Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4 (80), 2022 г. 277 Мрнти



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата21.09.2023
өлшемі1,15 Mb.
#109610
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 
Кіріспе 
Қазіргі таңда Индустрия 4.0 жағдайында цифрлық құралдардың көптеп пайда болуына байланысты 
заманауи жаратылыстану ғылымдарының әр түрлі салаларындағы физиканың қолданбалылығы 
қарқынды түрде арта бастады [1]. ХХ-ғасырдың соңында өнеркәсіп орындарындағы техникалық 
құралдардың автоматтандырылуы және жұмыс орындарының азаюына байланысты адам өзінің 
қызмет саласын өзгертуге мәжбүр болды. Сондықтан, политехникалық оқыту идеясы қолға алына 
бастады. Бұл ұғым қазіргі орта және жоғары оқу орындарында бейіндік оқыту ұғымымен кең таралды. 
Физиканың қолданбалы ғылым екендігін ескерсек, оның пәні, мақсаты мен міндеттері тәжірибе 
арқылы тағайындалатынына көз жеткіземіз. Физикалық білім қазіргі таңда шексіз салада қолданылады:
ғылым мен техникада, инженерия мен өндірісте және т.б. салаларда. Физика оқыту үдерісінде STEAM 
тәсілі білім алушылардың белсендірек болуы және ғылым мен технологияны қолдануға негізделген 
идеяны іске асыру құралы ретінде қызмет етеді. Физиканы STEAM негізіндегі оқытуды іске асырудың 
бірнеше артықшылықтар бар: ақпараттық даму қоғамына дайын тұратын ұлттың болашағын дайындау 
мүмкіндігі, қолданыстағы жаңа инновацияларды дамытуға үлес қосу, білімгерлердің STEAM 
мамандығына деген қызығушылығын ояту, білімді күнделікті өмірмен байланыстыру, өзін-өзі 
бағалаудың тиімділігін арттыру, білімгерлердің STEAM сауаттылығын дамыту және т.б [2-3]. Осы 
артықшылықтарды және физиканың ғылым саласы ретінде кеңінен қолданылатындығын ескеріп, 
жоғары оқу орнында физиканың қолданбалы аспектілерін меңгерудің маңызды екендігін түсінеміз.
STEAM озық технологиялардың бірі ретінде, білімгерлерден мәселені талдауды және мәселені 
шешу үшін өзіндік әрекет жасауды, топ арасында бірлесіп жұмыс істеуді және бір-бірінің идеяларымен 
тиімді қарым-қатынас жасауды талап етеді. STEAM өнімдерінде тек когнитивті аспектілер ғана емес, 
сонымен қатар бірнеше басқа аспектілер болады, мысалы, аффективті және психомоторлы аспектілер. 
Бұл аспектілерді білімгерлер өнеркәсіптік революция 4.0 дәуірінде дамыта алады [4]. Демек, танымдық 
қабілеттер мен шығармашылықты дамыту мақсатында ғылым, техника, инженерия және математика 
пәндеріндегі дизайнды, креативтілік пен инновацияны біріктіретін STEAM негізіндегі оқыту маңызды 
орын алады.
Осы мақсаттар біздің еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларында 
«құзыреттіліктер» арқылы келтірілген және олар оқытылатын пәндердің қолданбалы практикалық 
бағдарлылығын күшейтуді міндеттейді. Оның ішінде жаратылыстану бағытында оқытылатын физика 
пәндері де қарастырылады.
Математикалық және жаратылыс-ғылыми білім сапасы мәселесі бойынша халықаралық зерттеулер 
жүргізу практикасында пәндердің қолданбалы құраушысына үлкен мән беріледі (TIMSS, PISA). PISA 
халықаралық зерттеулерінің мақсаты білімгерлердің алған білімдері мен икемділіктері қоғамда 
толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік бере алатындығын бағалау болып табылады. Соңғы жылдары 
біздің еліміздің білім беру саласында білім мазмұнын жаңартуға бағытталған көптеген жұмыстар 
Индустрия 4.0 талаптарына сәйкес атқарылды. Атап айтсақ, білім беру мазмұны жаңартылды, 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №
4
(80), 2022 г.
 
279 
оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасалды, жалпылай алғанда оқытудың деңгейі артты. 
Дегенмен, соңғы жиырма жылдың көлемінде мектепте жаратылыс-ғылыми білім беру сапасының, 
біздің елімізде ғана емес, жаппай төмендегені байқалады. Нәтижесінде политехникалық және бейіндік 
оқыту идеясын жаңа деңгейге көтеру мақсатында физиканы оқытудың қолданбалы бағдарлылығын 
жүзеге асырумен байланысты үдеріс айқындалды. Осы негізде физиканы оқыту саласында тек 
өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылық мәселелері ғана емес, сонымен қатар экономика, экология
медицина, тарих т.б. мәселелері қарастырыла бастады. Ендеше, политехнизм және бейіндік оқыту 
ұстанымы «физиканы оқытудың қолданбалы бағдарлылығының» құрамдас бөлігіне айналды. «Электр 
және магнетизм» пәні «Физика» мамандықтарында оқитын студенттер үшін базалық пәндер қатарына 
жататындығы белгілі. Осы пән білімгерлерді даярлауда жетекші орындардың бірінде тұрады және 
онсыз мамандарды дайындау мүмкін болмайтындай маңызды да іргелі міндеттерді анықтайды.
Бұндай мәселелердің шешімі ретінде STEAM тәсілін қолдана отырып физиканы оқыту белсенді, 
креативті және инновациялық білім беру жүйесін құрудағы негізгі шешімдердің бірі болып табылады. 
Зерттеушілердің еңбектерін талдай келе, STEAM жағдайында студенттер өз идеяларын соңғы 
технологияға айналдыратындығын, Art on the STEAM тәсілі физика бойынша оқу құралын жасау 
кезінде білімгерлердің шығармашылығын арттыратындығын дәлелдеуге болады [5]. 
Зерттеулер әлемдік көшбасшы елдердің 2000 жылдардың басында дамудың жаңа бағыты ретінде - 
инновациялық экономика мен білім экономикасының жаңа көздерін енгізе бастағандығын, соның 
нәтижесінде цифрлық технологиялар дәуірінде аса қажет болған инженерия, техника саласында 
мамандардың тапшылығын азайтқандығын көрсетеді. Бізде еліміздің бәсекелестікке қабілеттілікті 
дамытудың факторларын іздей отырып, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер техника-
инженерлік білімді барынша арттыруға және түлектердің технологиялық дайындығын күшейтуге 
ұмтылуымыз қажет.
Жоғарыда аталған қажеттіліктерді орындау мақсатында біз STEAM негізінде физиканы қолданбалы 
бағытта оқытудың ерекшеліктерін айқындадық.
Физиканы қолданбалы бағытта оқыту тәжірибесі маңыздылығын ескеріп, физиканың 
интеграцияланған ғылым идеясымен, технологиямен, инженерия және математикамен (STEАM) тығыз 
байланысы бар екенін көрсетеді. Физиканы қолданбалы бағытта оқытуды түсіну көптеген 
интеграцияланған STEАM оқытудың ерекшеліктерін көрсетуі мүмкін. Алайда, бұл болжам зерттеуді 
қажет етеді. Осылайша, бұл зерттеу физика пәнін қолданбалы бағытта оқытудың қазіргі тәжірибесін 
сипаттауға бағытталып, болашақта STEАM
 
интеграцияланған оқытуды енгізу тәжірибесін 
қарастырады.
Демек, осы қажеттіліктерден бұл зерттеудің мақсаты келіп шығары: физиканы және оның жеке 
пәндерін оқытудың қолданбалы бағдарлылығын STEAM арқылы дамыту әдістемесінің функционалды-
құрылымдық моделін құру, жеке пәндерді оқытуда модельді қолданудың тұжырымдамаларын, 
ұсыныстарын әзірлеу.
Зерттеу барысында төмендегі ғылыми болжамдар тексерілді: егер, жоғары рейтингті журналдарда 
жарық көрген тақырыпқа сай мақалаларға әдеби шолу жасалынса, жоғары оқу орындарының физика 
саласындағы білім беру бағдарламалары талданса, онда физиканы оқытудағы STEAM білім берудің 
қажеттілігі айқындалады. Сонымен қатар, STEAM негізінде оқытудың қолданбалы бағдарлылығын 
дамыту әдістемесінің моделін жасау, жоғары оқу орындарында физика саласындағы жеке пәндер 
бойынша STEAM-нің тиімділігін айқындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет