Резюме
Койшиева Т.К., к.тех.н., доцент, Салгараева М.И., старший преподаватель,
Давлетова В.М., магистр-преподаватель
(г.Туркестан, МКТУ имени Х.А. Ясауи)
(г. Тараз, Таразский инновационно-гуманитарный университет)
Концепция профессиональной подготовки будущих учителей на основе
объектно-ориентированного проектирования
В статье описаны концепция профессиональной подготовки будущих учителей на
основе объектно-ориентированного проектирования в процессе обучения информационным
технологиям.
На
современном
этапе
развития
информационных
технологий
совершенствуются методология и технология разработки программного обеспечения,
которые, в основном, базируются на объектно-ориентированном подходе, что находит
отражение в государственном образовательном стандарте высшего профессионального
образования для подготовки будущих учителей информатики в области программирования.
Обучаемые испытывают затруднения при создании объектно-ориентированного
программного кода, так как объектно-ориентированные языки программирования не
позволяют наглядно представить классы объектов и отношения между ними, не
способствуют формированию общего представления о создаваемом программном коде.
Таким образом, возникает необходимость совершенствования существующих
методических подходов к обучению будущих учителей информатики ООП за счет
использования унифицированного языка моделирования и средств автоматического
генерирования объектно-ориентированного программного кода, являющихся инструментами
объектно-ориентированного проектирования.
Ключевые слова: концепция, объектно-ориентированное проектирования, языки
программирования, программный код, классы объектов.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
63
Summary
Koyshieva T.K., candidate of technical sciences, assistant professor,
Salgaraeva M.I., senior lecturer, Davletova B.M., master teacher
(c.Turkestan, IKTU named by A.Yesevi)
(c. Taraz, Taraz innovation and Humanities University)
Concept of professional training of future teachers based on the object-oriented design
The article describes the concept of professional training of future teachers on the basis of
object-oriented design in learning information technology. At the present stage of development of
information technology and improved methodology for software development technology, which is
mainly based on the object-oriented approach, which is reflected in the state educational standard of
higher professional education for the training of future teachers of computer science in the field of
programming.
Students have difficulty in creating an object-oriented code, as object-oriented programming
languages do not allow to visualize the object classes and the relationships between them, are not
conducive to the formation of the overall presentation of the generated code.
Thus, there is a need to improve the existing methodological approaches to training future
teachers of computer science the OOP by using unified modeling language and tools for automatic
generation of object-oriented code, it is a tool of object-oriented design.
Keywords: concept, object-oriented design, programming languages, software code, object
classes.
ӘОЖ 004 (075.8)
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАР ҚҰРУ
Құлмағамбетова Ж.Қ., т.ғ.к.,аға оқытушы
Сержанова Г.Б., студент
(Ақтөбе қ., Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті)
Аңдатпа: Мақалада көптеген зерттеулер жасалды. Мақаланың басты мақсаты –
мобильді қосымша құруға деген ынтасы бар қолданушыларға қолжетімді және қолайлы
түрде ақпаратпен қамтамасыз ету.
Мақаланы жазу кезінде объектілі-бағытталған Java және мобильді құрылғылардың
Android және Android SDK программалау тілдері қолданылды. Олар тұрақты түрде дамып,
функционалдық мүмкіндіктері артып келеді. Негізгі бөлімінде Android платформасына
Android SDK құралын орнату келтірілген. Android SDK құралы арқылы Android
платформасына дайындалған мобильді қосымшаны тексеруге арналған виртуалды машинаны
эмулятор (ұялы байланыс құралы) іске қосу жайлы нұсқаулық көрсетілген. Қорытынды
бөлімде мобильді интерфейстер базасының төңiрегiнде мектеп оқушыларына ақпаратты
қолайлы және қолжетімді түрде беретін мектепке арналған мобильді қосымша құру
жүргізілген.
Түйін сөздер: Android SDK, Android, Java.
Дербес мобильді құрылғылар (смартфондар, дербес қалта компьютерлері, планшеттер)
қазіргі замандағы әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады. Мобильді құрылғылардың әрбір
пайдаланушысы тілдесу үшін аса күшті құралға қол жеткізді. Android операциялық жүйесі
мобильді құрылғылар үшін салыстырмалы түрде жаңа платформа болып табылады. Ол өзінің
ашықтығының арқасында, жетілдіруге арналған тегін және ыңғайлы құралдары бар
болуының арқасында, жылдам түрде кеңінен таралып отыр.
Android SDK – Android операциялық жүйесі үшін қосымшаларды жасау ортасы.
Бағдарлама мобильді құрылғы камерасын, акселерометр, компас, GPS мәліметтерді,
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
64
Bluetooth, Wi–Fi, EDGE және 3G бойынша рұқсатты қолданатын Android – қосымшаларын
жасау мен тестілеуге мүмкіндік береді. Оған қоса мультимедиялық контентпен (MPEG4,
H.264, MP3, AAC, AMR, JPG, PNG және GIF форматтарындағы аудио, бейнелер, суреттер),
SQLite мәліметтер базасымен, WebKit қозғалтқышындағы біріктірілген браузермен, Dalvik
виртуалды машинасымен, GSM телефониямен және тағы басқаларымен жұмыс жасауды
қолдайды. Оған қоса Android SDK қолданушылары қосымша орнатылған эмулятор
көмегімен өздері жасап шығарған қосымшаларды тестілей алады. Linux’ке негізделген
Android SDK ортасы қосымшаларды іске қосу үшін виртуалды құрылғыны қолданады және
3G, WiFi, GPS, сенсорлы экран сияқты және заманауи мобильді телефондарда бар басқа да
стандартты функцияларды қолдайды.
Бағдарламаны тексеру үшін виртуалды машина іске қосылады – эмулятор (ұялы
байланыс құралы) пайдаланады. Ұялы байланыс эмуляторын жасау Tools | Android | AVD
Manager терезелеріне өту арқылы жасалынады. Алдымен шебер тілқатысу терезесі пайда
болады. Жаңа терезеде виртуалды құрылғы батырмасын жасау түймешігін басыңыз, оның
ішінде ықтимал эмулятор жиынтығын қараңыз. Қажетті эмуляторды жүктеңіз. Бастау үшін
бір эмулятор да жеткілікті болып табылады.
Сурет 1 —Virtual Device Configuration
Мысалы, кез келген Android4 мағыналы атауын енгізіңіз. Android, экран өлшеміне
қалаған нұсқасын таңдаңыз және т.б. Қажет болған жағдайда OS барлық нұсқасы үшін
эмулятор құрып, оның жұмыс істей алу қабілетін тексеруге болады. Ал басқа параметрлерін
өзгеріссіз қалдыруға болады. Сізге кез келген кезде қайтадан параметрлерін өңдеуге болады.
Ол үшін Use Host GPU пайдалану ұсынылады. Бұл эмулятордың жылдамдығын арттырады.
OK түймесін басыңыз.
Қосылған эмуляторлар эмулятор менеджерінде сақталынатын болады.
Сурет 2—AVD Manager
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
65
Android Studio орнатқаннан кейін бағдарлама құруға дайынбыз. File | New | New Project
терезесін таңдаймыз. Сіз тілқатысу терезесін көресіз.
Application name өрісі: – қосымшаға түсінікті бағдарлама аты. Әдетте, My Application
болуы мүмкін.
Company Domain өрісі: Сіздің көрсетететін сайтыңыз үшін пайдалынады. Әдетте,
компьютердің пайдаланушы ретінде сіздің атыңыз болуы мүмкін. Егер сіздің веб-сайтыныз
бар болса, мекенжайын енгізіңіз немесе кез келген атты ойлап табыңыз. Енгізген атау
сақталады және автоматты түрде келесі жаңа жобаларды алмастырады.
Package namе өрісі: Алдыңғы өріске негізделген арнайы Java-пакетін жасайды. Пакет
сіздің бірегей өтініміңізді анықтау үшін пайдаланылады. Edit түймешігі дайындалған
нұсқаны өңдеуге мүмкіндік береді.
Project location үшінші өрісі: жаңадан жасалынатын жобаның дискідегі орнын таңдауға
мүмкіндік береді.
Келесі терезеге өту үшін Next батырмасын басамыз. Мұнда біз қосымшаны дамытуға
сәйкес құрылғылардың түрлерін таңдау. Бұл көп жағдайларда смартфондар мен
планшеттерге жазуға арналған. Келесі қосымшаның экранының көрінісін таңдаймыз.
Сурет 3 – Create New Project
Android операциялық жүйесінде қосымша негізінен Java тілінде жасалынады. Арнайы
құрастырылған программалық код архив-файлға Android Package-ге жинақталады. Файлдың
кеңейтілуі aapt tool және *.apk арнайы көмекшісімен жинақталады. Осы жинақталған архив-
файл мобильді құрылғыларға орнатылатын программа болып табылады. Бір файл бір
қосымшаның кодымен байланысқан. Әр программа өзінің процесін орындайды. Мұндай
машинада Android-тың әрбір қосымшасы өзінің әлемінде өмір сүреді. Android
платформасында іске қосылатын қосымшалардың барлығы Java тілінде жазылған. Android-
тың ашық сәулеті, қолданушы интерфейсіндегі немесе құрылған қосымшаның дизайнындағы
кез келген қателіктерді қиындықсыз оңай түрде жөндеуге, сонымен қоса Android, мобилді
құрылғыға арналған қосымша интерфейсін, функционалды қосымша дизайнын максималды
түрде қолданушының талабына сай етіп, өзі құруға мүмкіндік береді.
Мобильдiлiк бүгiн – глобальды құбылыс бiздiң өмiр сала көпшiлiгiнде енген. Бүгiні
тұтынушы iздейтін тек қана мобильді телефон, ол шарттар мен мүмкіндіктерін мұқият
зерттейді, қазiргi нарықтың
талаптарымен
салыстырады.
Сондықтан
мобильді
технологияларды дамыту тек қана үдейтiнiн бекiтуге болады.
Менің жобамда мобильді интерфейстер базасының төңiрегiнде мектеп оқушыларына
ақпаратты қолайлы және қолжетімді түрде беретін мектепке арналған мобильді қосымша
бағдарламасын құру. Бағдарлама ақпараттық жүйелерiнің нақты қолданушылар топтарына
арналған негiзгiсi әдiстермен, ұқсас жүйелердiң iске асыру жолдары талқыланады. Жобаның
нәтижесiнде Androidтiң платформасында мобильді құрылғылар үшiн электронды оқулық
қосымшасын iске асыруы болады.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
66
Осы жоба негізінде ақпаратты таратудың жаңа үрдісі болып отырған планшет пен
смартфондар тек қана ойын-сауық кұралы ғана емес, оқушылардың білім сапасының
артуына пайдалы болатынына нақ сенімдімін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Эд Бурнет. Разработка мобильных приложений. – СПб.: Питер, 2012. – 256 с.
2. Дейтел П., Дейтел Х., Моргано М. Adroid для программистов: создаем приложения. –
СПб.: Питер, 2013. – 560 с.:ил.
Резюме
Кулмагамбетова Ж.К., к.т.н, старший преподаватель, Сержанова Г.Б., студент
(г. Актобе, Актюбинский государственный университет им. К. Жубанова)
Составление мобильного приложения
В статье «Создание мобильного приложения» проводились множество исследовании.
Целью статьи является разработка доступного и удобного мобильного приложения. В ходе
выполнения статьи были использованы объектно-ориентированный язык программирование
Java, Android и Android SDK. Эти программы постоянно развиваются, функциональность
растет. В основном разделе установка Android SDK для платформы Android. Так же
инструкции тестирование мобильного приложения в виртуальной машине (эмулятор)
подготовленнего на Android SDK для Android платформы.
В заключительном разделе удобный и доступный способ создания мобильного
приложения для школ.
Ключевые слова: Android SDK, Android, Java.
Summary
Kulmagambetova Zh.K., candidate of technical sciences, senior lecturer,
Serzhanova G.B., student
(Aktobe, Aktobe state university named after K.Zhubanov)
Create mobile applications
In the article «Creating a Mobile Application» we conducted a lot of research. The aim of the
article is to provide affordable and convenient mobile application. During performance of the article
were used object-oriented programming language Java, Android and Android SDK. These
programs are constantly being developed, functionality is growing. In the Basic section, installation
Android SDK for the Android platform. Just instruction testing mobile applications in a virtual
machine (emulator) prepared on the Android SDK for the Android platform.
In the final section, a convenient and affordable way to create mobilnogl application for
schools.
Key words: Android SDK, Android, Java.
ФИЛОЛОГИЯ– PHILOLOGY
ӘОЖ 821. 512. 122 (091)
ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ
К.С.Әбдіқалық, ф.ғ.к., профессор м.а.
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Бұл мақалада Шәкәрім өлеңдеріндегі азаттық идея жан-жақты сөз етіледі.
Ақынның 1917 жылдарда жазған шығармасында ел өміріндегі өзгерістер, патша үкіметінің
құлап, қазаққа бостандық келді деп оның шаттана қуануы байқалады. Төңкерістен кейін де
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
67
ауызбіршіліктің жоқтығынан қазақтардың өз іштерінен партияға бөлінулерін ақынның сынға
алғаны мұнда айқын ашылған. Сондай-ақ Шәкәрімнің алпыс жастан асқандағы өмір жолдары
берілген өлеңдерін тарихи шындықпен байланыстыра жан-жақты талданады. Елінің мінін
айтып, оны түзетем деп ұмтылған ақынның ұлт жанашырлығы бұл мақалада барынша
зерделенеді.
Түйін сөздер: бостандық, азаттық идея, президиум мүшесі, қазан төңкерісі, әділет,
ғылым.
Елінің тағдырына алаңдаған ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы ХХ ғасырдың
басында ұлт зиялыларының ұстанған бағытына тілектес болып, өзінің жырларымен
қазағының адаспай, дұрыс жол таңдауына барынша ықпалын тигізді. «Осындай, қазақ
халқының ояна бастаған тұсында, оның ұлт-азаттық жолындағы күресі туын берік ұстап,
халық өмірінің шындығы мен алдыңғы қатарлы идеясын жырлаған қоғамдық сананың бір түрі
– қазақтың ұлттық әдебиеті болды» [1,26] десек, осы ұлттық әдебиетке өзіндік үлес қоса
білген ақындарымыздың бірі Шәкәрім болды. Сонымен қатар «Шәкәрім Абайдағы өнер-
ғылымға үндеудің арнасын отаршылдықтың езгісіндегі ұлтының бостандығы жолындағы
күреске бұруға ұмтылып, ол жолдағы ел мен ер бірлігінің атқарар міндетін айқындауды
шығармашылығының негізгі өзегіне айналдырады. Ұлттық рухты жырлауда жаңа ізденістерге
бет бұрады. Осы бетбұрыстан кейінгі өз шығармаларына азаттық ойды арқау еткен Ахмет,
Міржақыптарға ой салған алғашқы идеялардың көрінісі бой көрсетеді. Әрине, Мәшһүр Жүсіп,
Шәкәрім шығармалары тікелей азатшылдық күресті меңземегенмен, осы ойдың өміршең
болуына, өзінен кейінгілердің шығармашылығынан мол орын алуына септігі аз болған жоқ.
Азаттық ойдың, ұлттық рух ұстанымының орнығуына үлкен әсер етті» [2,87].
ХХ ғасыр басындағы заманның күйі Шәкәрімді де бей-жай қалдырмағаны белгілі. Ең
бастысы ақын қазағының түзелуін көздеді. Мұны болыстық сайлау, билікке таласқан қоғам
жағдайын шынайы суреттеп, ел кемшілігін сынға алған «Партия адамдары», «Тағы да сорлы
қазақ», «Партия қуған өңкей қырт» т.б. өлеңдерінен аңғаруға болады.
Шәкәрімнің бес жасынан жетпіс жасына дейінгі өмірі сипатталған «Мұтылғанның
өмірі» деген өлеңінде ақынның алпыс жастан асқандағы өмір жолдары ұлт тағдырымен
байланыстыра өріледі. 1917 жылы 27 ақпанда II Николай тақтан құлап, уақытша үкіметтің
орнауы, осы ақпан төңкерісінің жеңісі қазақ елі үшін кішкене болса да бейбітшіліктің самалы
ескен тәрізді болды. Бұл тарихи шындықты Шәкәрім былай жырлайды:
Түзелер деп қазағым,
Николай құлап, өлген соң,
Тағы да тарттым азабын,
Алпысқа жасым келген соң.
Құлдықтан қазақ босады,
Білмеймін қайдан тосады.
Күн шыққанға ұсады,
Бостандық сәуле берген соң.
Бұл арада ұзақ жылдар бойы елінің азаттығын аңсаған ақынның қазақтың басына жақсы
күн туатынына кәміл сенгендігі байқалады.
Осы 1917 жылғы ақпан төңкерісінің жеңісі жұртына бостандық әкелді деп ойлаған ақын
«Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» сияқты өлеңдерін жазады. Бұл
өлеңдерінде де ақынның ертеңгі күннен күтер үміті зор.
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер...
Осылайша қуаныш сезімін жасыра алмаған ақын еліне «арға ие басшының соңынан
еріңдер» деп ұран тастап, «таң артынан хақиқат күн шығатынына» халқын сендіреді. Ал
«Бостандық туы жарқырап» өлеңінде елінің келешегіне алаңдаған ақын:
...Енді өмір не болар,
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
68
Күн туа ма оңалар –
Түзелер, не жоғалар,
Бал ашайын шамалап,
Еркін тиіп қонысы,
Кеңір ме екен өрісі,
Не болады орысы,
Соны ойлайық бағалап...– деп жер мәселесіне қатысты түйткіл ойларын да жайып салып,
алысқа көз тастайды. Қазақ жеріне тұрақтап қалған келімсектердің жай-күйі не болады деп
ойлауының мәнісі де осында. Яғни, олар алда-жалда кете қалса, қазақ қонысы кеңейер деген
үміті күшті ақынның.
Орыс әзір тына алмас,
Орнығып жұмыс қыла алмас,
Болмас па екен тайталас,
Бірін-бірі сабалап, –
деген уайымын да жасырмайды. Қалай болғанда да осы азаттықтың таңы ақынға күдік
ұялатады.
Бұл еркіндік тым-ақ жас.
Бір қалыпты тұра алмас,
Кейде айығып, кейде мас, –
Бостандықты жағалап.
Мұндағы «жас еркіндік» деп отырғаны уақытша үкімет еді. Оның «кейде айығып, кейде
мас» болып «бостандықты жағалаған» түрінен шошыған ақын оған толық сенім артпай,
алысты болжай білетін көрегендігін танытады. Расында да осы үкіметтің «бір қалыпты тұра
алмағанын» тарихтың өзі де көрсетіп берді емес пе?!
Енді бірде Шәкәрім «Мұтылғанның өмірі» деген өлеңінде:
Балшебек пен меншебек
Партия қылды әр бөлек,
Айтып-айтпай не керек,
Орысты екі бөлген соң.
Әкеміз орыс десек те,
Келмеді бұл есепке,
Қайтадан жаттым төсекке.
Сенімді үміт сөнген соң, –
деп патша үкіметі құлағаннан кейін орнына келген сол уақытша үкіметтің әлі де болса
ауызбіршілігі жөнді орныға алмай, өз іштерінен партияға бөлінулерін сынға алады.
Ал ақынның осы өлеңінде Алаш қозғалысына деген сенімі бөлек.
Оқыған жастың етегін,
Қабыл алдым жетегін, – деп «оқыған жас», яғни қазақ зиялыларының бағытына
қосылып, олардың ұстанымын қолдағанын ашық білдірген еді.
Енді бірде Шәкәрім:
Партия – соры көп елдің,
Айта алмай соны бөгелдім, – дейді. Мұндағы ақынның айта алмағаны, яғни, ол сол
уақыттағы Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат ұсыну мәселесі бойынша қазақ
жерінде құрылған әртүрлі саяси партиялар арасындағы талас-тартыстың күшейген тұсын
меңзеп тұрғандай. Сонымен қатар осы өлеңіндегі ақынның:
Күздігүн тағы шақырды,
Семейге кел деп ақырды...
Кешем деп қашқан қаныңды
Бармасам деп тұр қабайын.
Барсам Әлқан Омбыда
Мұхаметжан тұр орнына
Сұр жауын қазақ сорлыға
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
69
Деп тұр екен жауайын, – дегеніне зер салсақ, ақтар мен қызылдардың бірі келіп, бірі
кетіп жатқан тұсында «Алаш» париясының, яғни, өз алдына үкімет құруға атсалысқан
Ә.Бөкейханов сынды зиялы қауымның іс-әрекеттері көмескеленіп болса да мұнда айтылып
өтеді. Ең бастысы ақынның олардан естігенін, яғни, қазаққа «сұр жауынның» жауайын деп
тұрғанын біліп, ескертуі оның сол азаматтармен тығыз қоян-қолтық араласатындығын
көсетеді. Ал «сұр жауын» деп отырғаны 1917 жылғы қазан төңкерісі болса керек. Өйткені
қазақ басына түскен нағыз ауыртпашылықтар осы қазан төңкерісінен басталатыны тағы аян.
Алашорда бір бөлек,
Қауымның ойы өзгерек...–
дегенді де айтып, ақын сол тұстағы осы тарихи шындыққа да көз жүгіртеді. Алашорда
үкіметіне қарсы шыққан қазақ жеріндегі басты бәсекелестерінің бірі «Үш жүз» партиясы
мүшелерінің өз газетінің бетінде «Алаш» партиясы туралы көптеген мақалалар жариялап, осы
партияны таратуға бар күшін салғаны, қос үкіметтің тұсында да, Қазан төңкерісінен кейінде
де салмағы басымырақ болған большевиктер партиясының ықпалы осы кезде көпшілік
жұрттың ойын өзгертіп, Алашордаға деген сенімсіздігін тудыртқаны белгілі.
...Қызыл алды қаланы,
Оқығандар, мұны сез.
Қызылдан қылып зор қауіп,
Қазаққа шын жол тауып
Қарусыз, қамсыз ел шауып,
Ақтар қашып өткен кез,–
деп сол бір «боранды» кездің жайын баяндағанда да саяси ахуалдың құбылып бара
жатқанын түсінген ақын «оқығандар, мұны сез» деп ұлт зиялыларының қамын жейді. Сондай-
ақ мұнда қызылдардың кемшілік тұстарын да жасырмайды. Мәселен, олардың ел ішінен
ақтардан қалған қаруды сұратқаны, кейбіреулерінің жалданып, ақша мен малды қарапайым
халықтан қорқытып тартып алғандары, арыздансаң өзіңе зиян келтіргені туралы ашық айтуы.
Бірақ көп ұзамай «Қалаға қызыл орнығып, Әділет атты жол» шыққанын, қазақтың өзінен ұлық
сайланып, шаруаның жайланғанын айта келе, елді басқарушылардың ішіндегі «Ақ жүрек атын
тағынған, Аузымен заңға бағынған, Қой терісін жамылған» арамдарды да сын тезіне алады.
Қазақтан қалмай партия
Көбейді сұм мен сұрқия,
Келген жастар ел тия,
Қабыл алып өсек сөз, – дей отырып ақын тағы да көбейген партияларды «сұм мен
сұрқияға» теңеп, өсек сөзді қабыл алған жастарын жақтырмайды. Сөйтіп, ұлт мәселесіне
қатысты түрлі оқиғаларды осылайша тізбектеп баяндап берген ақын:
...Сырымды қазақ не білсін,
Шын әділет жемісін
Көре алмайды біздің көз,–
деп өз тоқтамын айтады.
Шәкәрім бостандық таңының атқанына қуаныш сезімін білдірген «Қош, жұртым» деген
өлеңінде де:
Бұл алтын таңның нұрынан
Тұр есе ала алмай елім, – деп азаттықты алтын таңға балай отырып, сол таңның нұрына
бөлене алмай тұрған еліне уайым жейді. Бірақ «Қазақтың жайнар даласы, Жетілер оқып
баласы» деп болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтетінін де жасырмайды.
Түйіп айтқанда, халқының түзелуін, бостандығын тілеген Шәкәрім өз жұртының
қашанда биікте тұрғанын қалайды. Ақын өлеңдеріндегі осындай азаттық идеялар өзінің
өміршеңдігімен Алаш ұранды әдебиетпен де өзара үндестік тауып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |