Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата31.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#10937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
 
 
ӘОЖ 372.857 
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Т.С.Қалыбаевамагистрант 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақала  биологияның  медицинамен  байланысы  туралы.  Соның  ішінде 
медициналық  колледжде  типтік  оқу  бағдарламасы  негізінде,  оқытылатын  «Молекулалық 
биология,  медициналық  генетика»  пәнінен:  «Генетикалық  код.  Белок  биосинтезі. 
Транскрипция,  Трансляция  кезеңдері»  тақырыптары  бойынша  оқыту  әдістемесі  берілген. 
«Молекулалық биология, медициналық генетика» пәні  жалпы биология ғылымдарының бір 
тармағы. Медицина жетістіктері биологиялық зерттеулермен тікелей байланысты, сондықтан 
да  дәрігерлер  биология  жаңалықтарын  үнемі  біліп  отыруы  тиіс.  Қазіргі  XXI  ғасырда 
биологияның адам өмірінде алатын орны зор. Әсіресе, биологияның медицина саласындағы 
мамандарды  даярлаудағы  орны  ерекше.  Мысалы,  қазіргі таңда  өнеркәсіптік  жағдайда  түрлі 
органикалық  қышқылдар  мен  амин  қышқылдарын  синтездеу,  антибиотиктер  мен  басқа  да 
дәрілік  препараттар  алу  іске  асырылып,  соның  нәтижесінде  жаңа  сала  биотехнология 
ғылымы қалыптасты. Генетика мен селекцияның заңдылықтарының негізінде өсімдіктер мен 
жануарлардың  жоғары  өнімді  жаңа  тұқымдары  мен  сорттары  алынуда.  Жалпы  биология 
және  генетика  заңдылықтары,  анатомиялық,  физиологиялық  және  биохимиялық  зерттеу 
нәтижелері адамның тұқым қуалайтын ауруларының себебін табуда, оны емдеуде теориялық 
негіз  болып  табылады.  Биологияның  медицинамен  байланысына  және  медициналық 
колледждерде оқытылатын пәндермен байланысына көңіл аударғымыз келеді. «Медицинаны 
теориялық  негізінен  алып  қарасақ  –  бұл  ең  алдымен,  жалпы  биология»,  –  деп  жазған 
медицинаның  теориясын  зерттеуші  белгілі  ғалым  И.В.  Давыдовский.  «Молекулалық 
биология  және  медициналық    генетика»,  физиология  және  анатомия  негіздері,  жалпы 
биология,  микробиология,  вирусология,  патофизиология,  патологиялық  анатомия,  терапия, 
хирургия,  акушерства,  гинекология,  жалпы  гигиена  т.б.  пәндер  биология  заңдылықтарына 
сүйенеді.  Жасушаның  ашылуы,  тіршіліктің  физиологиялық  және  биохимиялық 
заңдылықтарын  зерттеулер  аурудың  пайда  болу  себептерін  тереңірек  түсінуге,  медицина 
практикасында  кеселді  анықтаудың  және  емдеудің  жаңа  әдістерін  енгізуге  мүмкіншілік 
берді.  Адамдардың  ауруларының  бәрі  –  белгілер  болып  саналады,  ал  ол  белгілердің 
қалыптасып  дамуы  адам  генотипіне  байланысты.  Қазіргі  кезде  биология  ғылымы  мен 
медицина  соншалықты  тығыз  байланысып,  соңғысын  көптеген  жағдайларда  биомедицина 
деп те атайды. Сондықтан медицинада медициналық биология және генетиканың алар орны 
ерекше.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
17 
 
Түйін  сөздер:  Триплет,  амин  қышқылдары,  ферменттер,  генетикалық  код, 
транскрипция, трансляция, биосинтез, ДНҚ, РНҚ. 
Қазіргі  XXI  ғасырда  биологияның  адам  өмірінде  алатын  орны  зор.  Әсіресе, 
биологияның  медицина  саласындағы  мамандарды  даярлаудағы  орны  ерекше.  Мысалы, 
қазіргі таңда өнеркәсіптік жағдайда түрлі органикалық қышқылдар мен амин қышқылдарын 
синтездеу,  антибиотиктер  мен  басқа  да  дәрілік  препараттар  алу  іске  асырылып,  соның 
нәтижесінде  жаңа  сала  биотехнология  ғылымы  қалыптасты.  Генетика  мен  селекцияның 
заңдылықтарының  негізінде  өсімдіктер  мен  жануарлардың  жоғары  өнімді  жаңа  тұқымдары 
мен  сорттары  алынуда.  Жалпы  биология  және  генетика  заңдылықтары,  анатомиялық, 
физиологиялық  және  биохимиялық  зерттеу  нәтижелері  адамның  тұқым  қуалайтын 
ауруларының  себебін  табуда,  оны  емдеуде  теориялық  негіз  болып  табылады.  Биологияның 
медицинамен  байланысына  және  медициналық  колледждерде  оқытылатын  пәндермен 
байланысына  көңіл  аударғымыз  келеді.  «Медицинаны  теориялық  негізінен  алып  қарасақ  – 
бұл ең алдымен, жалпы биология», – деп жазған медицинаның теориясын зерттеуші белгілі 
ғалым И.В. Давыдовский [1]. 
 Медициналық  колледждердің:  «Мейірбикелік  іс»,  «Фармация»,  «Емдеу  ісі», 
«Стоматология»,  «Медициналық  оптика»,  «Жалпы  тәжірибелік  мейірбике»,  «Дәрігер-
стоматологтің  ассистенті»  т.б.  бөлімдерінде  оқытылатын:  Медициналық  биология  және 
генетика негіздері, «Молекулалық биология және медициналық генетика», физиология  және 
анатомия  негіздері,  жалпы  биология,  микробиология,  вирусология,  валеология,  экология, 
патофизиология,  патологиялық  анатомия,  терапия,  хирургия,  акушерлік,  гинекология, 
педиатрия,  жалпы  гигиена  т.б.  пәндер  биология  заңдылықтарына  сүйенеді.  Төмендегі 
кестеде биологиямен медициналық пәндердің байланысы көрсетілген. 
Теориялық және практикалық медицинаның биологиялық негіздері 
 
Медициналық  колледждің  ҚР  БҒМ  2010  жылғы  5  тамыздағы  №  604  оқу-әдістемелік 
бағдарламасы  негізінде  бекітілген,  «Молекулалық  биология,  медициналық  генетика»  пәні 
бойынша биологияны оқыту әдістемесін төмендегі бір сабақ үлгісі ретінде ұсынамыз [2]. 
Сабақтың  тақырыбы:  «Генетикалық  код.  Белок  биосинтезі.  Транскрипция, 
Трансляция кезеңдері» деп аталады. 
Сабақтың  мақсаты:  Сабақтың  мақсаты  cтуденттерге  «Генетикалық  код.  Белок 
биосинтезі. Транскрипция, Трансляция кезеңдері» жайлы теориялық материалды меңгерту. 
Білімділік: 
1. Генетикалық код? 
2. Нәруыз синтезінің қандай кезеңдерін ажыратады? 
3. Транскрипция сипаты? 
4. Трансляция сатылары? 
5.  Ақуыз  синтезінің  басталуы,  тоқталуының  генетикалық  бақылануы  қалайша  іске 
асады? 
Дамытушылық 
1. Логикалық ойлау жүйесін дамыту; 
2.  Слайдпен  жұмыс  кезінде  студенттердің  өзіндік  ойлау  қабілеті  мен  шығармашылық 
белсенділігін дамыту; 
Тәрбиелік 
Медицина бөлімі 
Биология бағыты 
Патологиялық анатомия 
 Морфологиялық ғылымдар: анатомия,  гистология, жасушалық биология 
Патологиялық физиология  Анатомия,  физиология,  биохимия,  молекулалық  биология,  генетика,  
клин.медицина 
гигиена 
Популациялық  генетика, физиология 
Терапия, хирургия 
Анатомия, физиология,генетика 
Акушерлік, гинекология 
Эмбриология, цитология, анатомия, физиология, генетика 
Эпидемиология 
Паразитология,  микробиология,  вирусология,  молекулалық  биология, 
экология 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
18 
 
1. Өз мамандықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; 
2.  Таблица,  слайд,  буклет,  видеофильм  материалдарына  және  т.б.  көрнекілік 
құралдарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу; 
Сабақтың типі: аралас сабақ; 
Сабақтың қамтамасыздандырылуы: 
а)  оқу  көрнекілік  құралдар:  интерактивті  тақта,  таблица,  слайд,  буклет,  плакат, 
видеофильм материалдары; 
б) үлестірмелі материалдар: Тест, карточкалар, кесте т.б. үлестірмелі материалдар; 
Пәнаралық  байланыс:  медбиология,  генетика,  цитология,  микробиология,  биохимия, 
физиология, анатомия т.б. 
Өз  бетінше  жұмыс:  Тестпен  жұмыс:  кесте,  сұраққа  жауап  іздеу,  конспектілеу, 
мазмұнын айту, видеофильм материалдарымен жұмыс істеу;
 
Ұйымдастыру кезеңі 
1. Студенттерді тізім бойынша белгілеу, сырт көрінісін, сабаққа дайындығын тексеру. 
Сабақтың өту барысы 
1.
 
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин; 
2.
 
Сабақ барысын мотивациялау – 2 мин; 
3.
 
Бастапқы білім деңгейін, яғни үй тапсырмасын тексеру – 20 мин; 
4.
 
Жаңа сабақты түсіндіру – 30 мин; 
5.
 
Жаңа сабақты бекіту –10 мин; 
6.
 
Өз бетінше жұмыс – 5 мин; 
7.
 
Білімдерін тексерудің қорытынды бақылауы (тестілеу) – 10 мин; 
8.
 
Сабақты қорытындылау – 7 мин; 
9.
 
Үйге тапсырма беру – 3мин. 
Студенттердің  біліктілігі  мен  дағдысын  тексеру:  Үй  тапсырмасын  сұрау,  сұрақ-
жауап әдісі, фронтальды және топ бойынша; 
Жаңа  тақырыптың  мазмұны  мен  жүйесі:  «Генетикалық  код.  Белок  биосинтезі. 
Транскрипция,  Трансляция  кезеңдері»  ДНҚ  әр  түрге  тән  қасиеттер  мен  анадан  берілген 
ақпараттарды  өзінде  сақтай  отырып,  оларды  келесі  ұрпаққа  нәруыздың  биосинтезі  арқылы 
береді.  Нәруыз  биосинтезі  барлық  тірі  жасушаларда  жүреді.  Әсіресе  органоидтар 
құрылысына  қажетті  нәруыздар  түзіліп  жатқан  жас  жасушаларда,  табиғаты  нәруыз 
гармондары  мен  ферменттер  синтезделетін  секреттік  жасушаларда  нәруыз  биосинтезі 
қарқынды  жүреді.  Синтезделуге  тиісті  нәруыздың  құрылымы  туралы  ақпарат  ДНҚ 
молекуласында  сақталады.  Бір  нәруыз  туралы  ақпаратты  сақтайтын  ДНҚ  бөлігі  ген  деп 
аталады.  Бір  ДНҚ  молекуласында  жүздеген  гендер  орналасады.  Нәруыздағы 
аминқышқылдардың  орналасу  тәртібі  ДНҚ  молекуласында  нуклеотидтердің  белгілі 
үйлесімділігімен  кодталады.  ДНҚ  кодының  ерекшелігі  ол,  әрбір  амин  қышқылына  ДНҚ 
тізбегіндегі  қатар  орналасқан  үш  нуклеотидтің  сәйкес  келуі.  Яғни,  бір  амин  қышқылы 
триплет  деп  аталатын  үш  нуклеотидпен  анықталады.  Мысалы,  А-Ц-А  цистеин  амин 
қышқылына, А-А-Ц лейцин амин қышқылына Т-Т-Т лизин амин қышқылына сәйкес келеді. 
Жалпы  амин  қышқылдар  саны  20.  4  нуклеотидтің  триплет  болып  үйлесу  мүмкіндігі  64 
(4з=64). Яғни барлық амин қышқылдарды кодтауға триплеттер саны артығымен жетеді. 
Нәруыз  биосинтезі  –  матрицалық  синтез  қағидасымен  жүретін  күрделі  реакциялар 
тізбегі.  Матрицалық  синтез  реакцияларының  ерекше  қасиеті  –  нәруыз  молекуласының 
синтезделуі ДНҚ молекуласындағы ақпаратпен тура сәйкес келеді. 
ДНҚ молекуласындағы клеткаға қажетті әртүрлі белоктардың құрылымын анықтайтын, 
тұқым қуалайтын ақпаратты генетикалық код дейді. 
Нәруыз биосинтезі жасушаның әртүрлі бөліктерінде жүретін бірнеше сатыдан тұрады: 
Транскрипция және Трансляция.  
Транскрипция – ДНҚ генінде жазылған ақпараттың аРНҚ- ға көшірілуі. Бұл кезде ДНҚ 
тізбегіндегі әрбір нуклеотидке қарама-қарсы аРНҚ-дағы комплементарлы нуклеотид тұрады. 
аРНҚ ақпаратты тек бір геннен ғана көшіріледі, яғни әр нәруыздың ақпаратын бөлек аРНҚ 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
19 
 
тасымалдайды. Транскрипция кезінде ДНҚ-ның бір бөлігінде қос тізбегі ажырап аРНҚ оның 
бір  тізбегінен  транскрипцияланады.  Транкрипция  РНҚ  –  полимераза  ферментімен  жүзеге 
асырылады.  Ол  ДНҚ-ның  промотор  бөлігінен  басталып  терминатор  бөлігінде  аяқталады. 
Синтезделген  аРНҚ-ның  молекуласында  ДНҚ-ның  ақпаратына  сәйкес  келмейтін  бөлігі 
болса,  ол  бөлікті  арнайы  ферменттер  кесіп  тастайды.  Осы  аРНҚ  –  дан  алынған  бөлікті 
интрон  деп,  ал  қалған  бөліктерінің  бір-бірімен  жалғасуын  экзон  деп  атайды.  Мұндай 
принциппен аРНҚ молекуласының ядрода синтезделуін сплайсинг деп атайды.  
Трансляция. аРНҚ ядродан әртүрлі ферменттермен қозғалып, цитоплазмаға өтеді. Одан 
эндоплазмалық  тордың  үстінде  орналасқан  рибосомаға  барады.  Нәруыз  биосинтезі 
рибосоманың кіші бөлігінде жүреді. 20 амин қышқылдарының әр қайсысына сәйкес келетін 
арнайы  тРНҚ  бар.  Олар  амин  қышқылдарын  рибосомаға  тасымалдайды.  Рибосомаға 
келгенде  өзінің  кодты  триплетімен  аРНҚ-дағы  триплеттерге  жанасады,  егер  олар  сәйкес 
келсе  тРНҚ-ның  ұшындағы  амин  қышқыл  одан  үзіліп,  осылайша  амин  қышқылдар  бірінен 
кейін  бірі  жалғасып  нәруыздың  полипиптидті  тізбегі  ұзарады.  Синтез  стоп-кодон  арқылы 
тоқтатылады.  Процесс  аяқталғаннан  кейін  рибосома  аРНҚ-дан  ажырайды,  түзілген  нәруыз 
эндоплазмалық  тор  арқылы  жасушаның  басқа  бөліктеріне  тасымалданады.  Нәруыз  синтезі 
арнайы  ферменттермен  катализденеді  және  әрбір  амин  қышқылының  қосылуы  кезінде 
энергия жұмсалып отырады. 
Сонымен трансляция процесі үш сатыдан тұрады: 
1. Полипиптидтік тізбекті түзудің басталуы (инициация); 
2. РНҚ-ның кодоны мен тРНҚ-ның анти кодонының бір-біріне сәйкес келіп пиптидтік 
тізбектің ұзаруы (элонгация): 
3. Пиптидтік биосинтездің аяқталуы (терминация).  
Заттар ағыны – жасуша тіршілігіне өте қажет құбылыс. Жасушаға үнемі заттар еніп, 
олар зат алмасу процесінде өзгеріп (ыдырап, синтезделіп) сыртқа шығарылып отырады. Бұл 
процесс  үздіксіз  жүреді,  себебі  заттар  ағыны  тоқталса,  жасуша  да  өз  тіршілігін  тоқтатады. 
Жасушаға  түйіршік  тәрізді  заттар  – фагоцитоз,  ал  сұйық  заттар  –  пиноцитоз  арқылы  енеді. 
Пиноцитоз осмос құбылысы нәтижесінде жүреді. Оған мысал ретінде жасушада байқалатын 
плазмолиз құбылыстарын келтіруге болады. Заттардың мембранадан белсенді тасымалдануы 
ферменттердің қатысуы және энергия жұмсалынуы арқылы жүреді. Энергия ағыны – жасуша 
тіршілігі  үшін  энергия  қажет.  Ол  энергия  органикалық  заттардың  ыдырауы  нәтижесінде 
бөлініп шығады да АТФ молекуласында жинақталады. АТФ-та жинақталған энергия оны әрі 
қарай  АДФ,  АМФ-қа  ыдырауы  арқылы  бөлініп  әртүрлі  тіршілік  әрекеттеріне 
пайдаланылады.  Энергия  синтезі  жасушада  анаэробтық  гликолиз,  фотосинтез,  хемосинтез, 
аэробтық гликолиз реакциялары нәтижесінде іске асады. Энергияның синтезделуі өсімдіктер 
жасушаларында пластидтер, ал жануарларда митохондрияларда жүреді. Ақпараттар ағыны 
–  жасуша  тіршілігі  туралы  ақпарат  ядрода,  хромосомаларда,  ДНҚ  молекуласында 
биологиялық (генетикалық) код күйінде жазылған. Міне осы ақпарат ДНҚ – ДНҚ-ға, ДНҚ – 
РНҚ-ға, РНҚ-дан ақуызға беріліп отырады. Ақпараттар ағынысыз жасуша тіршілігінің болуы 
мүмкін емес. 
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру 
Тестпен жұмыс 
Сабақтың қорытындысы 
Студенттердің жұмысына анализ жасау; 
Рефлексия: Қорытындылау, тұжырымдау, пікір туғызу; 
Бағалау – студенттердің жұмысына анализ жасау. 
Үй тапсырмасы  
I.Үй  жұмысын  хабарлау  «Генетикалық  код.  Белок  биосинтезі.  Транскрипция, 
Трансляция кезеңдері» [3.66-74 б.]. 
II  .  Теориялық  сабақтың  келесі  тақырыбы  бойынша  келесі  сұрақтарға  дайындалуды 
тапсыруға болады: 
1.
 
Генетикалық код? 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
20 
 
2.
 
Нәруыз синтезінің қандай кезеңдерін ажыратады? 
3.
 
Транскрипция сипаты? 
4.
 
Трансляция сатылары? 
5.
 
Ақуыз  синтезінің  басталуы,  тоқталуының  генетикалық  бақылануы  қалайша  іске 
асады? 
Қорыта  айтқанда,  «Молекулалық  биология,  медициналық  генетика»  пәні 
медициналық  білім  берудегі  іргелі  пәндер  қатарынан  орын  алады.  Қазіргі  биологияның 
жетістіктері  мен  жаңалықтарының  медициналық  және  клиникалық  биологияның  дамуында 
алар орны  ерекше.  Биологиялық процестерге, әсіресе,  адамның денсаулығы үшін маңызды, 
тәжірибеде  қолданылатын  биологиялық  феномендер  мәселелерін  зерттеуге    ерекше  көңіл 
бөлінеді. Биология ғылымдарының жеке саларының бірі: биохимия, гистология, физиология, 
микробиология,  медициналық  биология,  генетика,  цитология  т.б.  пәндерінің  теориялық 
негізін меңгеруге және студенттерде клиникалық ойлау дәрежесін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді.  «Молекулалық  биология,  медициналық  генетика»    курсы  білім  алушылардың 
бойында  шығармашылық  қаблеттерін  дамытады.  Сондықтан  «Жаңалықты»  өздігінен  іздеп 
ашатындай  танымдық,  эмоциялық  жағдайлар  туғызатын  оқытудың  эвристикалық,  ғылыми-
зерттеу, табиғатты көркем қабылдау сияқты әдіс-тәсілдеріне ерекше маңыз беру қажет. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Давыдовский И.В. Проблема причинности в медицине. – М., 1962. 
2. Қасымбаева Т., Мухамбетжанов К. Жалпы биология. 10- сынып. – Алматы: Мектеп. 
2010. – Б. 80-89.  
3.  Вирусология,  иммунология,  генетика,  молекулалық  биология.  Орысша-қазақша 
сөздік. – Алматы: Ана тілі. 1993 ж.  
4. Биология. Учебник. / Под ред. В.Н. Ярыгина. – Москва: Медицина. 2004. – Б. 59 – 66 
б.  
5.  Қазымбет  П.Қ.,  Аманжолова  Л.,  Нұртаева  Қ.  Медициналық  биология.  –  Алматы, 
2002. – 33б. 
Резюме 
Калыбаева Т.С., магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Методика преподавания биологии в медицинских колледжах 
В статье дается краткое описание связи биологии и медицины, в том числе взаимосвязь 
предметов  преподаваемых  в  медицинских  колледжах  на  основании  типовой  учебной 
программы.  А  также  пример  методики  преподавания  предмета  «Молекулярная  биология, 
медицинская генетика» по теме  «Генетический код. Биосинтез  белка. Этапы транскрипции, 
трансляции».  Во  всех  теоретических  и  практических  медицинских  науках  используются 
общебиологические  закономерности.  Молекулярная  биология  и  Медицинская  генетика 
являются  разделом  общей  биологии.  Успехи  медицины  тесно  связаны  с  биологическими 
исследованиями,  поэтому  студент  должен  быть  осведомлен  о  новейших  достижениях  в 
области  современной  биологии.  Открытие  клетки,  исследование  физиологических  и 
биохимических  закономерностей  помогают  понять  причины  происхождения  болезней  и 
находить новые пути профилактики, диагностики и лечения болезней. Все болезни человека 
являются  признаками,  эти  признаки  зависят  от  генотипа  человека.  Большое  значение 
биологии  в  медицине  также  связано  с  изучением  наследственных  болезней  человека. 
Предрасположенность  к  некоторым  болезням  передается  по  наследству.  В  наши  дни 
биология и медицина настолько близко связаны, что  многие называют  их одним термином 
Биомедицина.  
Ключевые  слова:  Триплет,  аминные  кислоты,  ферменты,  генетический  код, 
транскрипция, трансляция, биосинтез, ДНК, РНК. 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
21 
 
Summary 
Kalybayeva T.S., the undergraduate of 1 course, 
(c. Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
Methods of teaching biology in medical colleges 
The  article  gives  a  short  description  of  the  connection  between  biology  and  medicine, 
including  interconnection  of  subjects  taught  at  medical  colleges.  It  provides  an  example  of 
«Molecular Biology and Medical Genetics» teaching method of the subject on a topic of «Genetic 
code.  Protein  biosynthesis.  Translation  and  transcription».  General  biological  laws  are  used  in  all 
theoretical  and  practical  medical  sciences.  Molecular  biology  and  medicine  are  a  part  of  general 
biology. Success in medicine is closely connected to biological research, so a student must be up to 
date with  all new breakthroughs  in  modern biology. Cell  discovery, research of physiological  and 
biochemical laws help understand causes of diseases and find ways of diagnosing and treating them. 
All diseases have symptoms and these symptoms differ depending on the genetic background of a 
given  person.  The  importance  of  biology  in  medicine  is  also  shown  in  research  of  inherited 
diseases.  Proneness  to  certain  disease  may  be  inherited.  Nowadays  biology  and  medicine  are  so 
closely connected that a new term is used to describe them- that is Biomedicine.  
Key words: transcription, translation, biosynthesis, DNA, RNA, triplet, amino acids, enzymes, 
genetic code. 
 
 
 
ӘОЖ: 371.671.11:911. 
МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ 
ЖОЛДАРЫ (АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА) 
 
К.Н.Мамирова, г.ғ.к., қауымд. проф. м. а. 
Ұ.М.Пашеева, магистрант 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Мақалада  мұнай  өнеркәсібінің  қоршаған  ортаға  әсері  және  оны  шешу 
жолдары  Атырау  облысы  мысалында  қарастырылады.  Мұнайды  өңдеу  барысында 
табиғаттағы  тепе-теңдікті  және  дамудың  тұрақтылығын  сақтамай,  оны  көптеген  жылдар 
бойы  бұзу  және  өнім  өндіру  көлемін  ұлғайту  аймақтың  экологиялық  жағдайының 
нашарлауына,  бүкіл  қоршаған  орта,  сондай-ақ,  су,  топырақ  беті  және  ауаның  ластануына 
әкелуде.  Өндірістің  дамуы  нәтижесінде  жергілікті  экологиялық  проблемалар  санының 
көбеюі адамзат қоғамының іс-әрекетімен тікелей байланысты болып отыр . 
Табиғат  адамды  қажетті  зат  және  энергиямен  қамтамасыз  етеді.  Алайда  адам  баласы 
өзінің іс-әрекетінің табиғат заңына тәуелді екендігін ескермей, табиғат ресурстарын өндіруді 
қарқынды  түрде  дамытып,  табиғатты  өзгертуі  нәтижесінде  табиғат  қарымта  қайтара 
бастайды.  Сондықтан  табиғатқа  түскен  қысым  нәтижесінде  көптеген  экологиялық 
проблемалар туындап отыр. 
Мұнай  адамзат  тіршілігінде  қажетті  шикізат  болып  табылады.  Мұнай  өндіру  еліміз 
экономикасы дамуының қайнар көзі болғанымен, экологиялық дағдарысқа қарай бет бұрып, 
мұнайды  бұрғылауда,  құбырлардың  жалғасқан  жерлерінен  шикізаттың  төгілуі  топырақ, 
атмосфера,  суды  ластап  қана  қоймай,  сонымен  бірге  адамзат  денсаулығына  зиянды  әсерін 
тигізуде. 
Қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластауы – ең күрделі мәселелердің 
бірі болып табылады. 
Топырақ мұнай қалдықтарымен ластанған жағдайында, топырақтың тығыз карбонатты-
иллювиалды  горизонты  жалаңаштанып,  тақыр  баттар  түзілуі  нәтижесінде  топырақтың 
қуаңдануы  мен  тұздануына  әкеліп  соғады.  Топырақ  биогиоценоздарын  қайта  қалпына 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
22 
 
келтіру  мақсатында  топырақты  тазарту  және  рекультивациялау  технологиясын  жүргізуден 
алдын,  топырақ  құрамының  мұнай  қалдықтарымен  қандай  дәрежеде  ластанғанын  білуіміз 
қажет. 
Ал өсімдік қабатының мұнай өндірісімен ластануы оның жылу изоляциялық қасиетіне 
әсерін тигізеді.  
Гидросфераны  мұнайдан  ластанудан  қорғау  үшін  көмірсутегі  шикізатын  алу  мен 
тасымалдау  жүргізілген  кезде  апатты  жағдайды  болдырмау  немесе  апат  жағдайын  азайту 
үшін табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жиі, кең ауқымда өткізіліп тұруы керек.   
Ауадағы  көптеген  заттардың  концентрациясы  санитарлы  талаптармен  шектеледі. 
Қазіргі  кезде  олар  қоршаған  ортаны  қорғаудың  қолданыстағы  құралдары  болып  саналады. 
Атмосфераға  зиянды  қалдықтарды  жіберуді  азайту  мақсатында  мұнай  газдарын  алауларда 
жағу қысқартылуда. 
Түйін  сөздер:  мұнай,  мұнай  өнеркәсібі,  қоршаған  орта,  табиғи  ресурс,  атмосфера, 
гидросфера, биосфера, геологиялық орта, климат, топырақ, рекультивация т.б. 
Каспий  теңізінде  мұнай  өндіру  өндірісі  150  жылдан  бері  жүргізіледі.  Мамандардың 
жобалауы  бойынша  өндірілетін  мұнайдың  жалпы  қоры  200  млрд  баррель  көлеміндей  деп 
болжанады. Ең ірі көмірсутектердің қоры Қазақстан шельфінде орналасқан. Мұнайды өндіру 
және  өңдеу  көлемінің  біздің  облыс  аймағында  ұлғаюы  да,  жергілікті  экологиялық 
проблемалар қатарын көбейтуде. 
Қазақстанда  мұнайды  іздеу  мен  барлауға  бағытталған  жұмыстар  1892  жылы  Жайық-
Жем алабында басталды. 1899 жылы қазақтың алғашқы мұнай кен  орны  – Атырау  облысы 
Жылыой  ауданына  қарасты  Қарашұңғыл  алаңындағы  №7  ұңғымадан  40м  тереңдіктен 
тәулігіне 25 тоннаға дейін өнім беретін мұнай бұрқағы атқылады. Бұл, бүгінде дүниежүзіне 
мәлім  болған  Қазақстан  мұнайының  алғашқы  тамшылары  болатын.  Қарашұңғыл  мұнайы 
туралы хабар Алтайдан Оралға дейін тарап, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру 
жұмыстары  кең  көлемде  жүргізуге  мүмкіндік  туды.  Содан  кейін  Доссор,  Мақат,  Ескене 
өңірінде терең бұрғылау жұмыстары қолға алынды.
 
1911 жылы Доссор кеніші ашылып, Ембі мұнайын игеруге жаңа қадам жасалды. Екінші 
мұнай  фонтаны  1911  жылы  29  сәуірде  Доссорда  бұрғыланып,  №3  скважина  226  метр 
тереңдіктен 16,7 мың тонна мұнай берді. Қарашұңғыл мен Доссор кен орындарының мұнай 
қоры Қазақстан мұнай өндірісінің алғашқы тарихи беті болып саналады. 
1915  жылы  Мақат  мұнай  кен  орны  пайдалануға  берілді.  Ағайынды  Нобельдер 
серіктестігінің  Новобогатинскіде  (Қамысқалада)  бұрғылаған  2/64  скважинасының  тәулігіне 
50т  мұнай  беретін  фонтан  атқылады.  Мақат  пен  Доссорда  өндірілген  мұнай    1915  жылы 
272746  тоннаға  жетті.  1915  жылы  ашылған  Мақат  -  Атыраудың  үшінші  мұнайлы  перзенті 
болып тарихқа енді [1]. 
Қазақстанның  мұнай  саласы  –  еліміздің  экономикасының  негізгі  салаларының  бірі 
болып табылады.  
Ғарыштық түсірілімдер мен жерде жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша, Каспий 
теңізінің солтүстік аймағында мұнай қоры 3-3,5млрд. тонна, газ қоры 2-2,5 трлн.м
3
 құрайды. 
Қазіргі уақытта республикада Теңіз, Қаламқас, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенқияқ және 
тағы бірқатар ірі мұнай кен орындары іске қосылған [4]. 
Республиканың  басқа  ірі  мұнай-газ  аудандары  Оңтүстік  Маңғыстау-Үстірт  ойпаңы 
және  көтерілімі.  Мұнда  сұйық  көмірсутегі  қорының  56%-на  жуығы  кездеседі.  Атырау  – 
75,6%, одан кейін Ақтөбе 9,1% қорға ие.  
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны Батыс Қазақстан облысының жерінде Орал 
қаласынан  шығысқа  қарай  150  км  жерде  орналасқан,  әлемде  ең  ірі  кен  орындарының  бірі 
болып  табылады.  1979  жылы  ашылған,  кен  орнын  игеру  жұмыстары  1984  жылы  басталды. 
Қарашығанақ  қоры  21,3  трлн.м
3
  газды,  644  млн.  тонна  газды-конденсатты  және  189  млн. 
тонна  мұнайды  құрайды.  Қарашығанақтың  көмірсутек  шикізатының  өңделуі  Орынборда 
жүзеге асады. Бұл кен орнының ең басты мәселесі – шикізатты тасымалдау мен өңдеу.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
23 
 
Қазақстан  Республикасының  Сараптау  агенттігі  бойынша  ТМД  елдерінің  мұнай 
өндірушілерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орында тұр, ал 90 мемлекет  кіретін 
әлемдік  бірлестіктің  алғашқы  30  кіреді.  Қазақстан  мемлекеті  өте  қолайлы  қоры  бай  мұнай 
кен  орындарына  ие  болып  келеді.  Қазіргі  уақытта  Қазақстан  жылына  50  млн.  тонна  мұнай 
өндіреді. Бұл өндірісті Қазақстан 150 млн. тоннаға дейін жеткізуді көздейді. Мұнайды ішкі 
қолдану 20-25 тоннаны құрайды [1].    
Қазақстанда  мұнай  өндіру  1992  жылы  25,8  млн.  тоннаны,  ал  2008  жылы  70  млн. 
тоннаны құрады, олардың ішінде: Теңізде – 17,3 млн., Қарашығанақта – 11 млн., Өзенде – 6,5 
млн., Жаңажолда – 6.3 млн., Құмкөлде – 5,8 млн., Қаламқаста – 4,2 млн., Қаражамбаста – 2 
млн.,  тұзүсті  Кенқияқта  –  2  млн.,  Солтүстік  Бозашыда  –  1,8  млн.,  Жетібайда  –  1,2  млн. 
тоннаны құрады. 
Қазіргі уақытта Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Бұл зауыттарда 
дайын  мұнай  өнімдері  алынады.  Оларға:  Атырау,  Шымкент,  Павлодар  мұнай  өңдеу 
зауыттары жатады, олардың жалпы қуаты жылына 20,7 млн. тоннаны құрайды. 
Атырау  МӨЗ  қуаты  жылына  5,7  млн.  тонна  мұнайды  құрайтын,  Ресей  шикізатына 
тәуелсіз жалғыз зауыт болып табылады. Ол Маңғыстау және Теңіз мұнай кен орындарының 
құбырларымен  байланысқан.  Зауыттың  салынуы  «Баджер»  фирмасының  жобасы  бойынша 
1943 жылы басталды, ал 1945 жылдың қыркүйек айында ең алғашқы өнім шығарылды. 
1960  жылы  Ембінің  анағұрлым  ауыр,  шайырлы  мұнайы  өңделе  бастады.  1965  жылы 
Оңтүстік Маңғыстаудың жаңа кен орындарының игерілуіне байланысты зауытқа алғаш рет 
Маңғыстау мұнайы жеткізілді. Оны өңдеу үшін кәсіпорынды қайта құру жұмыстары жүзеге 
асырылды, мұның өзі зауыттың өндірістік қуатын арттыра түсті. 
Бұл  кеңейту  мен  модернизация  үшін  географиялық  тұрғыдан  қолайлы  жерде 
орналасқан  жалғыз  зауыт.  Зауытта  тауарлы  өнімнің  кең  түрлері  шығарылады,  ол  тауар 
экспортқа шығарылуы мүмкін. Бұл АИ-76, АИ-93 қазақстандық отыны, мазут, тұрмыстық газ 
және басқа да тауарлар болып табылады. 
Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен орындарының құрамында 
парафин  мөлшері  жоғары  ауыр  мұнайды  өңдейді.  1960-80  жылдар  аралығында  мұнайды 
өңдейтін  барлық  технологиялық  құрылғылардың  техникалық  қайта  жарақтандырылуы 
жүзеге  асырылды,  бұл  зауыттың  қуаттылығын  жылына  4,3  млн.  тоннаға  дейін  ұлғайтуға 
мүмкіндік берді [1]. 
Бүгінгі  күні  адамзат  табиғи  орта  ресурстарын  пайдаланудың  жоғары  қарқынды 
периодында тұр. Ресурстар шығыны оның өсуінен артық болып отыр, ал бұл ресурстардың 
азаюына, тіпті мүлдем жойылуына әкеледі [3]. 
Қазақстан  Республикасы  аумағының  қазіргі  таңдағы  экологиялық  хал-ахуалы  сын 
көтермейтін (критикалық) жағдайда деп бағалауға болады. Табиғи ортаның қарқынды түрде 
ластануы  жүріп  жатыр.  Өнім  өндіру  төмендегенімен  қоршаған  ортаның  ластануы  кеміген 
жоқ.  Себебі,  нарықтық  қатынастар  жағдайында  табиғатты  қорғауға  жіберілетін  қаражат 
шығыны бұрынғысынан да үнемделе түсті. Қазақстан халқының әлеуметтік-  экономикалық 
өмір  сүру  жағдайының  нашарлауы  аясында  экологиялық  жайсыз  мәселелер  ерекшелене 
түсуде.  Бұл  тұрғылықты  халық  денсаулығы  мен  өмір  сүру  жағдайының  биологиялық 
негіздеріне  қауіп  тудырады  және  де  экологиялық  процестердің  кері  әсерлеріне  көлемді 
инерциялық қасиет тән екенін ескеру керек. Мысалы, бүгінгі күні атмосфераға озон қабатын 
зақымдаушы заттарды жіберу тоқтатылғанымен осы күнге дейінгі жинақталған зақымдаушы 
заттар  бірнеше  ондаған  жылдар  бойы  өздерінің  кері  әсерін  тигізіп,  озон  қабатын  әрі  қарай 
бүлдіру үстінде. Атмосферада және жер асты қабаттарында жарылған ядролық бомбалар мен 
жұмыс істеп тұрған атомдық станциялардан шығарылған радиоактивті заттардың қоршаған 
ортаға келтіретін залалы көптеген жылдар бойына сақталады. 
Сондықтан  да  бүгінгі  күні  қоршаған  ортаны  қайта  қалпына  келтіру,  ластандырушы 
заттардан  тазарту,  залалсыздандыруға  күш  салу,  экологиялық  дағдарыстың  апатқа 
әкелмеуіне мүмкіндік береді. Қазақстан бұл салада радикалды шешім қабылдау тұрғысынан 
кеш қалып тұр. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
24 
 
Экологиялық  жағдайлар  бойынша  мамандардың  айтуынша  қоршаған  орта  мен  адам 
денсаулығын  қорғаудың  барлық  салаларында  екі  бағыт  бойынша  қосымша  іс-шаралар 
жүргізгенде ғана қазақ жерінің табиғатын нақты тұрғыдан жақсарту мүмкіндігі туындайды. 
Экологиялық  мәселелерді  шешудің  бірінші  бағыты  –  Қазақстан  Республикасы  ішкі 
саясат  концепциясының  барлық  салаларын  тұрақты  дамытуға  көшірумен  байланысты.  Бұл 
қоғам  өмірінің  экономикалық,  әлеуметтік  мәселелерін,  табиғи  ресурстарының  сарқылуын, 
жалпы биосфераның экологиялық көлемін үнемі есепке алып отыру қажеттілігін көрсетеді. 
Екінші  бағыты  –  шаруашылық  және  басқа  да  қызметтік  концепцияларды  бағалауда 
қабылдауға  болатын  тәуелділік  деңгейін  енгізумен  байланысты.  Мұнай  өндіру  саласы  – 
шаруашылық  салаларының  ішіндегі  ең  экологиялық  қауіпті  сала  болып  табылады.  Ол  өте 
үлкен  жер  көлемін  алуымен,  ластандыру  мүмкіндіктерінің  жоғарылығымен  және  өндірістік 
нысандардың  жарылыс  және  өрт  қаупінің  жоғарылығымен  ерекшеленеді.  Ұңғымаларды 
бұрғылауда,  мұнай  өндіру  және  дайындауда  қолданылатын  химиялық  реагенттер  мен 
олардың  қоспалары  өсімдік  және  жануарлар  әлеміне,  адам  өміріне  қауіп  төндіретін  зиянды 
заттар болып табылады. 
Өндірістің  экологиялық  қаупі  көптеген  салаларға  тән.  Атап  айтатын  болсақ:  химия, 
тамақ, тоқыма өндірісі, ағаш өңдеу, кен өндіру, құрылыс материалдарын шығару, көлік және 
мұнай газ өндірісі. Мұнай өндіру кәсіпорнының ерекше белгілеріне: 
- оның өнімінің жоғары қауіпті болуы; 
- химиялық құрамы бойынша тірі организмдерге зиянды болуы; 
- газ бен ауаның белгілі мөлшерде қосылуы арқылы жарылысқа қауіпті қоспалар түзуі; 
- оның барлық қолданатын материалдары, жабдықтары, техникалары жоғары қауіп көзі 
болып табылуы жатады [2]. 
Пайдаланылмайтын ілеспе мұнайлы газ жанатын алаулар да  (факельдер) экологиялық 
тұрғыдан  қауіпті.  Осындай  қауіпті  нысандарда  өнімдерден,  материалдардан  зиян  келтіруді 
болдырмаудың  алдын  алу  үшін  мұнайды  жинау  және  тасымалдау  жүйесі  саңылаусыз 
бекітілуі  тиіс.  Бу  және  газ  құбырларындағы  болатын  апаттар  ауыр  экологиялық  зардаптар 
әкеледі. Олар жерді, топырақты, суды ластап қоршаған ортаға көптеген зиянын тигізеді. 
Мұнай өндірісінің тағы бір ерекшелігі – оның нысандарының ауылшаруашылық, орман 
шаруашылығы мен басқа да пайдаланылатын жердің тиісті аумақтарын қажет ететіндігінде. 
Мұнай  өндіру  нысандары  аумақтардың  көп  бөлігін  алып  жатады.  Нысандардың  жан-
жаққа орналастырылуына байланысты коммуникациялардың ұзақтығы және  уақытша көлік 
жолдары, темір жолдары, су жүйесі, әртүрлі мақсаттағы құбырлардың қашықтықтары үлкен 
болғандықтан мұнай өндірісіне бөлінетін жердің жалпы аумағы да өте үлкен болады. 
Мұнай  өндірісіндегі  техникалардың  барлығы  –  автокөліктің,  тракторлық,  көл  және 
теңіз  кемелері,  бұрғылау  құрылғыларының  ішкі  жану  қозғалтқыштары  қоршаған  ортаны 
ластайды. 
Табиғи  ортаға  кері  әсерінің  деңгейі  бойынша  мұнай  өндірісі  халық  шаруашылығы 
салаларының  арасында  алғашқы  орындарды  алады.  Ол  қоршаған  ортаны,  атмосфераны, 
гидросфераны және геологиялық ортаны ластайды. 
Мұнай өндірісінің барлық процесі  барлау, бұрғылау, өндіру, қайта  өңдеу, тасымалдау 
қоршаған  ортаға  айтарлықтай  зиян  әкеледі.  Барлау,  іздестіру  және  мұнай  кешенінің 
нысандарын салуды қамтитын кезеңдер, кен орнын пайдалану мерзіміне қарағанда қысқарақ 
болады.  Бірақ  бұл  кезеңде  техногендік  әсерлер  пайдалану  кезеңіне  қарағанда  жоғары 
қарқындылығымен  сипатталады.  Бұл  жерде  экологиялық  зардап  көбінесе  физико-
механикалық әсерлердің топыраққа, өсімдік және жануарлар әлеміне ықпалынан байқалады. 
Гидрологиялық  жағдайдың  тұрақсыздануы  –  эрозиялық  процестердің  күшеюімен,  су 
қоймаларының  ластануы  –  ихтиофауна  мен  жануарлардың  жойылуы,  тұрақты  игерілетін 
жерлер мен халықтың өмір тіршілігіне теріс ықпал етуімен түсіндіріледі. 
Осы айтылған проблемалар мұнай құрылысының жан-жақты және түбегейлі зерттеуін 
қажет  ететін,  оны  жобалау  кезеңінде,  инженерлік  барлауларда  және  мұнай  кәсіпорнының 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
25 
 
нысанын  салу  кезінде  міндетті  түрде  ескеруді  талап  ететін  маңызды  экологиялық 
проблемалар қатарына жатады. 
Мұнай құрылысын экологиялық қамтамасыз ету проблемаларын шешу бағдарламалық-
мақсатты әдіс жүйесі негізінде жүзеге асырылады. 
Мұнай  құрылысының  экологиялық  проблемаларының  аса  өзектілігі  мұнай  кен 
орындарын  игеру  кезінде  арта  түседі.  Бұл  бағытта  да  мұнайдың  құрылысын  салу,  өндіру, 
жинау,  даярлау  және  тасымалдау  технологиясы  бойынша  техникалық  шешімдер 
жетілдірілуде [2]. 
Қазіргі таңда қоршаған табиғи ортаның ахуалы әрбір адамға тікелей де, жанама түрде 
де әсер ететін маңызы орасан зор әлеуметтік-экономикалық мәселенің біріне айналып отыр. 
Мұнай  өндіру  ісінде  апатты  жағдайлардың  болу  мүмкіндігі  жоғары,  яғни  негізгі 
өндірістік  процестер  жоғары  қысым  аясында  жүргізіледі.  Кәсіптік  жабдықтар  мен  құбыр 
желісі жүйесі агрессивті ортада жұмыс жасайды. 
Ауқымды мұнай өндірісі техногенезінің негізгі анықтаушы факторлары мыналар: 
- мұнай өндірісі масштабы; 
- оның табиғи және өңделген түрдегі жоғарылату деңгейі. 
Мұнай  өнімдерін  дайындаудың  қазіргі  жаңаша  тәсілдерінде  болжанған,  барлау 
жасалған  мұнай  қорының  40-50%  мұнай  қойнауларынан  алынбай  қалады.  Мұнай,  мұнай 
өнімдерінің  1-17%  өндіру,  әзірлеу,  өңдеу,  тасымалдау  және  қолдану  процесінде 
жоғалтылады. 
Мұнай өндірісінің ірі кешендері мен елді мекендер табиғаттың барлық компоненттерін 
дерлік өзгертеді (ауа, су, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі және т.б.). 
Әлемдегі мұнай өндіру, өңдеу және пайдалану процесінде жылына мұнайдың 45 млн. т-
дан  астамы  жоғалтылады,  ал  бұл  жылдық  табыстың  2%-ын  құрайды.  Оның  ішінде  22  млн. 
тонна құрлықта, ал 7 млн. т-ға жуығы теңізде жоғалтылады. 16 млн. т шамасындағы мөлшері 
автокөліктер,  авиациялық  және  дизельдік  қозғалтқыштар  жұмысы  барысында  мұнай 
өнімдерінің толық жанбауы негізінде атмосфераға таралады. 
Атмосфераны  ластайтын  заттардың  көп  бөлігі  алаулардың  еншісінде,  бұл  әсіресе 
апаттық жағдайларда орын алады. Көрсеткіштерге сүйенсек, ластайтын қалдықтардың 75%-
СО
2
 көміртегі қышқылынан құралады. Мұнай газының толық жанып кетпеуі жағдайында ол 
атмосфераның  жоғарғы  қабаттарына  түседі,  онда  ол  СО
2
-ге  дейін  қышқылданады  да 
«парник» эффектісінің пайда болуына әсер етеді. Мұнай өндіру нысандарынан шығарылған 
ластаушы  заттары  әсерінен  кен  орындары  аймағында  жер  бетілік  концентрация  мүмкіндік 
шектік концентрациядан 3-10 есе артық болады. 
Қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластауы – ең күрделі мәселелердің 
бірі.  Топыраққа  түскен  мұнай  гравитациялық  күштердің  әсерінен  төмен  қарай  сіңеді  де, 
сыртқы және капиллярлық күштердің әсерінен кеңінен таралады. 
Қатты  ластанған  аймақтарда  топырақтың  тығыз  карбонатты-иллювиалды  горизонты 
жалаңаштанады, нәтижесінде тақыр баттар түзіліп, топырақтың қуаңдануы мен тұздануына 
әкеліп соғады. 
Елімізде  мұнай  қалдықтарымен  ластанған  топырақ  биогиоценоздарын  қайта  қалпына 
келтіру  мақсатында  ең  алдымен  топырақты  тазарту  және  рекультивациялау  технологиясын 
жасау үшін топырақтың қаншалықты мұнай қалдықтарымен ластанғанын, құрамын білуіміз 
қажет. 
Мұнай  өндіру  аймақтарында  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелерінің  концепциясында 
төмендегідей факторларды да ескеру керек: 
1.  Адам  өмір  сүру  үшін  шаруашылық  жүргізілуі  тиіс,  мұнай  және  басқа  да  пайдалы 
қазбаларды өндіру керек. 
2. Ғылым мен техниканың қазіргі таңдағы дамуы кезеңінде мұнай өндіру, өңдеу және 
тасымалдау  технологияларының  табиғатқа  кері  әсерін  тигізбей  жұмыс  жасайтыны  мүлдем 
жоқ. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
26 
 
Табиғатты  тиімді  пайдалану  шаруашылық  қызметін  қамтамасыз  ететін  қажетті  әрекет 
пен  қоршаған  табиғи  ортаның  сәйкесті  жағдайда  болуы  арасындағы  компромисс  болып 
саналады.  Яғни,  1  және  2-ші  факторларды  тиімді  түрде  біріктіру  керек.  Мұнай  өндіру  мен 
кен  орындарын  игеру  барысында  қоршаған  ортаға  әсер  ететін  негативті  зардаптарды 
мүмкіндігінше азайтып, мұнайдың ағып кетуінің апаттық жағдайларын болдырмау, бүлінген 
аймақтарды мүмкіндігінше қалпына келтіру қажет. 
Кез  келген  компромистік  шешімдердің  тиімді  жүзеге  асырылуына  белгілі  бір  қатаң 
қадағалау,  орындау  арқылы  ғана  қол  жеткізуге  болады.  Табиғи  ресурстарды  ақыл-ой 
тұрғысынан  тиімді  пайдалану  мазмұны  мен  оның  шарттарын  және  қабылданған 
шешімдердің экологиялық қауіпсіздігін анықтау қажет. 
Табиғатты  бақылаусыз  пайдалану  нәтижесінде  пайда  болуы  мүмкін  зардаптардың 
алдын  алудың  маңыздылығы  1992  жылы  Рио-де-Жанейрода  болып  өткен  қоршаған  ортаны 
қорғау  мен  жетілдіруге  арналған  БҰҰ  конференциясының  шешімдерінде  көрсетілген.  Бұл 
форумда 
бұрынғы 
қолданыстағы 
әлеуметтік-экономикалық 
даму 
моделінің 
жарамсыздылығы  мен  жер  шары  халқының  жаңаша,  жоғары  деңгейде  өмір  сүруі  үшін 
негативті  факторларды  болдырмау  мүмкіндігіне  қол  жеткізетін  сәйкесті  тұрақты  модель 
қажеттілігі  аталып  өтті.  Шындығында  да,  әлемдегі  дамыған  елдерде  тұтыну  деңгейі 
геометриялық прогрессия бойынша ұлғайып келеді. 
БҰҰ  аясында  халықаралық  бірлестік  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  дамыту  мәселесіне 
тұрақтылық пен ұзақ мерзімдік сипат беруге талпына отырып, қазіргі ұрпақ талап-тілектерін 
қанағаттандыру,  кейінгі  ұрпақтың  қажеттіліктерін  өтеуге  керекті  мүмкіндіктер  қалдыру 
мәселелерін қамтиды. Және осыларға орай бірнеше маңызды шешімдер мен бағдарламалық 
құжаттар:  
-  1972  ж.  Стокгольмде  болып  өткен  қоршаған  орта  мәселелері  бойынша  БҰҰ 
конференциясының декларациясы;  
- 1992 ж. Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту мәселелері 
бойынша БҰҰ конференциясының декларациясы; 
-  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  1997  ж.  XIX  арнайы  сессиясында  қабылданған  XXI 
ғасырға арналған бағдарламалар бекітілді. 
Отандық экономиканың көптеген салаларының құрылымдары деформацияланған және 
тиімді емес. Технологиялық дамыған мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда қоршаған 
ортаға  кері  әсер  ету  деңгейінің  жоғары  екендігі  құпия  емес.  Көптеген  дамыған  елдерде 
кеңінен қолданылып  келе жатқан тазалауға арналған жабдықтардың  құнын салық төлеуден 
босату  тәжірибесі  Қазақстанда  қолданылмайды.  Бұл  тәжірибе  негізінде  жүргізілетін  іс-
шараларға  арнайы  мақсатты  инвестициялық  несиелер  алуға  жеңілдік  беріледі  және  олар 
қоршаған ортаны сауықтыру мақсатында пайдаланылады [5]. 
Мемлекет  дамуының  өтпелі  кезеңдерінде  жұмыс  атқарып  тұрған  өндірістер  мен 
кәсіпорындарда  экологиялық  жағдайдың  нашарлау  қаупі  арта  түседі,  ал  ол  өз  кезегінде 
қаржылық  дағдарыстармен,  техникалық  режімдердің  үнемі  сақталмауы,  өз  дәрежесінде 
орындалмауымен, құрал-жабдықтардың ескіруімен көрініс табады. 
Табиғатты  қорғау  қызметінің  экономикалық  механизмі  табиғи  ресурстарды 
пайдаланғаны, лас заттарды қоршаған ортаға тастағаны және т.б. зиянды әсер етуі негізінде 
айыппұлын жинақтау жүйесін құрайды. 
Қоршаған  ортаны  ластанудан  қорғау,  ластану  деңгейін  төмендету  мақсатында  жақсы 
жағдайлар  жасау  тек  мемлекеттік  басқару  тарапынан,  заңнамалық  жүйе  және  ұлттық  өнім 
өндірушілердің бірігіп, жұмыла жұмыс атқаруы негізінде ғана орындалуы мүмкін болады [2]. 
Қорыта  айтқанда,  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелері  соңғы  уақыттарда  техникалық 
және  технологиялық  ерекшеліктері  бойынша  қоршаған  ортаны  ластаушылардың  ірілерінің 
бірі  болып  саналатын  мұнай  өнеркәсібі  дамыған  елдердің  барлығында  үңіліп  қаралатын 
жағдай болып отыр. 
Бұл  елдерге  сонымен  бірге  Қазақстан  Республикасын  да  жатқызуға  болады.  Біздің 
еліміз бай 100 жылдық мұнай өнеркәсібі тарихына ие. Қоршаған ортаны қорғау іскерлігі ең 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
27 
 
алдымен  техникалық  процестердің  техникалық  және  ұйымдастырушылық  деңгейіне 
байланысты.  Мұнай  кешенінің  құрамында  40-тан  астам  ластаушы  көздер  типтері  бар,  олар 
қоршаған  ортаға  әсер  етуінің  интенсивтілігінің  әртүрлілігімен  және  ластаушы  заттардың 
қасиеттерінің  әртүрлілігімен  сипатталады.  Мұнай  саласының  кәсіпорындары  қоршаған 
ортаға  барлық  дерлік  өндірістік  жүйешелерде,  яғни  мұнай  өңдеуде,  мұнайдан  алынатын 
өнімдер негізінде органикалық заттарды синтездеуде қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде 
өз зиянын келтіреді. 
Қоршаған  табиғи  ортаға  мұнай  өнімдерін  эксплуатациялау  және  құрылысын  салу 
елеулі  әсерін  тигізеді.  Шұңқырлар  қазу,  тіректер  құрылысын  салу  эрозиялық  процесс 
активтілігін  күшейтеді.  Көп  жылдан  қалған  қатқан  жыныстардың  еруіне  алып  келеді, 
өзендердегі  жыралар  деформациясын  тудырады,  таулы  бөліктер  және  шөлдердегі  жер 
рельефін  бұзады.  Тасымалданушы  өнімдер  құбырларының  тесілуі  трасса  бойындағы 
құбырлар  мен  қиылысушы  өзендер  үшін  ластануды  туғызады.  Резервуарлардағы  үлкен 
немесе кіші тесіктердің пайда болуы атмосфералық ауаны ластайды.  
Қоршаған табиғи ортаға мұнай саласының кәсіпорындары, олардың негізінде полимер 
алу объектілерінен пайдаланылатын өнімдердің өзі де өз зиянын тигізеді. 
Қоршаған ортаға негативті әрекет етуі үшін өз жауапкершілігін мойындай отырып және 
Қазақстан дамуының тұрақты жолына өту бойынша концепсиясын жетекшілікке ала отырып 
мұнай  өнеркәсібі  қоршаған  ортаға  тигізетін  негативті  іскерлігін  төмендету  бойынша 
іскерліктерін интенсификациялап және оның салдарын ликвидациялауға көңіл бөлуде.  
Гидросфераны  мұнайдан  ластанудан  қорғау  үшін  көмірсутегі  шикізатын  алу  мен 
тасымалдау  жүргізілген  кезде  апатты  жағдайды  болдырмау  немесе  апат  жағдайын  азайту 
үшін табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жиі, кең ауқымда өткізіліп тұруы керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет