Вестник Казнпу им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата06.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#3561
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

 
Жер  жүзінде  өзіндік  атауы  жоқ  ешбір  зат  немесе  құбылыс  жоқ.  Жанды-жансыз  жаратылыстар, 
табиғат  құбылыстары,  қоғам  өміріне  қатысты  заңдылықтар,  тіпті  адамның  абстракциялы  ойлау 
жүйесі  де  белгілі  бір  атаулармен  аталады.  Осыған  орай,  құрылымды-тілдік  жасалымы  мен  арнайы 
қызметі тұрғысынан есімдер (атаулар) жалқы және жалпы есімдер болып бөлінетіні де белгілі. Нақты 
объектіні  атамай,  оның  белгілі  заттық  түрі  мен  ұғымымен  байланысты  атаулар  жалпы  есімдер 
делінсе,  тек  жеке  объектіге  тағылатын,  нақты  затпен  байланысы  бар  атаулар  жалқы  есімдер  деп 
аталады. 
Жалқы  есімдерді  жалпы  атаулардан  ажырату  үшін  ғылымға  ономастикалық  кеңістік  ұғымы 
енгізілді.  Ономастикалық  кеңістік  –  халықтың  шынайы,  болжамды  және  фантастикалық  объекті-
лерді  атауда  қолданатын  жалқы  есімдерінің  қосындысы.  Ономастикалық  кеңістік  көбіне  сол  халық 
өмір сүріп жатқан кезеңдегі танымымен анықталады, алайда өткен заманның ізі барынша сақталып, 
көрініп отырады.  
Алғаш ономастикалық кеңістіктің шеңберіне кіретін реалийлердің классификациясын Аристотель 
жасап кетсе, кейіннен Дж.Милл, В.Н.Топоров өз классификацияларын ұсынды.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
92
 
Ономастикалық кеңістіктің өзегі болып келе жатқан категориялардың бірі ол – кісі есімдері екені 
даусыз.  Адамға  берілер  төл  атау  -  есімдердің  барша  төл-тұлғалары  (адамның  төл  есімі,  лақап  аты, 
бүркеншік  аты,  әкесінің  аты,  ата  тегі)  ономастика  ғылымының  бір  саласы  болып  табылатын 
антропонимикалық  жүйені  құрайды  [1,  3  б.].  «Антропонимдер  –  кісі  аттарынан  тұратын  жалқы 
есімдердің  ірі  разряды.  Антропоним  формуласында,  атау  беру  уәжінде,  атау  құрылымында 
байқалатын  әр  халықтың  өзіндік  атау  беру  дәстүрі  бар.  Кез  келген  халықтың  антропонимдік  қоры 
(антропонимдер жиынтығы) құрамы жағынан әртүрлі» [2, 52-53 бб.]. 
Антропонимдер жанды жаратылыс, яғни тек кісі есімдеріне қатысты сала болғанымен, халықтың 
мәдени тарихымен, адамдардың психологиялық ерекшеліктерімен, салт-дәстүрімен тығыз байланыс-
ты  әрі  аса  күрделі  категория.  Г.Б.Мәдиева  мен  С.Қ.Иманбердиеваның  зерттеулері  бойынша, 
антропонимдердің мынадай ортақ белгілері болады: 
-
 
әртүрлі  халықтардың  ат  тағудың  ресми  формуласы  қатаң  тәртіппен  емес,  өзгермелі,  орын 
тәртібі әртүрлі бірнеше компоненттерден тұратын тарихи категория болып табылады; 
-
 
ұлттық антропонимиканың негізгі қорын көп жағдайда ана тілдегі атау жүйесі құрайды; 
-
 
антропонимдік жүйені жаңа және кірме атаулар толықтырады; 
-
 
атаулар маңызды заң қызметін – қоғамдағы жеке адамды ажырату қызметін атқарады; 
-
 
отбасы мүшелерін атағанда немесе адамдардың белгілі бір тобын жинақтап көрсетуде болмаса, 
басқа жағдайларда антропонимдер тек жекеше түрінде қолданылады; 
-
 
әр  халық  антропонимдерінің  дамуында  бір  тағанды  антропонимдік  жүйеден  көп  тағандыға 
ауысу заңдылықтары байқалады. Бір тағанды антропонимдік жүйе ең көне болып саналады; 
-
 
көптеген ұлттық антропонимдік жүйеде кісі аттарын ресми және бейресми деп бөлу кездеседі 
[2, 53-54 бб.].  
Жер жүзінде кісі есімдерінің алуан түрлілігі тілдердің көптігімен ғана емес, сонымен қатар рухани 
және материалдық мәдениеттердің әртүрлілігімен де өлшенеді. Тіпті бір халықтың өзінде әр кезеңде 
антропонимдік  қоры  бірдей  болмауы  мүмкін.  Мәселен,  қытай  халқында  бізге  тән  жеке  есім  мен 
тегімізден  басқа  бір  адамның  басында  ересек  кезінде  де  тағылатын  лақап  аттары  (цзы),  бүркеншік 
аттары (бимин), әдеби лақап аттары (хао, бехао, бемин), бірден төртке дейін кітаби есімдері (шумин
болады. Сондай-ақ, кісі есімдері шынайы (бэньмин), ойдан шығарылған (вэймин), жасанды (сюймин), 
аймақтық  (цзюньмин),  қыздарға  ұзатылғаннан  кейін  берілетін,  -(э)р-ге  аяқталатын  еркелету 
мақсатында  қойылатын,  қайтыс  болғаннан  соң  беріліп,  мола  тастарына  жазылатын  отбасылық 
есімдер де бар. Императорларының аттары табу есімдердің қатарына жатқандықтан олардың халық 
арасында таралған қаншама аттары болған. 
Қазақ  антропонимикасының  генезисі  әрқилы  қоғамдық-саяси,  мәдени-тарихы  және  әлеуметтік 
үдерістердің негізінде туындаған [1, 6 б.]. Кез келген тілдік бірліктің түп-негізін, шығу төркінін анық 
білу  үшін  оны  тілдің  өз  ішінде  зерттегеннен  гөрі  салыстырмалы-салғастырмалы  тәсілмен  өзге 
туыстас  тілдермен  қатар  қарастыру  анағұрлым  көп  нәтиже  бермек.  Сондықтан  қазақ  тілінің 
антропонимдерін туыстас түрік тілімен салыстыра отырып қарап көрейік.  
Жалпы  түркі  ономастикасын  дамытуға  орыс  ғалымдары  В.В.Радлов,  Г.А.Левшин, 
П.Мелиоранский,  Г.Е.Грум-Гржимайло,  В.В.Бартольд,  Н.А.Аристов,  Г.Н.Потанин,  П.Паллас. 
А.Н.Харузин,  С.М.Тянь-Шанский,  В.АБаскаков,  С.Г.Кляшторный,  Б.Я.Владимирцов,  А.Н.Кононов, 
А.М.Щербак,  Е.Д.Поливанов  үлкен  үлестерін  қосты.  Ал  қазақ  ономастикасын,  соның  ішінде 
антропонимикаға  аса  мән  бере  зерттеген  Т.Жанұзақов,  Г.Жәркешева,  В.У.Махпиров,  О.Сұлтаньяев, 
Е.Қойшыбаев,  В.Н.Потапова,  А.Әбдірахманов,  Г.Қоңқашпаев,  С.Аманжолов,  М.Тынышбаев, 
Н.А.Аристов,  И.Беляев,  Н.Бравин,  А.И.Самойлович,  Н.Ф.Катанов,  И.А.Износков,  У.А.Мұсабекова, 
З.К.Ахметжанова,  Г.Б.Мәдиева,  С.Қондыбай,  Е.Керімбаев,  Д.Жүнісов,  С.Қ.Иманбердиева  сияқты 
ғалымдарымызды  атауға  болады.  Мәселен,  Т.Жанұзақовтың  есімдер  сырына  арнаған  еңбектерінің 
маңызы  өте  зор.  Ж.Ағабекова  қазақ  тілінде  қалыптасқан  араб  текті  кісі  аттарының  этнолингвисти-
калық сипатын қарастырса, А.Байғұтова өз еңбегінде антропонимдердің лингвомәдени және гендер-
лік сипатын зерттеді. Ал салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулерге қалам тартқан зерттеушілерден 
М.А.Диарова ежелгі түркі және қазіргі ат қою дәстүрін, З.К.Ахметжанова мен У.А.Мұсабекова қазақ 
және 
орыс 
антропонимдері 
жүйесін 
функционалды 
уәждеме 
тұрғысынан 
сипаттаса, 
А.Ж.Құлмағамбетова  қазақ-ағылшын  антропонимдерін  ғаламның  тілдік  бейнесі  қырынан  зерттейді. 
Өз антропонимдерінің қыр-сырын зерттеген түрік ғалымдарын атайтын болсақ, Е.Юртсевер («Türkçe 
adlar derlemesi», 1996), А.Ялчын («Dünden bügüne adlarımız ve soyadlarımız», İstanbul: Geçit Kitabevi, 
2002),  У.Боз  («Türkiye  Türkçesinde  kişi  adı  olarak  meyve  adları»,  2004),  Ө.Арас  («Ad  Koyma»,  Türkiye 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
93 
Diyanet  vakfı  islam  Ansiklopedisi,  I,  İstanbul,  1988-2000),  А.Бозигит  («Türk  Adbilimi  Bibliyografyası», 
Ayyııdız Yayınları, Ankara, 1995), Т.Гюленсой («Türk Kişi Adlarının Dil ve Tarih Açısından Önemi», Türk 
Dili,  1999),  O.Кибар  («Türk  Kültüründe  Ad  verme»  (Kişi  adları  üzerine  bir  tasnif  denemesi)  Akçağ 
Yayınları, Ankara, 2005), т.б. еңбектерінде түрік есімдері жан-жақты қаралған.  
Кез келген зерттеу жұмысының бағыты: «Қандай мақсатпен?», әдіс-тәсілдері: «Ненің көмегімен?» 
деген  сұрақтарға  жауап  берсе,  «Қай  қырынан?»  деген  сауалға  зерттеу  аспектісі  жауап  іздейді. 
Жоғарыда  аталған  ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып,  қазақ  және  түрік  антропонимдері  осы 
күнге дейін қай аспект тұрғысынан  қарастырылғанына назар  аударайық: 
Лексикологиялық аспект – жалпы лексикологияға және сипаттамалы антропонимикаға тән. Белгілі 
бір тілдегі есімдерді жинақтау, талдау осы аспектінің жүгіне тиесілі. 
Лексикографиялық  аспект  –  басқа  аспектілердің  негізінде  қаралған  есімдерді  жинақтап,  әртүрлі 
жанрдағы лексикографиялық еңбектер түзумен айналысады. 
Семасиологиялық аспект – белгілі бір аймақтағы лексикалық топтарды анықтайды. Семасиология 
номинацияның  барлық  түрін  қамтыған  ғылым  саласы  ретінде  тілдік  категорияларды  ойлау 
категориясы мен атауға ие болып тұрған реалийлерді байланыстыра зерттейді. 
Терминологиялық  аспект  –  антропонимдердің  метатілін,  жаңа  есімдердің  ономастикалық 
кеңістіктегі орнын қарастырады. 
Типологиялық  аспект  –  теориялық  антропонимикаға  аса  қажет,  мәліметтерді  тарихи  антропо-
нимикада  тексеріп,  функционалды  антропонимикада  жаңа  есімдер  тудыруға  көмектеседі.  Мысалы, 
Т.П.Егорова туыстас емес тілдерде (славян, герман, грек, иран) бірдей антропонимдік модельдердің 
бар  екенін  анықтаған.  Типологиялық  аспект  негізінде  жүргізілген  зертеулер  нәтижесінде  б.з.  І-
мыңжылдығында  скандинав  және  шығыс  халықтарында  бірдей  антропоним  үлгілері  қалыптасқаны 
белгілі болып отыр. 
Географиялық  аспект  –  антропонимиканың  ареалды  бағытында  үлкен  рөл  атқарады.  Себебі 
географиялық  орта  міндетті  түрде  сол  ортада  өмір  сүріп  жатқан  халықтың  мәдениетінде  өз  ізін 
қалдырады. Ал мәдениет халықтың тілінде, есімдерінде көрініс табады. 
Ономасиологиялық аспект – есім берудегі принциптер мен тәсілдерге талдау жүргізеді. 
Семиотикалық аспект – тілдік таңба ретінде кісі есімдерінің табиғатын ашып берумен, басқа да 
семиотикалық  жүйелермен  байланысын  қарастырумен  және  таңбалушы  мен  таңбаланушы 
тұрғысынан ерекшеліктерін анықтаумен айналысады. 
Лингводеректану  аспектісі  –  әр  дәуірде  жазылған  тарихи  ескерткіштерде  кездесетін 
антропонимдерді әр қырынан зерттейді. 
Лингвомәдениеттану  аспектісі  –  антропонимдердің  халықтың  мәдениетіне  тілдік  тұрғыдан 
сәйкестілігін, олардың коммуникативтік нормада қолданылу шарттылығын қарастырады. 
Когнитивтік  аспект  –  антропонимдер  арқылы  бүкіл  әлемдік  болмысты  тануға  көңіл  бөледі. 
«Әлемнің тілдік болмысын» жасауда антропонимдерді фрагменттер жүйесі ретінде қарайды. 
Этнолингвистикалық  аспект  –  антропнимдердің  табиғатын  ұлттық  ерекшеліктерді,  этномәдени, 
этнопсихологиялық факторларды ескере отырып анықтайды. 
Мәдениаралық  коммуникация  аспектісі  –  антропонимдерді  өзге  ұлттарға  таныстыру  мақсатында 
зерттеумен айналысады. 
Тарихи  аспект  –  антропонимдерді  олардың  пайда  болып,  қалыптасуына  сәйкес  келген  тарихи 
кезеңмен байланыстыра зерттейді. 
Логикалық  аспект  –  кісі  есімдерін  ұғыммен  қатар  қойып  қарастырады.  Бұл  аспект 
антропонимдердің тілдік статусын анықтауда және басқа сөздердің есім тудырудағы мүмкіндіктерін 
зерттеуде аса қажет. 
Психологиялық  аспект  –  антропонимдердің  қалыптасып,  жасалу  үрдісін  есім  берушінің 
танымымен, оның ойлау жүйесімен тоғыстыра зерттейді. 
Әлеуметтік  аспект  –  есімдерді  сол  дәуірде  өмір  сүрген  қоғамның,  әлеуметтік  топтың 
заңдылықтары, есімге берген өзіндік бағасы тұрғысынан қарастырады. 
Функционалды  аспект  –  антропонимнің  сөйлеудегі,  қолданысқа  түскендегі  ерекшеліктерін 
анықтайды. 
Мәдени  аспект  –  әлеуметтік  аспектімен  тығыз байланысты  болғанымен,  мәдени  аспектінің аясы 
кең.  Әлеуметтік  аспекті  қоғамның,  жекелеген  топтардың  әлеуметтік,  кейде  экономикалық  қарым-
қатынастарын  түзсе,  мәдени  аспекті  адами  құндылықтар  көрініс  берген  кез  келген  факторларды 
қарастырады.  Тіл  –  қалыптасуы  тұрғысынан  әлеуметке  тиесілі  болғанымен,  рухани-мәдени 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
94
 
құндылықтардың  қатарына  жатады.  Осы  орайда  Р.О.Якобсонның:  «Тіл  тек  «өз  ішінде»  және  «өзі 
үшін» ғана зерттелмей, қоғам мен мәдениеттің бір бөлшегі ретінде қаралуы керек» [3, 230 б.] деген 
пікірі өте орынды. 
Түрік  антропонимикасындағы  бір  ерекшелік  –  олар  соңғы  тарихи,  логикалық,  психологиялық, 
әлеуметтік,  функционалды  және  мәдени  аспектілерді  біріктіре  отырып,  антропонимдерді 
қарастырудың жаңа уәжділік аспектісін қалыптастырады. 
Жаңа туған нәрестеге ат қою үшін ата-анасы белгілі бір мотивтерге сүйенетіні мәлім. Сондықтан 
барлық есімдердің қойылу уәжі бар. Есім тарихи-психологиялық әрі лингвомәдени категория ретінде 
біздің  оны  таңдауымызға  өз  әсерін  тигізеді.  Біз  әдетте  кісінің  есімін  сұрағанда  ол  қандай  мағына 
білдіретінін сұрап жатамыз. Антропонимдер грамматикадан тыс өмір сүрмейді, ол да зат есімнің бір 
тобы  ретінде  лексикалық,  грамматикалық  және  морфологиялық  сипаттарға  ие  болғандықтан,  бұл 
сұрағымыз  да  орынды.  Алайда  кісі  есімдерінің  лексикалық  мағынасы  (жалпы  есім  кезіндегі)  уақыт 
өткен сайын солғындайды, есімнің дыбыстық жүйесінен алыстайды. Мәселен, Қайырым есімді кісіні 
кездестіргенде  біз  оны  аты  қайырымдылық  аппелятивінен  туындағандықтан  үнемі  мейірімділік 
көрсетеді  екен  деп  ойламаймыз.  Немесе  Ботагөз  есімді  қыздың  көзінің  үлкен  я  кішілігіне  назар 
аудара  бермейміз.  Кейде  есімдер  тек  сәнге  айналғандықтан жиі қойылуы мүмкін. Түрік ғалымдары 
есімнің  мағынасы,  яғни  о  баста  пайда  болғандағы  аппелятивті  мағынасы  болмайды  деген  пікірді 
ұстанады.  Неліктен  адамдар  балаларына  әйгілі  кісі  есімдерін  қояды  деген  заңды  сұрақ  туындайды. 
Демек,  олар  ат  қоя  отырып,  сол  есімге  белгілі  бір  психологиялық  түсінік  береді.  Осылайша,  кісі 
есімінде қарапайым лексикалық мағына емес, ұғым, мазмұн болады.  
Антропонимнің  мазмұны  неден  тұрады  деген  сұраққа  жауап  беру  оңай  емес.  Жалпы  лингвисти-
калық  түсінікте  заттың  мазмұны  туралы  Ахманова  өз  еңбектерінде:  «Предмет  мысли,  отражение  в 
сознании  предметов,  качеств  процессов  реального  мира  как  внутренняя  (семантическая)  сторона 
языковой  единицы»  деп  тоқталады  [4,  46  б.].  Бір  жағынан,  бұл  –  этимология,  есім  пайда  болған 
кездегі  аппелятивті  мазмұны,  бірақ  уақыт  өте  келе  ол  мазмұн  бірте-бірте  жоғалып,  солғындалып, 
кейде  құрылымдық  және  фонетикалық  тұрғыдан  өзгеріске  ұшырап,  ассоциативті  түрде  жаңа 
мазмұнға  ие  болады.  Мәселен,  аталмыш  мәселе  ағылшын  тілінің  антропонимдерінде  айқын 
көрінетіндіктен бір есімді келтіріп  көрейік: Jack Frost (Аяз ата), Jack Horner (біздің ұғымымыздағы 
Тазша бала), Jack the Ripper (Джек Потрошитель), Union Jack (Біріккен Ұлыбритания Корольдігінің 
және  Солтүстік  Ирландияның  мемлекеттік  туының  басқаша  атауы).  Келтірілген  мысалдан  көріп 
отырғанымыздай,  барлық  жерде  ағылшын  тілінде  кең  таралған  есімдердің  бірі  –  Jack 
қолданылғанымен, әрқайсысы сын есіммен тіркесе отырып, әртүрлі ұғымға, мазмұнға ие болып отыр. 
Осы ретте ғалым О.С.Ахманованың  ұғым, мазмұн, түсінік атауларына берген анықтамасын келтірген 
орынды: «Значение имени – отображение предмета действительности (явления, отношения, качества, 
процесса)  в  сознании,  становящееся  фактом  языка  вследствие  установления  постоянной  и 
неразрывной  его  связи  с  определенным  звучанием,  в  котором  оно  реализуется;  это  отображение 
действительности  входит  в  структуру  слова  в  качестве  его  внутренней  стороны  (содержания),  по 
отношению  к  которой  звучание  данной  языковой  единицы  выступает  как  материальная  оболочка, 
необходимая  не  только  для  выражения  значения  и  сообщения  его  другим,  но  и  для  самого  его 
возникновения, формирования, существования и развития» [4, 7 б.]. 
Белгілі бір есімнің аясына жинақталған ұлттық білім мазмұны, сыртқы әлеммен байланысты түрлі 
ақпараттарға толы болады, сондықтан антропонимжасамда осы ақпараттардың негізгі уәжі айқында-
лып,  кодтары  ашылуы  тиіс,  бұл  мәселеге  экстралингвистикалық  тұрғыдан  келу  қажеттілігін 
тудырады  [5,  265  б.].  Аттың  қойылу  уәжі  экстралингвистикалық  факторларға  жататындықтан, 
туыстас  қазақ  және  түрік  елдерінің  антропонимдерінің  уәждік  белгілерін  ашып  көрейік.  Қазақ 
есімдерін  топтастыруда  А.Смағұловтың  классификациясын  [1,  6-8  бб.]  негізге  ала  отырып,  оларды 
түрік есімдерімен салыстырайық. 
- сақтау, қорғау сияқты міндеттерді атқаратын, баланы тылсым күштерден және көз тиюден сақтау 
мақсатында қойылатын (апотропеикалық есімдер) аттар. Олардың ішінде тотемдік үй және жабайы 
жануарлар  мен  құстардың  атаулары  да  бар:  Ақсұңқар,  Аюхан,  Арыстанбай,  Ақмарал,  Елікбай, 
Қасқырбай, Итбай, Жолбарыс, т.б.;  Arslan, Kaplan, Bars, Kurd, Buğra, Ceren, Ceylan, Burak, Meral, 
Kartal, Doğan, Şahin, т.б. 
- өсімдіктер мен олардың бөліктерінің атауларына құралған есімдер:  Райхан, Раушан, Қамысбай, 
т.б.; Çiçek, Lale, Defne, Demet, Menekşe, т.б. 
- топонимдік атаулардан негіз алған есімдер: Алатау, Еділ, Созақ, Алтай, Қырым, т.б.; Aytetorus, 
Türkayşe, т.б.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
95 
-  аспан  денелері  мен  астронимдерден  туындаған  есімдер:  Шолпан,  Жұлдыз,  Айберген,  Күнсұлу, 
Айдай, т.б.; Aydan, Aygün, Ayşıl, Aytül, Yıldız, т.б. 
-  табиғат  құбылыстары  мен  апат  атауларынан  пайда  болған  есімдер:  Боранбек,  Аяз,  Жаңбырбай, 
Дауылбай, т.б.; Yağmur, Rüzgar, Bahar, т.б. 
-  қымбат,  асыл  тас  атауларынан  туындаған  есімдер:  Болат,  Алмас,  Темір,  Алтын,  Күміс,  Інжу, 
Маржан, Гауһар, Меруерт, т.б.; Gümüş, İnci, Demir, Zümrüt, т.б.  
-  лауазымдарға  байланысты  есімдер:  Сұлтан,  Әкім,  Хангелді,  Төрегелді,  Бибол,  т.б.;  Sultan,  Şah, 
т.б. 
- Ислам дінінің қабылдануына байланысты пайда болған есімдер: Алданазар, Құдайберді, Әубәкір, 
Дінмұхаммед,  Нәбиолла, Сүлеймен,  Әли,  Омар,  Оспан,  Фатима,  Айша,  Алима,  Кәусар,  Асима,  т.б.; 
Adem, Adnan, Ahmet, Ali, Ayşe, Bedir, Ceylin, Damre, Davut, т.б. 
-  ай  аттары  мен  күн  аттарынан,  яғни  күнтізбелік  атаулардан  пайда  болған  есімдер:  Наурызбай, 
Жұмабек, Сәрсенбек, Сенбі, т.б.; Ramazan, Şaban, Receb, Muharrem, т.б. 
-  аңыз-әңгіме,  мифтік жырлар, әпсаналардағы кейіпкер аттарына байланысты  туындаған  есімдер: 
Құртқа, Гүлбаршын, Жібек, Баян, Алпамыс, т.б.; Zeynep, Devletşa, Köroğlu, Ayvaz, т.б. 
- ата-ананың балаға деген сезіміне байланысты есімдер: Қуаныш, Шаттық, Мереке, Аңсаған, т.б.; 
Sevinç, Bayram, Mutlu, т.б. 
-  бақыт,  ұзақ  өмір,  күш-қуат,  қаһармандық,  рухани  мінез-құлық  тілеуге  байланысты  туындаған 
есімдер:  Байболсын,  Мыңжасар,  Аманғайша,  Өмірұзақ,  Қаһарман,  Әсем,  Гүлжайна,  т.б.;  Ezlemez, 
Kaygusuz, Onduran, Korkmaz, т.б. 
Әрине,  жоғарыда  келтірілген кісі  есіміне  қатысты  уәждер  толық көрсетілді  деп айтуға  келмейді. 
Сондай-ақ, бұл тек қазақ және түрік тілдеріне ортақ уәждік белгілер болып табылады. Ал қазақ және 
түрік антропонимдерінің өздеріне тән уәждік белгілері алдағы жұмыстарға арқау болмақ.  
Қорыта  келгенде,  антропонимдер  -  зат  есімнің  ерекше  лексика-грамматикалық  тобы.  Бұл  топ 
үнемі  толығып  отырады,  динамикалық  үрдістерге  бейім  тұрады.  Тілдік  жүйеде  оның  басты 
функциясы  –  номинация  болып  табылады.  Есімді  өзіндік  спецификалық  қасиеттері  бар  мазмұны 
болғандықтан,  лингвистикалық  таңба ретінде   қараймыз.  
Кісі  есімінің  уәжділігінің  тарихи  сипаты  басым,  ол  ауыспалы,  әрбір  жаңа  тарихи-мәдени  дәуір 
өзінің  уәжділік  белгілерін  ұсынады.  Олар  үнемі  іріктеуден  өтіп  тұрады.  Кейбірі  тіпті  лексикалық 
морфемаларға  бөлінуге  келмейтіндіктен,  уәжін  табу  қиынға  соғады.  Сондықтан  антропонимдерді 
салыстырмалы-салғастырмалы тәсілмен зерттеудің маңыздылығы арта түседі. 
 
1
 
Смағұлов  А.  Қазақ  есімдері.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  2-басылым,  толықтырылған.  –  Алматы: 
«Атамұра», 2013. – 800 б. 
2
 
Мәдиева  Г.Б.,  Иманбердиева  С.Қ.  Ономастика:  зерттеу  мәселелері.  –  Алматы:  «1С-Сервис»  ЖШС, 
2005. - 240. 
3
 
Суперанская А.В., Сталтмане В.Э., Подольская Н.В., Султанов А.Х.  
4
 
Теория  и  методика  ономастических  исследований/Отв.ред.Непокупный  А.П.  Изд.3-е.  –  М.:  Книжный 
дом «ЛИБРИКОМ», 2009. – 256 с. 
5
 
Гарагуля С.И. Антропонимия в лингвокультурном  и историческом аспектах: на материале английских 
личных имен. – М.: Книжный дом «ЛИБРИКОМ», 2010. – 136 с. 
6
 
Әбдуәлиұлы Б. Қазақ антропонимжасамы: теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «Астана 
полиграфия», 2012. – 320 б. 
7
 
Kutalmış O. Türkçe insan adları ve anlam-kökenleri. – İstanbul, 2003. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
96
 
УДК 81'28; 81'286 
 
Егембердиева Г. М. 
Алматинский технологический университет 
кандидат филологических наук, и.о.доцент 
 
ЛЕКСИКА ШВАБСКОГО ДИАЛЕКТА КАЗАХСТАНСКИХ НЕМЦЕВ 
 
Лексика  швабского  диалекта  состоит  из  бытовых  слов,  имеет  местные  различия  и  распространена  на 
границах  определенного  диалекта.  Она  характеризуется  конкретностью,  бытовым  характером,  дробностью 
представления предмета мысли, имеет эмоциональный характер, выражает оценку говорящего по отношению к 
высказываемому.  Носители  диалекта  владеют  немецко-казахским  и  немецко-русским  типами  двуязычия,  
используют в своей речи казахские и русские слова в качестве синонимов к немецким словам. Казахские слова 
имеют позитивную оценку и выражают положительные ценностные оценки говорящих. Употребление и знание 
диалекта зависит от возраста, профессии, образования, отношения к диалекту, обстоятельств. 
В  процессе  взаимодействия  носителей  немецкого  языка  с  представителями  других  лингвокультурных 
сообществ  в  немецком  языке  появляются  заимствованные  слова,  в  первую  очередь  слова,  обозначающие 
явления  национального  образа  жизни,  повседневного  быта,  накопление  в  массовом  порядке  в  языках  слов, 
грамматических элементов в процессе контактирования, со временем приобретает системный характер.  
Лексика  диалектов  характеризуется  большей  эмоциональностью  по  сравнению  с  лексикой  литературного 
языка. К.Л. Пфотце, рассматривая лексику диалектов  пишет, что «основной причиной наличия в диалектном 
слове  национального  немецкого  языка  эмоциональной  лексики  являются:  преобладание  эмоциональных 
моментов  и  связанная  с  ним  «игра»  фантазии,  которая  основывается  на  непринужденности  эмоционально-
образных и волевых ассоциаций, приводит к развитию в диалекте (в отличие от литературного языка) богатого 
пласта эмоционально окрашенной лексики и запаса оценочных словообразовательных средств». 
Эмоциональная  окрашенность  диалектных  слов  формируется  в  процессе  выражения  ими  оценочного 
субъективного  отношения  «к  предмету  мысли  по  шкале  «хорошо/плохо»  или  выражения  пейоративного, 
негативного  или  мелиоративного  отношения».  В  диалектах  удельный  вес  пейративных  обозначений 
оказывается  большим,  чем  в  мелиоративных.  Носители  диалекта  редко  расточают  похвалу  чему-либо,  ибо  в 
хорошем они видят нормальное.  Отклонения же от нормы подвергаются ими порицанию и критике.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет