Вестник казахского государственного женского педагогического университета


Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016   57    СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата31.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#10937
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
57 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1.
 
Казахстан  вышел  на  первое  место  в  мире  по  выбросам  углекислого  газа  на 
единицу ВВП //Экономика. Отрасли. РИА «Новости» 16 марта 2011. 
2.
 
Автономов  А.Б.,  Гвоздева  А.А.,  Морозов  О.В.,  Морозова  А.О.  Состояние  мировой 
энергетики. Прогнозы и ожидания. //Энергохозяйство за рубежом. – 2009. – № 4. – С. 2-17. 
3.
 
Грицевич  И.Г.  Перспективы  и  сценарии  низкоуглеродного  развития:  ЕС,  Китай  и 
США в глобальном контексте. – М.: Скорость цвета, 2011. – 36с. 
4.
 
Ершина А.К.Теория и практика использования возобновляемых источников энергии: 
Учебное пособие. – Алматы: типография ТОО «378», 2015. – 216 с. 
5.
 
 Yershina  A.K.,  Yershin  Sh.A.  Vertical  –  axial  compound  wind  turbine  of  rotor  -  type. 
ASME  –  ATI  –  UIT  2010  Conference  on  Thermal  and  Environmental  lssues  in  Energy  Systems. 
Sorrento, Italу, from May 16
th
 to 19
th
 2010. – рр. 621-625. 
6.
 
 Yershina  A.K.,Yershin  Сh.  Sh.  Progressive  innovations  in  appling  of  wind  energy. 
//Journal of International Scientific Publications:Materials, Metods & Technologies. Vol. 7, Part 3. 
2013, European Union. –рр. 4—12. 
7.
 
 Yershina  A.K.  New  perspective  version  of  Bi-Darrieus  windturbine.  //Journal  of 
International  Scientific Publications: Materials,  Metods  and Technologies.  Volume 8,  ISSN 1314-
7269  (Online),  Published  at:    http:  //www.scientific-publications.net  2014,  European  Union.  –рр. 
465 — 472. 
8.
 
Ершина  А.К.,  Копенбаева  А.С.  Новая  перспективная  версия  ветроагрегата  Дарье. 
Девятая всероссийская научная молодежная школа с междунар. участием «Возобновляемые 
источники энергии». – Москва, Россия. 11-14 ноября 2014 г. 
Түйіндеме 
Ершина А.Қ., ф.-м.ғ.д., профессор, Көпенбаева А.С., аға оқытушы, физика магистрі 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 
Жаңарып тұратын энергия көздерін қолдану – парниктік эффектіні төмендетуге 
көмектеседі 
Климаттың өзгеруі – қазіргі әлемдегі кеңінен талқыланатын мәселе болып отыр. Қазіргі 
таңда  осы  мәселе  газеттер  мен  журналдар,  теледидар  бағдарламалары,  ғалымдар  мен 
саясаткерлер талқылайтын күрделі мәселелердің бірі. Альтернативті энергия көздеріне көшу 
дүниежүзілік  бағыттардың  бірі  және  көптеген  мемлекеттердің,  соның  ішінде  Қазақстан 
Республикасының  кең  саяси  қолдауының  нәтижесінде  болып  отыр.  Осыған  байланысты 
мақалада Қазақстандағы жаңарып тұратын энергия көздерін пайдалану мәселелері, Н-ротор 
және  тропоскино  жүйесіндегі  жоғары  техника-экономикалық  көрсеткішті  Дарье  жел 
турбинасының  жаңа  түрінің  құрылымы  қарастырылған.  Н-ротор  конструкциясында 
махтарды  қатаң  белгілі  бір  күйде  ұстап  тұратын  фиксатор  қажет.  Тропоскино  жағдайында  
валдар  қарама-қарсы  бағытта  айнала  алады,  бұл  жұмыстық  қалақшалардың  қос  жұбының 
айналуының  автономдығын  қамтамасыз  етеді.  Аэродинамикалық  құбырдағы  істеп  тұрған 
зертханалық  модел  мен  табиғи  жағдайда  жартылай  өнеркәсіптік  аппаратқа  жүргізілген 
сынақтар нәтижелері келтірілген. 
Түйін  сөздер:  жаңарып  тұратын  энергия  көздері,  парниктік  эффект,  жел  турбинасы, 
Бидарье. 
Summary 
Yershina A.K., doctor of physics-mathematics sciences,  
Kopenbaeva A.S., master of physics, senior teacher 
(c. Almaty, Kazakh state women's teacher training university) 
Use of renewable energy - reducing greenhouse effect 
Climate  change  –  one  of  the  most  widely  discussed  problems  in  the  modern  world.  This 
problem  publications  in  newspapers  and  magazines,  telecasts  are  devoted  to  the  discussion  of 
scientists,  speeches  of politicians. Transition  to  renewables is  a universal tendency and is  realized 
with broad political support of many countries, including the Republic of Kazakhstan. In the article 
stated  the  use  of  renewables    (vetro-,  solar  power,  etc.)  in  Kazakhstan  and    the  description  of 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
58 
 
designs of the new version of the wind turbine to Darya with high technical and economic rates as 
in  case  of  the  N-rotor,  and  system  troposkino.  At  a  design  the  N-rotor  is  required  the  clamp 
supporting  moves  in  strictly  certain  situation.  In  a  case  troposkino  shaft  can  rotate  in  the 
protipolozhnykh  the  directions  that  provides  autonomy  rotation  of  two  pairs  of  working  blades 
without clamp. Results of test of the operating laboratory model are given in a wind tunnel and the 
semi-industrial device in natural conditions. 
Keywords: renewables, greenhouse effect, wind turbine, Bidarye. 
 
 
 
ӘОЖ 37.016.02:004:371.26 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОБЪЕКТІЛІ-БАҒДАРЛЫ 
ЖОБАЛАУДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ 
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
 
Т.Қ.Қойшиева, тех.ғ.к., доцент 
М.И.Салғараева, аға оқытушы 
В.М.Давлетова, магистр-оқытушы 
(Түркістан қаласыҚ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ), 
(Тараз қаласы, Тараз  
инновациялық-гуманитарлық университеті)
 
 
Аңдатпа:  Мақалада  болашақ  мұғалімдерді  оқыту  үдерісінде  объектілі-бағдарлы 
жобалауды  қолдану  негізінде  кәсіби  дайындаудың  тұжырымдамасы  қарастырылған. 
Ақпараттық  технологиялардың  заманауи  даму  кезеңінде  бағдарламалық  қаптаманы  жасау 
әдістемесі  мен  технологиясы  жетілдірілуде,  олар  негізінен  объектілі-бағытталған 
бағдарламалауға  негізделеді.  Бұл  бағдарламалау  облысында  болашақ  информатика  пәнінің 
мұғалімдерін  даярлау  бойынша  жоғары  кәсіби  білім  берудің  мемлекеттік  білім  беру 
стандартында көрсетілген. Білім алушылар объектілі-бағытталған бағдарламалық код құруда 
қиындықтарға кезігеді, себебі объектіге-бағытталған бағдарламалау тілдері объектілер класы 
мен  олардың  арасындағы  қатынасты  көрнекі  түрде  ұсынуға  мүмкіндік  бермейді  және 
құрылатын  бағдарламалық  код  туралы  жалпы  түсініктерін  қалыптастыруға  септігін 
тигізбейді.  Сондықтан  болашақ  мұғалімдерді  оқыту  үдерісінде  объектілі-бағдарлы 
жобалауды  қолдану  негізінде  кәсіби  дайындаудың  әдістемелік  тәсілдерін  жетілдіру 
қажеттілігі туындайды.  
Түйін  сөздер:  концепция,  объектілі-бағдарлы  жобалау,  бағдарламалау  тілдері, 
бағдарламалық код, объектілер класы. 
Қазіргі заманғы ақпараттық  технологиялар ЭЕМ қолдануға негізделген. Замани ЭЕМ-
дер  формальданған  білімдерді  өңдеу  мен  бейнелеу  үшін  үлкен  есептеу  мүмкіндіктеріне  ие 
және  білімді  ұйымдастырудың  мейлінше  жетілдірілген  формаларын  жасау  мен  оларды 
оқытуда  қолдану  үшін  жағдай  туғызады.  Дегенмен,  біздің  зерттеуіміз  бойынша  ЖОО  оқу 
үдерісі  білімді  формальдау  әдістеріне  оқытуға  толық  дайын  еместігі  анықталды.  Бұл 
студенттерге  болашақ  кәсіби  іс-әрекетінде  қазіргі  заманғы  ақпараттық-компьютерлік 
технологияларды тиімді қолдану мүмкіндігін бермей отыр. 
Сондықтан қазіргі кездегі оқыту әдістемелерінде, маман даярлауда ЭЕМ мүмкіндіктері 
толық  жеткілікті  түрде  қолданылмауда,  бұл  өз  кезегінде  ақпараттық  технологиялардың 
дамуының  қол  жеткен  деңгейімен,  осы  кезде  қалыптасқан  оқыту  әдістемелері  мен 
технологияларының арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып келеді. 
Бұл  қайшылықты  шешу  үшін  педагогика  ғылымы  мен  оқыту  теориясынан  терең 
ойластырылған,  дербес  білім  беру  міндеттерін  шешуге  бағытталған  жаңа  инновациялық 
білім беру технологияларын құру қажет болады.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
59 
 
ЖОО-да  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  дайындығын  қалыптастыруға,  оның 
ішінде объектілі жобалауға дайындау әдістемесіне байланысты оқу-әдістемелік әдебиеттерді және 
оқыту  практикасындағы  бұл  мәселенің  жәйін  талдау  болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық 
технология  құралдарына  оқыту  үдерісінде  объектілі-бағдарлы  жобалауды  қолдану  негізінде 
кәсіби дайындау тұжырымдамасын жасау, осыған байланысты оқытуды ұйымдастыру әдістемесіне 
толықтырулар  енгізу  қажет  екендігін  көрсетті.  Біз  тұжырымдаманы  жасау  барысында 
педагогикалық  іс-әрекеттің  мәнінің,  басты  ұстанымдарының,  негізгі  бағыттарының,  мақсаты 
мен  міндеттерінің  және  шарттарының  жалпы  сипаттамасы  ретіндегі  анықтамасына 
сүйенеміз. Мұнда кәсіби маман даярлау стандарттарына  сай жоғары оқу орнында 
ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  мазмұнын  объектілі -бағдарлы 
жобалауға  оқыту  мақсаттарына қол жеткізу, білімдік, іскерлік міндеттерді шешу, білімгерлердің 
танымдық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қойылды. 
Болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  дайындау  үдерісінде  оқытудың  маңызды  бағыты 
студенттердің ақпараттық-логикалық ойлау және таным қабілетін дамыту, оқу-ізденіс еңбегіне 
шығармашылықпен қарау көзқарасын қалыптастыру болып табылады. 
Болашақ  мұғалімдерінің  ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  үдерісін  объектілі-
бағдарлы  жобалау  іскерлігін  қалыптастырудың  негізгі  тұжырымдамалық  жағдайларын 
қарастырайық. 
«Тұжырымдама  (лат.  Conceptio  –  түсіну,  жүйе),  бір  нәрсені,  құбылысты,  үдерісті 
түсінудің  немесе  түсіндірудің  белгілі  тәсілі,  бір  нәрсе  немесе  құбылыс  туралы  негізгі 
көзқарас,  оларды  жүйелі  баяндаудағы  жетекші  идея.  «Тұжырымдама»  термині  сонымен 
қатар бастаушы түпкі ойды, конструкциялық принципті ғылыми, көркемдік, политехникалық 
және  іс-әрекеттің  басқа  түрлерінде  көрсету  үшін  қолданылады».  «Педагогика  және 
психология» атты қазақ тіліндегі түсіндірме сөздікте: «Тұжырымдама – белгілі құбылыстар 
жайындағы көзқарас жүйесі, бір нәрсе туралы негізгі пікір» [1]. 
Болашақ  мұғалімнің  ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  үдерісін  объектілі-
бағдарлы  жобалау  іскерлігі  мектепте  ақпараттық-компьютерлік,  информатикалық  білім  беруге 
айтарлықтай ықпал етеді. 
Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  мазмұнын  объектілі-
бағдарлы  жобалау  негізінде  кәсіби  дайындау  іс-әрекетінің  мазмұны  мұғалімнің  кәсіби-
педагогикалық  іс-әрекетінің  бөлінбейтін  компоненті,  ол  мынадай  іс-әрекеттің  жинағы:  оқу 
материалын  талдау  барысында  модельдеу  іс-әрекетінің  нысанын  анықтау,  модельдерді  таңдау 
және  құрастыру,  оқу  үдерісін  жоспарлауда  қойылған  мақсатқа  жетудің  көрсеткіштері  мен 
деңгейлерін  анықтау;  оқу  үдерісінің  әрбір  кезеңінде  модельдердің  түрлерін  тиімді  және  жүйелі 
қолдану;  іс-әрекет  нәтижелерін  интерпретациялау  және  бағалау;  жоспарланған  және  алынған 
нәтижелерді  салыстыру;  іс-әрекет  мақсатына  жетуде  жіберілген  кемшіліктердің  себептерін 
анықтап, өзінің іс-әрекетін бағалау; қажет болған жағдайда оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу. 
Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  мазмұнын  объектілі-
бағдарлы жобалау негізінде кәсіби дайындау барысындағы іс-әрекет қүрылымы мен мазмұнын, 
мектепте  информатикалық,  ақпараттық-компьютерлік  білім  беруді  жүзеге  асырудың  мақсатын, 
мазмұнын,  түрін,  әдістерін  және  құралдарын  қазіргі  заман  тұрғысынан  анықтау, 
оларды студенттердің меңгеру үдерісі әдістемелік түрғыдан бағытты, мақсатты болады. 
Ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  мазмұнын  объектілі-бағдарлы  жобалау 
іскерлігін  меңгеру  үшін  қажетті  білім  жүйесін  қалыптастыру  болашақ  мұғалімінің 
психологиялық-педагогикалық,  іргелі  информатикалық  және  әдістемелік  даярлығының 
біртұтастығы  негізінде  жүзеге  асуы  тиіс.  Іргелі  информатикалық  дайындық 
информатиканың  әдіснамасын,  тілін,  логикалық  құрылымын  және  ақпараттық 
технологиялар  саласынан  білімнің  мазмұндық  байланыстарын  сауатты  меңгеруді 
қамтамасыз етуі тиіс. 
Болашақ  мұғалімнің  әдістемелік  даярлығы  студенттердің  арнайы  ақпараттық-компьютерлік, 
информатикалық білімін меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
60 
 
Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  мазмұнын  объектілі-
бағдарлы  жобалау  негізінде  кәсіби  дайындау  әдістемесінің  мұғалімді  әдістемелік  даярлау 
мазмұнын қамтитын арнайы бағдарламасы болуы керек және ол студенттің өз бетімен теориялық 
білім  ала  алатындай  таным  іс-әрекетінде:  курстық,  дипломдық  жұмыс  орындағанда, 
педагогикалық практика кезіндегі іс-әрекеттерімен ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. 
Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  мазмұнын  объектілі-
бағдарлы жобалау негізінде кәсіби дайындау әдістемесінің негізгі мақсаты – олардың ақпараттық 
мәдениетін  дамыту  негізінде  бітірушілердің  әдістемелік  даярлығының  жоғары  деңгейіне  жету. 
Әдістеменің  мазмұндық  негізін  информатика  және  кәсіби  пәндер  курсы  мен  кәсіби -
педагогикалық білім берудің негізгі компоненттері анықтайды. 
Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық  технология  құралдарына  оқыту  мазмұнын  объектілі-
бағдарлы  жобалау  негізінде  кәсіби  дайындау  тұжырымдамасын  жасағанда  оқу-әдістемелік 
әдебиеттегі  педагог-әдіскерлердің  пікірлерін  және  практикада  қолданылып  келе  жатқан 
қалыптасқан бағыттар басшылыққа алынды. 
Болашақ  мұғалімдерді  дайындауда  оқыту  үдерісінің  дидактикалық,  педагогикалық-
психологиялық  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  бағытталған  ғылыми  зерттеулерді  талдай 
отырып,  біз  оқытудың  объектілі-бағдарлы  жобалау  технологияларын  қолдану  мынадай 
қажеттіліктерге алып келетіндігін анықтадық [2, 3, 4]: 
1)  қоғамды  ақпараттандырудың  қазіргі  жағдайында  білімгердің  кәсіби  тұлғалық 
міндеттеріне  сай  келетін  оқыту  мен  тәрбиенің  мазмұнын,  әдістерін  және  ұйымдастыру 
формаларын таңдау стратегиясының әдіснамасын тұрақты түрде жетілдіру; 
2)  объектілі-бағдарлы  жобалау  бағытын  қажет  ететін  заманауи  ақпараттық 
технологиялардың  күн  санап  артып  отырған  мүмкіндіктерін  ескеретін  оқыту  және  кәсіби 
даярлау әдістемесін жасау; 
3)  болашақ  мұғалімнің  интеллектуалды,  тұлғалық  потенциалын  дамытуға  өздігінен 
кәсіби  білімін  жетілдіру  іскерліктерін  қалыптастыруға  бағдарланған  және  ақпаратты  өңдеу 
бойынша өзіндік әрекеттің бірнеше түрін жүзеге асыра алатын кәсіби маман моделін жасау; 
4)  қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялар  мен  компьютерлік  педагогикалық 
құралдарды қолдануға сүйенетін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау. 
Білім  беруде  қолданылатын  оқыту  технологияларын  жетілдірумен  В.П.Беспалько  [5], 
және т.б. шұғылданып келеді. Дегенмен бұл көрсетілген авторлардың еңбектерінде болашақ 
мұғалімдер үшін оқытылатын әртүрлі  пән саласы бойынша білімдерді  формальдауға оқыту 
әдістемесі мен технологиясы мәселелері жеткілікті түрде көрініс таппай отыр. Бұл осы бағыт 
бойынша  ғылыми  зерттеулердің  қажеттілігі  туралы  қорытынды  жасау  мүмкіндігін  береді. 
Себебі болашақ мұғалімдердің бұл әдістерді меңгеруі оларға болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде 
қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды неғұрлым тиімді қолдану мүмкіндігін береді.  
Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық  технологияларға  оқыту  мазмұнын  объектілі-бағдарлы 
жобалау  негізінде  кәсіби  дайындау  тұжырымдамасын  жасағанда  оқу-әдістемелік  әдебиеттердегі 
педагог-әдіскерлердің  пікірлері  және  практикада  қолданылып  келе  жатқан  қалыптасқан 
бағыттар басшылыққа алынды. 
Біз  ұсынған  тұжырымдама  жоғары  білім  беру  жүйесінде  болашақ  мұғалімдерді 
ақпараттық  технологияларға  оқыту  мазмұнын  объектілі-бағдарлы  жобалау  негізінде  кәсіби 
дайындауға бағытталған құжат болып табылады. 
Жоғары  білім  беруде  болашақ  мұғалім  мамандығына  дайындаудың  әдіснамалық  негізі 
Қазақстан Республикасы жоғары білімнің мемлекеттік  стандартында мұғалім мамандығы 
бойынша  даярлау  деңгейіне  қойылатын  талаптардан  туындайды.  Онда  жоғары  оқу  орнын 
бітірушінің  өзінің  кәсіби  іс-әрекетінің  түрі  мен  сипатының  өзгеруіне  әдістемелік  және 
психологиялық тұрғыдан дайын болуы қажет екендігі жөнінде жалпы талап қойылады. Сонымен 
бірге  оқытылатын  пәндер  циклы  бойынша  олардың  білімі  мен  іскерлігіне  талаптар  нақтыланып 
қойылған. О л ар : 
-
 
білім беру мен педагогикалық ғылымның негізгі бағыттары мен келешегін білу; 
-
 
озат педагогикалық тәжірибені талдау, қорыту және тарата білу; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
61 
 
-
 
пәнді  оқыту  әдістемесі,  педагогика  және  психология  саласындағы  зерттеу  әдістерінің 
негізін меңгеру; 
-
 
өз пәнінің әдістемелік негізін білу, оқулық материалды өз бетімен талдап, қорыта білу т.б. 
-
 
оқытудың жаңа технологияларын білу және т.б. 
Мамандық  пәндерді  оқытудың  түпкі  мақсаты  —  болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық 
технологияларға  оқыту  мазмұнын  объектілі-бағдарлы  жобалау  негізінде  кәсіби  дайындауға 
бағытталуы тиіс. 
Бұл  талаптарды  қанағаттандыру  үшін  болашақ  мұғалім  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамаларымен, стандарттарымен, бағдарламаларымен және пәнді оқыту жөніндегі 
оқу-әдістемелік  құралдармен  таныс  болуы  қажет.  Тұжырымдама  мұғалімнің  дәстүрлі 
және  жаңадан  енгізілген  мамандық  пәндердің  жоспарын  құру  жоғарыдағы  талаптарға  сай 
болуын көздейді. 
Ұсынылып  отырған  тұжырымдаманың  мақсаты  –  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби 
дайындауда  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  пайдалана  отырып  кәсіби  білім  беру 
жүйесін жетілдіру. Ол үшін мынадай істер орындалуы қажет: 
-
 
болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  дайындауда  студенттерді  оқытудың  жаңа  педагогикалық 
технологияларын уақтылы оқу үдерісіне енгізіп, оны тиімді пайдалану; 
-
 
мамандық пәндердің жаңа типтік бағдарламаларын жасау; 
-
 
жаңа  мультимедиялық  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  құралдар  жасап,  оларды  тиімді 
пайдалану. 
Тұжырымдаманың  міндеттері  болашақ  мұғалімдерді  өз  еңбектерін  ғылыми  негізде 
ұйымдастыра  білуге,  өздік  білімін  жан-жақты  дамыту  үшін  өз  бетімен  жұмыс  істей  білуге 
дағдыландыруға, көп нұсқалы бағдарламалардың ішінен өзіне тиімдісін тандай білуге, кәсіби білім 
берудің алдағы сатыларында білімді жалғастыру мүмкіндігін туғызу болып табылады. 
Сондықтан  тұжырымдаманың  мақсатына  сәйкес  оның  міндеттерін  шешу  үшін  мынадай 
жұмыстарды жүзеге асыру қажет болады: 
-
 
болашақ мұғалімдерді ақпараттық технологияларға оқыту мазмұнын объектілі-бағдарлы 
жобалау  негізінде  кәсіби  дайындау  міндеттерін  атқаратын  мамандық  пәндерді  оқыту 
жүйесіндегі есептер мен оларды шығарудың теориялық және әдістемелік негіздерін оқытудың 
айқын, мақсатты, жүйелі, бірізді бағдарламаларын жасау; 
-
 
осы бағдарламаларға сәйкес оқу-әдістемелік кешендерін дайындау; 
-
 
мамандық  пәндерді  оқыту  жүйесіндегі  пәндердің  бағдарламалары  мен  оқу-әдістемелік 
құралдарына  модельдеу  теориясын,  оның  психологиялық-педагогикалық  негіздерін  оқытуды 
қамтамасыз ететіндей материалдарды енгізу; 
-
 
информатика  пәні  мен  мамандық  пәндердің  –  пәнаралық,  мамандық  пәндердің  өз 
араларында (әдістемелік тұрғыдан алғанда пәнішілік) мазмұндық және әдістемелік ішкі байланыс, 
сабақтастық, үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру; 
-
 
ақпараттық 
технологияларға 
оқыту 
мазмұнын 
объектілі-бағдарлы 
жобалауға 
(АТОМОБЖ) оқытуға арналған арнайы курстардың, студенттердің таңдауы бойынша жүргізілетін 
курстардың мазмұны мен әдістемесін, ұйымдастыру және жүргізу түрлерін жетілдіру; 
-
 
оқытуда қолданылатын оқулық материалдарды іріктеудің кәсіби-педагогикалық сипатын 
және  олардың  болашақ  мұғалімдерді кәсіби дайындау  үдерісіндегі рөлін  анықтап,  студенттерді 
жобаларды іріктеуге және өздігінен жоба құруға үйрету; 
-
 
студенттердің  мамандық  пәндерді  оқытудың  практикалық  бағыттылығын  күшейтуге 
арналған есептерді іріктеп, өздігінен практикалық мазмұнды модельдерді құра білу және оларды 
практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыруға үнемі назар аударып отыру; 
-  АТОМОБЖ-ға  оқыту  сабақтарын  ғылыми,  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  жоғары 
деңгейде  ұйымдастыру  және  жүргізу,  студенттердің  модель  құру  барысындағы  іс-
әрекеттерін белсенділендіру; 
- мамандық  пәндерді  оқыту  бойынша  жүргізілетін  лабораториялық  жұмыстардың 
тақырыптық жоспарында АТОМОБЖ-ды меңгеруге бағытталған жұмыстардың үлесін көбейту; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
62 
 
-  болашақ  мұғалімдердің  АТОМОБЖ  іскерлігінің  кәсіби-педагогикалық  бағыттылығына 
үнемі талап қойып отыру; 
-  болашақ  мұғалімдердің  өз  бетімен  жұмыс  істеу  іскерлігін  қалыптастыруды,  оның  ішінде 
АТОМОБЖ  бойынша  өз  бетімен  модельдеу  іскерлігін  қалыптастыруды  ұйымдастыру  түрлерін 
(тапсырма  беру;  әдебиетпен,  Интернетпен  және  баспасөзбен  жұмыс  істеуге  үйрету;  бақылау, 
тексеру және бағалау т.е.с.) анықтау және жүзеге асыру. 
Біз  ұсынған  бұл  тұжырымдамадағы  бұл  бағыттарды  жүзеге  асыру  жоғары  оқу  орнында 
болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау жұмысын жетілдіруді  қамтамасыз етуге мол мүмкіндік 
туғызады  да,  олардың  кәсіби  білім,  іскерлік  деңгейін  көтереді.  Оқыту  ұстанымдарынан  бастау 
алып  тұжырымдалған  бұл  кәсіби  дайындау  үдерісі  объектілі-бағдарлы  жобалау  негізінде 
кәсіби дайындау моделін болжауға негізгі арқау болады. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 Педагогика және психология. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме 
сөздігі.  /Бас  редакция:  Төрағасы  М.А.Құл-Мұхаммед,  мүшелері:  Ә.А.Асқаров,  М.Ә.Әлиев 
және т.б. – А.: Мектеп, 2002. – 251 б. 
2.
 
Захарова  И.Г.  Информационные  технологии  в  образовании.  Учеб.  пособие  для 
студ.высш.учеб.заведений. – М.: ИЦ «Академия», 2005. – 192 с. 
3.
 
Михеева Е.В. Информационные технологий в профессиональной деятельности. – М.: 
Академия, 2006. – 384 с. 
4.
 
Полат  Е.С.  Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе 
образования.  Учеб.пособие  для  студ.пед.вузов  и  системы  повыш.  пед.  кадров.  –  М.: 
Издательский центр «Академия», 2001. – 272 б.  
5.
 
Беспалько  В.П.  Основы  теории  педагогических  систем.  –  Воронеж:  Изд-во 
Воронежского ун-та. 1997. – 304 с. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет