Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
39
ӘОЖ 633: 631.527
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДА ӨСІРІЛГЕН МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ
БАЛАМАСЫ РЕТІНДЕ РАПСТЫҢ ӨНІМДІЛІГІ
К.И.Оразбаев, а.ш. ғ.к., аға оқытушы
Г.Қ.Ержусупова, магистрант
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада Алматы облысының суармалы аймақ жағдайында майлы
дақылдардың альтернативі ретінде рапс өсімдігінің өнімділік деңгейі зерттелген. Зерттеу
нысаны Іле Алатауының тау бөктерлік суармалы аймақ жағдайындағы ашық күрең,
механикалық құрамы орташа саздақты, қоректік затпен қамтамасыз етілу дәрежесі
орташадан жоғары топырақ. Мақаладағы тәжірибе жұмыстарының нәтижелері мынандай:
егістік тұқым өнгіштігі, өсімдіктердің фазалық сатыларына байланысты сақталу дәрежесі,
өскіндердің пайда болу мерзімі, фазааралық тәулік саны және әр дақылдың вегетациялық
кезеңдерінің салыстырмалы ұзақтығы зерттеліп, нәтижелері келтірілген. Дақылдардың
ішінде зерттелу бағдарламасы бойынша жақсы нәтиже берген өсімдік рапс өсімдігі екені
анықталды. Рапс өсімдігі дәстүрлі майлы дақыл күнбағысқа (бақылау) қарағанда 25 тәулікке
ерте пісіп жетілетіні белгілі болды. Мұнымен қатар рапс өсімдігінің майлылығы дәстүрлі
күнбағысқа қарағанда 8-9%-ға жоғары екені дәлелденді, яғни бақылаудағы өсімдіктің май
шығымы 42-43% болса, крест гүлділер тұқымдасында (рапс) 52-53%. Жалпы рапс майының
сапасын күнбағыспен салыстырғанда жоғары екені байқалды.
Түйін сөздер: майлы дақылдар, өнімділік, дивесификация, күнбағыс, мақсары, майлы
зығыр, қыша, рапс, май шығымы, егістік тұқым өнгіштігі, өскін, сабақтану, гүлдеу, тұқым
пісу, вегетациялық кезең, бақылау.
Қазақстан ауылшаруашылығы өндірісін келешекте дамытудың нақты жоспарларында
жер көлемін тиімді пайдалану және дақылдардың өнімділігін арттыра түсу көзделіп отыр.
Осы міндеттерді орындаудың қайнар бастауларының бірі – майлы дақылдар өндірісін
ауқымды және қарқынды алға бастыру. Бұл іс-шаралардың жүзеге асуы мемлекеттің азық-
түлік қауіпсіздігін және өсімдік шаруашылығының диверсификациясын қамтамасыз етуге
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Республикада өсірілетін майлы дақылдардың (күнбағыс, мақсары,
майлы зығыр, майкене, күнжіт, қыша, рапстың) май шығымы 24-54% аралығында және ол
топырақ-климат, агротехника, сорт ерекшеліктеріне және басқа жағдайларға байланысты
өзгереді. Олардың егіс көлемі мыңнан 200 мың/га дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа
өнімі әлі төменгі деңгейде (2,5-3 ц/га) қалуда. Оңтайлы өсіру тәсілдерін қолдану арқылы
өндірілетін майдың аталған көрсеткіштерін жоғарылатуға болады. Өкінішке орай, бүгінгі
таңда өндірілетін өнімнің де, сапаның да деңгейі ойдағыдай емес. Сол себепті,
республикадағы сұйық майға сұраныстың тек 14%-ы ғана өзіндік өндіріспен қамтамасыз
етіледі, қалғаны сырттан әкелінеді. Мұндай сәйкессіздік аймақтардың топырақ-климат
жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті деңгейде зерттелмеуі және
өндіріске енгізілмеуі, сондай-ақ пайдаланыстағы дақылдарды тиімді инновациялық өсіру
технологияларының жетіспеуі салдарынан орын алып отыр [1].
Аталған жағдайларды түзету үшін нақты бағытталған келесі мәселелер көтеріліп,
маңызды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, сұйық май өндірісін тиісті жолға қою мақсатында
оны еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және түртараптандыруын қамтамасыз ете алатын
дәрежеде дамыту стратегиясы қабылданды. Онда егіс дақылдарының құрамын
оңтайландыру, егіншілікті биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық
рентабельдігі жоғары технологиялар жасап, өндіріске енгізу тәлімі жердегі дақылдар үлесін
арттыру, қорлық дақылдарының ассортиментін көбейту және басқа шаралар көзделген. Алда
тұрған осындай күрделі де маңызды мәселелердің табысты шешілуі, ең әуелі, майлы
дақылдардың егіс көлемін ұлғайтумен, сондай-ақ өнімділігі және қоршаған ортаға
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
40
бейімділігі жоғары жаңа түрлерін өндіріске кеңінен енгізумен тығыз байланысты. Осыған
орай дипломдық жұмыс майлы дақылдардың шаруашылық үшін құнды белгілері мен
қасиеттерін, оның ішінде тұқым өнімділігі, сапасы және нақты топырақ-климаты
жағдайларына бейімділігін бағалап, Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы дала аймағында
өсіруге лайықты диверсификациялық түрлерін ұсынуға және өңірде өсіруге мүмкіндігі мол
майлы дақыл рапстың өсіру технологиясын жасауға бағытталу оның өндіріс сұраныстарына
сәйкес көкейкестілігін білдіреді [2].
2014-2015 жылдары қыша, рапс, зығыр және мақсары өсімдіктерін күнбағыспен
салыстырып, оған балама дақылдар анықталды; 2014-2015 жылдары жаздық рапс өсіру
технологиясын жасау қолға алынды. Май шығымы және сапасы жоғары дақылдарды
анықтауға алынған майлы дақылдар мына келесідегідей болған:
1) күнбағыс;
2) жаздық рапс;
3) қыша;
4) мақсары;
5) майлы зығыр.
Тәжірибелік егіс күтімі Алматы облысының таулық-далалы аймағында майлы
дақылдарды тәлімі жағдайда өсіру үшін ұсынылған агротехникалық тәсілдер қолдану
негізінде жүзеге асырылды. Алғы дақыл – ерте орылатын күздік бидай. Топырақ 22-25 см
тереңдікте ерте сүдігер көтеру тәртібімен өңделді. Көктемде ылғал жабу және өңдегеннен
кейін топырақ қопысту ЗБЗТ-1,0 тырмасымен, себу алдында топырақ өңдеу ДТ-75+КПС-4,
тұқым себу Т-25+СН-16+ЗККШ-6 және ДТ-75+СКП-6, егістіктің қатар аралықтарын қопсыту
МТЗ-80+КРН-5, ЗКК-3А агрегаттарымен, өнім жинау СК-5 «Енисей» комбайнымен
жүргізілді. Тәжірибелік тұқым үлгілерін тазалау зертханалық елеуіштерімен, ал тұқым
партияларын тазалау СО-4,5 маркалы машинамен жүзеге асырылды. Себілетін тұқымның
зертханалық өнгіштігі термостатта өсіру арқылы анықталып, тәжірибе жүргізуге
шаруашылық жарамдылығы 95-96% тұқым пайдаланылды.
Дақылдардың тұқым өнгіштігі мен егістік қалыңдығына келетін болсақ, тәжірибелік
егістердің өсіп-дамуына агротехникалық шаралар және топырақ-климат жағдайлары
айтарлықтай әсер ететіні белгілі, өсімдіктердің өскін сатысында топырақты қопсыту және
арамшөптерді азайту мақсатымен тырмалағанда, сирек себілген күнбағыс санының орташа
кемуі ең төмен (0,4%), мақсарының сиреуі-орташа (1,3%), ал жиі себілген ұсақ тұқымды
өсімдіктер бойынша – жоғары (4,6-5,8%) болды. Кейін егістің қатар аралықтарын 2 рет
культиватормен өңдегенде, өсімдіктердің зақымдалып жойылуы орын алған жоқ. Өскін
сатысында бесқонақ салқыны (14-19 сәуір, тәуліктік орташа температурасы +3-7℃) мен 2-3
нағыз жапырақ пайда болу кезіндегі бозқыраулар (1-9 мамыр, -2-ден -4℃-ге дейін) зығыр,
қыша және рапс өркендердің сабақтану сатысына дейін 48,6-50,7% сиреуіне ықпал етті.
Кесте 1– Майлы дақылдардың егістік тұқым өнгіштігі және өркендерінің сақталуы (2014-
2015 ж.ж.)
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті үлес қосатын май шығымы,
өнім мөлшері және сапасы жоғары диверсификациялық балама немесе сақтық дақылдары
далалық тәжірибелерде анықтау үшін жүргізілген байқаулар мен өлшеулерде нәтижелері
Дақылдар
Егістік тұқым
өнгіштігі
Өсімдіктердің сатылар бойынша сақталуы
Өскін-сабақтану
Сабақтану-гүлдеу Гүлдеу-тұқым пісу
%
дана∕м²
%
дана∕м²
%
дана∕м²
%
дана∕м²
Күнбағыс (бақылау)
90,5
11,8
96,4
10,5
95,5
10,1
95,8
9,9
Қыша
84,3
41,5
90,5
38,6
91,5
35,8
95,7
35,1
Рапс
87,4
393,8
89,9
354,3
85,9
304,4
55,8
169,8
Зығыр
73,5
365,4
47,1
179,1
61,0
112,3
44,5
51,4
Мақсары
67,3
340,1
52,4
181,2
39,5
73,4
43,8
32,6
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
41
көрсеткендей, зерттеудегі өсімдіктер тұқымының егістік өнгіштігі 68,4-92,7% аралығында
ауытқыды (1-кесте).
1-ші кестеде майлы дақылдардың егістік тұқым өнгіштігі және өркендерінің сақталуы
2014-2015 жылдардың орташа көрсеткіштері бойынша көрсетілген.
Ең жоғарғы егістік тұқым өнгіштігі 90,5% күнбағыс (бақылау) дақылдарының еншісіне
тиді. Екінші орындағы егістік тұқым өнгішітік (87,4%) рапс дақылының үлесіне тигені
анықталды, ал қалған өсімдіктердің көрсеткіштеріне келсек, қыша-84,3%, зығыр 73,5% және
мақсары 67,3% құрады. Кестеде өсімдіктердің сатылар (фазалар) бойынша сақталуына
келсек, мұнда қалыптасқан көрсеткіштер рапс дақылынан алынған. Аралық сатыларды
есептемей гүлдеу-тұқым пісу мерзіміне келетін болсақ, 1 шаршы метрге келетін өсімдік саны
169,8 дана рапста қалыптасқаны белгілі болды. Бақылау вариантында күнбағыс өсімдігінің
сақталу дәрежесі 95,8% болып қалыптасты, оның себебі негізінен оның осы аймақта өсіру
технологияларын зерттеу нәтижесінде оңтайлы тұқым себу мөлшерінің белгіленуінде деп
білеміз. Рапс және күнбағыстың егістік қалыңдығы, яғни өсімдіктерінің саны, өскін
сатысынан бастап тұқым пісуіне дейін күрт өзгеріссіз біркелкі деңгейде сақталса, зығыр мен
қыша өскіндері айтарлықтай деңгейде сирейтіні анықталды.
Майлы дақылдардың 2014-2015 жылдардағы орташа өскін беру және өсімдік сақталу
деңгейі зығыр және қыша дақылдарының өнгіш тұқым себу мүшелері бұл аймақта нақты
белгіленбеуіне байланысты ұқсас аймақтарына өндіріске берілген ұсыныстар негізінде 5 млн.
дана∕га мөлшерінде алынды. Аталған дақылдардың егістік тұқым өнгіштігі және
өсімдіктердің
болуы,
биоморфологиясына,
топырақ-климат
жағдайларына
және
агротехникалық күтімге тәуелді десек те, ең әуелі қолданылған тұқым себу мөлшерлердің
тым жиілігі күштірек әсер еткен сияқты. Өйткені дәлелденген заңдылыққа қарағанда,
неғұрлым тұқым көп себілсе, соғұрлым өскін де көп сирейді, ысырап болып шығын да арта
түседі. Ендеше, осылардың ішінен ұсынылатын диверсификациялық дақылдардың бірінші
кезекте тұқым себу мөлшерлеріне мұқият назар аударылуы тиіс. Сол себепті, мысалы,
күнбағыс, рапс жеке дара жоғары деңгейді көрсетті де, қалған зығыр, қыша және мақсары
өсімдіктерінің тұқым өнгіштіктері орташа болғаны анықталды.
Гүлдеу және пісу сатыларында аталған дақылдардың егістегі сиреуі орташа дәрежеде
болып, саны қанағаттанарлық мөлшерде қалыптасты. Қышаның сақталуы сабақтану
сатысына дейін рапспен болғанымен, келесі кезеңдерде айтарлықтай төмендейтіні белгілі
болды. Жыл сайын зерттеудегі өсімдіктердің гүлдеу-тұқым түзу кезеңі ылғи шілде мен тамыз
айларында, яғни ыстық және құрғақшылық жағдайда өткендіктен сиреу үдей түсіп, қыша
мөлдектеріндегі өсімдіктердің сиреуі – 58,6%-ға жетті. Оның нақты себептерінің бірі осы
кезеңде шілденің 2-9 және 15-21 тамыз аралығында ауа райының мынадай сипатта
қалыптасуы: ауаның тәуліктік орташа температурасы 25-31℃, ылғалдылығы 11-18%, жаңбыр
мөлшері 6-13 мм топырақтың 0-30 см қабатының ылғалы (14-19 тамыз) жоғарғы ылғал
сыйымдылығының (ЖЫС) 39-42 % - ына дейін төмендеді. Осындай жағдайға күнбағыс және
мақсары өте жоғары төзімділігімен ерекшеленсе, қыша және зығыр ең төмен нәтижелер
көрсетті. Жоғарыда айтылған ауа райының қолайсыздығы гүлдеуден тұқым толық пісу
сатысы (16-23 тамыз-11-18 қыркүйек) аралығында температура жоғары (22-29℃), жаңбыр аз
(10-20 мм), топырақ ылғалы төмен (ЖЫС=36-39%) болуымен сипатталады. Сондықтан
ыстық пен құрғақшылыққа төзімділігі деңгейінің төмендігін байқатқан қыша мен зығырдың
сиреуі тиісінше 53,3% және 54,1% болды. Жаздық рапс аталған белгілер бойынша (тұқым
өнгіштігі 79,2% және өсімдік сақталуы 51,4-56,1%) үшінші орын алды. Оның тұқым себу
мөлшері анықталса, күнбағысқа балама дақыл болу үшін мақсарымен бәсекеге түсуі де
мүмкін. Ең төмен егістік өнгіштікті және өсімдік сақталу деңгейін зығыр мен қыша көрсетті.
Қышаның тұқымы осы аймақта нашар өркен берді және өскіндерінің тіршілікке қабілеті
нашар болып шықты. Себебі, олар өскін сатысынан сабақтануға дейін 46,4% сиресе, одан
гүлдеуге дейін 58,6% және одан тұқым пісуіне дейін 54,1% сиреді, яғни себілген 5 млн.
дана∕га тұқымның 93%-ы текке жұмсалып, 7%-ы ғана пайдаға асты. Арнайы зерттелмеген
тұқым себу мөлшерінің қаншалықты ысырапқа ұрындыратынын осы талдаудан көруге
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
42
болады. Өсімдіктердің даму қарқыны бойынша күнбағыс дақылы бәрінен жоғары болды,
алайда сабақтану сатысынан гүлдеуге дейін мақсары одан қалыспады. Рапстың да осы
өңірде жақсы өсіп-дамитыны анықталды (4,1 балл). Сондықтан рапс дақылын азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабына сәйкестігі, тұқым өнгіштігі, өркен сақталуы және
өсіп-даму қарқындылығы бойынша Алматы облысының таулы-далалық аймағы үшін
диверсификациялық және сақтық майлы дақылдар қатарына қосуға болады.
Кесте 2 – Майлы дақылдардың сатыаралық (фазааралық) кезеңінің ұзақтығы, тәулік
Дақылдар
Кезеңдер
Себу-
өскін
Өскін-
сабақтану
Сабақтану-
гүлдеу
Гүлдеу-
дәннің пісуі
Вегетация кезеңінің
ұзақтығы
Бақылау
мен
салыстыру±
Күнбағыс
(бақылау)
9
42
43
39
133
0
Қыша
8
29
22
34
93
-40
Рапс
11
32
30
35
108
-25
Зығыр
10
31
35
36
112
-21
Мақсары
13
37
29
38
117
-16
Жыл сайын жүргізілген фенологиялық байқаулардың нәтижесінде ең ерте пісетін
дақыл қыша болып шықты. Ол басқа дақылдардың бәрінен бұрын өскін береді, өсімдіктері
негізгі сатыларды ең қысқа мерзімдерде өтеді. Сондықтан оның тұқым өнімі бақылаудан 40
тәулік бұрын, яғни 93 тәулікте пісіп жетілетіні белгілі болды (2-кесте).
Күнбағыс осы аймақта ең кеш мерзімдерде немесе 133 тәулікте пісетін майлы дақыл
екені белгілі болды. Зығыр және мақсары бақылаудан тиісінше 21 және 16 тәулік ертерек,
112, 117 тәулікте, яғни орташа мерзімдерде тұқым өнімін беретін дақылдар қатарына
қосылды. Аймақ топырағында қалыптасатын су режімінің өзіндік ерекшелігі жел мен
жоғары температура әсерінен беткі қабатының тез кеуіп кетуімен сипатталады. Дақылдар
егістігінің су тұтынуын бағалағанда тұқым себу сәтінде топырақта болған ылғал мен өнімді
жинауға дейінгі кезеңдегі жауын-шашын қосындысынан жинау мезгілінде анықталған ылғал
мөлшерін алып, 1 гектарға есептеу тәсілі қолданылды. Арамшөп саны, топырақтың бастапқы
ылғалы, түскен жауын-шашын және басқа жағдайлардың барлығы бірдей деп шартты түрде
қабылданды. Өйткені кез келген дақыл тәлімі жағдайда топырақта болған және
атмосферадан түскен ылғалды тұтынумен тиімді өнім беруі тиіс. Егер олай болмай, егісті
арамшөп басатын болса, онда дақылдың басқа өсімдік түрлерімен бәсекелесу қабілетінің
нашарлығы, оның агробиологиялық кемшілігі болып табылады. Мақсары мен зығырдың
жалпы ылғал пайдалануы шамалас болғанымен, біріншісінің су тұтыну деңгейі бақылаудан
0,9 м³ төмен болса, екіншісінікі 7,2 м
3
жоғары. Сондықтан зығырдың ылғал пайдалану
тиімділігі нашар деп бағалаған жөн. Тұтынған ылғал мөлшері ең аз (277,1 м³∕га) болған қыша
оның суды пайдалануы барлық дақылдардың көрсеткіштерінен асып түсіп (32,2 м³/ц),
бақылаудан 15,2 м
3
артық шықты. Бұл деректер қышаның суды үнемді пайдалану
мүмкіндігінің өте төмен екенін дәлелдейді.
Рапс су тұтыну көрсеткіштері бойынша бақылаудан айтарлықтай артықшылық
көрсетті. Ол суды 282,6 м
3
∕га мөлшерінде пайдаланды.
Сондықтан күнбағыспен салыстырғанда рапстың су тұтыну коэффициенті 0,3 м
3
төмен
болды.
Бұдан рапстың суды тиімді пайдаланатын майлы дақылдардың бірі болып табылатыны
туралы қорытынды жасауға болады.
Жалпы екі жылдың (2014-2015 жж.) орташа көрсеткіші бойынша майлы дақылдардың
егістік тұқым өнгіштігі мен өркендерінің сақталуы рапс дақылында қалыпты орын алатыны
белгілі болып, вегетациялық кезеңі 108 күнді құрды және бақылаумен салыстырғанда 25
күнге ерте пісіп жетілгені анықталды. Сондықтан басқа майлы дақылдармен салыстырғанда
рапс дақылы айтарлықтай ерте және майлылығы жоғары екендігі анықталды.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Костин Н.Ф., Величко П.К. Агротехника возделывания рапса на корм и семена в
условиях Казахстана.-Алматы,1993.- С.21.
2.
Часовитина Г.М., Оразбаев К.И. Рапс высокобелковая и перспективная культура
Казахстана. Рекомендации по выращиванию рапса. «Кайнар», 1988 г. С. 15.
Резюме
Оразбаев К.И., кандидат сельско-хозяйственных наук, старший преподаватель
Ержусупова Г.К., магистрант
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Продуктивность рапса в качестве альтернативы масличных культур в регионах
Алматинской области
В статье излагается продуктивность рапса в качестве альтернативы масличных культур
в условиях поливной зоны Алматинской области. Исследования сравнительной
продуктивности масличных культур проводились в орошаемых условиях предгорной зоны
Заилийского Алатау. В статье приведены результаты экспериментальных исследований
сравнительной полевой всхожести, сохранности растений по фазам вегетации, сроки
появления всходов, длина межфазных периодов и длина вегетационного периода каждой
культуры. Результаты исследования показали, что наиболее оптимальным из всех растений
оказался культура рапса, укосная спелость которого наступал на 25 суток раньше, чем
традиционный подсолнечник (контроль). При этом выход масла у растений рапса было
больше на 8-9%, чем подсолнечник (52-53% против 42-43%). Причем при исследований
качества масла рапса и подсолнечника наиболее лучшим установлен у крестоцветной
культуры.
Ключевые
слова:
масличные
культуры,
продуктивность,
дивесификация,
подсолничник, сафлор, масличний лен, горчица, рапс, выход масла, полевая всхожесть
семян, всходы, ветвление, созревания семян, вегетационный период, контроль.
Summary
Orazbayev K. I., candidate of agricultural sciences, senior lecturer,
Erzhusupova G. K., graduated
(c. Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
The productivity of canola as an alternative oilseed crops in the regions of Almaty oblast
The article describes the productivity of canola as an alternative oilseed crop in irrigated area
of Almaty region. The study of comparative productivity of oilseeds was held in irrigated
conditions of a foothill zone of Zailiy Alatau. The article presents the results of experimental
studies of the comparative germination, plant safety on the vegetation phases, the timing of seedling
emergence, the length of the interphase periods and the length of the vegetation period of each crop.
Research results show that the most optimal of all the plants was rape culture, which harvest
ripeness came 25 days earlier than the traditional sunflower (the control). The same time an oil
rape
plants was more by 8-9% than sunflower (52-53% vs. 42-43%). Moreover, research into the quality
of oil rape and sunflower are best installed in cruciferous crops.
Key words: oilseeds, productivity, diversification, sunflower, safflower, oilseed flax, castor,
sesame, mustard, rape, oil yield, germination of sown seeds, seedling, flowering, seed ripening, the
vegetative period, control.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
44
ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА
PHYSICS, MATHEMATICS, COMPUTER SCIENCE
ӘОЖ 372.853
Б 52
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФИЗИКА ПӘНІНЕН АЛҒАН
ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНА БІЛУЛЕРІНЕ ЫҚПАЛЫ
Т.Бижігітов, ф.-м.ғ.к., профессор,
(Тараз, Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты)
У.Парманбеков, ф.-м.ғ.к., доцент,
М.Избасарова, аға оқытушы,
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
А.Сембиева, магистрант
(Тараз, Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты)
Аңдатпа: Мақалада жоғары сынып оқушыларының физика пәнінен алған теориялық
білімдерін адам баласының күнделікті өмірінде, өндіріс орындарында, ауыл
шаруашылығында белгілі бір алға қойылған міндеттерді шешу жолдары нақты мысалдар
келтіру арқылы талқыланған. Техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарының
инженерлері өндіріс орындарына жаңа технологияларды енгізіп немесе жаңа баламалы
энергия көздерін тауып, еліміздің экономикасы мен халқымыздың әл-ауқатын, тұрмысын
жақсартулары үшін мектеп физика курстарында өтілетін тақырыптарды теориялық және
практикалық тұрғыдан жоғары деңгейде ұғынулары қажет. Сондықтан, математика мен
физика пәндерінің қолданбалы бағытына мектептерде баса көңіл бөлінгені жөн. Ұсынылып
отырған мақалада энергияның сақталу заңдарын, механикалық жұмысты, үйкеліс күшін,
импульстің сақталу заңдарын, гидростатикалық қысымды пайдаланып, өмірде, табиғатта
кездесетін қолданбалы есептерді шешу жолдары талқыланған.
Түйін сөздер: білім беру моделі, ғылыми-инновациялық жүйе.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының барлық орта және арнайы оқу орындарында
білім алушылардың білімдерінің сапалы болуына ерекше көңіл бөлінуде. Сапалы білім
теориялық білімнің практика мен ғылымда қолданылуымен бағаланады. Физика пәнінде
қарастырылатын заңдылықтар техникада, технологиялық үдерістерде және космонавтикада
өтетін құбылыстарды сипаттайтындықтан, олардың дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан
техника мен әртүрлі инженерлік салаларды жақсы меңгерген білікті мамандар дайындау
үшін мектеп физика курстарынан бастап физиканың заңдылықтарының практикалық
маңыздылықтарына ерекше назар аударуымыз қажет. Яғни, оқушыларды мектеп
қабырғасынан бастап физиканың заңдары мен формулаларын ғылымда, практикада және
күнделікті адам баласының тіршілігінде кездесетін проблемаларды шешуге нақты мысалдар
келтіру арқылы үйретуіміз керек.
Төменде келтірілген мысалдар оқушының тапқырлық және шығармашылық ойлау
қабілеттерін дамытады. Мектеп физика курстарына арналып шығарылған есептер
жинағындағы есептер мен мысалдардың басым көпшілігі шығармашылықпен ойлауды талап
етпейді. Себебі, онда келтірілген есептерді оқушы шығару үшін алдымен жүйеге келтіріп,
одан соң дайын формуланы пайдаланып өзі іздестіріп отырған параметрді есептеп табады.
Сондықтан біз бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін мектеп физика пәнінің есептер
жинағының мазмұнын қайта қарастырған дұрыс сияқты. Мысалы, практикалық маңызы бар,
шығару үшін тапқырлық пен шығармашылықты талап ететін бірнеше есептер мен
мысалдарды қарастырайық:
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
45
1.
Бөлменің іші жылы, ал сыртқа қар жауып тұрғанын терезеден көріп тұрмыз. Бөлме
ішіндегі ауаның температурасын өлшейтін термометр жоқ. Бірақ қолымызда өлшеуіш дәлдігі
жоғары вольтметр мен амперметр, батарея және қажеттілікке жеткілікті мыстан жасалған
сым мен физикалық анықтама бар. Бөлменің ішіндегі температураны анықтаңыз.
Шешімі: батареяны мыстан жасалған сымның орамын және амперметрді тізбектей
қосамыз. Ал вольтметрді орамдағы кернеуді өлшейтіндей жалғаймыз. Өлшеуіш құралдардың
көрсетулерін жазып, бөлме температурасындағы орамның электр кедергісін мына мына
формуланы қолданып есептейміз:
??????
??????
=
??????
??????
(1)
Содан кейін сырттан қар әкеліп, оған орамды батырып біраз уақыт ұстаймыз (Мыс сым
қардың температурасын қабылдағанша 0
0
С).
Жоғарыда келтірілген әдісті пайдаланып, өткізгіштің 0
0
С температурадағы электр
кедергісін (R
0
) анықтаймыз. Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділік формуласын:
??????
??????
= ??????
0
(1 + ????????????)
(2)
Бөлменің температурасын табамыз:
?????? =
??????
??????
− ??????
0
??????
0
??????
Есептеу кезінде қолданылатын кедергінің температуралық коэффициентінің мәні
физикалық анықтамадан (?????? = 0,0043град
−1
) алынған. Егер мыстан жасалған өткізгіштегі
қоспалардың мөлшері аз және өлшеуіш құралдарының өлшеу дәлдігі жоғары болса, бөлменің
температурасы 1
0
С температурадан төмен қателікпен есептеледі.
2. Мұз айдынындағы екі адам метрдің көмегімен бірінің массасы екіншісінен қанша есе
артық немесе кем екендігін қалай анықтайды?
Шешімі: Мұздың үстіндегі екі адам бір-бірін итергеннен кейін тоқтағанға дейінгі жүріп
өткен жолдарын ??????
1
және
??????
2
метрді пайдаланып өлшейді. Содан соң үйкеліс күштерінің
істеген жұмыстарын мына формуламен өрнектейміз:
??????
1
= ????????????
1
????????????
1
,
??????
2
= ????????????
2
????????????
2
Мұндағы, k үйкеліс коэффициенті, ??????
1
, ??????
2
бірінші және екінші адамның массасы, g
еркін түсу үдеуі. Энергияның сақталу заңы бойынша жұмысты бастапқы кинетикалық
энергиялар істейді. Сондықтан төмендегі теңдіктер орындалады:
??????????????????
1
=
??????
1
2
2
және
??????????????????
2
=
??????
2
2
2
Немесе теңдіктерді бір-біріне бөлсек, мына қатынас шығады:
??????
1
??????
2
= (
??????
1
??????
2
)
2
Екінші жағынан қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы бойынша мына теңдік орындалады:
??????
1
??????
1
= ??????
2
??????
2
немесе
(
??????
1
??????
2
)
2
= (
??????
2
??????
1
)
2
Бұдан
??????
1
??????
2
=
??????
2
??????
1
немесе
??????
2
??????
1
=
??????
1
??????
2
[1]
??????
1
және
??????
2
өлшенетіндіктен, есеп шешілді деп есептеледі.
3. Қолында цилиндр пішінді бөліктенген мензуркасы бар аквалангышы көлдің
тереңдігін қалай анықтайды?
Шешімі: Аквалангышы мензурканың ашық бетін төмен қарай бағыттап көлдің түбіне
батырып (№1 сурет) мензуркаға кірген су деңгейі мензуркадағы бөліктің қайсысында
тұрғанын анықтайды.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
46
№1 сурет.
Қалыпты Р
0
атмосфералық қысымда мензуркадағы ауаның көлемі мынаған тең:
??????
??????
= ????????????
Мұндағы, l мензурканың биіктігі, S көлденең қимасының ауданы.
Көлдің түбіндегі қысым төмендегі формуламен өрнектеледі:
?????? = ??????
0
+ ????????????ℎ
Мұндағы, H ізделініп отырған тереңдік, ρ судың тығыздығы, g еркін түсу үдеуі.
Сондықтан мензуркадағы ауаның көлемі мына шамаға кемиді:
??????
2
= ????????????
Мұндағы, х мензуркадағы ауаның биіктігі.
Әртүрлі тереңдіктердегі судың температурасы мен тығыздығын тұрақты деп алып
Бойль-Мариотт теңдеуін жазамыз:
??????
0
???????????? = (??????
0
+ ????????????ℎ)????????????
Қарапайым түрлендірулерден соң мына қатынас алынады:
ℎ =
??????
0
????????????
??????−??????
??????
(3)
Атмосфералық қысымда P
0
=1,013*10
5
Н/м
2
, судың тығыздығын ρ=1000 кг/м
3
, g=10 м/с
2
деп алып, ізделіп отырған тереңдікті жоғарыда келтірілген формуланы пайдаланып табамыз.
4. Мыстан жасалған сымның орамын, гірлері бар таразыны, аккумуляторды,
вольтметрді, амперметрді және физикалық анықтаманы пайдаланып, бөлменің көлемін
табыңыздар.
Шешімі: Ұзындығы бөлменің l биіктігіне тең мыс өткізгіштің R кедергісін мына
формуламен анықтаймыз:
?????? =
??????
??????
= ??????
??????
??????
Мұндағы, S өткізгіштің көлденең қимасының ауданы, ρ мыстың меншікті кедергісі.
Ұзындығы l өткізгіштегі тоқ күші мен кернеу амперметр мен вольтметрдің көмегімен
өлшенеді. Қарастырылып отырған мыстың m массасын оның ұзындығы l, көлденең
қимасының ауданы S және тығыздығы D арқылы өрнектейміз:
m=DlS немес
????????????
??????
= ??????????????????
2
?????? = √
????????????
??????????????????
(4)
I, U, m шамалары тәжірибе жүзінде өлшенеді, ал ρ мен D-ның мәндері физикалық
анықтамадан алынады. Бөлменің пішіні тік паралеллепипед болғандықтан көлемі мына
формуламен есептеледі:
V=a×b×c
Мұндағы, a, b, c паралеллепипедтің қырларының ұзындықтары. l-дің ұзындығы белгілі
болғандықтан, a, b, c ұзындықтарын өлшеп аламыз.
5. Белгісіз планетаға ұшып келген ғарышкерлер сезімтал гальванометрді және
өткізгіштің орамын пайдаланып оның магнит өрісінің бар немесе жоқ екендігін қалай
анықтай алады?
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
47
Шешімі: өткізгіштен катушка орап, оның ұштарын гальванометрге қосамыз. Егер
планетаның күшті магнит өрісі болса, катушканы бұрғанда катушканың көлденең қимасын
қиып өтетін магнит өрісі өзгеретіндіктен галванометр катушканың орамында пайда болған
индукциялық тоқтың шамасын көрсетеді. Осы әдісті пайдаланып магнит өрісінің
кернеулігінің бағыты мен шамасын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |