ӘДЕБИЕТТАНУ
ӘОЖ 821.512.122.09
А.В. Таңжарықова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы., ф.ғ.д.
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «ҚАР ҚЫЗЫ» ПОВЕСІНДЕГІ
АНТИУТОПИЯЛЫҚ САРЫНДАР
Түйіндеме: Бұл мақалада жалпы әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі антиутопия сарындарының сипаты,
шығу себептері сөз болады. Орыс әдебиетіндегі осы сарындас, тақырыптас шығармаларды қарастыра келіп,
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесі автордың идеялық көзқарасы тұрғысан талданады. Антиутопиялық
жанрдың классикалық шығармалары ретінде орыс жазушылары Е.Замятиннің «Мы», А.Платоновтың
«Чевенгур», О.Хакслидің «Дивный новый мир», Дж. Оруэллдің «1984» романдарын атауға болады. Тақырып-
тарының әр алуан болғандығына қарамастан бұл шығармалар қоғамның саяси және әлеуметтік құрылымын
сипаттауымен, билік табиғатын, көсемге табыну, әміршілдік-әкімшілік жүйе механизмін сипаттауымен құнды.
Мақалада аталған шығармаларда жазушылардың адамзат тағдыры мен адамгершілік қағидалар құнына
алаңдаушылық білдірулері жайлы сараланады.
Антиутопист-жазушылар тоталитарлық режим механизмі мен оның салдарын, адамзат санасын күштеп
басқару нәтижесінде жеке адамның моральдық құлдырауы, рухани жұтаңдану, ұлттық тамырлардан қол үзіп
қалу сияқты мәселелерді көтерген. Оралхан Бөкей шығармаларын оқи отырып осы мәселелерді автордың
астарлап, символдық әдісті пайдалана отырып оқырманға бергенін көреміз. «Терісаққан», «Бура», «Қар қызы»,
«Атау кере», «Жетім бота» атты шығармалары бұған дәлел. Жазушының антиутопиясы – қоғамда болып
жатқан, автордың өзі көзі көрген саяси-әлеуметттік келеңсіздіктер туралы жанайқайы десек, артық емес.
Жалпы «антиутопия» термині қазіргі күні шартты түрде түсіндіріліп келеді, бұл әдебиетшілер, философтар,
әлеуметтанушылар, және тағы да басқа ғылым саласындағы ғалымдардың берген анықтамасынан, синонимде-
рінен (негативті утопия, неутопия, какатопия, дистопия және т.б.) байқауға болады. Утопияның алғаш пайда
болу негізі мен шарты өмірге көңіл толмаудан шыққаны бізге философия тарихынан белгілі. Осындай көңіл
толмаушылық салдарынан автор өзі өмір сүріп отырған қоғамнан өзгеше әлеуметтік- тарихи бастауларға және
этикалық модельдерге негізделген басқа баламалы қоғамды армандап, оның моделін ойлауға кіріседі. Оралхан
Бөкей де бұл жерде діні, ділі мықты, ұлттық тілінің мәтебесі асқақтаған тәуелсіз қазақ елінің болғандығын
қалағанын, аңсағанын аталған шығармаларының кейбір тұстарынан аңғара аламыз. Жалпы, Оралхан Бөкейдің
«Қар қызы» повесін әдебиет зерттеушілері жан-жақты зерделеген. Біз автордың аталған шығармасына идеялық
тұрғыдан келіп отырмыз. Мәтіннің астарына үңілу, яғни, автор ойына, идеясына апарар - үлкен жол. Утопияда
саяси ұғымдардың пішіні, институттар жүйесі, адамдар арасындағы қарым-қатынас идеалды түрде керемет,
тамаша болуын армандау (ондай қоғамда бәрі бақытты, бәрі тең), яғни Жерұйықты іздеген Асан Қайғы
атамыздың арманы ұштасып жататынына көз жеткіздік.
Тірек сөздер: антиутопия, антижанр, дистопия, какатопия, тоталитарлық режим, суверенитет, мәңгүрт.
Аннотация: В данной статье речь идёт об общей мировой литературе, описываются мотивы антиутопии в
культуре, а также причины их возникнокения. Рассматривая схожие, написанные на подобные темы
произведения русской литературы, повесть Оралхана Бокей «Қар қызы» анализируется с точки зрения идеи
произведения. В качестве классических произведений антиутопического жанра, можно назвать романы таких
писателей, как Е.Замятина «Мы», А.Платонова «Чевенгур», О.Хаксли «Дивный новый мир», Дж. Оруэлла
«1984». Несмотря на разнообразие и различие тем, эти произведения наряду с описанием политического и
социального устройства общества, представляют большую ценность благодаря описанию природы власти,
поклонения вождю, механизма системы правления-администрирования. В статье анализируются переживания
писателей вышеуказанных произведений о судьбе человечества и ценности моральных принципов.
Писатели-антиутописты поднимали такие вопросы, как тоталитарный режим и его последствия, моральное
падение личности, как результат насильственного управления сознанием человечества, духовное истощение,
отторжение от национальных корней. Читая произведения Оралхана Бокей, мы видим, что автор раскрывает
данные проблемы читателю, используя переносный смысл, символический метод. Доказательство тому такие
произведения, как «Терісаққан», «Бура», «Қар қызы», «Атау кере», «Жетім бота». Не будет лишним, если мы
добавим, что антиутопия писателя - это его взгляд на политико-социальные события и перемены,
происходящие в обществе, в котором автор сам существует и очевидцем которых, он является.
В целом, термин «антиутопия» в настоящее время объясняется условно, это можно заметить из определений
и синонимов (негативная утопия, неутопия, какатопия, дистопия и.т.д.), приводимых литераторами,
философами, учеными, занимающимися познанием общества, а также другими учеными, работающими в
других научных областях. Из истории философии мы знаем, что в основе и условием появления слова «утопия»
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
104
является такое понятие, как неудовлетворённость жизнью. В результате такой неудовлетворённости жизнью
общества, в котором автор сам существует, он начинает задумываться над новым образцом общества,
основанным на социально-историческом начале и этической модели. Из некоторых произведений Оралхана
Бокей мы видим, что он также мечтает о создании Казахской страны с крепкими религиозными устоями и
духовным сознанием, с высоким авторитетом национального языка. Вообще, повесть Оралхана Бокей «Қар
қызы» была всесторонне исследована исследователями литературы. Мы, в своем исследовании используем
подход с точки зрения идеи произведения. Размышления над переносым смыслом текста повести и есть
огромный путь к идеям и мыслям автора. В утопии форма политических концепций и система институтов
правления, взаимоотношения между людьми в идеальном смысле, замечательные и прекрасные (в таком
обществе все люди счастливы и равны), то есть мы убедились, что мечта нашего предка Асана Кайгы о
Жеруйык, рае на земле, отражается в произведениях утопического жанра.
Ключевые слова: антиутопия, антижанр, дистопия, какатопия, тоталитарный режим, суверенитет, мангурт.
Abstract: In this article we talk about general world literature and the motives of anti utopia in the culture and the
causes of its origine. Considering reassembling, written on the same themes Russian literature novels, the novel of
Oralkhan Bokey «Kar kyzy» has been analyzed from the point of view of the author on the novel's idea. As a anti
utopia genre we can name such novels as «Mi» of E.Zamyatin, «Chevengur» A.Platonov, «Divny novi mir» O.Haksley,
«1984» J.Oruell. Alt ought the variety of the themes these novels describe the political and social structure as well, they
are valuable because of the description of the power's nature, worshiping the leader, the mechanism of leading-
administrating system. In the article the worry of the author about the destiny of the humanity and the value of the
moral principles have been synthesised.
The ani utopia authors reveal such problems as the mechanism of the total irate regim and its consequences, the
humanity's moral fall because of the violent management of the conciseness of the humanity, spiritual poverty, falling
apart from the national roots. By reading the novels of Oralkhan Bokey we see that the author reveals these problems to
the reader by using the symbolic methods. The proves to that these following below novels «Терісаққан», «Бура»,
«Қар қызы», «Атау кере», «Жетім бота». We also can add that the anti utopia of the writer – this is his point of view
on the political-social events and changes happening in the society in wich him, himself lives and witnessing.
In general, the term «anti utopia» in our days explains conditionally we can notice that from the definitions and
synonymes (negative utopia, non utopia, cakatopia, distopia and e.t.c.), used as examples by researchers of the
literature, philosophes and scientists, the scientists of the other scientific areas. We know from the philosophy that
initially the base and the condition of the origine of the word «utopia» is the conception meaning insatisfaction of the
life. As a result of such kind of insatisfaction of society's life, the author began to reflect on the creation of the new
model of society based on social-historical beginning and ethic model, different from the existing society. From the
novels named above we see that Oralkhan Bokey has been dreaming about Kazakh country with strong religion and
spiritual conciseness and high authority of the national language. In general, the novel of Oralkhan Bokey «Қар қызы»
has been searched and studied from different point of view by the researchers of the literature. We approach to this
novel from the point of view of the idea. The meditations on the symbols of the text, it is a huge way to the ideas and
toughs of the author. In the utopia the dream about ideal and wonderful forms of political conceptions, systems of the
institutes of management, relationships between people reflected (in such societies all the people are happy and equal),
we see again that the dream of our ancestor Asan Kaygy about Zheruik, the paradise on the earth, has its place in the
novels with utopia genre.
Key words: anti utopia, anti genre, destopia, cakatopia, total irate regim, sovereignty, mangurt.
Aннотация: В данной статье речь идёт об общей мировой литературе, описываются мотивы антиутопии в
культуре, а также причины их возникнокения. Рассматривая схожие, написанные на подобные темы
произведения русской литературы, повесть Оралхана Бокей «Қар қызы» анализируется с точки зрения идеи
произведения. В качестве классических произведений антиутопического жанра, можно назвать романы таких
писателей, как Е.Замятина «Мы», А.Платонова «Чевенгур», О.Хаксли «Дивный новый мир», Дж. Оруэлла
«1984». Несмотря на разнообразие и различие тем, эти произведения наряду с описанием политического и
социального устройства общества, представляют большую ценность благодаря описанию природы власти,
поклонения вождю, механизма системы правления-администрирования. В статье анализируются переживания
писателей вышеуказанных произведений о судьбе человечества и ценности моральных принципов.
Писатели-антиутописты поднимали такие вопросы, как тоталитарный режим и его последствия, моральное
падение личности, как результат насильственного управления сознанием человечества, духовное истощение,
отторжение от национальных корней. Читая произведения Оралхана Бокей, мы видим, что автор раскрывает
данные проблемы читателю, используя переносный смысл, символический метод. Доказательство тому такие
произведения, как «Терісаққан», «Бура», «Қар қызы», «Атау кере», «Жетім бота». Не будет лишним, если мы
добавим, что антиутопия писателя - это его взгляд на политико-социальные события и перемены,
происходящие в обществе, в котором автор сам существует и очевидцем которых, он является.
В целом, термин «антиутопия» в настоящее время объясняется условно, это можно заметить из определений
и синонимов (негативная утопия, неутопия, какатопия, дистопия и.т.д.), приводимых литераторами,
философами, учеными, занимающимися познанием общества, а также другими учеными, работающими в
других научных областях. Из истории философии мы знаем, что в основе и условием появления слова «утопия»
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
105
является такое понятие, как неудовлетворённость жизнью. В результате такой неудовлетворённости жизнью
общества, в котором автор сам существует, он начинает задумываться над новым образцом общества,
основанным на социально-историческом начале и этической модели. Из некоторых произведений Оралхана
Бокей мы видим, что он также мечтает о создании Казахской страны с крепкими религиозными устоями и
духовным сознанием, с высоким авторитетом национального языка. Вообще, повесть Оралхана Бокей «Қар
қызы» была всесторонне исследована исследователями литературы. Мы, в своем исследовании используем
подход с точки зрения идеи произведения. Размышления над переносым смыслом текста повести и есть
огромный путь к идеям и мыслям автора. В утопии форма политических концепций и система институтов
правления, взаимоотношения между людьми в идеальном смысле, замечательные и прекрасные (в таком
обществе все люди счастливы и равны), то есть мы убедились, что мечта нашего предка Асана Кайгы о
Жеруйык, рае на земле, отражается в произведениях утопического жанра.
Ключевые слова: антиутопия, антижанр, дистопия, какатопия, тоталитарный режим, суверенитет, мангурт.
Әдебиеттегі антиутопия жанрын саралау үшін ең әуелі утопияның өзін бағамдау қажет. Әлемдік
мәдениет пен әдебиетте утопия жанрының ұзақ тарихы бар. Жалпы бәрімізге белгілі, утопия – мінсіз
қоғам жайлы адамның ой-қиялынан жасалған мемлекет. Әлеметтік ой-сана тарихында утопия
көріністерін ежелгі грек ақыны Гесиодтың шығармаларында, Платонның «Мемлекет», Августиннің
«Құдайлар мекені туралы», И.Флорскийдің «Апокалипсиске түсінік» шығармаларынан табуға
болады. Сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала» атты трактатында да утопия
көріністері бар.
Болашақтың классикалық утопиялық моделін жасаушылардың алғашқылары ретінде Т.Морды,
Т.Кампеналланы, ал Ресейде В.Одоевскийді, Н.Чернышевскийді атауға болады.
Қазақ дүниетанымында өз халқы үшін Жерұйықты іздеп, желмаясына мініп ел кезген Асан
Қайғы, өлімсіз мекен іздеп жер шарлаған Қорқыт Ата да утопиялық ілімнің бастауы бола алады.
Бертін келе идеалды мемлекеттік құрылымның болу мүмкін еместігін түсінген жазушылар
(Д.Свифт, Ф.Достоевский және тағы басқалар) өз шығармаларында бұл идеяның жүзеге асатынына,
яғни барлық халық үшін тамаша, бақытты мемлекеттің болатынына күмән келтіре бастады. Міне, осы
кезден бастап утопияға керісінше антиутопия пайда болды. Бұл екі жанрды біріктіретін тұтастық –
екеуінде де басты кейіпкер мемлекет, қоғам. «Антижанр» мәселесін зерттеген орыс ғалымдары
А.Зверев, Ю.Латынина, В.Чаликова және тағы басқалар терең зерттеді.
Антиутопия робот-адамдарды, мәңгүрт ұрпақты туғызған гиперрациональды қоғамдық жүйені
сынайды. Осы жүйеге қарсылық білдіретін кейіпкер шынайы адамзаттық құндылықтарды іздеуге,
тоталитарлық өмірден өзіне тірек табуға ұмтылады. Осылайша идеалды саналған қоғам қатал
заңның тепкісін көрген жекелеген адамның ішкі жан-дүниесі мен санасы, сезімі арқылы күл-талқаны
шығады.
Утопия жанрын зерттеу кезіндегі өзекті мәселелердің бірі – утопия ішіндегі сатира мен гротескіні
анықтай білу. Жалпы антиутопия социализмнің әміршілдік-әкімшілік моделінің тұрақсыздығын,
саяси тәртіп, тоталитарлық режимнің іріп-шіріген негіздерін әшкерелеп, тұрмыстық гротескінің
моделін жасады. А.Кабаковтың «Невозвращенец», Л.Петрушевскаяның «Новые Робинзоны»,
В.Аксеновтың «Остров Крым», В.Войновичтің «Москва 2042», Ф.Искендердің «Кролики и удавы»
шығармаларын таза күйінде антиутопия деп санауға болмаса да, оладың барлығынан да антиутопия-
лық ойлаудың элементтерін байқаймыз.
1960 жылдары жазылған Ю.Даниэлдің «Говорит Москва» романы антиутопиялық жанрдың айқын
көрінісі болып табылады. Оның романында қоғамның рухани құлдырауы, бүкіл жаңалыққа
партияның идеология тұрғысынан баға беру ашық жазылады.
Антиутопия жанры шынайы өмірді сатиралық, пародялық тұрғыдан бейнелеудің бірден-бір
құралы да бола алады. Бұған В.Войновичтің «Москва 2042» романы дәлел. В.Войновичтің кейіпкері
эмигрант-жазушы Виталий Карцев 2042 жылғы Москваға сапар шегіп, ол туралы репортаж жасауға
кіріседі. Кеңестік өмір романда сатиралық-фарстық тұрғыдан көрінеді. Қаланың аты – Москорепе,
партияның атауы – КПГБ, түрлі министрліктердің шүбалаңқы аттарының өзі сол заманғы өмірді
сынау-мінеу тұрғысынан жазылғаны байқалады.
Орыс әдебиетіндегі антиутопиялық жанрда жазылған белгілі жазушы Л.Петрушевскаяның «Новые
Рабинзоны» әңгімесі туралы сыншы Л.Панның «антиутопия реальна до предела: этот жанр носится в
воздухе и обозначает не столько литературные явления, сколько нынешнюю жизнь – жизнь после
краха всех иллюзий, включая веру в человечество... Социальные моменты играют тут малую роль;
кошмар жизни универсален, и вовсе не только быт его предопределил» [1, 73] деген тамаша пікірі
бар.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
106
Антиутопиялық ой – сарындарын ел тағдырын жете ойланған белгілі қаламгер Оралхан Бөкей
шығармашылығынан көптеп ұшыратамыз.
«Қар қызы» повесіндегі Қоңқайдың жер асты шағын мемлекетін алуға болады.
«– Байлықтың көкесін Нұржан, осы жер астындағы үйден көрді. Адамның жанынан өзгенің бәрі
бар сықылданды көзіне. Тіпті шындап іздесе адамның жаны да табылар ма деп қалды» [2, 88].
Оралхан Бөкейдің бұл шығармасы Маканиннің «Лаз» повесімен ұштасып жатыр. Маканиннің
кейіпкері де қаладан шығып, қала шетіндегі тар жол арқылы төменге түседі. Төменде музыка, таң-
тамаша өмір көз қарықтырып, жарқырап тұрған шамдар, көңілді әңгімелер, керек заттар толы
дүкендер. Бұл повесте де антиутопия жанрына тән вертикалды кеңістік бағдар – жоғары – төмен
позициясы қылаң береді.
Жазушының «Қар қызы» повесіндегі үш жігіттің табан тіреген «Қоңқай мемлекетіне» барған сәті
антиутопиялық әлем кеңістігімен біріге түскен. Кейіпкерлері белгісіз, өзгеше бір ортаға тап болады.
Ол ортаның өмір сүру заңдылығы да әртүрлі. Өмірдегі адамдарға ұқсамайтын, мифтік ертегіде ғана
кездесетін бейнелерді ұшыратамыз. Туындыгердің Қоңқайы жырақта өмір сүріп жатқан, ортасынан
жатсынған оңаша, оқшау тірлікті қалайтын қызық адам. Бір қарағанда ойлауы да қызық, өмір сүру
қағидасы да оқшау осы бір Қоңқай образының астарында авторлық танымнан туған сыр жатқан
сияқты.
«– Жоқ! Ұлы Қоңқай жаққан от ешқашан да сөнбек емес! – деді жанары ұшқындап. – Ол – жалқы
да болса жақсылар жаққан от. Егер шын білгілерің келсе айтайын: Қоңқай орталарыңда, Қоңқай
жер шарының түкпір – түкпірінде, Қоңқай әркімнің қарақан басында, лүпілдеп соққан жүрегінде, өз
шыққан тауым биік болсын деген тілегінде. Тек қана бір-бірінен жасқана жасырады...» [2, 309] деп
жазушы елу жыл бойы осы Айыртауда арыстандай айбат шегіп, ошағының отын сөндірмей отырған
Қоңқай бейнесіне әр қырынан талдау жасап соны ой түйіп саралайды. Қоңқай жалғыз емес дейді
автор, Қоңқай дегеніміз өз қара басының амандығын тілеген әр қазақтың жүрегінде деп ой түйеді.
Қоңқай жаққан от – бір кездегі найзаның ұшымен, білектің күшімен, талай қазақтың қанының
құнымен келген, бабалар жағып, аманат қып кеткен – қазақтың қара шаңырағының мәңгі өшпес киелі
оты.
«– Мынау қараша үй – менің кішкентай ғана, қарлығаштың ұясындай мемлекетім, қара
басымның жалғыз еркіндігі. Бұл – Кіші Қоңқай мемлекеті, түсіңдіңдер ме! – Сол қарлығаштың
ұясындай мекенімнің қауіпсіздігін көзімнің қарашығындай күзетіп, суверенитетін сақтау үшін
алысқанмен – алыстым, атысқанмен – атыстым. Бұл – менің жанымның, рухымның, жүрегімнің,
тіпті бүкіл бостандығымның Отаны». [2, 312]
Оралхан Бөкейдің Қоңқайы – Мен деген өзіммін, басқа емеспін деп, өзіңше өмір сүріп, өз
мемлекетін құрғысы келеді. Қоңқай сол өзінің титімдей мемлекеті мен от жаққан Отанының
шекарасын бұзып, табалдырығын аттағандарға қасық қаны қалғанша аянбай күресіп келеді және әлі
де күресіп өтпекші. Суреткердің шығармасының өң-бойында желідей тартылып отыратын – МЕН;
ӨЗІМ қолданыстарының өзі экзистенциализм ұғымның антиутопиялық жанр көрнісін айғақтайды. Өз
қара басының амандығын тілеген Қоңқай үшін «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген
жалған ұранның мәні шамалы. Қоңқай Қоңқай болғалы өздігінен ешкімді іздемеген, қажетсінбеген
өмірі – қоғамды жатсынуынан туындап отыр деп ой түйдіреді авторлық ой-елегі. Қазақ қазақ
болғалы – біреулерсіз, өзге халықсыз күнін көре алады, ал олар ҚАЗАҚСЫЗ өмір сүре алады ма? –
деген жауабы қиын сауалды оқырман алдына көлденең тартады. «Мені де сағынатын күн туар...
Қоңқайлар ұрпағы өлмек емес, мәңгі жасайды. Өйткені Қоңқайлар адамзаттың өздері үшін
керек...» – деген Қоңқай бейнесінің астарында сағынып, сарғая күтіп жүрген – Тәуелсіздігіміздің
символы жатқандай. Ал «суверенитет» деген сөздің өзінде үлкен мән жатқан сияқты. Бұл шығарма
60-жылдары жазылғандығын ескере отырып, авторлық таным тұрғысынан бажайласақ, бұл
шығарманың астарында елінің тәуелсіздігін көксеп өткен біртуар азамат, ұлтын сүйген ұлы жүректің
арман-тілегін сезінгендейміз. Қазір, тәуелсіз ел болғаннан бері осы «суверенитет» деген сөзді өз
қолданысымызға енгіздік қой. «..Өзің білмейсің қайда барарыңды, өзгелер біледі. Қалай айдаса –
солай жосимыз. Қалай жетелесе солай ереміз соқыр ботадайын... адамның басы – алланың добы
деуші еді бұрынғылар, енді Упрайдың добы болдық.» Өзіндік МЕНІ көкірегін жара іштей
менмұндалап тұрса да кеңес үкіметінің жүктеген, партиясының міндеттеген БІЗІНІҢ жетегінен шыға
алмай, дегендеріне үнсіз көндіккен қазақ халқының бейнесін көреміз. Сонымен қатар, шығарма
кейіпкерлерінің үш тағандай болған – үш жігіттің есімдерінің атауында да біраз сыр жатқан тәрізді.
Қар қызы боп мұнартқан Тәуелсіздікке Нұр мен Бақытқа оранып, Аман жетер күн де туар деген
асқақ арманды сезінгендей боламыз.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
107
Оралхан Бөкейдің кейіпкері Қоңқай бейнесі өз тәуелсіздігін қолдан жасап алып, сақтап қалуға
ұмтылған жанталасқан қазақ бейнесін символдық тәсіл арқылы берген.
Орыс әдебиетіндегі антиутопиялық жанрға жатқызып жүрген шығармалардан кейіпкерлерінің өз
ортасынан жеріп, жатсынып, одан кейін қашып құтылу әрекеттерін байқаймыз. Белгілі орыс
жазушысы Петрушевскаяның «Новых робинзонов» деген шығармасындағы 18 жастағы қыздың өз
әке – шешесімен нақты өмір сүріп жатқан жерінен басқа жаққа қашуы әңгімеленген. Олар қаланы
тастап бірінші қиянда жатқан бір ауылға келеді. Ол жерден кейін орманға қашады. Олар ертеңгі
күніне сенімді болмады, өз орталарынан, адамдар тобырынан қорықты. Бұл шығарманың негізгі
тақырыбы – өз орталарынан жатсынудан барып туындаған қашу мәселесі. Өздерінің өмір сүріп
отырған ортасы қорқыныш ұялатқаннан соң , ол ортаны қабылдағылары келмейді. Бұл қашып –
құтылу мәселесін Петрушевская бір әгіменің арқауы қылған екен. Ал біз өз қазақ қоғамымыздағы,
сол бір совет өкіметі құрылған кезде, қаншама қандастарымыз өз ортасы қорқыныш ұялатқаннан
кейін өз елін, туған жерін тастап басқа жаққа ауып кеткендігі тарихи шындық емес пе? Біз, Оралхан
Бөкейдің бір ғана туындысын талдап өттік. Бұл мәселенің жан-жақты, көркемдік шешім табу
ерекшеліктерін саралай сараптау алдағы салмақты зерттеулердің еншісі деп ойлаймыз.
1
Панн Л.О. Петрушевской // Звезда, 1994, №5.
2
Оралхан Бөкей. Таңдамалы.1-том, Алматы., 1994, - 415-
Достарыңызбен бөлісу: |