Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4 (80), 2022 г. 277 Мрнти



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.09.2023
өлшемі1,15 Mb.
#109610
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1248-Текст статьи-7091-1-10-20230425 (2)

 
Зерттеу әдіснамасы

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес зерттеу барысында мына әдістер қолданды: Scopus, 


Web of science деректер базасындағы жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланған 
мақалаларға талдау жасалынды. Талдау «STEAM», «Физика», «Қолданбалы бағдарлылық», «Электр 
және магнетизм», «Цифрлық технологиялар» және т.б. кілт сөздер негізінде жүзеге асты. Сонымен 
қатар, зерттеу барысында модельдеу әдісі қолданылды. Жоғары оқу орнында білімгерлерді даярлауда 
«Электр және магнетизм» пәнін оқытудың қолданбалы бағдарлылығын тиімді іске асырудың моделін 
жасау үшін, бірнеше бағдарламалар мен стандарттарға талдау жүргізілді. 
Зерттеу 2 – кезеңде ұйымдастырылды.
1-кезеңде жалпы әдебиттерге шолу жасалынды. Олардың ішінде біздің зерттеуге негіз болған 
жұмыстар сарапталды. Зерттеу барысы оқыту барысында цифрлық технологияларды қолдану арқылы 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №
4
(80), 2022
 
280 
оқушылар мен студенттердің физикалық білім алуға ынтасын арттыратыны және оның қолданбалы 
бағдарлығына әсер етуі бойынша мәселелерді ортаға шығарды. Техника саласына қызығатын 
білімгерлер саны күннен күнге азаюда, сондықтан әсіресе техника саласында олардың ынтасын 
арттыру маңызды қажеттілік. Көбіне қызығушылықтың жоқтығы табиғат құбылыстарын дұрыс 
түсінбеушіліктен туындауы мүмкін. Сонымен қатар, білім алушылардың білім деңгейі мен 
математикалық аппаратты толыққанды игермегендігі де мәселені түсінуге кедергі болатындығы 
айқындалды [6-7].
Зерттеу тақырыбына негіз болған еңбектердің бірі ретінде - жаратылыстану саласының пәндерін 
оқытудың қолданбалы бағдарлылығы мәселесімен В.В. Фирсов [8], Р.А.Садвакасова [9] сияқты ғалым-
әдіскерлердің еңбектері болды. Бірақ, бұл ғалымдардың зерттеулерінде тек математиканы оқытудың 
қолданбалы бағдарлылығына көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар, пәнді оқытуда цифрлық 
технологияларды қолданудың тәсілдері айқын және жан-жақты талданбаған. Білімгерлерді даярлауда 
пәнді оқытудың қолданбалы бағдарлылығын цифрлық технологиялар арқылы арттыру мәселелері 
ғылыми зерттеулерден тыс қалған.
Сонымен қатар, біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық-әдістемелік құндылығы ретінде 
В.П. Беспальконың ғылыми еңбектеріндегі әдістемелік жүйелердің мәні мен олардың құрылымы 
басшылыққа алынды. В.П. Беспальконың тұжырымдамасы бойынша, педагогикадағы жүйенің 
құрылымында қандай да бір ғылыми теорияның екі алғышарты қарастырылады. Оларға: теорияның 
шешетін мәселесі мен оны шешу технологиясы жатады (Беспалько, 1995) [10].
Зерттеудің 2-кезеңінде - физиканы оқыту барысында компьютерлік динамикалық модельдеу 
арқылы бірқатар педагогикалық, дидактикалық және технологиялық мәселелерді шешудің 
мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына талдау 
жасалынды. Күнделікті өмірде орын алатын жағдайларды заманауи технологиялар және қосымша 
визуализация құралдары көмегімен білім алушылардың физика пәніне деген қызығушылығын 
арттыруға тырысамыз. Алайда, студенттердің қызығушылығын ояту қиынға соғатын тақырыптар бар. 
Мысалы, білім алушылардың көбінің графиктер құру дағдысы қалыптаспаған. Сондықтан, 
графиктермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге үлкен мән беріп, тиянақты жаттықтыру керек [11]. 
Қоғамды цифрландыру – бұл ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін күнделікті тұрмысқа 
ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер 
етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті үдеріс [12]. Оқыту барысында оқытушының 
цифрлық технологияларды қолдануының екі негізгі санаты бар: басқару үрдісінде және сыныпта 
пайдалану. Бірінші санат, басқаруда цифрлық технологияларды пайдалану, цифрлық технологияларды 
проактивті және белсенділік үшін пайдалануды білдіреді. Әкімшілік оқыту тапсырмалары, мысалы, 
білім алушыларды басқару, жұмыс парақтарын дайындау, бағалау тапсырмаларын әзірлеу, білім 
алушылардың оқу үлгерімін қадағалау және т.б. Екіншісі, сыныпта цифрлық технологияларды 
пайдалану, STEAM негізінде оқытуды жеңілдетуге және жақсартуға бағытталған. Нақты оқыту 
үдерісінде, мысалы, демонстрациялық мақсатта компьютерлерді пайдалану, жаттығулар мен 
тәжірибелер жасауда, модельдеуде, күрделі білім элементтерін көрсету, пікірталас, ынтымақтастық, 
жобалық жұмыс және т.б. 
«STEАM» сөзінде көптеген перспективалар бар. Байби (2013) өз зерттеулерінде STEM-дің бірнеше 
перспективасын сипаттаған. Олар: - STEАM сөзі ғылым мағынасында технологияны, инженерияны 
немесе математиканы, өнерді қамтиды; - STEАM ғылымды да, математиканы да білдіреді; - STEАM 
ғылымды (немесе математиканы) білдіреді; - STEАM жеке пәндер квартетін сипаттайды; - STEАM-
жаңа пән (пәнаралық) болып табылады.
STEАM көзқарастарының әрқайсысы бір немесе бірнеше пәндерге негізделген саланы көрсетеді. 
Мысалы, STEАM перспективасы жеке пәндер квартетіне тең көзқарас екенін білдіреді, сол мезетте 
STEАM ғылымға да, математикаға да негізделген бірнеше бағытта екенін сипаттайды. Соңғы зерттеулер 
көрсеткендей, мұғалімдер қазір интеграцияланған STEАM білімін интеграцияның әртүрлі 
деңгейлерінде ғана қолдануға бейім. Ал бұл жағдай өз кезегінде кәсіби білім беру тұжырымдамасын 
бойына сіңірген, кәсіптік құзіреттілікке ие, шындыққа шығармашылықпен қарайтын мұғалімді 
даярлайтын жаңа әдісті талап етеді. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс пен жұмыс күші нарығының 
күрт төмендеуі де нарықтық экономика мен қоғам өмірінің цифрландырылуы жағдайында болашақ 
мұғалімдердің кәсіби бейімдеуін қарастырады.


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №
4
(80), 2022 г.
 
281 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет