ӘОЖ 8(574) - 92
Б.С.Сарбасов
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессор м.а.
филология ғылымдарының кандидаты
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВТІҢ СУРЕТКЕРЛІК ШЕБЕРЛІГІ
Түйіндеме: Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік ерекшелігін қарастыру әдебиет саласының
өзекті мәселелерінің біріне жатады. Себебі, Ж.Нәжімеденов шығармашылығы бүгінге дейін зерттеліп
келгенімен, ақын өлеңдерінің көркемдік сипаты әлі де тереңіне үңіліп, аша түсуді қажет етеді.
Ғылыми мақалада негізінен Ж.Нәжімеденов шығармашылығының зерттелу тарихына қатысты материал-
дарға жан-жақты талдау жасалып, олардың қаншалықты маңызды екендері анықталады.
Ж.Нәжімеденов шығармаларының зерттелуі жайлы сөз болады. Ақынның табиғат, махаббат суреттеріне
арналған өлеңдеріне талдау жасалынады. Ақын лирикаларында лирикалық кейіпкердің туған жерге деген
сүйіспеншілігін, табиғатты бейнелеуінде оқырманды еріксіз елітетін әсем суреттеулер, сүйіспеншіліктегі
жалған сезімге қарсы бағыттағы шынайылықты дәріптейтінін көреміз.
Сонымен қатар бұл мақалада Ж.Нәжімеденовтің суреткерлік шеберлігі, ақынның поэтикалық тілі, өлең
өрнектері қарастырылады. Ең алдымен, Жұмекеннің ақын және поэзия туралы ойын өлең кестелерімен берген
толғақты ой-пікірлерін талдадық. Қаламгер бұл толғаныстарында поэзияның құпия қыр-сырларын ашады.
Суреткердің оқырман алдындағы парызын, міндет-мақсаттарын анықтайды, шеберлік жолындағы ізденістері,
өлең жазу процесіндегі сезім-күйлері арқылы беріледі.
Ақын шығармаларының тілі туралы да ғалымдардың жеке ой-пікірлері айтылады. Тілдік құралдарды ақын
қалай қолданды, олар қандай дәрежеде көрініс тапты деген мәселелерге талдау жасалынады.
Ж.Нәжімеденов – қазақ лирикасының көкжиегін кеңітіп, мазмұнын тереңдетіп, пішінін жетілдіруге
айтарлықтай үлес қосты. Сондықтан да ол қазіргі қазақ өлеңінің санаулы шеберлігінің санатына еркін енді.
Ж.Нәжмеденов өзінің шығармашылық сапарында эпикалық құлашын да кең танытқан тамаша талант. Ақын
поэзиясының көркемдік ерекшеліктері, тілі мен стилі мен тегі жалпы поэтикасы нұсқалы бай. Ол арғы – бергі
замандағы қазақтың әрлі де нәрлі асыл сөздерін мол игерген, жете меңгерген және өз шығармаларына сіңірген.
Ж.Нәжімеденов шығармаларының көркемдік сипаты жоғары дәрежеде. Сондықтан да ақын өлеңдері күні
бүгінге дейін өз құндылығын жоймай келеді.
Тірек сөздер: Лирикалық кейіпкер, суреткерлік шеберлік, поэтикалық тіл, көркемдік ерекшелігі.
Аннотация: Художественный характер произведений Жумекена Нажимеденова является одной из актуаль-
ных в современной казахской литературе. Целью данного проекта является более глубокое изучение
поэтических произведений. Так как, несмотря на то, что творчество Нажимеденова неоднакратно был
предметом научного осмысления, художественный характер поэзии акына требует дальнейшего глубокого
изучения.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
113
В научной статье подвергнуты всестороннему анализу материалы, касающиеся истории изучения творчества
Ж.Нажмединова, в результате чего определена их теоретическая значимость.
Также, в статье посвящен рассмотрению идейно-тематического содержания произведений Ж.Нажимеденова.
Подвергнуты анализу стихи о природе и любви, характер работы со словом, использование тропов, звуковые
особенности стиха, разнобразие и богатство красок в описании природы.
В статье рассматривается поэтическое мастерство Ж.Нажимеденова. Данный статье посвящен изучению
творчество поэта в его движении и развитии. В первую очередь, проанализированы рассуждения
Ж.Нажимеденова о поэте и предназначении поэзии как чего-то возвышенного, стоящего над людьми.
Художник определяет миссию поэта, его поиски, раскрывает секрет поэтического творчества.
Также, в статье речь идет и о языке произведениий поэта, о том, какие языковые средства он использует.
Произведения Ж.Нажимеденова обладает высоким художественным уровнем и является значительными по
содержанию. Поэтому они и сегодня потеряли своей актуальности.
Ключевые слова: Художественный характер, поэтическое мастерство, поэтическое язык, лирическое
образы.
Abstract: The scientific project “Heroism in works of Zhumeken Nazhmedinov the actual problems. Consideration
of art features of creativity of one of the prominent representatives of Kazakh poetry in the first half of XIX-th century
Zhumeken Nazhmedinov can be carried to on of the actual problems in the field of literature. In spite of the fact the
creativity of Zhumeken was subject of scientific judgement, art character of poetry of akyn demands the further deep
studying.
Work the materials, concerning stories of studying of creativity of Zumeken therefore their theoretical importance is
defined the all – around analysis are subjected. In the conclusion researchers are summed up.
The first section is devoted to the consideration of Zhumeken image in K.Zhumaliev’s researches. In the verses the
poet called the people not to bear more of humiliation and oppression, to be stirred up and on struggle for the human
advantage and freedom. Simple and concrete, impressing and conclusive, the bright metaphoricalness had deep
influence on the fighters. The verses of the poet are distinguished by fearlessness, resoluteness, amazing gift of belief ,
unshakable confidence of the correctness.
Verses the verses are about the life of fighters for social justice, their internal, full of dramatic nature and the
world. The poetry of Zhumeken was full of noble sweep, ‘a sharp sword’, not knowing rest and mercy. As it is known,
poetic appeals of Zhumeken possessed enormous force. Having developed traditions of heroic singers, he has
considerably deepened the personal beginning, rethought the old genres and forms of expression on poetic thought,
transformed habitual images of the Kazakh poetry, strengthened social motives which have led to occurrence in the
history of Kazakh poetry of civil lyrics.
The present work is one more attempt to shine, deepen and the researches devoted to consideration of a spiritual
heritage of Zhumeken Nazhmedinov.
Keywords: by fearlessness, resoluteness, amazing gift of belief, unshakable confidence of the correctness.
Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығының дені поэзия, сондықтан оның қаламгерлік бітімі,
шеберлігі, әдебиеттегі орны ақындығы арқылы белгіленеді.
Суреткер қазақ поэзиясын өзіндік жаңа эпитеттер, теңеулермен, өлең өрнегі дыбыстық әсем
айшықтармен байытқан. Айшықтаудан Жұмекен Нәжімеденов тудырған тың арнаулар, қайталаулар,
эпифора мен анафора психологиялық егіздеу қазақ поэзиясының бұл саладағы поэтикалық үлгісі
болып табылады.
Суреткердің лирикасын талдамас бұрын оның лирикалық қаһарманы жөнінде айта кету жөн.
Ақынның лирикалық қаһарманы – үлкен интеллект. Ол ұсақ-түйек төңірегінде, отбасы, ошақ қасыңда
қалып қоймайды. Оның басты міндет етіп көтеретіні – адамгершілік, ар алдындағы борыш, ізгі
қасиеттер үшін күрес, күллі өмірдегі адам ар-ожданына кереғар ұқсастықтардың бәріне қарсы майдан
ашу, халықтық проблемалар, керек десеңіз, бүкіл планеталық мәселелер. Оның ойлайтыны – жеке
бастың қамы емес, халық мүддесі [1,52б.]. Осыңдай биік парасаттылықты ту етіп көтерер қаһарман
айналасындағы қиян-кескі құбылыстарға бейқам қарай алмайды.
Тыньштық өмір оған жат. Айнала етектен тартқан ескілік, мансапқорлық, көрсоқырлық, аярлық,
опасыздык, қанпезерлік тынышын алып, түн ұйқысын төрт бөледі. «Өлең – сирена», - дейді Қадыр
Мырзалиев. Бұл шындық екенін Жұмекен поэзиясы дәлелдейді. Әр өлеңі - ақын сезімінің сиренасы.
Нәжімеденовтің лирикалық кейіпкері өзін әлем алдында, адамзат баласы алдыңда жауаптымын деп
сезінеді.
Әр ақынның лирикалық кейіпкерінің өзіне тән мінезі, қан қызуы, яғни темпераменті болады. Қазақ
ақындарының лирикасында ондай мінездің алуан түрін кездестіреміз. Ал Жұмекен кейіпкерінің
мінезі басқа ешбір ақынның кейіпкеріне ұқсамайды. Демек, бұл - ақынның лирикалық кейіпкер
мінезін даралауда суреткерлік шеберлікке жеткендігінің белгісі. Жұмекеннің лирикалық кейіпкері
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
114
байсалды, байыппен сөйлейтін, асықпай ой салмақтайтын, асып-таспайтын, еш нәрседен саспайтын,
қандай іс-әрекет, құбылысқа болсын қарапайым да сезімтал жүрегімен қабылдап, жүрегімен
дәріптейтін, жүрегімен айыптайтын парасатты тұлға. Онда жайлап айтса да, алыстан орағытып,
тыңдаушысын да байсалдылыққа шақыратын, терең ойландыратын, алды-артын аспай-саспай
бағдарлайтын қасиеті бар. Л.И.Тимофеев пен Н.Венгровтың «Краткий словарь литературоведческих
терминов» деген сөздігінде мынадай анықтама бар: «Гражданская поэзия – поэтические
произведения, идеи, темы, образы которых непосредственно связаны с общественной жизнью и
борьбой народа за свободу и счастье...» [2,38б.]. Осы айтылғанға сүйенсек, қай ақынның да
шығармаларын оның азаматтық лирикасын талдаудан басталады. Сол себептен біз де Жұмекеннің
азаматтық лирикасын сөз басы еттік. Азаматтық яки әлеуметтік-саяси лириканың өзі шартты түрде
бөлінген басқа лирикалардай емес, алуан түрлі тақырыптарға тарамдалып кететінін есте тұтқан жөн.
Сол себептен бұл қомақты поэтикалық топтаманы талдауда жүйелілік болу үшін әр тақырыпты жеке-
жеке қарастырамыз [3,68б.].
Ж.Нәжімеденовтің азаматтық үні «Жүрегімде бір тамшы қан болса егер» деп басталатын
өлеңінде-ақ көрініс береді. Әп дегеннен ақын ойлары кесек айтылған бұл шығарма Жұмекеннің
күнделікті ұсақ-түйекті тілге тиек ететін ақын емес, кесек ойлы, ірі де іргелі қаламгер
болатындығынан хабар берген еді. Кеудеден шымырлап қайнап шыққан көңілдің ақ жамбысындай
үлкен толғанысты туынды - ол. Кейіпкер өзін денені аралайтын бір тамшы қанға балап, сол қан
сияқты туған жерді аралайтындығын айтады. Адам денесі қансыз өмір сүре алмайтын болса, ел де
адамсыз өмір кешуі мүмкін емес. Адамға еш уақытта да тоқтау жоқ, сол әрекетінде мақсат-мұраттар
мол. Адам демі - туған жердің демі. Тамшы қан тіршілік нәрі болса, кейіпкер де тіршіліктің биігін
аңсайды, өзін елден бөлектей алмайды. Мәселен:
Мен кідірсем терім сүртіп бір сәтке,
Бүкіл дүние тұрып қалар секілді.
Осы екі-ақ тармақтағы мағынаға толы жолдарда өлеңнің бүкіл идеясы бар. Шындығында да,
адамсыз, адам әрекетінсіз дүние қаңырап қалар еді. Қысқа да нұсқа бұл өленді Жұмекеннің азаматтық
поэзиясының лейтмотиві дер едік. Басқа шығармалары осы өлең төңірегіне шоғырланып, биік
идеяларға нұсқайды. Лирикалық кейіпкер өзінің ұлағатты сөзін барлық жылы жүректі, парасатты,
ешкімді алалау дегенді білмейтін кеңпейіл адамдардың атынан айтады. Оның мінезінен терең идеяны
адам өзін өмірден, тіршіліктен бөлек санамау қажеттігін, бар болмыс әлем бір-бірімен диалектикалық
бірлікте екенін, шындықтан, өмірден оқшау өмір кешу мүмкін емес екенін айтады.
Ақын - заман перзенті. Оны айқындай түссек, ақын заман дүбірімен үндес, заман ағымымен бірге
болуы керек. Заманның сағат сайын қояр сауалына жауап беру үшін жауапкершілікті сезіну - әр
қаламгердің ең басты азаматтық борышы. Қоғамның жазылмаған заңы қалам қайраткерлерінен үнемі
сергектікті талап етеді. Ақын Жұмекен мұны терең сезінген. Оның кез келген өлеңінен өмірге деген
ерекше құштарлықты көретініміз де осыдан. "Жүрегімде бір тамшы қан болса егер..." деген
өлеңімен үндесіп жататын "Соқ, сағат" дейтін топтаманың да мәні терең. Лирикалық кейіпкердің
пікірі әр оқырманның жүрегіне жол тапқандай, оқырманның өз сөзіндей болып естіледі. "Өз
көзіммен" деп аталатын, ақынның өмірге өзінше қарау кредосының жүзеге асқандығын дәлелдейтін
жинағына енген өлеңдер бес бөлімнен тұрады. Ақын уақыт, заман, өмір туралы ой-сезімдерін бес
өлеңге тұтастырады. Бір-бірін күрделендіріп, байыта толықтырып тұрған әр бөлім нақты бір ой
діңгегіне ұласып, тарамдала дамиды [4,32б.].
Лирикалық кейіпкер заманның құбылмалы характерін дөп басып, дәл бағалауды мұрат тұтады. XX
ғасыр - аласапыран төңкерістер, қарама-қарсы қаһарлы қақтығыстар ғасыры, есулер мен өшулер,
жарылыстар мен жаңғырықтар, түрлі кереғарлықтар қаптаған, адам ойын талқандап, адам жүрегін
тебіренткен ғасыр. Секунд сайын елең еткізіп өмірде есепсіз проблемалық шиеленістер туындап,
жаңалықтар да ашылып, самғаулар мен шарықтаулар болып жатқан ғасырда ақында жайбарақаттық
болуы мүмкін емес. Құлшынысқа, ұмтылысқа, өмірдегі өзгерістерге барлық жақсылықтар мен
жамандықтарға сезімтал жүрек: «Тағы бір ғажайып түн өтті - тек қана үлгірдім құмартып» деп
зулап бара жатқан заман екпініне, уақыт жүрдектігіне ілесу қиын екендігін ескертеді. Ақын түннен
кейін таң, бір таңнан кейін тағы бір таң жырын жаңа туған тәулікке үндестіре алмай дал болады.
Әдебиет зерттеушісі Төкен Ибрагимов бұл өлең жөнінде: «Жас та елгезек кейіпкер (лирикалық
кейіпкер) таңмен таласа тұрыпты. Мезгіл үнімен ояныпты. Кешегі өткен түннің, бүгінгі таңның
құрдасы. Ойлана, сезіне тұрып, өмірді уақытпен, ойын жырмен өлшемек. Өзіне кексенің міндетін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
115
жүктеп, жастық құлшынысын құптатпақ, ет қызу, елегізу бар бойында. Елегізе беретіні - асығыс...
Ендеше ақын тыншымайды, ғасырымыз тыншытпайды. Ақын рахаты ой үстінде» [5,175б.].
Сыншы ақынның уақыт алдындағы парызы жөнінде дөп айтқан. Ақынның лирикалық кейіпкері
адал азамат атынан сөйлеген. Асығу, заман, қоғам көшіне ілесу, тіпті одан оқ бойы оза жүру ақынға
ғана емес, ең бастысы, планета алдындағы жауапкершілігін сезінген адамға қажет.
Лирикалық кейіпкердің асығуы - жай ғана асығу емес, адам баласының бақыты үшін еңбекке
құлшыну. Ал еңбек -алда не болатынын болжамай қара терге малшынып мақсатсыз жер қаза беру
емес, «қол мен кеудеде сенім бар, бағыты бар еңбек - нәтижелі мәресі алдағы еңбек. Қай заман, қай
қоғамда өмір сүрсең де өмір тірегі - осы еңбек екені айдай анық шындық, әлемді алақанымен аялап
тұрған да еңбек», - дегенді айтады ақын. Кейіпкер адамзат баласының игілігі үшін бәріне де әзір.
Ақын үні өз замандастарымен бір арнада, бір дауыспен, бірақ бөлек, өзіндік әуенмен шығады. Ол
құштарлық үнімен өмірге, тіршілікке деген қамқорлығын сездіреді.
Ал бірақ сөгілсе дүние ұлтаны,
Өзімді шеге қып қағамын, -
деу лирикалық кейіпкердің қандай пікірдегі азамат екендігін айқындайды. Өмір өзгерісі күнмен,
жылмен ғана шектелмейді. Онда сағат пен минуттан озуға талпыныс керек, себебі уақыт өзі-өзін
қусырып келеді.
Секундтар қуалап бір-бірін,
Толқын боп соғады жарына.
Секундтар бір-бірін соққылап жатқанда, адамда қаперсіздік пен тыншу болмауы жөн. Адам бүгін
істеген ісінің келбеті болашақ күнде тұруы үшін қызмет етуі қажет. Ақынның:
Алдағы күндердің жүзінен
Күлкімді көруге келем мен, -
деуі содан.
Әр азамат мезгіл маусымындағы әр ісін салмақтап саралайды. Өйткені, лирикалық кейіпкер
бүгінгі кеткен қателіктін қайта қайталанбауын, сөйтіп, уақытқа кесір-көлеңкесін түсірмеуін ойлаған
қаракетінде «таң ата бала боп оянып, күн бата шал боп жататынын» айтып, жар салады. Өзгелерді де
осыған шақырады.
Соқ, сағат!
Үш, қиял!
Ой, ізден!
Міне, үзеңгі қағыстыратын сағат, қиял, ой сияқты үш тұлпарды ақын осылайша ерекше атайды.
Осылардың қайсысы бәйгенің жүлдегері болмақ. Ақынның оқырманды жетектеген ой өзегі - тек қана
озу. Бұл жарыс додада кейіпкер «бар күшімді пайдаланам», - дейді. Өйткені асығу – өмір заңы.
Лирикалық кейіпкер өзінің құдіреттілігін, биіктігін де жария етеді. Өршіл оптимизм өлеңдердің
бәрінің өн бойында үзілмейтін өрнек тапқан. Кейіпкер ғасыр дүбірін ауаның дірілінен-ақ түсінеді. Ол
аспанның көп жұлдызының ішінен бірін алып жарына сырға қып ұсынады. Осындай ғажайып
істермен аяқ басса ғана «секундтар саусағы санайды жүректер дүрсілін». Өлеңнен уақытпенен бірге
аттаған «ертең мен бүрсігүнді» бүгінге айналдырған құдіретті адам бейнесін көреміз.
Жұмекен шығармашылығының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ сәтті туған өлеңдер мол. Ақынның
бұл кездегі жырлары оқырман көңілінен шықты. Сонымен бірге ол әдебиет сыншыларын да бейқам
қалдырған жоқ. Өйткені, балғын қадам туындылары лирикалық кейіпкерлерінің бітімі бөлек, кесек
еді. Алғашқы жинақтың өзіндегі "Отан" атты өлеңде туған ел алдындағы борышын ұғынған,
өмірдегі өз орнын анықтаған адам бар. Ол өзінің өмірдің қонағы емес, қожасы екендігін жария етті.
Бел балаң ем, өсейін де шынығып,
Заводтарда болат илеп, шыны үгіп,
Семіруге келгенім жоқ өмірге,
Аулақ жүріп, ауа жұтып, тынығып, -
деген жолдар халық алдындағы үлкен міндетін сезінген адамның сөзі. Лирикалық кейіпкер өмірдегі
жақсылық-жамандықты айыра отырып, оларға деген көзқарасын білдіреді. Қас шындықты жасырмай
ашық айтады. Жаңа заман психологиясының адамы әрдайым осындай айқын да батыл ойлы, басқаша
болуы шындыққа кереғар.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
116
«Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен?» деп басталатын өлеңінде адам қасиеттері
мен мінездерінің қалтарыстарын, адамға байланысты басқа да болмыстарды қарапайым да қысқа
өлең жолдары арқылы саралап береді. Өзі шағын болса да, идеясы қомақты шығарманың жүгін
арқалап тұр. Өлеңдегі батырлык, байлық, адалдық, жалғандық, бақыт, арман сияқты дерексіз ұғымдар
жанды бейнеге айналып, нақтылана көрінеді. Ақын қиялынша, бұл адамдық белгілер оқырман
санасында әртүрлі іс-әрекеттер жасайды. Мәселен, бейнелер лирикалық кейіпкердің үніне келеді. Ал
лирикалық кейіпкер болса, сезіміне нұсқау бере сөйлейді. Бейнелер кезектесе келген сайын «Кім
болды екен, сол емес пе екен?» деген болжамды сұрақ қояды.
Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен,
Батырлық па? - өз төрімде жайрандатам, түнетем.
Байлық болса, қулау болар, тура қара көзіне,
Кім де болса алдамасын, алданбасын өзі де.
Өлең осылай басталады, бейнелерге қойылар сауалдар жалғаса береді. Өлеңде бейнелер
болмысына қарай екі түрлі көзқарас кезектесе алмасады. Оны кейіпкер басындағы драмалық ойлар
туындатады. Кейіпкер табиғаты таза, адал адам, тірі пендеге жақсылық тілейтін, жақсылық жасайтын
ғана қасиетке ие. Сондықтан оны жағымсыздық пен жақсылық жарыса отырып, қарама-қарсы
ойларға жетелейді. «Өз төріме жайрандатам», «барым - әзір, көңіл хош», «кілем таста, дастарханым
жаямын», «өмір бақи арқалайын, төзейін» деген тіркестер «қулау болар, тура қара көзіне», «тулақ
таста, сүртіп шықсын аяғын» дегендерге тұп-тура қайшы пікірлер. Шығармадағы мұндай қарама-
қарсы пікірлер ақынның идеясын айқындай түсу үшін ерекше қызмет атқарады [5, 26б.].
Өлеңінен-өлеңіне ауысқан сайын күллі адам санасына қараңғыда жол көрсеткен шамшырақтай
боп ақынның азаматтық үні алға бастап отырады. Адамгершілік парасат жылы жүректі адамдардың
көкірегіне ұялай қалатын, қарапайым оқырман ойына келе қоймайтын, ол байқай алмайтын өмір
қалтарыстарындағы құпиялар, ақынның өткір ойы қызықтыра береді.
Қорыта келгенде, аса талантты ақын Жұмекен Нәжімеденов өзінің қысқа өмірінде ұзақ ғұмырлы,
өлмес, өшпес, әдеби мұра, саңлақ суреткерге ғана лайық өзінің әсемдік әлемін жасады. Оның
ақындығының айрықша асыл, қайталанбас қастерлі құны мен қасиеті осында деп білген жөн.
1
Нәжімеденов Ж. Темірқазық. – Алматы: Жазушы, 1982. – 187 б. – 52 б.
2
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы,1960. – 404 б. – 38 б.
3
Юсупов Қ. Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы. – Алматы, 1996. – 192 б. – 68 б.
4
Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б. – 17 б.
5
Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 253 б. – 175 б.
ӘОЖ 82:81-26; 82:81'38
Қ.Т.Жанұзақова
проф. м.а. филология ғылымдарының докторы
М.ӘУЕЗОВТІҢ АЛҒАШҚЫ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ КӨРКЕМДІК-СТИЛЬДІК
ІЗДЕНІСТЕР
Түйіндеме: Мақалада қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі көркемдік-стильдік
ізденістер қарастырлады. М.Әуезов алғашқы шығармаларынан-ақ үлкен сурекерлік шеберлігін танытады. 1910–
1920 жылдардағы «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Бәйбіше-тоқал», «Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткен»,
«Қаралы сұлу», «Көксерек», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» атты туындылары оның қаламгерлік
қуатын, зор дарынын танытады. Оның шығармаларында қазақ ауылының тұрмысы мен өмірі, қорғансыз
жандардың тағдыр-талайы сынды көп жазылған тақырып жаңа қырынан, жаңа мазмұнда, қаламгердің өзіне
ғана тән қолтаңбасымен көрініс табады. Мақалада суреткердің «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу» әңгімеле-
рінің құрылымдық, уақыт пен кеңістіктік, тілдік ерекшеліктері стильдік ізденістермен сабақтастықта айқында-
лады. «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі тау хронотопы («мекеншақ»), трагедиялық әсер мен жалғыздық,
жатсыну сарыны талданады. Ұлы жазушының әңгімелерінің тақырыптық-идеялық арнасы, образдық, стильдік
ерекшеліктері, мифологиялық архетип мәселесі қарастырылады. Шығармадағы символикалық мәнге ие болған
Арқалық тауының, қатал табиғаттың ызғарлы сипат мен Күшікпай батыр туралы аңыздың көркемдік қызметі
қарастырылады. Сюжеттік тұрғыда Күшікпай батыр туралы аңызға назар аудару, идеялық-эмоционалдық бояу
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
117
беріп, батыр бейнесі мен оның ірі іс-әрекеттерін дәріптеу – аңызды әңгімеде бейнеленген нақты оқиғаларға
қарсы қою ұстанымынан хабар береді. «Қаралы сұлу» әңгімесіне модернистік бояу берген «қаралы тор», «қара
жыландар» мотивтері мысалдар арқылы дәлелденеді. Мақалада болмысты бейнелеудің тәсілі ретінде мифопо-
этикалық архетиптерді қолдану – М. Әуезов поэтикасы ерекшеліктерінің бірі екендігі тұжырымдалады.
М.Әуезов шығармаларында фольклорлық бейнелеу құралдарымен қатар, өмірді суреттеудің жаңа тәсілдерін де
шебер игерді. Жас жазушының прозасы айрықша тереңдігімен, ауқымды психологиялық салмағымен
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |