Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата19.05.2023
өлшемі417,66 Kb.
#95062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Түйін сөздер: білім, білік, дағды, іскерлік, әдіс, дәстүрлі, жаңартылған.
DOI: https://doi org/10.32523/2616-6895-2022-14-4-127-133
Кіріспе
Қазіргі уақытта республикамыздың білім 
беру жүйесінің ең басты мәселесі – оқушының 
білім сапасының деңгейін халықаралық дәре-
жеге көтеру болып табылады. Ол үшін мектеп-
ке заман талабына сай мемлекеттік білім беру 
стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шебер-
лігі дамыған мамандармен қамтамасыз ету, 
жаңа оқу жоспары мен жаңа буын оқулықта-
рына көшу, орта білімді ақпараттандыру си-
яқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар 
атқарылып жатыр. Жаhандану заманында 
білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен тү-
бегейлі жаңарулар дәуірінде физика пәні 
мұғалімінің алдында тұрған мақсаттар мен 


128
№ 4(141)/2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы

ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
міндеттердің де салмағы орасан зор. Себебі 
қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі 
ғылыми техникалық даму мен жаңару про-
цестері барлық салалардағы өзгерістер үлкен 
шығармашылық ізденісті, терең біліктілікті
еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, жан-
жақты дамыған тұлға болуды талап етеді. 
Жаңа технологиямен физика пәнін оқытудағы 
негізгі мақсат – баланың ашылмаған қабілетін 
ашу, дамыта оқыту, белсенділігін, ақпараттық 
танымын дамыту, өзіне деген сенімін күшей-
ту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ал 
кез-келген технология мұғалімнен терең тео-
риялық білім, үлкен педагогикалық шебер-
лікті, сонымен қатар баланың жан дүниесін 
түсінетін психолог болуды талап етеді. Осы 
мақсатта елімізде жаңартылған білім беру 
бағдарламасы қолға алынып, жүйеге енгізілді. 
Білім беру мазмұнын жаңарту бұл білім беру 
бағдарламасының мазмұны мен құрылымын, 
оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсіл-
дерін қайта қарастыру болып табылады [2]. 
Білім берудің жаңартылған мазмұнын ен-
гізудің негізінде өзінің бойына ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңірген, 
кез келген өмірде кездесетін жағдаятта функ-
ционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілетті 
бола алатын адамның үйлесімді қалыптасуы 
мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім 
беру ортасын құру болып табылады. Заман 
талабына сай ұсынылған талаптарға сәйкес 
заманауи жоғары оқу орны «білімді тұлғаны», 
яғни білімі, іскерлігі мен дағдысы қалыптасқан 
жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеліп 
қалмай, белсенді және шығармашылықпен 
ойлана алатын, ақыл-ойлы және жан-жақты 
дамыған жеке тұлғаны өмірдің өзгерістері-
не дайын болуға бағыттауға тиіс. Яғни, білім 
ордасындағы білім берудегі жаңа моделінің 
құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Білім ордасын-
да нені оқу керек?» емес, «Білім ордасында не 
үшін оқу керек?» деген мән мәтін аясында өрі-
стелуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет