және  қадірлі ұстаз



Pdf көрінісі
бет16/67
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#12696
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Байланысты:
Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы

Білікті басшы  және  қадірлі ұстаз.  1996-2000 жылдары 
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «қазақ тілі» 
кафедрасын  басқарған  М.Б.  Сабыр  ұжымды  ғылыми  мақ-
сатқа  жұмылдыра  білді.  Ол  бүгінгі  таңда  Батыс  Қазақстан 
инженерлік-гуманитарлық университеті, гуманитарлық ака-
демиясының ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар 
жөніндегі проректоры қызметін атқарып, жоғары оқу орны-
ның ғылыми жұмыстарын жүйелеп, «Батыс Қазақстанның 
тұрақты дамуын ғылыми қамтамасыз етудің әлеумет-
тік-гуманитарлық аспектілері» атты кешенді тақырыпқа 
жетекшілік жасап отыр. Оның ұйымдастыруымен әр жылда-
ры мемлекеттік тіл және түркітану мәселелеріне арналған 
халықаралық деңгейде ғылыми конференциялар оздырыл-
ды. Атап айтсақ: «Мемлекеттік тіл: білім және саясат» 
(Орал, 2006); «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті:са-
ясат, экономика және мәдениет» (Орал, 2007), «Жаңа ға-
сырдағы түркітану: рухани құндылықтарды сақтау және 
зерттеу мәселелері» (Орал, 2009). «Профессор Н.Ф. Ката-
нов және түркология мәселелері» (Орал, 2012). т.б. 
Профессор М.Б. Сабыр М.Өтемісов атындағы Батыс Қа-
зақстан мемлекеттік университетінде және Батыс Қазақстан 
инженерлік-гуманитарлық  университетінде  көп  жылдар 
бойы ұстаздық етіп келеді. Ғалым «Түркітану», «Қазақ тілінің 
тарихи  грамматикасы»,  «Түркі  тілдерінің  салыстырмалы 
лексикасы»  сияқты  іргелі  курстардан  дәріс  оқиды.  Маги-
стратура  бөлімінде  «Ғылыми  жұмыстарды  ұйымдастыру», 
«Қыпшақтану»  арнаулы  курстары  оқиды.  Жасөспірімдерді 


31
тәрбиелеу  ісімен  шұғылданып,  облыстағы  дарынды  бала-
ларға  арналған  мектеп-интернаттар,  лицейлер,  «Назарба-
ев  зияткерлік  мектебімен»  тығыз  қарым-қатынаста  болып, 
ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасап та тұрады. М.Б. Са-
бырдың «Қазақ тілі» оқу құралы (Алматы, «Сөздік-Словарь», 
2002)  сұранысқа  ие.  Жоғары  оқу  орнына  түсуші  талапкер-
лерге  арналған,  тест  үлгісіне  негізделген  бұл  кітап  талай 
жастың студент атануына себепші болды. Кітапта берілген 
тапсырмалар шәкірттер мен талапкерлердің білімдері мен 
біліктерін бағалауда рөлі зор.
Сөз  түйіні.  М.Б.  Сабыр  республикалық  және  халықа-
ралық  ғылыми-теориялық  конференцияларға  жиі  қаты-
сып,  ғылыми  қауымның  алдында  өз  ой-тұжырымдарын 
ортаға салып тұрады. Бергенінен гөрі берері мол түркіта-
нушы ғалым. «Бақшадай жігіт адам көркейеді, ғылыммен 
сөз  сөйлесе  бал  секілді»,  –  деп  бұрынғылар  айтқандай 
ғылыммен  өскен,  ұстаздық  пен  ғалымдықты  үйлестіре 
білген белсенді жан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет